Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный



бет3/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#125162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

К 10-ЛЕТНЕМУ ЮБИЛЕЮ АСТАНЫ
Калыш А.Б. - к.и.н., доцент (г.Алматы, Казгосженпи)
5 июня 2008 года в Казгосженпи состоялась научно-практическая конференция, организованная ректоратом, кафедрами всеобщей истории и истории Казахстана, с участием профессорско-преподавательского и студенческого состава, посвященная 10-летию Астаны.

В приветственном слове ректора института Ш.К.Беркимбаевой было подчеркнуто историческое значение переноса столицы республики из Алматы в Акмолу по инициативе главы нашего государства Н.А.Назарбаева. Перенос столицы был законодательно закреплен решением Верховного Совета Республики 1994 года, Указами Н.А.Назарбаева от 20 октября 1997 года а также от 10 июня 1998 года о переименовании г.Акмолы в г.Астану. При этом особо было сказано о том, что новая столица, расположенная в самом центре Евразии, станет локомотивом экономики, центром общественной, научной и культурной жизни нашей республики.

В выступлении проректора по международным связям и научной работе института, доктора педагогических наук, профессора К.Ж.Кожахметовой обосновывались вопросы целесообразности переноса столицы высшим руководством страны. Особый интерес участников конференции вызвала этимология трактовки понятий «Акмола» и «Астана». Относительно этимологии новой столицы было подчеркнуто, что она имеет древнеперсидские корни, обозначающие с одной стороны вход, порог, а с другой – область, регион. Однако в сознании казахстанцев она ассоцируется в значении «Елорда», включающей в себя не только политический, но и национальный, государственный смысл.

В докладе старшего преподавателя кафедры всеобщей истории С.Б.Дауылбаевой «История столиц на территории Казахстана» было проанализировано значение столиц в истории раннегосударственных объединении средевекового Казахстана, более развитых государств позднего средневековья, нового и новейшего времени. Например, была раскрыта роль Суяба, Баласагуна, Тараза, Испиджаба (Сайрама), Отрара, Янгикента, Имакии, Орда Базара, Джента, Сыгнака, Туркестана, Сарайчика как центров не только административно-политической, но и торгово-экономической, социально-культурной жизни каганатов, государств и ханств на территории Казахстана в VI-XVIII веках. Такое же положение занимали в качестве столицы Оренбург, Кызылорда, Алматы и Астана в истории Казахской АССР, Казахской ССР и Республики Казахстан.

В дискуссионном докладе кандидата исторических наук, доцента кафедры всеобщей истории Т.Е.Картаевой «Столицы мира как административные и политические центры» была показана история этой интересной проблемы на протяжении XVIII-XX столетии в странах Европы, Америки, Африки и Азии. Пристальное внимание присутствующих вызвали основные причины переноса столиц в условиях новейшего периода как в развивающихся, так и в развитых странах мира. В указанном контексте были обоснованы геополитические, стратегические, экономические, культурные и личностные аспекты передислокации столицы нашей многонациональной республики из Алматы в Астану.

В докладе зав.кафедрой истории Казахстана А.Б.Калыша «Семейно-брачные показатели современного населения г.Астаны» были затронуты этнодемографические стороны поднимаемой темы, которые остаются не исследованными до сегодняшнего дня. На основе этнографических и статистических материалов были прослежены преобладающие типы, формы, функции, состав и размер семьи как всего населения г.Астаны, так и в разрезе отдельных этносов, в том числе казахского и русского. Такой же подход был продемонстрирован им при анализе различных компонентов брачности, включая ее стабильность и проблемные вопросы, связанные с трудностями создания семьи, распадом семьи, наличием неполных семей и т.д.

Молодежные аспекты населения г.Астаны нашли свое достойное освещение в выступлении кандидата исторических наук, доцента кафедры истории Казахстана Б.С.Сайлана. Они были показаны в рамках претворения в реальность Стратегии развития Казахстана – 2030, недавно принятого Закона «О государственной молодежной политике Республики Казахстан» и аргументированно обоснованы на основе фундаментальных трудов, выступлениях и ежегодных Посланиях главы нашего государства Н.А.Назарбаева.

Значительный интерес у участников конференции вызвало сообщение кандидата исторических наук, доцента кафедры истории Казахстана З.Б.Мырзатаевой, связанное с историей возникновения Акмолинска в 1830 году, образования в 1832 году Акмолинского внешнего округа, придания укреплению в 1862 году статуса города, превращению его в одного из административно-политических центров дореволюционной Сары Арки. Не остались в стороне различные стороны ее колониального прошлого, участия местного коренного населения в национально-освободительной борьбе под руководством Кенесары Касымова, в восстании 1916-1917 годов против царизма и т.д.

В выступлении студентки 2 курса историко-экономического факультета Айман Танбетовой «Астана – вчера, сегодня и завтра» были затронуты интересные страницы в становлении и развитии этого необычайного города, который в 1997 году стал новой столицей нашего государства. Для многих присутствующих стало откровением то, что Н.А.Назарбаев использовал 32 критерия при выборе новой столицы и что высота комплекса «Астана-Байтерек», достигающий 97 м, напрямую связана с 1997 годом.

Считаем, что проведение конференции, посвященной 10-летию нашей столицы Астаны, достигло поставленных целей, еще раз продемонстрировав важность этого уникального по своей архитектуре города в общественно-политической и социально-культурной жизни нашего многонационального государства.


ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ АСТАНАЛАР ТАРИХЫ
Дауылбаева С.Б.- аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы. Астана түсінігі ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекеттік бірлестіктер пайда болған кезеңде мемлекеттің орталықтары да қатар өмірге келді. Қазақ халқы өз орталықтарын сол уақытта орда деп атаған. Орда деп қазақтар ел билеушілер тұрағын атаған. Орда көшпелі халықтың орталығы әрі хан ордасы болып есептелінді. Орда дәстүрлі экономикалық және мәдени байланыстар шоғырланған орталық орны болған. Көшпелі халықтың ордалары көшіп-қонуға байланысты үнемі ауысып отырды.

Х ғасырларда Әбу-Насыр әл-Фараби: “Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді. Қайырымды қала мін, ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала” – деп баға берген /1/.

Қазақстан астаналарының тарихы өте ерте кезден басталады. Мысалы солардың ішінде Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қахандықтарының астаналары Суяб қаласының іргетасы V ғасырда қаланған. Суяб қаласының гүлденген кезеңі Шегу (610-618 жж.) мен Тон (618-630 жж.) билік құрған кезде болатын / 2/.

Сол сияқты Орталық Азиядағы ірі қалалардың бірі – Баласағұн Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекеттерінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы VІ-VІІ ғасырлардың өзінде Қытайдан бастап Византия жеріне дейін тарады. Тараз қаласы ежелгі грек ғұламасы Птоломейдің қартасына түсірілген ХХ ғасырдан бастап, Тараз қаласы Қарахандықтардың астанасы әрі экономикалық орталығы және Ұлы Жібек жолындағы жетекші сауда орталығы болып есептелінді. Жазба деректердің алғашқыларында “бірінші қала” атанған, әлемге аты мәшһүр болған Испиджаб (Сайрам) қаласы VІІ ғасырдан бастап-ақ белгілі бола бастаған. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштерінде, Орхон-Енисей жазбаларында Тарбанд деген атпен Отырар қаласы белгілі бола бастады. Араб тарихшысы Әл-Макдиси (Хғ.) – “Отырар қаласы - өте көне астана деп атайды” /1/. Отырар өлкесі Оңтүстік Қазақстандағы суармалы егіншіліктің орталығы болды. Сонымен қатар тоқсан жолдың торабында орналасқан Ұлы керуен жолының орталығы болды.

ІХ-ХІ ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің гүлденген астанасы болып есептелінді. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Жент, Сығанақ қалалары әлденеше рет қиратылып, қайта жанданды. Бұл қалалар туралы араб зерттеушісі Әбу-л-Хайр Фазлаллах ибн Рузбехан жазбаларында бау-бақшалары жайқалған, сауда-саттығы өркендеген, қазақтың бай қаласы ретінде сипаттаған.

Сығанақ қаласы “Ірі игілікпен кемелділік дәрежесіне жеткен әдемі қаласы” деп саналды. Сығанақ қаласы Сырдария өңіріндегі егіншіліктің де, сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтарының бірі болды. Сығанақ қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі.

ХІV-ХVІІ ғасырларда Сарайшық қаласы қазақ хандығының ең ірі астаналарының біріне айналды. Әсіресе, ХVІ ғ. Қасым хан тұсында Сарайшық қаласы қазақ хандығы жоғары бағалаған қуаттылығы асып-тасқан орталықтың бірі ретінде танылды.

Қазақ тарихында Түркістан қаласының алатын орны ерекше. Себебі ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырған. Далалық өлкені батыспен байланыстырған, Ұлы керуен жолында кент, бекіністер, қамалдар, мазарлар-кесенелер мен тұтас қалалар кешені бой түзеді. Бұл ертеден келе жатқан тарихи қала Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке, Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хандар тұсында қазақтардың айбынды астанасы және жалпы түріктік мәнге ие болды. Бұл қала тарих тауқыметін бастан кешіріп, гүлдену және құлдырау кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін аман жеткен. Ол Тұран аймағы деп аңыз болып қалған, “тарихи түлкілер елі” деп те аталып, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болған. Шахар Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі орналасқан, Орталық Азияның рухани астанасы, әрі екінші Мекке деп әлемге танылды. Түркістан дегенде күллі түрік халқы тағзым етіп, иісі ислам бір елеңдеп қалып жатады. Оның себебі – кезінде бір тамырдан өсіп-өніп, кейіннен Сыр Ана сағасында енші алысқанда қара шаңырақ – Түркістан қазақта қалғандықтан да түркі ағайындар Түркістанға кие тұта зор сүйіспеншілікпен қарайды.

2000 жылы Түркістан қаласының күллі шығыстағы тарихи рөлін, Орта Азияның тарихи, рухани, мәдени әлеміндегі орнын жете бағалаған Республика Президенті ЮНЕСКО арқылы халықаралық деңгейде Түркістан қаласының 1500 жылдық тойының аталып өтілуіне басты назарын аударды. Бұл тек қазақ елінің ғана емес, бір кездерде көне Тұран мемлекетін құрған өзге түркі жұртшылығының да үлкен мерекесі болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сол кездегі Түркістан қаласының мерейтойлық салтанатына қатысушыларды құттықтап тұрып: “Түркістан – ұлттық бостандығымыз бен елдігіміздің ақ ордасы, Киелі Түркістан дүние тұрғанша тұрсын!”, - деген үлкен ой толғанысын білдірген еді / 3/.

ХІV ғасырда Шағатай әулетінің астанасы Алмалық қаласының орны үлкен маңызға ие болды. Алмалық қаласы қазақ шежіресінде терең із қалдырды. Бұл қала Ұлы Жібек жолы өтетін ірі сауда орталығы, көшпелі халықтың отырықшылыққа бейімделген алғашқы қазақ астаналарының бірі болды.

Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік патша үкіметінің құзіретінде болып, отарлы саясатын бекіністер салудан бастады. Орта ғасырлардағы Алмалық қонысының орнына 1853 жылы салынған Заилийский әскери бекінісі 1854 жылы ақпан айынан бастап, Верный қаласы деп аталды. Верный бекінісінде орыс солдаттары мен офицерлері, Сібір жерінен казактар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапал қаласынан Верныйға ауыстырылып, ол Жетісу өлкесінің орталығына айналды. Верный қаласының архитектурасында басқа да ұлттардың ұлттық ерекшеліктері көрініс тапты. Қала аумағының табиғаты әсемдене түсті.

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары Астананы “кіндік қала” деп атай бастады. Ең алғаш рет 1917-1919 жылдары Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның астанасы Орынбор қаласы болды. Орынбор қаласы Жайық өзенінің бойында, Сакмар өзенінің Жайыққа құйылысындағы жақын жерге орналасқан. 1735 жылы қамал ретінде салынып, кейін Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Алғашқы кезде Орынбор казак-орыс әскерлерінің әскери және әкімшілік орталығы, кейінірек Торғай облысы губернаторының мекеніне айналды. 1868 жылдан бастап, Орынбор Ресейдің Қазақстан мен және Орта Азия мемлекеттерінің ірі сауда орталығына айналды.

Алғашқы кезде Қызылорда қаласы Ақмешіт деп аталынды. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала және мәдени-экономикалық орталық ретінде белгілі бола бастады. Сырдария өзенінің оң жағына орналасқан Ақмешіт бекінісі егіншілікпен айналысуға қолайлы аймақ болды. 1853 жылға дейін Ақмешіт аталып, Қоқандық шағын қамал болды. Орыс әскерлері келгеннен кейін оған Перовск деген ат берілді /4/. Осыдан кейін Ақмешіт Қызылорда қаласы болып қайта құрылды. Қызылорда қаласы 1925 жылдан бастап қазақ мәдениетінің орталығына айналды. Орынбордан Қызылордаға көшірілген астана қазақ халқының халық-ағарту ісін жолға қоюда үлгі болды. Қазақ зиялылары С.Сәдуақасов, К.Тоқтыбаев, О.Жандосовтардың жетекшілігімен астананың көркеюіне үлкен үлес қосты. Қызылорда қаласында Еуропалық үлгідегі театр ашылды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен астанаға дарынды қазақ жастары жиналып, қаланың мәдени өміріне терең араласа бастады.

Қазақстанның Оңтүстік Шығысындағы Іле Алатауының баурайында орналасқан Алматы қаласы 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстанның мәдени-экономикалық, саяси орталығына айналды. Алты қалалық әкімшілік аудандарға бөлінді. Қала Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай өзендерінің атырабында орналасқан. Алматы көп салалы ірі құрылысты, әлеуметтік –экономикалық құрылымы дамыған, ірі қала ретінде әлемге танылды. 90-шы жылдары өнеркәсібі дамыған республика орталығына айналды. Әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар қаланың сұлулығы мен архитектуралық құрылыстарын тамашалау үшін келеді. Сонымен қатар Алматы қаласы білім мен ғылымның , мәдениеттің ошағы болды.

Ақмола атауы ХІІІ-ХІV ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туындаған атау. Византия зерттеушісі Прокопияның пікірінше ғұндар қорғанды “мола” деп атаған пікір айтады /5/. Ақмола қаласының негізі 1830 жылдан қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге, 1862 жылдан бастап оған қала мәртебесі беріліп, 1868 жылдан Ақмола уезінің орталығына айналды. Тың игеру кезінде (1960ж.) Ақмола қаласы өлке орталықтарының бірі болды. 1961 жылы 21 наурыздан бастап, Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1994 жылдың 6 маусымынан соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі (106 қаулы) , министрлер кабинеті (1996ж. 6 шілде) Қазақстан Республикасының астанасын Ақмолаға көшіруге қаулы қабылдаған. 1996 жылы 6 қазанда Ақмола экономикалық аймағы құрылды. 1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев “Ақмола қаласын Қазақстан Рспублика астанасы деп жариялау туралы” жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамыр Қазақстан Республика астанасы – Астана қаласы болып аталды. 1998 жылы 20 мамырда “Астана қаласының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы заңы қабылданды, ал 1998 жылы 10 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Астана осы уақыттан бері елордасы болуға арналған әртүрлі шарттар жасасып, әлем таныған мемлекеттердің біріне айналды.

Қазақтың жаңа, азат тарихының символы – Есіл жағасындағы еңселі ордамыз 10 жылдығын тойлау қарсаңында. Сарыарқаның шалқар төсінен, жазиралы қазақ жерінің жүрегінен орын тепкен Астанамыз- біздің ортақ дәулетіміздің, жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің айшықты көрінісі.

Қорыта айтқанда, қазақ жеріндегі әрбір астаналардың өзіндік тарихи ерекшеліктері бар. Солардың ішіндегі қазіргі елордасы Астана қаласы қазақтың жүрегіндей ашық, пейіліндей таза, құшағындай кең, көңіліндей мәңгі жас қала.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әл – Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973

2. Кәдірқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық. – Алматы, 2005. (320 б.).

3. Берденова Қ.А. Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері (ХҮІІІғ. соңы- ХХғ. басы). Автореф. Алматы, 2008.

4. Иванов П.П. Очерки истории Средней Азии. Москва, 1958 .С.200

5. Ақмола: Энциклопедия – Алматы: Атамұра, 1995. 39 б. (400)

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада ежелден күні бүгінге дейінгі Қазақ жеріндегі астаналар тарихы, олардың астана ретінде танылуы баяндалған.

РЕЗЮМЕ


Статья посвещена истории мировых столиц, а также речь идет о новой столице Казахстана.

АСТАНАЛАР АУЫСУЫНЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Картаева Т.Е. т.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Астаналар неге ауысады дегенде, бұл ұлттық-мемлекеттік құрылыс па, саяси география ма, саяси-экономикалық қажеттілік пе деген сұрақтар өздігінен туындайды. Астана ауыстыру өте жауапты іс. Көптеген мемлекеттер астана ауыстыру ісінен ірі финанстық шығынның болуынан және саяси қадам жасаудағы аса ірі жауапкершілікке байланысты бас тартады. Астана ауыстыру – мемлекет және ұлттық идентификацияның қалыптасу кезеңіндегі процестегі бірден бір тиімді және инновациялық қадам.

Мемлекет астаналарының ауысуы тұрғысынан әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, ХІХ ғасырдың бас кезінде Финляндия астанасынын Турку қаласынан Хельсинкиге, Норвегияда Тронхейма қаласынан Ослоға, Индия 1911 жылы астанасын Калькутта қаласынан Делиге ауыстырды. Көршілес Қытай мемлекеті өзінің тарихында астанасын алты рет ауыстырған. Мемлекеттегі саяси биліктің ауысуына байланысты Дашани, Кайфын, Чанъян, Ханчжоу қалаларынан өтіп, астана көші Пекинге келіп тоқтады. Жапонияда Киото, Нара Камакура қалалары әр кездері астана болған.



Астаналар ауысуының әр мемлекетте өзіндік бір себебі бар. 1923 жылы Түркия астанасын Стамбул қаласынан Анкараға ауыстырды. 1960-шы жылдарында Жапония, 1990 жылдарда Германияның астанасының ауысуы экономикалық және саяси қажеттіліктен туындаса, 1420 жылы Қытайда астананың Нанкиннен Пекинге ауысуы сарай қызметкерлерінің өзара қақтығыстарынан келіп туындады, 1703 жылы Ресей астанасының Москвадан Санкт-Петербургқа ауысуы билеуші элитаның империялық идентификациясынан келіп туындаған. 1918 жылы Кеңес үкіметінің орнауы астаны Москваға қайта әкелді. Ресейдің астанасының ауысуы екі ретте де Ресей үшін тарихи маңызға ие болды. Ал, Малайа президенті Банда 1965 жылы астанасын Зомбадан Лилионгеге ауыстырғанда өзі шыққан «Газа» этникалық тобының қолдауына сүйеніп, сол этникалық топтың тығыз қоныстанған, әрі өзінің туған жеріне, сондай-ақ Піл сүйегі жағалауы мемлекетінің президенті Хаффе-Бони 1983 жылы астанасын Абиджаннан Йамосокроға ауыстырғанда өзінің туған жерінде болуды, яғни жерлестерінің қолдануында болуды көздеген.
ӘЛЕМДЕГІ АСТАНАЛАРДЫҢ АУЫСУЫ


Мемлекеттер

Ескі астана

Жаңа астана

жылдар

Қытай

Нанкин

Пекин

1420

Ресей

Москва

Санкт-Петербург

1703

Норвегия

Тронхейма

Осло

ХІХ ғ. басы

Финляндия

Турку

Хельсинки

-//-

Индия

Калькутта

Нью-Дели

1911

Туркия

Стамбул

Анкара

1923

Мавритания

Сент-Луис

Нуакчот

1953

Пакистан

Карачи

Исламабад

1959

Ботсвана

Мафекин

Габерон

1961

Ливия

Бенгази-Триполи

Триполи

1963

Малайя

Зомба

Лилионге

1965

Белиз

Белиз-Сити

Белмопан

1970

Танзания

Дар Эс Салам

Додома

1973

Нигерия

Лагос

Абуджа

1975

Піл сүйегі жағалауы

Абиджан

Йамосокро

1983

Қазақстан

Алматы

Астана

1997

АҚШ-тың бірінші президенті Джорж Вашингтонның бастамасымен Вашингтон қаласы елсіз жерге салынып, бой көтерген. 1960 жылы Бразилияда жаңа астана Бразилия қаласының негізі қаланды. Бразилия мемлекетінің динамикалық өсіп-өркендеуі де осы кезеңге тұстас келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында бірталай дамушы елдер отар елдерден өздерінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, дамудың жаңа қадамына түскенде астаналарын ауыстырған. Канада мемлекетті астанасы Оттаваны, Австралия мемлекеті астанасы Канберру қаласын, Вашингтон сияқты жаңа қала ретінде салып қалыптастырған.

Жаңа қалаптасып келе жатқан жас мемлекеттің жаңадан өркендеп қанат жаюы – жаңа астананың болуын күн тәртібіне қойды. Қазақстан Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ТМД елдері арасындағы астанасын ауыстырған бірден-бір мемлекет болды. Қазақстанда астана ауыстыру саяси-экономикалық қажеттіліктен келіп туындады. Қазақстан тарихында әр кездері астана болған қалалардың мемлекет тарихында алатын өзіндік орны бар. 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылорда қаласынан Алматы қаласына кеңес заманының қылышынан қаны тамып тұрған кезде ауысты. Сол кездегі басқару орталығы Москвадан Алматы алшақ жатса да «астана» таңдауда қашанда қазақ халқының ұлттық мүддесі жоғары тұрды. Жер жанаты Жетісуда орналасқан Алматы қаласы «Астана» ретінде Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің тәуелсіздігін алып, әлемдік өркендеудің жаңа жолына түскен «жаңа» мемлекет үшін әлемге бір ғана қаламен танылу аздық етері сөзсіз. Жерінің көлемі жағынан әлемде 9-шы орында тұрған кең байтақ жері бар Қазақстанда «орталық» болар қала дамытуға жер жетеді. Алматы дайын мегаполис, ол астана болған 68 жыл бойына өнеркәсіп, ғылым, мәдениет, спорт орталығына айналды. Алматыдан «ірі финастық және мәдени орталықты» сақтап қалып, басқа қаладан жаңа «саяси» орталық салу Қазақстанды әлемге жаңа қырынан, яғни өркендеу сатысынан таныта түседі деген үміт қазіргі таңда өзін ақтап отыр.

Мемлекет «орталығы» болатын қалада сол өңірде қала дамытатын кеңістік болуы шарт. Орталық таңдауы түскен Ақмола қаласында бұл кеңістік бар, Ақмола қаласында кеңес үкіметі кезінен бері қалыптасқан ірі өндірістік база бар, әрі ірі транспорттық жол торабтарының түйіскен жерінде, географиялық жағынан қазақ жерінің орталығында орналасуы, орайы келген оңтайлы іске алғышарт болды, бұл алғышарттарды қазіргі таңда үкімет нақты жүзеге асырып отыр. Ақмола қаласында Астана ауысып барғанда Ақмола қаласың қала халқының саны 230 мыңдай еді. Қазіргі таңда қала халқының саны үш есеге өсәіп, 700 мыңнан астам халқы бар қалаға айналды. 2010 жылғы демографиялық болжам бойынша Астанадағы табиғи өсім мен ішкі және сыртқы миграция есебінен қала халқының саны 1 миллн. адамнан асуы тиіс.

Астана архитуртурасының басты жобасы Кисе Куракава және т.б. әлемге ата танымал белгілі сәулетшілердің жетекшілігімен жүзеге асуда. Астана қаласынын салудағы басты талап - Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік, яғни әлемнің бұрышының мәдениетінің тоғысқан сәулесінің болуы. Астана еуро-азиялық қала. Осы жылға ашылуға жоспарланып отырған ірі кешендер «Хан шатыры», «Астана жабық қала» жер асты кешені, 85 қабатты «Абу-даби плаза», «3500 орындық концерт залы», 6 шілдеге ашылатын «Тәуелсіздік монументі» Астана қаласының визитті карточкасын кеңейте түспек.

27 мамыр күні Астана қаласында «Н.Назарбаевтың еуроазиялық доктринасы - шығыс пен батыс сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мұнда Индиана университетінің профессоры Билл Фиерман бас баяндаманы қазақ тілінде жасады. Ол қазақ тілін Америкада үйренген. Бұл әлем назарының Қазақстанға ғана қазақ тіліне де ауғанының бір дәлелі.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы конституциялық статус алды. Конституцияға жаңа саяси өзгерістер енгізілді, сайлау Қазақстан тарихында тұңғыш рет партиялар тізімі бойынша жүргізілді, Олимпиада алауының шеруі Қазақстаннан басталды, ОБСЕ-ге төрағалық ету статусына ие болды. Алда Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттік қатарына ену, ВТО-ға кіру, 2012 жылы Азиялық олимпиада ойынын өткізу сияқты ірі амбициялы әрі жауапты қадамдар күтіп түр. Сол қадамда мемлекетпен бірге болу - жүрегі «Қазақстан» деп соққан әрбір азаматтың міндеті.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада әлемдік мемлекеттерде, сонымен қатар Қазақстанда астананың ауысу мәселесі қарастырылған. Автор Астана қаласының саяси-географиялық, саяси-экономикалық жағынан қалыптасуына өзінің көзқарасын білдірген.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросы переноса столицы разных государств в мире, в том числе в Казахстане. Автор высказывает собственное мнение по вопросам становления города Астаны как политико- географического и политико-экономического центра республики.
ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


ШЫҒЫС ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ҮШІН КҮРЕС (ХV ғ. аяғы-ХVІ ғ. басы)
Бегімбаева Ризық - аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи )
Шығыс Дешт Қыпшақ жері үшін қазақ хандары мен Әбілқайыр ұрпақтары арасындағы күрестің мәнін түсіну үшін, ең алдымен, Жошы балаларының Шығыс Дешт Қыпшақ жерін қалай иеленгенін айтумыз керек. 1428 жылы Әбілқайыр билік басына келгенге дейін Шайбан ұрпағы қандай жерлерді иеленді?

Абылғазы Бахадур сұлтанның мәліметтері бойынша Жошы хан башқұрт, орыс, мажар, карел халықтарын өз қол астына қарату мақсатымен әскер жинап, дайындала бастаған кезінде өзі қайтыс болады да, Шыңғыс хан оның иеліктерінің мұрагері билігін немересі Батыйға береді/1/. Батый осы жеті жылдық жорықта Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін созылған алып мемлекетке айналдырды.

1242 жылы жеті жылдық жорықтан оралған Сайын хан Шығыс Дешті Қыпшақ жерін немесе Жошы ұлысынан Шығыс Еуропа халықтарын өз иелігіне қаратуда өзіне болысқан аға-інілеріне үлес берді.

Батый ағасы Орда Еженге «Біздің ісіміздің оң аяқталуына күш салдың, осы еңбегің үшін бұрынғы әкең тұрған жерді өзің ал» деп 15 мың түтінімен қоса Жошы ұлысының оңтүстігінде Сырдария, шығысында Ертіс, Алакөл көлінің маңы, батысында Жайық арасын үлес қылып сыйға тартты. Ал Шайбан ұлысының бөлінуі туралы Махмұд ибн Уәли былай деп жазады: «Шыңғыс ханның ұлы Жошы баласы Шайбан (Сибан) жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар жерін жаулап алған кездегі көрсеткен ептілігі, тапқырлығы үшін ағасы Батый ханан төрт омақ сыйға алды»/2/. «Зубдат әл - асар» ол омақтардың атын қосшы, найман, бұйрақ, қарлұқ тайпалары деп көрсетеді./3/ Шайбани үлесінің аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбан жазда Орал бөктерін, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің кең байтақ жерлерін, ал қыста Арал теңізі өңірін, Шу, Сарысу өзендерін бойлап, Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүрген»/4/. Сол кезден бастап Шайбан ханнан тараған ұрпақтар Батый хан ұрпақтарына бағынатынын білдіріп, бағыну ғұрпын бұзбады.

Шайбан ұрпақтары Ақ Орда билеушілері сияқты Алтын Орда тағы үшін күресіп, күшін ысырап еткен жоқ. оларға Темір және оның мұрагерлерінің басқыншы әрекеттеріне де тойтарыс беруге тура келмеді. Осының бәрі кейін Шайбан ұрпақтарына Ақ Орданың өрлеуі кезеңінде өз иелігін сақтап қалып, кейін Орда Ежен мен Тоқай Темірдің әулетінен тараған хандарға қарсы Шығыс Дешт Қыпшақ аумағында билік етуге және Түркістанның жалпы саяси картасын өзгертуге мүмкіндік берді.

ХVғ. 20-жылдарында көптеген Шайбан ұрпақтарының Шығыс Дешт Қыпшақта өз иеліктері болды: Жұмадық хан - Сарысу, Жем аралығын, Махмұд Қожа хан - Тобыл мен Есілдің оң жақ саласын басқарды. Осы аталған хандармен өзінің жеке билігін жүргізу үшін жиырма жылдай күрескен Шайбан ұрпағы Әбілқайыр хан ақырында күшейіп шықты да, ХV ғасырдың бірінші ширегінде Ақ Орданы қамтыған талас-тартыс кезінде Шайбан ұрпақтары Ақ Орда билігінен шығып, өз алдына тәуелсіз билік ете бастады.


Әбілқайыр хан билеген қырық жыл ішінде Шығыс Дешт Қыпшақта саяси жағынан бытыраңқылық дегенмен де болды. Әбілқайыр хан билік басына көптеген тайпалардың (қыпшақ, найман, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, күрлеуіт, кенегес) билеуші үстем таптарының қолдауымен келсе де, ол билеген мемлекетте билік үшін талас-тартыс ешуақытта тоқтаған жоқ.

Әбілқайыр хан Орда Еженнің Ертіс пен Солтүстік-Батыс Балқашқа дейінгі ұлысының далалық аумақтарын өз иелігіне ХV ғасырдың 40-жылдарында ғана қосып ала алды. Ал Тоқай Темір тараған Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтары иеленген Ақ Орданың оңтүстік бөлігін өзіне бағындыру Әбілқайыр ханға көп күшке түсті. Әбілқайыр хан ілгерілеп бара алмаған және кезінде Барақ ханның билігі мейілінше берік болған осы оңтүстік бөлікті Жәнібек пен Керей сұлтандар өздеріне мұраға алған және осы жерлерді мекендеді.

Әбілқайыр билік басына келгеннен бастап бірнеше жылға созылған үздіксіз күрес-тартыстан кейін, ол бүкіл өзінің қарсыластарын жеңіп, Шығыс Дешт Қыпшақ жерін түгелімен өз билігіне қаратты және бір орталыққа бағынған «көшпелі мемлекет» құра алды. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сырдария мен Қаратау маңындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Ақ-Қорған, Үзгенд қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты өз мемлекетінің орталығына айналдырды.

Әбілқайыр ханның Сырдария бойындағы аймақтарға бет бұруы Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы мұрагерлері аралығындағы қайшылықты шиеленістіре түсті, себебі, Әбілқайырдың бұл әрекеті Жәнібек пен Керейдің және оларға тәуелді Сырдария бойы мен Қаратау маңында көшіп жүрген қазақтардың мүддесіне қайшы келді. Осы күрес жандана келе, қазақ руларының көшіп кетуіне әкеліп соқтырған ең маңызды себептердің де бірі болды.

Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі қазақ билеушілерінің алдында тұрған басты мақсат – мемлекетті нығайту және хандықты көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарынан қорғау еді. Осы міндет ХV ғасырдың соңында қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен қарым-қатынасын анықтаған бір де бір мәселел болды. Шығыс Дешт Қыпшақтың далалық аудандары мен Оңтүстік Қазақстан үшін күрес ХV ғасырдың 70-80 жылдарындағы Қазақ хандығы үшін басты бағыт болды. Қазақ хандары да және олардың негізгі қарсыласы Мұхаммед Шайбани де Сыр өңірінің қалаларын көшпелілерге билік жүргізу жолындағы ең маңызды экономикалық және әскери база деп санады.

ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ хандары мен Әбілқайыр хан ұрпақтары арасындағы Шығыс Дешт Қыпшақ пен Сыр бойы қалалары үшін күрестіің барысы туралы көбінесе Шайбани әулеті авторлары еңбектерінен көп мәлімет алуға болады. Бұл деректер Мұхаммед Шейбани мен қазақ билеушілерінің арасындағы күрес туралы жаза отырып, Мұхаммед Шейбанидің Сыр бойы қалалары үшін күресін және оның саяси бытырап кеткен Мауараннахрда Темір ұрпақтарын жеңіп, өз билігін қалай орнатқанын айтады.

Қазақ хандарының басты қарсыласы – Шығыс Дешт Қыпшаққа өзінің атасы Әбілқайыр әулетінің билігін қалпына келтіріп, көшпелі тайпаларды өз қол астына біріктіргісі келген Мұхаммед Шейбани, сол кездегі деректердің келтіруі бойынша «талантты ұйымдастырушы, қолбасшы» болды. Ал қазақ хандарынын ішінен, деректер бойынша, Мұхаммед Шейбанидің соғыс әрекеттері, көбінесе, Бұрындық ханмен, Қасым сұлтанмен болғанын айтады.

Жалпы, осы кезең бойынша тарихи деректерде пікірлер көбінесе бір біріне қайшы келіп отырады. Бір деректер бойынша Мұхаммед Шайбанидың билігі 1500 жылы оның Темір мұрагерлерін жеңіп, Мауараннахрда өз билігін орнатуынан басталды дейді. Тіпті, кейбір деректер Қазақ хандығының ішінде «Өзбек хандығының» болғанын айтады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды, себебі, түркі тайпаларының әдеті бойынша «ақ киізге көтеру» рәсімінің болғаны еш бір деректе келтірілмейді. Керісінше, Керей мен Жәнібек хандардың ұрпақтарының билігі шын мәнінде үлкен саяси күшке ие болып, Сығанақ пен Сауран маңында тонаушылықпен, талан-таражбен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің аз ғана тобын Дешт Қыпшақтан кетіп, Самарқанд жаққа бет алуына мәжбүр қылды. Самарқаннан Бұқарға көшуге тура келді. Бұқарда жүріп, күш жинап, қазақтарға қарсы қайта жорыққа шықпақшы болып Түркістанға бағыт алады. Дегенмен Мұхаммед Шайбанидің бұл жорығы сәтсіз аяқталды. 300 әскермен ол кезде әбден күшейген Бұрындықтың 50 мың әскеріне қарсы тұру мүмкін емес еді.

Хондемир «Маңғыт мырзаларымен қарым-қатынасты жақсарту мақсатымен құдандалы болу да Шейбаниға еш көмек әкелмеді. Маңғыт мырзалары шынтуайтқа келгенде Шейбаниды хан сайлаймыз деген уәделерінен тайып кетіп, қазақ хандары жағына шығып кетеді де Мұхаммед Шайбаниге енді моғол ханы Сұлтан Махмұдқа сүйенуге тура келді» дейді/5/. Сұлтан Махмұд қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресіне араласып, екі жақты кезек жақтап, өзінің де пайдасын тапқысы келді. Сұлтан Махмұд кезінде Шайбани ұрпағының Темір ұрпағы Сұлтан Ахмед мырзаға қарсы Шыршық өзеніндегі шайқаста көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде және Сыр өңірінде оны қазақтарға қарсы өзінің одақтасы санамақшы болып, Шайбаниді Отырарға шақырады да, оған Отырарды беріп, өзі Ташкентке табан тірейді. Моғол ханынан қолдау тауып, Отырарға арқа сүйеген Мұхаммед Шайбани екі үлкен қала Сауран мен Яссыны басып алады. Бұл жағдай, әрине, моғолдар мен қазақтар арасының шиеленісуіне әкеліп соқты. Мырза Мұхаммед Хайдар Дұғлатидың айтуы бойынша осы жанжалға байланысты Бұрындық хан мен моғолдар арасында екі шайқас болады. Екі шайқаста да Сұлтан Махмұд жеңіліске ұшырайды/6/.

Мұхаммед Шайбанидің көптеген бекіністерді тез өзіне қаратып алуы, оның шешімталдығы мен қайсарлығы енді моғол ханы Сұлтан Махмудтың да Ташкент пен Сайрамдағы өз иеліктері үшін қаупін туғызды. Осы жағдайда Сұлтан Махмұд қазақ хандарымен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруге тырысып, Шайбаниды Сырдария бойынан ығыстырып шығарғысы келеді.

Қазақ хандары мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары ХV ғасырдың соңғы кезеңдерінде үзбей жүріп, ақырында ғасырдың соңында уақытша бітіммен аяқталды. Бұрындық хан өзінің екі қызын Мұхаммед Шайбанидың ағасы Махмұд-сұлтанға және оның баласы Мұхаммед Тимур-сұлтанға ұзатты.

Дешт-Қыпшақтың далалық өңірінің ықпалды хандары мен сұлтандарымен күресінен еш нәтиже шықпайтынын түсінген Мұхаммед Шайбани 1500 жылы өзінің соңынан ерген бір топ көшпелі өзбектерді ертіп Мәуераннахрға кетті де, Түркістанның оңтүстігінде өзі басып алған қалалардың көмегіне сүйеніп, басқыншылық әрекетпен Темір әулеті мемлекетіне ұмтылды. Мұхаммед Шайбанидің Темір ұрпақтарының мемлекетін жаулап алуымен ХVІ ғасырдың басында Әбілқайыр ұрпақтарының Дешт Қыпшақ территориясындағы билігінің мүлдем аяқталуына және «өзбек» терминінің Орта Азия облысына ғана тарауына әкелді. Осы кезден бастап «қазақ» және «өзбек» терминдері Шибан және Керей, Жәнібек ұрпақтарына ғана байланысты емес, сонымен қатар осы өзара туыстас рулардың тұрған жерлеріне байланысты да айтылатын болды.

ХVІ ғ. бас кезінде қазақ хандары мен шибанилер арасында күрес жалғаса берді. Енді бұл күрес өзара туыстас рулардың өздері тұрған жерлеріндегі билік үшін талас-тартыстан екі мемлекеттің арасындағы экономикалық және саяси

күреске ұласты. Мұхаммед Шайбани енді өзі жаулап алған Темір әулетінің мемлекеті территориясын бұл кезде өзіне кәдімгідей қауіп төндіріп тұрған қазақ хандарынан қорғау мақсатымен Қазақ хандығының күшейіп, нығаюына, олардың Сырдария бойына билігінің орнауына қарсы әрекет ете бастады. Осы мақсатпен қазақтардың Орта Азиямен сауда қарым-қатынастарын тиюға күш салды.

Мұхаммед Шайбанидің осы кезеңдегі қазақ хандарымен қарым-қатынасының шиеленісуі туралы жазылған деректердің ішіндегі тек саяси тарихи материалдарының байлығымен ғана емес, сонымен қатар тарихи-этнографиялық сипаттағы мәліметтері де жеткілікті Ибн Рузбеханның «Михман-наме-ий Бухара» кітабы аса құнды дерек болып табылады. Ибн Рузбехан Шейбанидің ең жақын адамдарының бірі ретінде оның барлық жорықтарына түгелдей дерлік қатысып, осы жорықтарда тек соғыс барысын ғана емес, сонымен қатар жергілікті тайпалардың тұрмыс тіршіліктерін де байқап, жазып отырды.

Рузбехан бойынша хижраның 914 жылы (1509ж.) Шейбани өзінің қарамағындағы сұлтандар мен әмірлерге қазақтарға қарсы күреске шығуға дайындалуға хабар жібереді.

Өзіне берілген сұлтандардың қолдауын алған Шейбани енді Хорасан, Бұқар, Самарқанд діни ғалымдарын кеңеске жинап, олардың осы өзінің жорығының заңдылығын бекіткен келісімін алғысы келді. Бұқар түбінде өткен осы жиынға Рузбехан қатысып, былай деп сипаттайды: «Қазақтарға қарсы бағытталған қасиетті соғысты бастау туралы мәселе көтерілген осы кеңеске мен де қатыстым. Және осы кеңесте өз пікірімді айттым. Менің мақсатым, бұл соғысты болдырмау болды. Мұсылман дініндегі қазақтардың өзбектермен түбірі бір екенін, және олардың Шейбанидің иелігіне ешбір жорығы болмағандығын, діни жағынан болсын, қай жағынан болсын ешқандай зиян келтірмегендігін айтып, өз туысқандарыңызға қарсы шығудың өте қайғылы болуын айтып, тоқтаттым келді» дейді/7/. Арифан кеңесінен кейін Шейбани тез арада жорыққа дайындалып, Түркістан қалаларының біріншісі болып Сырдариядан батысырақта орналасқан Артук қаласын өзіне бағындырады.

1509 жылы 27 қаңтарда қазақтарға жасаған Шайбанидің бұл жорығында өзбектер жағы жеңістерге жетіп, қазақтардың тіршілігін біршама күйзелтіп кетті.

Келесі, 1510 жылы Мұхаммед Шайбани өзінің тікелей басшылығымен қазақтарға қарсы төртінші, шешуші соғысына дайындалды. Мұхаммед Шайбанидің бұл жорығының да сылтауы — өзін қазақтардан қауіпсіздендіру еді. Бұл жорықтың сәтсіз аяқталуы Шайбани әулетінің беделінің түсіп, 1910 ж. Мерв түбіндегі парсы шахынан күйрей жеңілуінің бастамасы болды. Бұл жорық жөнінде авторы белгісіз «Шейбани-наме» дерегінде «Шейбанидің осы жорықта жеңілуі оның келесі қадамдарының да сәтсіз болуына әкеліп соқты» делінген..

Осылайша Шығыс Дешт Қыпшақ үшін жүргізілген Жошының екі баласының ұрпақтары арасындағы күрес қазақ хандығының жеңісімен аяқталды. Қасым ханның талантты да білгір басшылығы арқасында Қазақ хандығының территориясы Дешт Қыпшақты ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанды, Сыр бойы қалаларын және Жетісу жерінің біршама бөлігін де қамтыды.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Абуль-Гази Багадур хан. Түрік шежіресі. Москва, 1996.

  2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.


  1. «Зубда – Туль - Асар» Насруллахи. «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» / Под ред. проф.Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.П.-2-е изд.-Алматы, Қазақстан, 1997.

  2. Абуль-Гази Багадур хан. Түрік шежіресі. Шағатай басылымы. «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» / Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.П.-2-е изд.-Алматы, Қазақстан, 1997.

  3. Хондемир. «Прошлое Казахстан в источниках и материалах»/ Под ред. проф.Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.П.-2-е изд.-Алматы, Қазақстан, 1997.

  4. Мұхамед Хайдар Дұғлати. Тарих-и-Рашиди. Алматы, 2003.

  5. Прошлое Казахстан в источниках и материалах»/ Под ред. проф.Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.П.-2-е изд.-Алматы, Қазақстан, 1997

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада ХV ғ. аяғы мен ХVІ ғ. бас кезіндегі Әбілқайыр хан ұрпақтары мен қазақ хандарының арасында Шығыс Дешт Қыпшақ үшін жүргізілген күрес, оның себептері және нәтижесі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В представленной статье рассматриваются причины и результат борьбы между потомками Абу-л-хаир- хана и казахскими ханами за Восточный Дешт-Кипчак в конце ХV – начале ХVІ вв.



ЕР ЖӘНІБЕК ӨТКЕН ЖОЛДЫҢ ЖАС ҰРПАҚТЫ ПАТРИОТТЫҚҚАТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ
Берлібаев Е.Т. (Алматы қ., Қазмемқызпи),

Семжанова С.А. (Алматы қ., №72 мектеп)


2006ж. 10 қазанында Қ.Р Президентінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген жарлығы шықты. Мұндағы мақсат азаматтарға патриоттық тәрбие берудің біртұтас жүйесін құру.

Азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау жөніндегі борыш пен міндеттерді орындауға тәрбиелеуде қазақ батырларының өткен жолдарымен тарихи маңызы өте зор. Біз осы мәселені мақалада басшылыққа алдық.

1723 жылдың ерте көктемiнде Сыбан Раптан ширек ғасыр бойы қазақ елiне маза бермеген батыс қосындарын, соңғы он бес – жиырма жылда саны басым, қаруы қапысыз Мәнжу – Цин әскерiмен тынымсыз шайқаста әбден шыныққан шығыс қосындарын, Дүрбiт – Ойраттың жүз мыңнан астам темiр шерiгiн түгелiмен Қазақ ордасына төктi.

Өз iшiндегi саяси ауыз бiрлiктiң жоқтығынан, екiншiден бұдан бұрынғы соғыстарда әбден қансыраған бiрiктiрер басшысы жоқ ел ойрат шапқыншылығына ешқандай нәтижелi қарсылық көрсете алмады. Сол тұстағы тарих парақтарын ақтарсақ жекелеген ұрыстар бiзге жанкештiнiң iсi тәрiздi көрiнедi. Қару ұстар азаматы түгелге жуық қырылған панасыз жұрт адам айтқысыз шығынға ұшырады, ата қонысынан безiп, халық тарихында Ақтабан шұбырынды… деп аталатын зобалаң апатқа түстi.

Бiздiң тарихи және көркем әдебиетте Ақтабан шұбырынды жоңғарлардың тұтқиыл шабуылы салдарынан болған төтенше бақытсыздық ретiнде бейнеленедi. Шын мәнiсiнде 1723 жылғы жоңғар шапқыны және оның нәтижесiндегi қазақ босқыны осыған дейiн тура қырық жыл бойы жүргiзiлген саясат пен майданның - Қазақ ордасы мен Дүрбiт – Ойрат ордасындағы аяусыз күрестiң соңғы түйiнi. Бiз осы тұстағы тарихи оқиғаға Қазақ Ордасы 1723 жылы қалай қирады деп емес, осы 1723 жылға қалай жеттi деп баға берсек көптеген келеңсiз құбылыстардың бетi ашылар едi.

1723-1727 жылдар Қазақ сахарасы үшiн ең бiр қайғылы кезең болды. Жоңғар басқыншыларының тұтқиылдан жасаған шабуылына төтеп бере алмаған қазақтар ғасырлар бойы мекендеген жерлерiн тастап босып кеттi.

Кейiнгi қазақ тарихшысы, жазушы, ойшыл Шәкәрiм қажының айтуынша, Ақтабан шұбырынды кезiнде қазақ халқы «үш есенiң екеуiнен» айырылған. Бүгiнгi заман демографтары халықтың үштен бiрi қырғын тапты деп есептейдi. Орталап айтсақ жер басып жүрген екi қазақтың бiреуi апат болды. Сол ауыр жылдардың өшпес белгiсiне айналған Қожаберген жыраудың «Елiм-ай» әнi әлi күнге дейiн халық жадында.

1725 жылғы жаңа шапқыннан соң жан қиналмай өлудiң өзi арманға айналды. Түркiстан, Ташкент, Саураннан соң бүкiл оңтүстiк өңiрден айырылған қазақ тұяқ тоқтатар бұдыр таппады. Мауренахрды көктей өтiп, Арқаға қайырылып, ордалы жұртымен шұбырып, Жем мен Жайыққа жетiп әрең тоқтады.

Аттылы, көбi жаяу шұбырған, аштықтан, аурудан әлсiреген қазақты Бұхар да, башқұрт та, Едiл қалмақтары да талады. Алайда қайратты қазақ елi әлi де мүлде қауқарсыз емес едi. Өкшелеген жаудан қара үзген қазақ халқы қол түзiп, тiзе қосып, қарсы шабуылдарға көше бастады.

Дәл осы кезеңдегi ерекше маңызды тарихи мәселе қазақ қоғамындағы бiрiгу рухының пайда болуы 1723-1724 жылдардағы iрi жеңiлiстерден соң аймақтарда жасақтар құрыла бастады, оларды халық арасынан шыққан батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде Абылай, Әбiлхайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердiң, талантты қолбасшылар Қабанбай, Райымбек, Бөгенбай, Жәнiбек, Қарасай, Наурызбай батырлардың даңқы шықты.

Тарихымыздың күрделi беттерiнiң бiрi – бiр жарым ғасырға жуық уақытқа созылған жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес. Жәнiбек батыр осы күрделi қиын кезеңнiң бел ортасында болған қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн күрескен атақты тұлға. Халық осындай батырларының ерлiгiмен, бiрлiгiмен тәуелсiздiгiн сақтап қалды. Отандық тарихымыздың жарқын беттерiне айналған осы азаттық жолындағы күресте ел тiзгiнiн ұстаған хан-сұлтандар, батыр бабалар ерлiгi жайында соңғы кезеңде көптеген ғылыми мақалалар, жыр-дастандар, тарихи романдар, ғылыми конференция материалдары жарық көрiп жатыр.

Кеңес дәуiрiнде «рушылдық», «жершiлдiк», ұлтшылдық көрiнiстерi ретiнде ауызша тарих айту дәстүрiне тиым салынып, жетi атадан тарайтын қазақтың тарих кестесi бұзылды. Нәтижесiнде кейiнгi ұрпаққа бұрынғы бабаларымыздың кiм болғанын айтып жеткiзуден қорқатын заманға байланысты, қазақ тарихына қиянат жасалды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте сол кезеңде өмiр сүрген Бұхар жырау, Жиембет, Ақтамбердi, Үмбетей, Қожаберген сынды атақты жыраулар мен ақындардың толғаулары, дастандары, жырлары, өлеңдерiне күмәнмен қараушылық қазақ тарихына салынған тұсаумен тең болды.

Бүгiнде зерттеушi ғалымдарымыз ерлiгiмен ел есiнде қалған бабаларымыздың өмiрбаяны мен ерлiк iстерiн еркiн, жаңа тұрғыда қарастыруда. Аталған жыраулардың еңбектерiн қайта сұрыптап, тарихи құндылығына ерекше мән беруде.

Ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы «Қазақстан 2030» Жолдауында “өз тарихымызбен … дұрыс жолды таңдап алу мүмкiндiгiмiз бар” – деп, қазақ халқын ежелгi-бабаларымыз жасаған рухани байлықтан нәр алуға шақырады /1/. Бiз бастаған жаңа кезеңде көшпелi ата-бабаларымыздың далалық ауызша тарихнамасын қайта сараптап өткiзудiң мәнi ерекше. Далалық ауызша тарихнамаға аңыз әңгiмелер негiзiнде жазылған шежiрелердi жатқызсақ, оны тарихи бiлiм ретiнде қарау көзқарасы Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов еңбектерiнде байқалады. Көрнектi тарихшы Е.Бекмаханов қазақ ауыз әдебиетiнiң деректерiн ғылыми айналымға енгiзе отырып: «Қазақ сұлтандарының, билерi мен ақсақалдарының өздерi жинаған, өңдеген материалдары дұрыс жазбалар қатарына жатады» деп әдiл баға берген /2/. Кейiн Е.Бекмахановқа жасалған қиянатқа қарамастан бiлiмнiң әр саласының көзiн ашқан академик Ә.Марғұланның осы игiлiктi iстi жалғастыруына заман ағымы ырық бермедi.

Тәуелсiз Қазақ Ордасының даңқты қолбасшысы, көреген саясатшы, көрнектi мемлекет қайраткерi Абылай өзi билiк еткен тұста жоңғар шапқыншылығы кезiнде ерекше көзге түскен халық батырларына сүйенiп, ел басқарды. Бүгiндерi көзiмiз жетiп отырғандай батырларға арқа сүйеу сол тұсқа сәйкес бiрден – бiр дұрыс саясат болды. Жоңғар шапқыншылығы тұсында ел басқарған, қол басқарған батырлардың даңқы шықты. Кейiн Ресейге қосылу мәселесi сөз болғанда да бодан болу емес, әскери одақ болу мәселесiн ұстанған нақ осы батырлар болатын.

Қасиеттi есiмдерi Абылай дәуiрiнiң нақты тарихи құжаттарында аталатын, халықтың ауызша шығармасының ескерткiштерiнде кездесетiн батырлар халық есiнде мәңгi сақталып қалды. Бұлар – ХVIII ғасырдың үшiншi ширегiнде Дүрбiт-Ойратты талқандаған, Маньчжур-Цин империясымен қаһармандылықпен шайқасқан. Үздiксiз жиырма жылдық соғыста Алаш рухын қайта тiрiлтiп, үш жүздi басқару тiзгiнiн Абылай ханның қолына ұстатқан, аттары халық ауыз әдебиеттерiнде аңызға айналған ең үздiк қолбасшылар.

Елiмiз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн жазылған 2002 жылғы 5 томдық Қазақстан тарихының 3-шi томында Қаракерей Қабанбай, Мүйiздi Өтеген бастаған 40-тан астам қолбасшы батырлардың тiзiмiнiң бел ортасында Керей Жәнiбек Бердәулетұлының есiмi де құрметпен жазылған /3/.

Қазақ халқының құрып кету қаупi төнген осынау апаттан аман сақтап қалған батырлардың қай-қайсысы да ел тарихында алтын әрiптермен жазуға тұрарлық тұлғалар.

Жәнiбек батыр жайында жазылған ел аузында күнi бүгiнге дейiн сақталған аңыз әңгiмелер, қиса дастандар, шешендiк сөздер, жоңғар басқыншыларына қарсы қанды күрестiң бел ортасында жүрiп, елi мен жерi үшiн ерен ерлiк көрсеткен тарихи тұлға екендiгiнiң айғағы.

Кеңестiк дәуiрде Ганибал, Напалеон, Кутузов сынды атақты қолбасшыларды жан-жақты оқып таныдық. Өкiнiшке орай, Абылай ханның өзiнiң тұжырымдауынша ХVIII ғасырдың алғашқы қырық жылында үштен екiсi қырғынға ұшыраған /4/.осынау апатты жылдарды жоңғар шапқыншылығы жылдары деп емес Ұлы Отан соғысы деп атауға негiз жетерлiк болса да, үстiрт қарастырылып, батырлар рөлi аз зерттелдi. Қазiргi тарихнама бiз қарастырып отырған кезеңде батырлардың жаңа мазмұндағы iрi шоғыры қалыптасқанын айқындап отыр. Тарихи деректерге қарағанда, осы қазақ халқының тәуелсiздiгi мен бостандығы жолында қолына қару алып атқа мiнген қазақ батырларының саны 300 ден асады /5/. Ер Жәнiбек жайында Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: Жәнiбек Бердәулетұлы – батыр шешен. 1792 жылы қайтыс болған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаздауысты Қазыбек биден бата алған. Алғашқы жекпе-жекте қалмақтың екi батырын жеңiп, жаудың бетiн қайтарған деп жазылған жолдар бар. Бiз қарастырып отырған кезеңде жекпе-жек әскери соғыс өнерiнде ерекше роль атқарған. Осы тарихи құжатта Жәнiбек батыр Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай т.б. батырлармен тiзе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстың аяғына дейiн қатынасқаны айтылған. Үмбетей жырау: Абылай ханның әйгiленуiне жеке басының қасиеттерi ақыл парасатымен, айналасына терең ойлы билер, жүрек жұтқан батырлар топтасқанынан деп баяндайды. Осыған лайық тұлғалар қатарында Керей Жәнiбек батыр да тұр. Жырлар ауыздан ауызға көшкен әр жыршы өз ойынша, өз қиялынша өң берген. Ы. Ботайұлынан жазып алынған «Ер Жәнiбек» дастаны да Жәнiбек батырдың үлкен шайқаста атына оқ тиген Абылайды құтқарғаны ханның оған алғыс ретiнде «оң тiзесiнен орын берiп», яғни iргесiнен жер бөлуi, ту алып сарбаз ұстап, таңба алсын деп Керей елiне құрмет көрсеткенi қамтылады /6/. Дастанда Абылайдың адамгершiлiк қасиеттерi терең ашылған. Сонымен бiрге бiр соғыста қалмақтармен жекпе-жекте қазақ қолынан ешкiм шықпаған кезде, суырылып Жәнiбек батыр аттанып, жеңiп қайтқанда Абылай астындағы атын құрбандыққа шалады. Бұдан Абылайдың жақсылыққа бағыштап ырым жасауы, батырына көрсеткен құрметi сезiледi. Дастанның оқиғасы Жәнiбек туралы аңыз-әңгiмелер негiзiнде дүниеге келген. Жорықтарда қол бастап, батырлық танытқан ерлiк iстерi, қолбасшылық қыры сипатталады. Жыр дастандарда Абылайдың үнемi би батырлармен кеңесiп, ақыл ойларымен санасуы оның ел билiгiндегi қолбасшылығындағы ерекше қыры болып табылады.

Жалпы ХVIII ғасырдағы одан кейiнгi туындаған тарихи жырлар мен дастандарды Абылай заманындағы би батырларға қатысты оқиғалар кеңiнен қамтылған. Сондықтан «Абылай дәуiрi – қазақтың ерлiгi мен серiлiгiнiң ғасыры» деген Шоқан сөзi дәл берiлген әдiл баға /7/.Олай дейтiнiмiз, хан Абылай мен Ер Жәнiбек сынды тұлғалар елдiктiң, ерлiктiң ұраны, батырлықтың, өнегелi ел билiгiнiң жүрегi, ел үмiтiнiң тiрегi болды. Сондықтан Жәнiбек батыр өз дәуiрiндегi ақын жыршылардың шығармашылығының алтын өзегiне айналды. Ер Жәнiбек жайында жазылған осындай жырдың бiр нұсқасының қолжазбасы Орталық ғылыми кiтапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр /8/.Жәнiбек жайлы аңыз әңгiмелердiң көпшiлiгi батырдың басынан кешкен түрлi оқиғаларға қатысты шыққан. Ер Жәнiбек жайында тарихи роман, оннан астам қиса дастандар жазылған. Сонымен қатар көркем шежiрелер, аңыздар, шешендiк сөздер аз емес. Барлық аңыз әңгiмелердiң алғашқы үлгiлерi халық үшiн қызмет еткен, тарихта болған адамдардың iсiн, өмiрiн әңгiмелеу кезiнде туған. Тарихи аңыздар әр дәуiрдегi айтушылар мен тыңдаушылардың түсiнiк пайуымдауына, ұғымына сәйкес өзгерiстерге ұшырауы мүмкiн. Жәнiбек Бердәулетұлы жайындағы аңыздарды қарастырғанда бiрнеше аңыздың түп мағынасы бiр болғанымен, өзгерiстерге ұшырағаны айқын байқалады. Кезiнде кейбiр бұрмалаушылар Жәнiбек батырды Қытайға ауған елден бөлiнген деп кiнәлайды. Мысалы: «Идеологияландырылған саясат ыңғайына сай» Н.С.Смирнованың «Абылай туралы жыр» аңыздарды зерттеуiнде: «халықтың аңыз жырларында Абылайдың Ресейден iргенi аулақ салуына бұқараның қарсы болғаны аңғарылады» деп Абылайдың келiсуiмен Жәнiбек батырдың Керей руымен бiрге орыстардың шекарасынан аулақ көшiп бара жатқан жолда ауруға шалдығып қаза болуын «керейлерге құт әкелген» халықтан бөлiнуiнен болған iс ретiнде көрсетiледi /9/. Бұл жөнiнде Қазақ энциклопедиясында: 1731 жылы Әбiлқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде, Жәнiбек Керей тайпасын бастап Сыр бойынан көшiп, Қобда тауына келiп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңiрегiндегi кейiн «Жәнiбек асуы» деп аталып кеткен асудан асып, 1760 жылы Абақ Керей руын Алтай тауының қазiргi Шыңжаң өлкесiне қарасты мекенiне апарып қоныстандырған деген жолдар тұр.

Бiзге 1756-1757 жылдары қазақ билеушiлерi екi iрi топпен басып кiрген Цин империясы әскерiмен қантөгiс ұрыс жүргiзгенi белгiлi. 1997 жылы Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тапсырмасымен Қазақ хандығы мен Цин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар жиналып, 1998 жылы «Санат» баспасынан жарық көрдi. Жоғарыдағы пiкiрдi қытай архивiнен алынған деректер де растайды: Әмiрсананы құғындау үшiн қазақ жерiне iшкерiлей енген Дардана, Хадаха генералдар…. Әмiрсананы ұстай алмады, олардың сылбырлығынан Қазақтың Абылайы да құтылып кеттi. Сол үшiн екi генерал ауыр жазаға тартылуы тиiс… /10/.

Осы деректер мәлiмдегендей Чин империясының табысы көп, шығыны аз болса екi генерал ауыр жазаға тартылмас едi. 1957 жылы қытай әскерiмен Аякөз маңында тағы шайқас болды. Бiздiң пайымдауымызша осы шайқастарға Керей руларымен Жәнiбек батырдың да қатысуы әбден мүмкiн. Олай дейтiнiмiз, бұған дейiн қазақ елiне сыртқы басқыншылар тарапынан болған соғыстарда әйгiлi болған батырдың қауiп төнгенде осы аймақта бола отырып, Абылай жасағында болмауы еш негiзсiз.

Ер Жәнiбек туралы жырдан аңғарғанымыздай, ел аузында қалған естелiкте батырдың айрықша қасиеттерi, батылдығы, алғырлығы, жомартығы айқын көрiнедi. Осыған сәйкес Абылай да ержүректiлiктi, тапқырлықты, тура әдiл сөздi құрметтеп, қадiрлеген. Ер Жәнiбек туралы аңыздардың бiрнеше нұсқалары бар. Ерекшелiгi – аңыздардың бәрi де бiр оқиға төңiрегiнде өрбидi. Бәрiнде де кезектi бiр ұрыста Абылай аты болдырып ұстала жаздайды. Бұны аңдаған Жәнiбек көк дөненiн берiп, тың атқа мiнген Абылай жiгiттерiн батыл сөздермен рухтандырып, қайта соғысады. Осы оқиға әр аңызда әр түрлi баяндалады.

Бiреуiнде: көк дөненге мiнуден арланған ханға:

Қазақтың ханы Абылайды,

Қалмақ өлтiрдi деген ше,

Өзiм өлтiрiп кетемiн, - деп Жәнiбек найзасымен тап бергенде, Абылай қаймыққаннан мiнедi деген – мыс /11/.

Екiншiсiнде: - Басыңды жауға кестiрiп, қанжығасына байлатқанша, өзiм кесiп кетейiн, - деп Жәнiбек қылышын суырып, өлтiрмек болады /12/.

Үшiншiсiнде: қолды қайта ұрысқа бастаған Абылайға Жәнiбек:

- Алдияр! Сiз өлсеңiз ел жетiм қалар, мен өлсем қазақтың бiр қатыны бiр ұл табар деп атына мiнгiзiп Абылайды құтқарады /13/.

Ендi бiр нұсқасында шайқас кезiнде Жәнiбек аты болдырған Абылайға көк дөненiн көлденен тартып:



  • Елiн басқарған батыр, бiр өзi мыңға татыр,

Мен көптiң бiрiмiн, сен аман қалсаң тiрiмiн, - дейдi.

Мұның бәрiнде әсiрелеу басым. Бiздiң пайымдауымызша бәрiнен де шындыққа жақын аңыз мынау болса керек:

«Жоңғарлармен шайқастың бiрiнде қазақтар жеңiлiс тауып аты болдырған Абылай оларды тоқтатуға әрекеттенген едi. Осыны байқаған Жәнiбек атын бередi. Хан басымен атын ауыстыруды намыс көрген Абылай Жәнiбекке: - Жас екенсiң, қарағым, жау басым, жазым боларсың,- дейдi. Сонда Жәнiбек: - Сiз қолға түссеңiз ел басшысыз қалар, мен қолға түссем қазақтың бiр әйелi тағы да бiр ұл туар,- дейдi».

Бұл тапқыр сөзге риза болған Абылай тың атқа мiнiп, қолын бiрiктiрiп, жауын жеңедi. Мұнда батырдың шынайы ықыласы көрiнедi. Жоғарыдағы аңыздарда саралағанда шындыққа жақыны осы. Олай дейтiнмiз, «менiң атыма мiнбедiң» деп ханға найза, қылыш көтеру – батырға тән қылық емес. Аңызды айтушының Жәнiбектi әсiрелеудегi қоспасы. Соңғы аңызда Абылай Жәнiбек ерлiгiн, адамгершiлiгiн бағалап, қиындықта қолдау көмегiн елеусiз тастамағанын көремiз. Ұрыс аяқталған соң:

- Ат бергенiңнен сөз бергенiң асты. Осы жолғы олжа басы сенiкi, - деп Жәнiбектiң үш тiлегiн орындаған. Оң тiзесiнен орын бердi дегенi iргесiнен жер бөлiп берген, туын белгiлеген. Керей елiнiң билiгiн тапсырған.

Тағы бiр аңызда жекпе жекте хан «кiм шығар екен» дер қиналғанда Жәнiбек «Абақ! Абақ!» деп ұран салып қалмақты қуа жөнелгенде, Абылай: Иә, Алла! Қазаққа жеңiстi нәсiп қылып, Жәнiбектiң жанына жар бола гөр! – деп астындағы атын айтып, бауыздап жiберген.

Бұл тұста Жәнiбек қанша дәрiптелгенiмен Абылайдың батырлық ерлiк қасиеттi құрметтегенi аңғарылады. Бұл оқиғаны Абылайдың өз батырын биiк көрсеткiсi келгенiн айтушының оқиғаны қосып бұра жеткiзуi деп түсiнемiз. Бiрiншiден, аңыздар ауызша тараған, екiншiден, оқиғаға көп уақыт өткен, үшiншiден, көркемдiк әсiрелеуден аңызда баяндалған оқиғаның түрлi нұсқалары пайда болған.

Шындыққа жақын осы аңыздар «Ер Жәнiбек» дастанымен мазмұндас. Мұның өзi аңыздың дастанға өзек болғанын аңғартады. Батырдың ерлiгi - Бұхар жырау, Досбер Саурықұлы, Үмбетей жырау, Ақыт Үлiмжiұлы жыраулардың шабытына арқау болды.

Аңыздарда Абылайдың батырларды сынайтын дәстүрлерi болғаны байқалады. Батырлардың жүректiлiгiн, тапқырлығын, күш-қайратын, батылдық шешiмiн ой сарабына салып оларды қол бастауға iрiктеген.

Абылайдың Жәнiбектi сынауы деген аңызда осындай мазмұн баяндалған. Мұндай сыннан батырдың мүдiрмей өткенi, қиын да қатерлi сәтте нағыз батырлық қасиетiн танытқаны сезiледi. Нағыз ерлер ер атанамын деп ерлiк жасамайды. Ерлiк өлшемi iзгiлiк. Жәнiбек бастаған батырлар ерлiгi – iзгiлiкке толы. Оның мақсаты жердi, елдi қорғау, келер ұрпаққа өмiр сүру кеңiстiгiн анықтау. Жәнiбек батырдай ерлердiң iзгiлiгi бiзге сабақ. Батырлар қорғаған кең мекендi ендiгi ұрпақ көзiмiздiң қарашығындай сақтауымыз керек. Жәнiбек батырдай ерлердiң ұлы iсiне бас ию, құрмет. Қазақта батыр көбейiп кеттi деу терiс пiкiр. Бүгiнiгi бiздiң алып мекенiмiздi батырлар қорғап қалмаса, олардың iсi ерлiкке толы болмаса, бүгiнгi баға жетпес ата мекенiмiздi кiм бiзге сақтап қалар едi. Қорыта айтқанда, елiн, жерiн азат етуде, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Ер Жәнiбек сынды батырдың тарихи рөлi зор. Жәнiбек батыр қазақ жерiн жоңғар шапқыншыларынан азат етуде үлкен ерлiк көрсеткен тұлғаның бiрi. Сондықтан Жәнiбек батыр сияқты ерлерiмiздiң ерлiгi жас ұрпақты отан сүйгiштiк рухта тәрбиелеуге әбден лайықты. Ер Жәнiбек жауына қатал, досына адал, қазақ елi үшiн өзiн құрбан етер отаншыл батыр.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан 2030. Алматы: Юрист, 2001, 65 бет.

  2. Е.Бекмаханов. Қазақстан ХIХ ғ. 20-40 жылдарында. А.: Санат, 1994, 14 бет.

  3. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы: Атамұра, 2002, 267 бет.

  4. Егемендi Қазақстан, 1992, 3 қазан.

  5. Әбдiжапар Әбдiәкiмұлы.Қазақ тарихы. Алматы. 1997, 88 б.

  6. Ботайұлы Ы. Ер Жәнiбек дастаны // Жұлдыз, №5,6, 1995.

  1. Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы. 5 т. // А-А, 1984, 432 б.

  1. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. 3 том, 396 б.

  2. Қазақ тарихы жырларының мәселелерi // А.: Ғылым, 1979, 312 б.

  3. Қазақстан тарихы. Зерттеулер, құжаттар. Алматы: Санат, 1998, 30 бет.

  4. Абылай хан // Алматы. Жазушы, 1943, 416 б.

  5. Ботанайұлы А. Қаз дауысты Қазыбек, Ер Жәнiбек // Жұлдыз, 3, 1995.

  6. Алтын сандық // Ана тiлi. 1993, 92 б.

  7. Сүлейменов Р.Б. Абылай хан // Қазақ батырлары, №1, 1991.

  8. Жәнібек батыр // Алматы ақшамы, 15 қараша. 1992.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы Ер Жәнібек Бердәулетұлының Отан қорғау жолындағы ерлік істері баяндалады. Қолда бар деректерді салыстыра келе, автор өз көзқарасын білдіреді.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются военные успехи Жанибека Бердаулетулы в годы джунгарского нашествия. На примере некоторых источников автор показывает свое отношение к данной проблеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет