АЛАШОРДА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
Бегалиева А.А.- т.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Алаш Орда қалың қазақтың қалауы, алты алаштың аңсары еді. ХХ ғасыр басындағы ұлт мұраты еді.
Алаш Орда қозғалысының басталғанына, «Алаш» партиясының құрылғанына 91 жыл толып отыр.
Біздің есте жоқ ескі замандағы, хандық дәуірдегі тарихымызды айтпағанда, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің алтын бастауы осы Алаштан бастау алып жатқаны анық.
Алаш Орда қазақ мемлекеттігінің жаңа бастауы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан идеясына осыдан 91 жыл бұрын қадам жасалды. Олардың, Алаш ардагерлерінің, көсемдерінің кешегі Желтоқсанның жаралы күндерінде алау болып жанып, ақыры жүзеге асты. Демек, қазақтың Тәуелсіздік аңсаған тарихына өзіміз келген жерден қарамай тереңірек үңілгеніміз жөн. Біз Кеңес дәуірінде Алаш қайраткерлері туралы ештеңе айта алмайтынбыз. Олардың есімін атағандары үшін талай адам қудаланды, қызметінен айрылды. Ал біз тәуелсіз мемлекет арқасында өз ардақтыларымызды құрметтеуге жеттік.
Алаш идеясы өміршең идея. Бұл- ұлттық идея, қазақ идеясы деген сөз. Алаш идеясы тірі болса, қазақ тірі болса, Алаш идеясы да тірі болады. Ол ешқашан өлмейді.
Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ бастан кешкен қасіреті өле өлгенше санасында жаңғырып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті («Егемен Қазақстан» 1997ж., 31 мамыр)
Кеңес идеологиясы кете салысымен Алаш идеясы қайтадан жандана, жаңғыра бастады. Бұл тарихи нәрсе, солай болуға тиіс еді. Неге олай болды? Неге кеңестік идеология, коммунистік партия Кеңестік билік Алашты сонша жек көрді? Неге Алашқа соншалықты қаты шабуыл жасады? Олар Алаштың атын ататқан жоқ. Қазақтың ұлттық идеясына Алаш идеясына жақын тұрған идея болған емес. Кеңестік идеология Алаш идеясымен бақталаса түсе алмайтын еді. Сондықтан Кеңестік идеология Алаш идеологиясынан қатты қорықты. Алаштың атын ататпай қойғанының себебі осы деп түсінеміз. «Алаш идеясы қайдан келді?» деген сұрақ туады. Мұның тамыры қайда, қайдан шықты? Өзімізден шықты ма, әлде сырттан келген қондырғы ма деген сұрау туады. Егер мәселеге әлемдік контексте қарайтын болсақ, қазақ қоғамы үшін Алаш қозғалысы Ұлы француз революциясының қазақ топырағындағы жалғасы болғанын біз ұмыта алмаймыз. Ұлы француз революциясы 1789 жылы басталды. Оның негізгі ұрандары «Азаттық», «Теңдік», «Туысқандық» деген үш тұғыр еді. Осы идеяларды қазақ топырағына алып келген Алаш зиялысы, Мыржақып Дулатовтың өлеңдерін қараңыздар, осы үш ұран айтылады. Әлихан Бөкейхановтың шығармаларында да бұл идеялар көп айтылады. ХХ ғасырдың басынан бастап Алаш қайраткерлерінің еңбектерінен бұл идея көптеп көрініс берді.
- Алаш қозғалысы белгілі дәрежеде Европаның және Ресейдің ой сана қозғалысына қазақ топырағындағы жалғасы екені рас.
- 1917 жыл қазақ тарихына көптеген жаңалықтар әкелді. Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы.
- Алаш партиясы ұлттық дәрежеге көтерілген тұңғыш партия болатын.
Қазақ жерінде Алаш Орда қайраткерлері бір топ шоғыр жұлдыздай болып шыққанда Орта Азияның өзге елдерінің көсемдері бес саусаққа да толмайтын еді. Алаш жұлдызының жарығы сол кездің өзінде алысқа түсті. Алаш Орда көсемдерінің әрқайсысы ұлт ұстазының деңгейіне көтерілді.
Қай қоғамда болмасын интеллигенция мен өкіметтің арақатынасы әр кезде күрделі, әр кезде қарама- қайшылықтарға толы болған. Себебі, біріншіден, интеллигенцияның қоғамда алатын орнына байланысты болса, екіншіден, оны қандай қоғамда, қандай саяси билік орнаған елде еңбек етіп, өмір сүруіне тікелей байланысты болған.
Өзінің табиғаты жөнінен интеллигенттер немесе зиялы қауым өкілдері кез келген қоғамда билік жүйесіне сыни тұрғыдан қарайды. Өйткені интеллигент дегеніміз озық ойлы, анығырақ айтқанда алдыңғы әрі саналы ойдың адамы. Интеллигенция жалпы алғанда әр ұлттың, әрбір халықтың қаймағы десекте болады. Шын мәніндегі интеллигент өзінің қызметіндегі орны немесе күн көрісі, мәртебесі үшін жалтақтамайды. Ол халықтың мұңын, халықтың жоғын жоқтауға өмірін сарп еткен. Мәселен, ұлттық, тұтастық, жалпы ұлттық- демократиялық Алаш партиясын құрып, эволюция (реформа) жолымен Қазақстанды өркениетті елдер қатарына жеткізуді ойластырған Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда қайраткерлері осындай тұлғалар еді. Олар жекелеген таптар мен әлуеметтік топтардың сөзін сөйлеп, сойылын соққан жоқ, тұтас ұлтқа бақыт пен жақсылық тіледі. Сондықтанда олар қоғамды таптық ұстанымдар мен бір ғана коммунистік идеология тұрғысынан қалыптастырып, басқаруға негізделген кеңестік билік жүйесіне ашық оппозицияда болды. Кеңестік тоталитарлық билік жүйесі мен Алаш қозғалысы арасында қарама- қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде Алашорда қайраткерлері ХХ- ғасырдың 20-30-шы жылдарында өкімет жүзеге асырған саяси қуғын- сүргіннің құрбандары болды.
Кеңес өкіметі өмір сүрген 70 жылдан астам тарихи кезеңде, күллі Кеңес Одағы сияқты Қазақстанда да социализм идеясын қабылдап, коммунистік иеологияны мойындаған интеллигенция өкілдері де аз болмады. Егер Алаш қайраткерлері мемлекетті өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін реформа жолдарын таңдап алса, социалистік даму бағытын мойындаған кеңестік интеллигенция өкілдері ел мен жұртты өркениет биліктеріне тез қарқынмен жетуді революциялық (төңкерісшіл) әдіс- әрекеттер арқылы жүзеге асыруға болатындығына сенді.
Алайда ХХ-ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысынан бастап КСРО-да және оның құрамында болған басқа республикалармен қатар Қазақстанда да, орнығып, уақыт өткен сайын күшейген сталиншіл әміршіл- әкімшіл саяси билік жүйесі қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін және аса зор қасіретті зардаптар әкелген тәжірибелер жасады. Ел өмірінің барлық салаларын (экономиканы, саясаттты, мәдени-рухани әлемін) сталиндік нұсқадағы «түбірлі өзгерістерге» мәжбүр еткен бұл эксперименттер Қазақстанды түгелдей қамтыды. Оның басты буындарына ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастырып, көшпелілерді зорлап отырықшыландыруды, байлар мен дәулетті шаруаларды аяусыз қанау есебінен тез қарқынмен индустрияландыру саясатын жүргізуді, демографиялық саясатта, мәдени рухани салада түпкілікті халықты (Қазақстан жағдайында қазақтарды) орыстандыруды және осылардан туындайтын басқа да шараларды жатқызуға.
Жоғарыда айтылған қоғамның табиғи дамуына қайшы елген шаралар қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүргізу үрдісінің тамырына балта шапты, халықты 20-30 жылдардағы жаппай ашаршылыққа ұшыратты, халқымыздың жартысына жуығы соның салдарынан қырылып қалды, сан мыңдаған қандастарымыз алысты жақынды шет елдерге ауып кетті, өз елі мен өз жерінде қазақтар азшылыққа айналды, олардың 40% жуығы өз тілдерін білмейтін немесе шала білетін дүбәрәларға айналды. Осының нәтижесінде ұлттық жігер мұқалып, ұлттық рух әлсіреді.
Осындай халыққа жат құбылыстарды тудырған тоталитарлық, әміршіл- әкімшіл жүйеге ХХ- ғасырдың 20- жылдарынан бастап ең алдымен Алаш қозғалысының негізін қалаған ұлттық- демократиялық интеллигенция өкілдері ашық қарсылық көрсете бастаса, көп кешікпей социализм идеясын қабылдаған кеңестік интеллигенцияның ұлтжанды өкілдері де әр түрлі формадағы қарсылық әрекеттеріне барды.
Зиялы қауым өкілдерінің бұл қарсылығы халқымыздың айтарлықтай бөлігі тарапынан қолдау тапты.
Осы қарсылықты басып- жаншу үшін сталиншіл әміршіл- әкімшіл билік жүйесі бүкіл елді қамтыған жаппай саяси қуғынды жүзеге асырды. Заңсыздық және зорлық- зомбылықтың қорқынышты көрінісі болған жаппай саяси қуғын- сүргін Кеңес Одағының барлық аймақтарын, олардың қатарында Қазақстанды да қамтыды және жекелеген үзілістермен өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан 80-ші жылдарының ортасына дейін жалғасты. Интеллигенция тағдырына аса ауыр тиген Қазақстандағы саяси қуғын- сүргін тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең — 20-шы жылдар. Бұл кезеңде ең алдымен Алашорда қайраткерлері (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов,т.б.) саяси тұрғыдан қудалауға ұшырап, сол жылдардың соңына қарай, түрмелерге жабылды; солармен қатар сол кезде Республиканың бір топ мемлекет және саяси қайраткерлеріне (С.Сәдуақасовқа, Т.Рысқұловқа, С.Меңдешевке, С.Сейфуллинге, С.Қожановқа, т.б.) партияның сара жолынан ауытқушылар (национал- уклонисты) деген айыптар тағылды.
Екінші кезең — 30-шы жылдар. Бұл кезек саяси қуғын- сүргіннің шырқау шегіне шыққан уақыт. Сан мыңдаған зиялы қауым өкілдері (олардың қатарында Алаш қозғалысы мүшелері де, республикада кеңес өкіметін орнатуға қатынасқан қараткерлер де бар) атылды, концлагерлерге айдалды. Олардың барлығына жалған жалалармен «халық жауы» деген айыптар тағылды.
Үшінші кезең — 40-50 жылдар. Бұл жылдары соғыс кезінде жау қолына тұтқынға түсіп, кейін елге оралған отандастарға саяси айып тағып, оларды жазықсыз жазалау орын алды. Ал 40-жылдардың ортасынан 50-жылдардың басына дейін «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп айып тағылған қоғамтанушы ғалымдар: тарихшылар- Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, әдебиеттанушылар- Е.Исмаилов, Қ.Жұмалиев, т.б., «отансыз космополиттер» деген айыптармен биологтар Заравский, Шамис, жазушы Ю.Домбровский, т.б. сотталды немесе қызметтерінен қуылды. Ұлы жазушы әрі ғалым М.О.Әуезов пен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаев бірер жыл Мәскеуге кетіп, бой тасалауға мәжбүр болды.
Кеңес өкіметі кезеңіндегі Қазақстандағы саяси қуғын сүргіннің соңғы кезеңі 1986 жылғы Алматыдағы, т.б. бірнеше қалалардағы Қазақ жастарының билік жүйесіне саяси қыр көрсетулеріне байланысты жүзеге асырылды. Жүздеген студент жастар оқудан қуылды, ондаған жұмысшы және студенттердің басы сотты болды, бірнеше жоғарғы оқу орындарының ректорлары жұмыстан қуылды, М.Горбачев бастаған СОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының шешімімен «Қазақ ұлтшылдығын» айыптаған қаулы шықты...
Қысқаша баяндалған осындай оқиғалар тізбегінің Кеңес өкіметі жылдарындағы өкімет пен интеллигенция арасындағы жағдайдың қаншалықты күрделі болғандығын, олардың өзара қарым-қатынастарында көп жағдайда өткір қайшылықтар орын алғандығын көрсетеді.
Дей тұрсақта, өткен ХХ ғасырда, әсіресе 1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі 70 жылдан астам уақытты Қазақстан үшін, оның халқы үшін, Республиканың әлеуметтік- экономикалық, рухани мәдени өмірі үшін тек қана босқа кеткен кезең деуге болмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде былай деп орынды жазды: «өз басым Қазан революциясынан кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деп байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірімен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қарым- қатынастарды жақсарту... ғарышқа самғау-мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған жөн» («Егемен Қазақстан», 1998, 16 қаңтар.).
Интеллигенцияның қоғамдағы орнын анықтау, оның Қазақстанның кеңестік кезең тарихы барысында өкімет пен өзара қарым- қатынасын жан- жақты оқып білудің ғылыми танымдық тұрғыдан да, саяси- қолданбалық тұрғыдан да маңызы үлкен.
Сондықтан да осы мақаланың басты мақсаты Қазақстан тарихының Кеңестік кезеңі мысалында интеллигенция мен өкімет арасындағы күрделі де қиын қарама- қатынастардың тарихы туралы өмір шындығына сай көзқарас қалыптастыру, сол арқылы өткенімізден бүгініміз бен келешегіміз үшін сабақ алу болып табылады. Отандық тарихтың оның алдына қойылған төменгі міндеттерді шешумен ақйндалады:
-
мәселені зерттеудегі негізгі бағыттарды анықтау;
-
тақырыпқа байланысты әртүрлі дерек көздерін (мұрағаттық, әдеби, статистикалық, т.б.) сұрыптау мен жүйелеу;
-
1917-1990 жылдар аралығындағы интеллигенция мен өкімет арасындағы қарым- қатынас тарихын тақырыптық-хронологиялық ұстанымдар негізінде қарастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш., 1994.
-
Ахметов Ғ. Алаш Алаш болғанда. А., 1996.
-
Алдамжаров З. Тарих: пайым мен тағлым. А., 2002.
-
Асқаров Т. Тағдыр. (Өмір хикаялары). А., 2002.
-
Аяған Б. Красные и черные. А., 2005.
-
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Избранное. А., 1995.
-
Бектұров Ж. Енеден ерте айырылған төл секілді... А., 2002.
-
Бөкейханов С. Өткен күнде белгі бар. А., 2004.
-
Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. Избранное. А., 1998.
-
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Замана асуы. (Бірінші кітап). А., 1998.
-
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.
-
Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. А., 2004.
-
Назарбаев Н. Тарих толқынында. А., 1999.
-
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Алаш қозғалысының бастау көздері анықталып, Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы мен нақтылы қызметі баяндалады. Алаш қайраткерлерінің қасіретті өмір жолдары айтылады.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена некоторым страницам движения Алаш, также репрессивным методам советской власти против своих оппонентов.
НЕЗАБЫВАЕМЫЕ СТРАНИЦЫ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ИСТОРИИ
(1937-1938 ГГ.)
Бурханова Д.С. – к.и.н., доцент (г. Алматы, Казгосженпи)
В 2008 году исполняется 10 лет как, по инициативе Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева 1998 год был объявлен «Годом народного единства и национальной истории», а 1997 год был «Объявлен Годом общенационального согласия и памяти жертв политических репрессий». Эти два документа свидетельствуют о пристальном внимании руководителя нашего государства к проблемам развития гуманитарных наук, которые выполняют значительную миссию в становлении независимости и суверенитета республики, развитии и расширении международных и межнациональных связей, формировании национального самосознания народа, воспитания у казахстанцев и особенно у молодежи – активной жизненной позиции, гражданственности и патриотизма.
На наше поколение выпали, и великая честь и одновременно огромная ответственность реализовать задачу достойного вхождения Казахстана в мировое сообщество, в число 50-ти развитых государств. И эта задача будет выполнима при сохранении мира и стабильности в стране, при обеспечении межнационального и межконфессионального согласия и толерантности. В решении этой задачи существенная роль принадлежит отечественной истории. «В этой ситуации нетрудно представить, отметил А.Кекильбаев, что перед нами стоит сложная задача восстановления нашей подлинной истории. С ее блестящими, возвышающими душу, страницами, но так же и не без ее трагических периодов, заполненных горестными событиями и поражениями. Как бы то ни было, мы обязаны знать наше прошлое хотя бы для того, чтобы ретроспективным взглядом увидеть многотрудные поиски нашим народом своего собственного пути в истории. Мы не возникли из воздуха, не упали с неба, а являемся потомками тех, кто в страданиях и высоких полетах мысли, проливая кровь и упорно трудясь, сделали все, чтобы отстоять целостность территории нашего государства для блага последующих поколений. Имевшиеся высокие моменты нашей истории поднимут наш дух, ошибки и поражения заставят призадуматься над средствами их недопущения впредь»/1/.
Одним из трагических страниц отечественной истории являются 1937-1938 годы. О массовых репрессиях периода сталинщины написано много. Однако память вновь и вновь возвращает людей к трагическим событиям недавнего прошлого, когда в застенках Гулага гибли миллионы ни в чем не повинных людей. Все репрессированные граждане были осуждены по различным пунктам статьи 58 Уголовного кодекса РСФСР того времени. Достаточно было одного «сигнала», что бы навесить на жертву доноса или наговора ярлык «врага народа» или вредителя. Анализ архивных материалов показывает, что по отдельным уголовным делам проходила так называемая «группа лиц». К примеру, вслед за руководителями Карагандинской области Абдуллой Асылбековым и Нургали Нурсеитовым, осужденными осенью 1937 года, репрессировали свыше 200 человек. Десятки людей были брошены в лагеря по делу бывшего председателя Алматинского облисполкома Ураза Джандосова. В поисках формального повода для ареста и осуждения следователи НКВД преступали границы вякой сколько-нибудь нормальной логики, инкриминируя на грани маразма так, могли обвинить в шпионаже в пользу японской разведки абсолютно безграмотного человека, всю жизнь проживавшего на глухом полустанке в степи. Если верить отчетам органов НКВД, то в одной только Алматинской области «разоблачено» 29 различных контрреволюционных организаций и резидентур иностранных разведок.
При изучении дел так называемых «врагов народа» осужденных и расстрелянных в 1937-1938 гг. в Казахстане, обнаружено что, кроме обвинений об участии в деятельности правых оппортунистов и троцкистов, а также буржуазных националистов, зачастую им вменялись в вину провалы в экономике, в особенности, в сельском хозяйстве начала 30-х годов. Так, например: одним из пунктов обвинений, предъявленных в 1937 году Ж.Садвакасову , С.Сейфуллину и Т.Жургенову и другим была «организация восстания» в Каракумах, Иргизском, Сары-Суйском и других районах. Это была попытка переложить ответственность за провалы в экономике на других. Жертвами репрессий стали почли все руководящие партийные и советские работники республики. Как свидетельствуют дела так называемых «национал-фашистов», репрессированные в 1937-1938 гг., Н.И.Ежов и его подручные особо не утруждали себя при их фабрикации. Были подняты давние дела так называемых участников различных группировок. В их число попали и те, кто в свое время отстаивал интересы республики. Открыто выражал протест по поводу массовой гибели казахского населения в 1931-1932 гг. Была придумана версия о том, что «национал-фашисты» во главе с Т.Рыскуловым Н.Нумаковым, У.Кулумбетовым и другими хотели «отделить Казахстан от СССР и отдать его под протекторат Японии, а сами они являются японо-германскими шпионами. Абсурдность этих обвинении очевидна.
Судьбу большинства арестованных определял не суд, а особые тройки или особые совещания, которые нередко выносили решение и приговоры по спискам, не интересуясь действиями личности. Отсюда необычайно широкий круг лиц, приговоренных к расстрелу. «Среди пострадавших - священнослужители, рабочие и служащие, партийные и советские работники. А после убийства С.М.Кирова страну охватил массовый террор. Пик его пришел на 1937-1938 гг., когда было репрессировано 103 тыс. казахстанцев и четверть из них расстреляна. Лишь по приговору тройки под началом дивизионного военного юриста Горячева казнено за 3 месяца около 100 человек. Причем первыми были расстреляны работники правоохранительных органов – Сулейменов, Ескараев, многие другие. А в общей могиле под Жаналыком близ Алматы захоронен цвет казахской интеллигенции: Сакен Сейфулин, Беимбет Маилин, Ильяс Джансугуров, Ахмет Байтурсынов, Санжар Асфендияров и другие. С 1931 года республика стала филиалом ГУЛАГа, включающим более 20 лагерей политзаключенных. /2/
Беззаконие, произвол и несправедливость не могли твориться бесконечно. Наметившиеся в середине 50-х годов перемены, коснулись и этой стороны деятельности государства. Постепенно начался процесс пересмотра и отмены приговоров в отношении невинно осужденных. Лиц находившихся в лагерях, стали выпускать на свободу, а уже расстрелянных и погибших посмертно реабилитировать.
В 1993 году Верховный Совет РК принял закон «О реабилитации жертв массовых политических репрессии», который был направлен на восстановление справедливости по отношению к людям, подвергшимся этой крупномасштабной карательной акции советского государства. На реабилитацию всех жертв террора в 20-е- 50-е гг., обеспечении максимально возможной в настоящее время компенсации причиненного им морального и материального ущерба. Но, к сожалению людей, которым нужно возместить моральный и материальный ущерб на сегодня остаются не много. Голод и гонения, насильственная депортация, массовые репрессии ни в чем не повинных людей остались не заживающей раной в памяти народа навсегда.
Ныне живые свидетели этих событий вспоминают об этих днях с ужасом, как бы завещая современному поколению не допустить повторения 1937 года. Вот некоторые из них:
Из воспоминаний сына Узакбая Кулумбетова , Бустана Узакбаева, «Летом 1937 года мы с семьей отец, мать, брат и я были в Москве, должны были поехать отдыхать в Сочи, но отец отправил нас сам сказав что есть дела остался в Москве, видимо почувствовал или знал что его должны были арестовать. После я его и не видел. В 1938 году его расстреляли. Ему было 47 лет. Перед расстрелом разрешили свидание с отцом ходила мама и сестра, и они сказали отца привели на это свидание в кандалах, рядом стояла охрана, и он тогда сказал: «то в чем его обвиняют это неправда, и он будет оправдан, спросил, пошел ли я в школу». На следующий день после свидания с отцом маму тоже арестовали и отправили в Акмолинский лагерь жен изменников родины (Алжир). Нас как детей врага народа определили по детским домам, отправили в Муйнак в Каракалпакии. Видимо, чтобы меньше травмировать наши детские умы, или хотя бы сохранить имя отца, дядя дал нам как фамилию имя отца. И мы стали не Кулумбетовы а Узакбаевы. После окончания школы поступил в Ташкентский институт инженеров железнодорожного транспорта, окончил с отличием, и по окончанию было предложено оставить на кафедре преподавателем. Но через некоторое время было отказано, видимо после проверки биографических данных. Только в 1957 году отец был реабилитирован я смог получить возможность заниматься научной и педагогической деятельностью. Проработал в этом институте более 40 лет от преподавателя до доцента, декана одного из крупных факультетов. Но из памяти никогда не уходят те далекие трагические дни и то, что нам пришлось пережить потом.
Из воспоминаний Розы Тайшибаевой «Хотя я была маленькая – мне было всего три года. Запомнила два момента, они стоят у меня перед глазами, по сей день. Помню, как пришли за отцом и как его повели. Запомнился так же случай, когда мы с матерью пришли в тюрьму, и я накрепко обняла милиционера за ногу и твердила: »Покажи папу, покажи». Вот эти картины запечатались в памяти на всю жизнь. Пусть не приведется пережить никому то, что пережили наши современники, которым было суждено носить клеймо «детей врага народа» и расти на правах изгнанников. Максут Тайшибаев талантливый журналист, первый редактор газеты «Жумысшы» был расстрелян в 1938 в возрасте 33 лет /3/
Из воспоминаний дочери Зенона Кабулова: « На долю отца выпало немало испытаний: сиротство, война и голод, предательство и унижения. Его родителями были героические люди, отец Ильяс Юсупович окончил Московский коммунистический университет трудящихся Востока, затем Московский институт красной профессуры, заведовал кафедрой философии в университете трудящихся Востока и стал первым профессором философии в Казахстане. Позже ему довелось возглавлять отдел культуры и пропаганды ленинизма в Казкрайкоме ВКП(б) в Алма-Ате, быть членом бюро ЦК Компартии Казахстана, секретарем ЦК по идеологии. В ноябре 1937 года за связь с троцкистами родители Зенона были по доносу арестованы органами НКВД. Через год Ильяса Юсуповича расстреляли как врага народа, а мать, Айшу Курманбековну, на восемь лет сослали в АЛЖИР в Акмолинскую область. Когда в 1946 году она вернулась из лагеря, на улице подошла к Зенону и стала спрашивать, где живет слепая бабушка с тремя детьми, она не смогла узнать своих сыновей.» /4/
Мой дед Бурхан был арестован в январе 1937 года, осужден и отбывая наказание вынесенный Верховным судом Каз. ССР сидел в тюрьме Чемолгана, где и умер. Было у него трое детей, которым, как детям репрессированного пришлось очень трудно. Оставшись без отца, они вынуждены были бежать как многие другие от советской власти. Но сил хватило только дойти до Узбекистана, где и остановились. Отцу и его брату не дали возможности получить даже среднее образование. И только в 1961 году, когда семья получила решение Верховного суда Каз. ССР о его невиновности, дядя Низам поступил и окончил Ташкентский институт русского языка и литературы. Хотя был очень грамотным и всю жизнь проработал педагогом. Тетя Карима , у нее мечта увидеть хотя бы фотографию отца, все время просит нас найти фотографию отца где - нибудь в архивах, но нам пока это не удается, чтобы увидеть, какой он был, так как когда арестовали деда, ей было всего год.
Из воспоминаний Галины Евгеньевны Плотниковой, известный врач-педиатор, ученый, доктор медицинских наук. Автор более ста научных статей четырех книг. На вопрос, почему вы не взяли фамилию мужа, ответила: «Это связано с трагическим эпизодом в моей жизни. Когда арестовали папу, незаслуженно осудили. Объявив «врагом народа», сослали в ГУЛАГ, я поклялась до конца своих дней сохранить его фамилию». /5/
Обнародование известного указа главы государства стало закономерным итогом колоссальной работы по восстановлению исторической справедливости. Это было ярким и примечательным событием в общественной жизни Республики. Оно во многом помогло всем глубоко понять и почувствовать нашу историю. Лучше осознать реалии сегодняшнего дня, теснее сплотиться во имя достижения поставленных целей.
Обращение к трагическим событиям 1937-1938 годов продиктовано не только интересом к прошлому, а скорее поиском аргументированных оснований, которые дают ориентиры на будущее. Великий Цицерон когда-то сказал: что «история – это наставница жизни». Иначе говоря, история важна не сама по себе, а как урок для настоящего и ориентиры для будущего.
Литература
1.А. Кекильбаев «Отечественная история – источник духовного возрождения» из доклада посвященного «Году народного единства и национальной истории». Алматы, 4 июля 1998.с.23.
2.М.К.Козыбаев Казахстан на рубеже веков размышления и поиски. Алматы 2000. с.43.
3.Айтмуханбетов К. Жертва красного террора. Алматы. 2004 с 89.
5.Казахстанская Правда 2 ноября 2007.
6.Казахстанская правда. 5 октября 2007.
Резюме
В статье рассматриваются некоторые моменты политических репрессий в Казахстане в 1937-1938 годы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы саяси репрессияның кейбір тұстары жайында айтылған.
ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН/1918 – 1928жж./
Енсепов Б.Б. – оқытушы (Қызылорда қ., Қорқыт ата атындағы МУ)
1918 жылдың көктемінде “Халық университеті” сияқты жергілікті басылым беттерінде университетті әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында сирек кездесетін кітап қорларын жинау қажеттілігі туындап, оны ұйымдастыру іс-шаралары жарияланады. Күн тәртібінде ең алдымен кітапханалар мен оқу залдарын ашу мәселелері тұрды. Нәтижесінде, 1918 жылдың 8 маусымында ”Халық университеті” газетінде университетке қажетті кітаптардың 6000 томы жиналғанын хабарланады. Бір айдан соң университет кітапханасының қоры 15мың том оқулық және ғылыми әдебиеттермен толықты. Бұл жұмысқа орталықтан арнайы комиссия құрылып, оның құрамына И.Г. Александров, А.А.Борзов, А.Н.Крюков, А.А.Семенов, А.Э.Шмидт және т.б. енді.
Орталықтың “Ташкент Мемлекеттік университетін” құру туралы шешіміне сәйкес негізгі кітапхана білімнің барлық салалары бойынша 45000 том әдебиеттермен толықтырылды.
Кітаптарды жүйелеу американдық ондық жүйемен жүргізілді. 1920 жылы қаңтарда 7390 атаумен кітаптар айналымға шығарылды. Университет кітапханасына көптеген жерлерден /Петербург, Қазан, Харков, Варшава/ аса құнды кітаптар түсті. Жоғарғы оқу орнының негізгі кітапханасының құқықтық жағдайы 1920жылы Түркістан Мемлекеттік университетінің құрылуы туралы Халық комиссарлары кенесінің декретінен кейін анықталды.
Академиялық кітапхана жарғысы Мәскеуде 1919 жылы 22-26 қыркүйекте өткен съезде кітапхана жұмысының реформалары негізінде жасалды. 1920жылы 23 қаңтарда бұл жарғы мемлекеттік ғалымдар кеңесінде қаралды. Халық ағарту комиссарының орынбасары М.Н.Покровский 1920 жылы 8 ақпанда жарғыны бекітеді.
1924жылы іргелі кітапхана көптеген мерзімді басылымдарға, оның ішінде 25 арнайы ғылыми журналдарға жазылуға мүмкіндік алды. Басқа оқу орындары мен мекемелерінен құнды кітаптар, еңбектер алынды. Кітапхана 1924жылы Мәскеу мемлекеттік университетінен 150том еңбек алды. САГУ-дың бұрынғы философия институтынан 500 том, Павлов кітапханасынан 150 том әдебиеттер келді. Соңғыларының ішінде ХVІІІ - XIXғғ. басындағы өте сирек кездесетін баспалар болды. Арнайы бөлінген қаражат есебінен ғылыми әдебиеттер көбейді. Жалпы осы кезеңде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың және жекелеген адамдардың жанкешті еңбегінің нәтижесінде ғана Ташкент қаласында кітап сақтау қоры жасақталды.
Әдебиеттер қорын жоспаға сәйкес жүйелі жинақтау жұмысы 1926жылы қатаң смета бойынша жүргізілді. Оқырмандарға қызмет көрсету мақсатында ішкі жұмыстар техникасы қайта жабдықталды.
1927-1928 жж. аралығында кітапхана қорына орыс және шетелдік мерзімді басылымдар мен ғылыми әдебиеттер көптеп алына бастады. Мерзімді басылымдарды жинақтау ісімен университет факультетінің студенттері мен оқытушыларынан құрылған арнайы комииссия айналысты. Бұл комиссия отырыстарында жүктелген тапсырма бойынша әр жылға шет елдерден жаздырып алынатын әдебиеттер тізімін бекітті.
Шетелдерден алынатын басылымдарының саны жағынан САГУ-дың негізгі кітапханасы Орта Азиядағы бірден-бір кітапхана болды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы білім беру ісін алға жылжытуда шетелдерден алынған оқулықтардың ықпалы зор болды. Сонымен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын игеру, әсіресе шығыстану саласын зерттеу, қолжазбаларға ғылыми сипаттама беру, оларды сақтау және жинақтау бағытында үлкен жұмыстар жүзеге асырылды. А.А.Семенов атап көрсеткендей, Орта Азияда жергілікті қолжазбалар қорымен қатар шетелдік қолжазбалар да мол болды. Атап айтсақ, Араб елдері, Египет, Туркия, Иран, Ауғаныстан және Үндістаннан көптеген сирек кездесетін әдебиеттер қоры алынды. Орта Азия месмлекеттерінің бұл елдермен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының жақсы жолға қойылуы - Орта Азиямен мәдени-ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтты. Өйткені, Орта Азия мемлекеттік университетінің кітап қорында өте сирек кездесетін әдебиеттер тізімдері сақталған. Кеңес үкіметі В.В.Бартольдтың ұсынысымен көне шығыс қолжазбаларын сақтау мен жинауға қолдау жасады. 1921жылы 28 қарашада Ташкент университеті кітапханасында шығыс бөлімі ашылды. Онда шығыс тілдеріндегі кітаптар, шығыс тілінен ғылыми аудармалар және шығыс әдебиетінің тарихы шоғырландырылды.
1926жылы Бөлімді шығыс тіліндегі кітаптармен толықтыру жұмыстары жүргізіле бастады. 1928 жылдың аяғында, бөлімде 1000- өзбек тілінде, 500- түркімен, 300- қазақ, 200- тәжік тілінде кітаптар жинақталған. Парсы тіліндегі қолжазбалар мен литрографияларды профессор А.А.Семеновтың бастамасымен қорға алып, оларға рецензиялар мен аннотациялар жазылды. Осы уақыт ішінде кітапхана қорына барлығы 3269 кітап тіркелді. 1925 жылы А.А.Семенов Ташкент қаласында “Бұхара орталық кітапхана тарихы бөлімінің қолжазбалар каталогын” жасап шығарады. Университеттің кітапхан қорында академик В.В.Бартольдтың “Түркістан тарихынан лекциялар жинағының” алғашқы басылымы болды.
1922 жылы САГУ-дың жеке баспасы құрылып, 1923 жылдан бастап жыл сайын “Бюллетень” шығарыла бастайды. Онда университеттің күнделікті тыныс-тіршілігін жан-жақты ашып көрсететін, ”Хроника”, аннотациялар мен рецензиялар жарияланды.
Орта Азияның ғылыми ”Хроникасында” Орта Азия ғалымдары мен оқытушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстары мен зерттеу әдістері, экспедициялары туралы деректер жариялады. 1927жылы қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойына орай САГУ-дің материалдар жинағын жарыққа шықты. Сонымен қатар САГУ ғалымдарының еңбектері жариялана бастады. 1922-1928жж. мерзімді басылымдардан басқа, университетте ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибелерінің нәтижелері жарияланған еңбектер саны артты.
Осы кезде София, Прага, Бухарест, Кембридж, Лондон, Оксфорд, Брюссель, Гамбург, Милан, Амстердам қалаларындағы жоғары және орта оқу орындарымен ғылыми байланыстар жасала бастады.
Осылайша университет ғалымдарының зерттеу еңбектері әлемдік ғылымның жетістігі ретінде Кеңес одағында ғана емес, шетелдерде де таныла бастады.
Қорыта келгенде, Орта Азия мемлекеттік университеті тек жоғары білікті мамандар даярлап қана қоймай, ғылыми қызметкерлер мен техника мамандарын даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны болды.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль фундаментальной библиотеки САГУ в развитии университетского образования и науки в Казахстане.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Орта Азия мемлекеттік университетінің іргелі кітапханасының Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына қосқан үлесі қарастырылған.
БАЙҰЛЫ РУ-ТАЙПАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ
ҚОНЫСТАНУЫ (ХІХ ғ.)
КартаеваТ.Е.-т.ғ.к., доцент м.а., Басшыбаева А.-аға оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Кіші жүздің байұлы тайпалық бірлестігі –адай, беріш, алтын, жаппас, таз, есентемір, тана, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, шеркеш, ыссық руларынан тұрады. Байұлы тайпалық бірлестігінің ата-бабаларынан бері иеленіп келген рулық таңбалары А.Левшин, Л.Мейер, А.Харузин, И.Казанцев, Н.Гродеков, М.Тынышпаев, И.Добросмыслов және т.б. авторлрдың еңбектерінде сипатталынған /1/.
Ұрандарына келер болсақ, адайлар– М.Тынышпаев бойынша - Бекет, Л.Мейер бойынша – Телеген; беріштер – Ағатай; алтындар – Баймұрат; жаппастар – Баймұрат; таздар – Бақай; есентемірлер – Алдоңғар; таналар- Тана, Шүлен; байбақтылар – Дәуқара; масқарлар – Қаратай; алашалар – Байбарақ, Алтыбас; қызылқұрттар – Жиенбай, Байжайын; шеркештер – Шағырай, Жақау; ыссықтар – Бәйтерек деп ұрандатқан.
Байұлы тайпалық бірлестігіндегі рулардың байырғы көші-қон аймағын, мерзімдік қоныстарын нақтылауда Орынбор генерал-губернаторы Г.Волконский жаздыртқан 1803 жылғы құжаттың маңыздылығы ерекше. Г.Волконский құжатында Байұлы тайпалары жайында келісідей мәліметтер берілген: «Беріш руының 2 атасынан 1200 шаңырақ жазда Қарақұмның батыс бөлігіндегі Ішқызыл, Ебел, Тебез шатқалдарында, қыста Сырдария бойындағы Айғыр соққан, Қуаңдария бойындағы Қасабан Моншақты қыстақтарында қыстады. Ағамандары Қуажан батыр және Оразбай би. Жаппас руының 6 атасынан 7200 шаңырақтың сауда орталығы Тройцк, Орск бекіністері болды. Оларды 8 бауырымен бірге сұлтан Сейітқали Пірали, титулярлық кеңесші Көбек, Пұрбай би, Ақсақал және Байсақал Тлекиндер басқарады. Алтын руының 4 атасынан 5000 шаңырақты Барқа батыр мен Туған би басқарады. Таз руының 2 атасынан 800 шаңырақты Ақсарт сұлтан мен ағаман Ұрмақ мырза басқарады. Адай руының (автор басты ру ретінде атаған) 12 атасынан 10 000 шаңырақты ағаман Күбер батыр басқарады. Шеркеш руының 8 атасынан 8000 шаңырақты Байшеркеш, Күшет, Бекмамет ағамандар және Иқар сұлтан басқарады. Тана руының 6 атасынан 5000 шаңырақты Базарбай, Ақберді ағамандар, Есенкелді билер басқарады. Байбақты руының 8 атасынан 6000 шаңырақты Әбіл мырза, Ерсалы батыр, Барғана батыр ағамандар басқарады. Алаша руының 7 атасынан 5600 шаңырақты Сұлтанбек, Есенғали, Ұшырман сұлтан ағамандар басқарады. Масқар руының 5 атасынан 3000 шаңырақты Қожақ, Сегізбай, Азыбай, Абылай ағамандар және Абылай сұлтан басқарады. Таз руының 6 атасынан 3000 шаңырақ. Ағамандары: Сегізбай және Бұрқан. Қызылқұрт руының 5 атасынан 3000 шаңырақ. Ағамандары: Айтуған және Оразалы. Есентемір руының 4 атасынан 3000 шаңырақ. Ағаманы: Мімбай батыр. Жаппас руының 2 атасынан 1000 шаңырақ. Ағаманы: Бабас. Соңғы аталған рулардың 20 атасының кейбірі Қаратай сұлтанға, көпшілігі Айшуақ ханға қарады. Олардың барлығы дерлік жазда Жайық пен Ембі өзендері арасында, Бұлдырты, Қондағайты, Жосалы, Шыңғырлау, Ақаты, Шыңқаты өзендері бойында, Қобда өзеніне дейінгі жерде қоныстанды, ал қыста Каспий теңізі жағалауындағы Маңғышлақ өңірінде, Айрақты шатқалында, Ембі мен Жайық сағаларында, Гурьев, Срочиков қамалдарының қарсы бетіндегі бұғаз бойында, Орал бойының жоғарғы шебі жерлерінде қыстады” /2/. Негізінен Г.Волконский мәліметінде Кіші жүз тайпалары Орынбор генерал-губернаторлығына тәуелді болғандықтан да болар, мейлінше толық қамтылған.
В.Радлов Байұлы тайпалық бірлестігінің қоныстануына келесідей анықтама берген: “адай, шеркеш, тана, байбақты, масқар, қызылқұрт, есентемір, жаппас, алаша, таздар Жайық пен Жем өзенінің аралығында, Каспий теңізі жағалауында, адайлардың бір бөлігі Маңғышлақ бұғазында қоныстанған.” Сондай-ақ ол А.Макшеевтің мәліметіне сүйене отырып, 1861-1862 жылдары Перовск округінде шеркештер мен есентемірлер – 1850, жаппастар – 3700 шаңырақты құрағандығын атап көрсеткен /3/.
Байұлы тайпалық бірлестігінің рулары Бөкей Ордасы халқының негізгі бөлігін құраған. П.Кеппен берген мәлімет бойынша 1839 жылы Бөкей Ордасында Байұлылардың қоныстануы мен саны келесідей болған: “Беріш руының 3600 шаңырағының бір бөлігі қыста Каспий теңізі жағасында, бір бөлігі Рын құмдарында, бір бөлігі Қамыс-Самар көлінің маңында қыстап, жазда Рын құмдары мен Каспий теңізі аралығында көшіп-қонған. Шеркеш руының 2000 шаңырағы қыста Каспиий теңізі қамыстарында, Дүсеқұмда қыстап, жазда Рын құмдары мен Каспий аралығында көшіп-қонған. Алаша руының қауымдары Қамыс-Самар көлінің аңғарында және Барғақұмда қыстап, жазда Өзен жағасында және Рын құмдарының солтүстігінде жайлаған. Байбақты руынан 1980 шаңырақ қыста Қамыс-Самар көлі, Өзен жағасында, бір бөлігі Толыбай құмдарында, жазда алашалармен қатар көшіп-қонған. Тана руынан 850 шаңырақ қыста Рын құмдарының оңтүстік бөлігінде қыстап, жазда Үлкен өзен бойында жайлаған. Жаппас руынан 850 шаңырақ Дүйсеқұмда қыстап, жазда Рын құмдары мен Каспий теңізі аралығында қыстаған. Адай руынан 780 шаңырақ Каспий бойында қыстап, Каспий мен Рын құмдары аралығында көшіп қонған. Ыссық руынан 600 шаңырақ қыста бір бөлігі Каспий, бір бөлігі Камыс-Самар көлінің бойында, жазда Шапшашы тауының етегіне көшкен. Қызылқұрт руының 650 шаңырағы Жаманқұм және Каспий бойында қыстап, жазда Үлкен өзен бойында, Таз руынан 200 шаңырақ және Есентемір руынан 350 шаңырақ қыста Каспий бойы мен Орал шекарасында, жазда Рын құмдарының оңтүстігінде, Масқар руынан 320 шаңырақ қыста Рын құмдарының шығыс бөлігі мен Қамыс-Самар көлінің аңғарында, жазда Рын құмдарында көшіп жүрген” /4/.
ХІХ ғасырда Байұлы тайпалық бірлестігіндегі рулар қауымы Торғай облысының Ырғыз, Қостанай, Ақтөбе уездерінде, Орал облысының Орал, Ілбішін, Темір, Маңғышлақ уездерінде қоныстанды.
Қостанай уезінде жаппас руының қауымдары Қарасудың оң жағасын, Алқасор, Жалғызкөл, Майтау көлдерінің төңірегін, Обаған, Тобыл өзендерінің бойын мекендеген. Ақтөбе уезінде жаппастардың бірнеше қауымы уездің солтүстік-шығыс шалғайларында көшіп жүрген. Ырғыз уезінде алтын руының қауымдары Торғайдың төменгі сағасында, оң жақ жағалауын иемденген. Торғай уезінде алтындар мен жаппастар уездің оңтүстік-батысын, Сарықопа, Сарымойын көлдерінің төңірегі мен басқа да жерлерді алып жатты және де шектілермен көршілес қонды. Орал облысының Орал уезінде байұлыдан байбақты мен масқар руының өкілдері Жайықтың сол жағалауын, Шалқар көлінің маңын, Көпір-Аңқанатты, Есен-Аңқанаты өзендерінің бойын жайлады.
Ілбішін уезінің негізгі қауымын байұлы рулары құрады. Алаша руы Өлеңті өзенінің орта ағысы, Қалдығайты, Жақсыбай өзендерінің төменгі ағысын, Итмұрынкөл, Тұздыкөл, Сулыкөл, Жамбай көлдерінің жағалауын, Жайық бойындағы 10 шақырымдық белдік шекарасының Котельный, Кругловск бекіністерінің қарсы бетіндегі жерлерді қоныстанды. Байбақты руы Калмыковскіден Орловскіге дейінгі бекіністердің қарсы беттерін, Жайық өзені бойын, Қамыстыкөл, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдерінің қамысты алқабын, Қалдығайты өзенінің орта ағысы тұсында көшіп жүрді. Ыссықтар Қалдығайты өзенінің бойын, Бүйрек, Тайсойған, Көкөзек, Жаманағаш, құмдарын және басқа жерлерді қыстады. Тана руының ауылдары Өлеңті өзенінің бас жағын, Көкөзек құмдарының батыс бөлігін, Масқарлар болса Шідерті өзенінің сағаларын, Үлкенащы, Жаманащы өзендерінің төменгі ағысын, Соркөл көлінің жағасын, Есентемірлер ауылдары Бұлдырты өзенінің оң жақ жағасын және орта ағысы тұсын қоныстанса, Беріш ауылдары масқар руларымен көршілес көшіп-қонды.
Темір уезінде байұлынан масқар, таз, шеркеш, алаша, ыссық руларының ауылдары кездесіп, олар Ойыл өзенінің оң жақ бетінде, майда көлдердің айналасында көшіп жүрді. Гурьев уезінде байұлынан адай, беріш, есентемір, ыссық, таз, тана, қызылқұрт, шеркеш рулары қоныстанып, ауылдары Ембі өзенінің бойын, Каспий теңізінің жағалауы мен Жайық өзенінің жоғарғы ағысы бойында және Орал казак әскерлері жеріне дейін көшіп-қонды.
Маңғышлақ уезінде адайлар қауымы Үстірт қыратын, Маңғышлақ түбегін, Бозащы түбегін алып жатты. Қыста Қаратау, Ақтау тауларының етегінде, Сеңгірқұм, Аққұм, Сарыөзек құмдарында қыстап, жазда Самжәне Самматай құмдарында, Ембі, Жайық, Ырғыз өзендерінің аңғарында көшіп жүрді.
Перовск уезінде жаппастар Перовскінің шығыс жағынан Сұлутөбе шатқалына дейінгі жерлерді, алтын руы Жалағаш шатқалының батыс бетінде қыстап жазда Торғай уезі жері арқылы Қостанай жеріндегі жайлауларға көшкен. 1870 жылғы Түркістан Статистикалық Комитеті берген мәлімет бойынша Перовск уезінің Кентүб болысында 11 ауылда – жаппастар - 1644; Царская болысында 12 ауылда жаппастар -1714, алтындар – 170, алашалар – 257; Шаған болысында 11 ауылда шеркештер - 40, алашалар – 240, есентемірлер – 110, алтындар – 370, ыссықтар – 70; Қармақшы болысындағы 10 ауылда алтындар – 374, алашалар – 103 шаңырақ өмір сүрген. Ал, 1910 жылғы Ауыл шаруашылығы санағы мәліметі бойынша Перовск уезінің Айнакөл болысында жаппастар – 1236, Кентүб болысында жаппастар – 476, Күткеншек болысында таздар – 136, жаппастар – 12, Царская болысында жаппастар – 1107, Шаған болысында жаппас, алаша, есентемір, ыссық, шеркештер – 1105 шаңырақ болған. Перовск уезінің Шаған болысының негізгі қауымын байұлы руының қауымдары құраған. Шаған болысындағы алаша, алтын, ыссық т.б. рулар Тоған, Қасабала, Итемгенарал, Қошқармүйіз, Батпақ, Қоңыратпай, Аққошқар, Кедейтам, Жаңатам, Қарабарақтарал, Шауық, Азат, Тоқшора, Қарасора, Қынтабақ, Әйтенқорған, Мешіт, Ақан, Шынарбай, Қостам, Дәулетарық, Қыналтөбе, Құлтөре, Қусарық, Бозарық, Қосбөгет, Қара, Құларық, Сарықұм, Құнкөл, Сарманжарма, Бесжарма, Ізбіс, Битқан, Күркіреуіс, Сарытүбек, Құмарық, Жадықыра, Күміскөл, Көксу, Ақтам, Тоқалөзек, Құмсуат, Абулқадыр, Мақсұмсат, Қаруқұмшық, Қызмола, Қошқарата, Тоқалөзек, Мақтымсат, Құмжиде, Көлдеңкөл, Әйтеккөл, Қозған, Бесарық, Тоқтабайбөгет, Бесжан, Қонақтөбе, Сұпарық, Естекмола, Әулиесексеуіл, Жаршенгүл қыстауларында қыстап, Қарақұм, Дорбас арқылы көшіп, Үшөзек, Бестау, Мамыт, Арқай және Қабырға жайлауларында көшіп-қонды /5/.
Байұлылардың ХІХ ғасырдағы Орынбор өлкесіндегі мерзімдік қоныстарын нақтылауға М.Галкин жазбалары да арқау болады. М.Галкин жазбаларында байұлылардың көші-қон аумағы жайында келесідей мәлімет берілген: “Орынбор өлкесінің батыс бөлігінде алашалар қыста Байғұтты, Суналы, Жарықамыс, Жалғызағаш шатқалдары, Жақсыбас өзені, Есентеміркөл, Бетпақкөл көлдері аңғарында, Калмыковский бекінісінің қарсы бетінде, жазда Қалдығайты, Бұлдырты, Жақсыбас, Кендікті, Қарағаш, Шыбынды, Кенжеғар, Сағызсай өзендерінің бойында; Таналар қыста Орал сызығын бойлай Каршы фоспортынан Тополинск бекінісіне дейін, жазда Бұлдырты, Өлеңті, Анқаты өзендерінің бойында; Қызылқұрттар қыста Орал сызығы бойында Кулагинский бекінісі және Гребенщиковский фоспортына қарсы бетте, жазда Жақсыбас, Жиқаңлы өзендері мен Қоскөл көлі бойында; Масқарлар қыста Қаракүлей қамыстарында, жазда Жақсыбас, Жиқаңлы өзендері мен Жетікөл көлі бойында; Ыссықтар қыста Ойыл, Қаракөл, Сағыз, Ембі өзендері бойында, Каспий жағалауында, Тайсойған құмдарында, жазда Ойыл, Қыйлы, Қалдығайты, Бұлдырты өзендері, Жетікөл, Жақсыбай, Жарма көлдері бойында; Шеркештер қыста Каспий теңізі бойында, Гурьев қаласы түбінде, жазда Қалдығайты, Бұлдырты өзендері бойында; Есентемірлер қыста Қарабау, Сарыкөл қамыстарында, жазда Ойыл өзенінің жоғарғы ағысы мен Жақсыбай өзені бойында; Беріштер қыста Бақсай бекінісінің қарсы бетінде Орал сызығы бойында, Яманхалинский, Кандауровский, Зеленский, Кармановский фоспорттарының қарсы бетінде, Тополинский бекінісі маңында, Қарабай, Қаракөл сайларында, жазда Жайық өзенін жоғары бойлай отырып, Калмыков бекінісіне дейін, Жақсыбай көлі аңғарында, Ойыл, Қаракөл, Қарабау өзендері бойында; Таздар қыста Оарл сызығы бойында, Гурьев қаласына қарсы бетте, Шанқы сайында Каспиий бойында, жазда Сағыз, Ойыл, Жақсыбай өзендері бойында; Адайлар қыста Каспий бойындағы Бозащы, Қараған, Түпаққан, Қорашау, Қарабау қыстауларында, жазда Ембі, Сағыз, өзендері бойында, Сам, Самматай, кейде Тайсойған құмдарында; Орынбор өлкесінің шығыс бөлігінде Жаппастар қыста Сырдария өзені бойындағы қамысты алқаптарында, Ақмешіт пен Қорқыт қорымының аралығындағы Қуаңдария аңғарында, Қарақұм құмдарында, жазда Сырдария, Торғай, Аят өзендері бойында; Алтындар қыста жаппастармен көршілес Сырдария, Қуаңдария өзендері бойында, Қарақұм құмдарында, жазда Сырдария, Үлкен Торғай, Тобыл, Қарақой-Мамыт өзендері бойында, Ұрқаш, Шанық, Қандықты көлдері аңғарында” /6/.
А.Хорошхиннің “Кызыл-кум (историки-этнографический очерк)” атты мақаласында Қызылқұм құмдарында көшіп жүрген Кіші жүз тайпаларының құрамын келесідей нақтылайды: “ Қызылқұм құмдарына Алшындар осыдан 40 жыл бұрын келген (1830 жылдарды айтып тұр), елде болған жағдайға байланысты, олар өздерінің бұрынғы қоныстарын тастап, Сырдың сол жақ жағалауына қоныс аударған. Олар Бұқан тауларының етегінен жайылымдық жер тапты. Кіші жүзден Алшын руы, Балхы, Қаратамыр, Келдібай, Аспан тармақтарымен Арыстанды тау, Тамды тау, Ақтау және оңтүстікте Бұхарға дейінгі аймақта; Керейіт, Жаппас, Алтын, Алаша, Таздар рулары Тохта тауының оң жақ сілімдерінде; Тама, Табын, Жағалбайлы, Кердері жоғарыда аталған жерлердің оң жақ беттерінде көшіп-қонып жүр”, - дей келе Орта жүз, Ұлы жүзден Қызылқұмды қоныс еткен Арғын, Қаңлы, Жалайыр, Қоңырат руларын атайды. А.Хорошхин Қызылқұмға көшпелі тайпалардың ығысуын, 1867 жылғы Әкімшілік Ережемен байланысты екендігін айта отырып, Кіші жүз тайпаларын көшпелі шаруашылықты жүргізуге қолайлы болу үшін Сыр бойынан қоныс аударған дейді. А.Хорошхин Қызылқұм тайпаларының көшпелі болуына байланысты олардың нақты санын анықтау қиын екендігін ескертіп, “шамамен олардың саны 3000 шаңырақ, 15 000 адам”, - деп көрсеткен /7/.
Байұлы тайпалық бірлестігінің қоныстануы жайлы деректер қатары мол, біз осы мақалаларда олардың бірқатарын ғана сараптадық. Қазіргі кезеңде, әсіресе байырғы көші-қон бағытынан дерек беретін информанттардың азайған тұсында, Г.Волконский, П.Кеппен, М.Галкин, А.Хорошхин сияқты авторлар құжаттарының маңызы арта түседі.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден Байұлы тайпалық бірлестігінде рулардың Қазақ жерінің оңтүстік және солтүстік батыс бөлігін, Каспий мен Арал теңізі аралығын, ішінара Сырдарияның төменгі ағысы және Торғай өңірін мекендеген, қоныстану ауқымы кең деген қорытынды жасауға болады. Байұлылар көшпелі мал шаруашылығын кәсіп етіп, алысқа көшіп, көшудің “меридиональды” бағытын ұстанған. Үстірттен батысқа дейін созылған “Адай жолы”, “Ембі жолы” деп аталған көш жолдары адайлардың мерзімдік қоныстарын жалғап жатты.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996 – 428 б.; Киргизы Букеевской Орды (Антрополого-этнологический очерк) А.Н.Харузина. Вып.1. – М. 1889. – 149-154 бб.; Казанцев И. Описание киргиз-кайсак. – Спб. 1867. – 213 б.; Гродеков Н.И. Киргизы-каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. – Ташкент, 1889. Приложение №1. – 1-8 бб.; Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы, 1993. – 106-108 бб.
-
Материалы по истории Казахской ССР (1785-1825 гг). ІV Том. – М., 1940. - 513-515 бб.
-
Радлов В. Этнографический обзор тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии. - Томск. 1887. 23 б.; Радлов В. Из Сибири. Страницы дневника. Гл 3. Население Южной Сибири и Дзунгарии. – М., 1989. - 113б.
-
Кеппен П. Девятая ревизия. Исследование о числе жителей в 1851 г.Приложение 6-е. – Спб. 1857. – 264-267 бб.
-
Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края. Вып 1. –Спб. 1872. – 116-126 бб.
-
Материалы по киргизскому землепользованию. Актюбинский уезд. – Оренбург. 1912; Тургайский уезд. Оренбург. 1911.; Иргизский уезд. – Оренбург. 1908.; Лбещинский уезд. –Оренбург. 1909.; Перовский уезд. – Ташкент. 1911.; Темирский и Гурьевский уезды. Сборник статистических сведений о движении населения, скота, посевов, урожаев по Казахской АССР с 1880 по 1920 год. – Оренбург. 1925; Ищенко М., Козыбеков И., Ларин И., Щелоков. Особенности сельского хозяйства Адаевского уезда. Вып. ҮІ. – М., 1928.; Ежегодник. Материалы для статистики Туркестанского края. Вып 1. –Спб. 1872. – 116-126 бб.; Муканов М. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы, 1994.;Галкин М. Этнографическое и историческое материалы по Средней Азии и Оренбургском краю. – Спб. 1869.
-
Хорошкин А. Кызыл-кум (историки-этнографический очерк) // ТВ. 1873. №18. - 70-71 бб.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросы расселения и родоплеменной состав казахов Байулы Младшего Жуза в ХІХ веке.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ХІХ ғ. Кіші Жүздегі Байұлы руының орналасу аймағы мен құрамы қарастырылған.
СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЕ РАЗВИТИЕ ГОРОДОВ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА ВО ВТОРОЙ ПОЛОВИНЕ ХХ В.
Кожакеева Л.Т. – к.и.н., доцент (г.Алматы, Казгосженпи)
В силу объективного соответствия структуры производства структуре сети городов, темпы и масштабы структурных сдвигов в экономике оказывают существенное влияние на структурные преобразования в социально-культурной сфере. Одним из важнейших показателей качества и уровня социального развития общества является образовательная структура и уровень образованности его граждан. За исследуемый период наибольшие достижения были достигнуты именно в сфере образования. Было осуществлено обязательное среднее образование, повсеместно расширялась сеть детских дошкольных учреждений, школ, профессионально—технических училищ, средних и высших учебных заведений. Поскольку структура размещения ДДУ и школ определялась типовыми нормативами, но наиболее наглядное представление об учреждениях образования в малых городах, могут дать, прежде всего, вузы.
Одним из показателей качества населения является их образовательный потенциал. Общий рост уровня образования населения с одной стороны сопровождался выравниванием отражающих его показателей между представителями отдельных национальностей, общественными группами, селом и городом, между работниками, занятыми преимущественно физическим и умственным трудом. С другой стороны, по уровню образования населения можно судить об уровне приходится 750 учащихся, в то время как в небольших городах — всего 260. Затраты на обучение одного учащегося, удельные затраты на. Так, в Алма-Ате с населением свыше 1 млн. чел. в среднем на одну строительство квалификации его трудоспособной части.
На начало 1990/91 учебного года в Казахстане насчитывалось 8,5 тыс. дневных общеобразовательных школ, в которых было 3,2 млн. учащихся; численность учителей составила 248,2 тыс. человек. /1/.
Распределение школ по городам зависит от численности в составе их населения возрастной группы от 7 до 16 лет.
В крупных городах вместимость школ, как правило, значительно выше, чем в небольшихшколуи эксплуатацию в школах малых городов в 2—3 раза выше, чем в крупных.
Наибольшее количество школ отмечалось в 1985 г. в полусредних городах (Аральске, Каратау), где был высок уровень рождаемости, а, следовательно, и удельный вес учащихся в структуре населения. Затем наблюдается значительное сокращение удельного веса учащихся, продолжающееся и в настоящее время.
Многие выпускники школ продолжали свое образование в высших и средних специальных учебных заведениях, профессионально-технических училищах.
Показательным для системы образования второй половины 50-х- начала 60-х гг. стал курс на «периферизацию» высшей школы. Так, из 17 появившихся во второй половине 1950-х – начале 1960-х гг. на карте бывшего СССР новых вузов – 11 были открыты в Казахстане. При этом лишь один новый вуз возник в Алма-Ате – институт народного хозяйства, остальные в областях. Если с 1955/56 по 1960/61 учебные годы число студентов в вузах СССР возросло менее чем на 28%, то в Казахстане студенческий контингент увеличился на 37%. Инерция такого «образовательного рывка», осуществленного в 1950-1960-е годы, продолжала действовать и в последующие десятилетия. Важно отметить, что беспрецедентный рост подготовки специалистов в 50-е годы был подкреплен адекватным ростом финансирования. В период первой волны «образовательного рывка» (1955-60 гг.) расходы на вузы из бюджета возросли в 2,7 раза. Затем данный показатель уменьшился почти в 2 раза, что привело страну в период застоя к резкому замедлению и последующему отставанию, прежде всего, в развитии производительных сил.
В 1990 г. в высшие учебные заведения республики было принято 59,3 тыс. чел., в средние специальные — 83,4 тыс. чел. К началу 1990/91 учебного года в республике насчитывалось 55 учебных заведений с числом студентов 287,4 тыс. /2/. Почти все вузы сосредоточены в городах с населением свыше 500 тыс. жителей. Так, в Алма-Ате, Караганде, где в 1990/91 учебном году обучалось 50 % студентов республики, в том числе в Алма-Ате — 35 %, в среднем на одно высшее учебное заведение приходилось более 6 тыс. студентов. Такое размещение вузов обусловлено сосредоточением здесь НИИ, конструкторских бюро, проектных организаций и наличием высококвалифицированных преподавательских кадров. Естественно, что в больших городах имеются более широкие возможности для организации учебного процесса, укрепления его материальной базы и привлечения к учебным занятиям ведущих ученых и специалистов различных отраслей знания. При этом в разных регионах республики отмечался избыток одних специалистов и ощущался недостаток других. Так, Казахстан по насыщенности специалистами с высшим образованием на тысячу занятого населения занимал тринадцатое место среди других республик.
Условия жизни городского населения во многом зависят и от развития в городе культурно-образовательной сферы. Необходимым условием развития городского образа жизни является деятельность постоянных детских дошкольных учреждений. В Казахстане на начало 1990 г. насчитывалось более 83 тыс. яслей, яслей-садов и детских садов, которые посещало более 1 млн. детей.
В городах насчитывалось более 3,7 тыс. дошкольных учреждений, рассчитанных на более чем 700 тыс. детей; за 1980—1990 гг. их сеть увеличилась на 115,6, а количество детей в них — на 122,4 %. На начало 1990 г. дошкольными учреждениями было охвачено в городах 69,4 % детей до 7 лет. Все детские дошкольные учреждения работали с перегрузкой: на 100 мест в города приходится 120 детей. В этом же году удельный вес дошкольных учреждений в республике с количеством 10 групп и более составил 15 %. В малых городах развитие сети дошкольных учреждений пришлось главным образом на период 1980-89 гг. Данные об уровне обеспеченности малых городов ДДУ приведены в таблице 1. /3/.
Таблица 1 - Уровень обеспеченности малых городов Южного Казахстана ДДУ в 1980-89 гг. в %
Малые города
Индустриального типа
|
1980
|
1989
|
Малые города
индустриально-аграрного типа
|
1980
|
1989
|
Капчагай
Кентау
Жанатас
Каратау
|
55
60
57
56
|
69
81
55
60
|
Туркестан
Чардара
Ленгер
Каскелен
Талгар
Иссык
Уш-Тобе
Панфилов
|
21
39
34
26
45
56
-
39
|
23
82
80
46
58
58
82
62
|
Из таблицы видно, что за указанный период по многим малым городам наблюдался заметный рост в уровне развития сети ДДУ по сравнению с среднереспубликанскими показателями, который равнялся 60 %. Анализ обеспеченности городов Казахстана детскими дошкольными учреждениями позволяет сделать вывод, что в начале 1990 г. она была наименьшей в ряде городов Алма-Атинской (Алма- Ата, Талгар, Каскелен), Чимкентской (Арысь, Сарыагач) областей, где этот показатель составляет от 19 до 57%.
В целом, различия в обеспеченности отдельных городов республики дошкольными учреждениями достигали 30—40 %. /4/.
Закономерно, что состояние обеспеченности города детскими дошкольными учреждениями обусловлено уровнем его экономического развития, в малых городах в конце 80-х гг. эти показатели в целом были выше среднереспубликанского уровня. При этом предусматривалось ускорение развития сферы обслуживания; расширение сети детских дошкольных учреждений, школ и групп продленного дня, предоставление женщинам более широкой возможности работать не полный рабочий день, или неполную рабочую неделю, а также на дому; - размещение в них главным образом небольших специализированных предприятий, филиалов и цехов промышленных предприятий, расположенных в больших и крупных городах. Однако, к началу 90-х гг. начался резкий обвал в сети ДДУ. Повсеместное сокращение детских дошкольных учреждений сопровождалось снижением численности их воспитанников: на 2000 г. только 2,7% детей дошкольного возраста было охвачено дошкольным воспитанием и образованием.
Одним из важнейших показателей создания благоприятных социальных условий жизни для населения является уровень развития здравоохранения. В 1960-1980-е гг. интенсивно открывались врачебные учреждения, оказывающие населению амбулаторную и поликлиническую помощь. На начало 1990 г. их число достигло 3201; численность врачей всех специальностей составила 68,0 тыс. чел., среднего медицинского персонала — 202,1 тыс. чел. В среднем количество больничных коек в расчете на 10 тыс. чел. составляло 135,6, врачей всех специальностей — 46,9, всего в республике насчитывалось около 1,8 тыс. больничных учреждений с числом коек 225,4 тыс. /5/.
Основным источником комплексного формирования здравоохранения в создании такого рода объектов предпочтение отдается крупным городам. В большинстве же малых городов амбулаторно-поликлинические учреждения и больницы отличаются слабой материально-технической и кадровой базой. Нередко они были размещены в недостаточно оборудованных и ветхих зданиях. Низкая эффективность многих лечебно-профилактических мероприятий, а иногда по существу отсутствие таких неотъемлемых здравоохранительных служб, как санитарно-эпидемиологическая, противотуберкулезная, "скорая помощь", приводило к распространению инфекционных заболеваний, высокой детской смертности. В ходе социологического исследования жители малых городов указывали на необходимость реконструкции и модернизации существующих и строительства новых, особенно специализированных, здравоохранительных объектов - детских и стоматологических поликлиник, женских консультаций, родильных домов, обеспеченных высококвалифицированным медицинским персоналом и оснащенных современным медико-техническим оборудованием.
Проблема обеспеченности медицинским персоналом была наиболее острой, прежде всего, в малых городах слабого экономического развития, адекватно которому формируется социально-бытовая инфраструктура, и территориально отдаленных от городов-центров (Темир, Ленгер, Казалинск и др.). В целом малые города, в отличие от крупных, были менее обеспечены медицинскими кадрами по признаку разнообразия их специальностей (не хватало педиатров, акушеров-гинекологов, инфекционистов, стоматологов и др.). Положение усугублялось тем, что большинство из них как районные центры в сельской местности должны были иметь более масштабный уровень медицинского обслуживания с ориентацией не только на собственное население, но и прилегающее сельское.
По данным Министерства здравоохранения Республики Казахстан, к 2002 г. число населенных пунктов без медицинской организации и медицинского обслуживания сократилось до 112. Однако эта цифра не соответствует реальным данным: не имеют медицинских учреждений 1094 сельских населенных пункта./9/.
В современный период социальная инфраструктура малых городов при оптимизации социальной сферы сократилась, однако обеспеченность населения школами, больницами, медицинским персоналом приближена к среднеобластным показателям. Во всех малых городах функционируют учреждения культуры, спорта. Проблема состоит в недостаточности финансовых средств для их содержания, капитального ремонта, обновления оборудования. В малых городах южных регионов в связи с ростом населения и прибытием оралманов возникает необходимость строительства новых общеобразовательных школ, медицинских учреждений. Ощущается нехватка врачей, учителей, социальных работников.
Генеральные планы развития малых городов были разработаны в 70-80-е годы и практически исчерпали себя.
Еще одним показателем развитости социально-культурной инфраструктуры городов является сеть учреждений культуры. Во многом именно учреждения культуры определяют внешний облик городов, способствуют созданию привлекательности городской среды. Еще одной их чертой является чрезвычайное многообразие форм и возможностей, предоставляемых ими культурных услуг. В городах республики была создана прочная материальная база учреждений культуры, позволяющая удовлетворять культурные и духовные запросы населения. Так, читателями библиотек в 1990 г. являлись 7,1 млн. чел., больше. Подобная тенденция характерна не только для библиотек и половины из которых или 3,6 млн. чел., жили в городских поселениях. В начале 1990 г. насчитывалось более 9,7 тыс. библиотек, около 2 тыс. из них — в городских поселениях.
Наибольший рост числа библиотек в исследуемый период происходил в 1970-75 гг., затем темпы роста начинают снижаться и к 1989 почти стабилизируютсядругих учреждений культуры, но и для всех объектов городской инфраструктуры. В целом это свидетельствуют об окончании периода инерции, после которого неизбежно наступает спад.
Сеть библиотек более или равномерно дислоцировалась по крупным и малым городам республики. В то же время нельзя утверждать, что большее количество библиотек автоматически обеспечивает и качество обслуживания. Напротив, в большинстве библиотек, расположенных в малых городах был очень небольшой и скудный по разнообразности книжный фонд. В этой ситуации в выигрыше были жители крупных городов, в которых обеспеченность литературой была намного лучше.
С 1980 по 1989 год в целом численность читателей увеличилась с 706 на одну библиотеку до 720. Большие изменения в численности читателей произошли в городах. Так за соответствующий период их число выросло с 1707 до 1767 читателей в среднем на одну библиотеку. /9, С.89/.
Таким образом, за период с 1970 по 1989 год произошли позитивные изменения в обеспеченности населения библиотеками, при этом на достаточно высоком уровне находилась обеспеченность ими городских жителей. В целом показатели обеспеченности библиотеками в городах приблизились к общесоюзным нормативам.
К сожалению, можно констатировать факт, что достигнутый определенный уровень развития социально-бытовой инфраструктуры малых городов в настоящий момент полностью разрушен. С разрывом хозяйственных связей, резким спадом экономики, консервации и закрытия градообразующих предприятий многие малые города превратились в призраки, а их население либо покидает их в массовом порядке, либо находится на грани выживания. Безусловно, нельзя говорить о том, что и прежде не существовало острейших проблем в развитии малых городов, они возникали и накапливались одновременно с их созданием. Однако, в последнее десятилетие население малых городов было буквально брошено на произвол судьбы и не существовало хоть какой-либо государственной политики по их спасению. На рубеже ХХ1 в. экономическая ситуация не только стабилизировалась, но и в определенной мере пошла на подъем и теперь возникает реальная возможность разработки конкретных региональных программ по возрождению и переориентации малых городов.
Социальное развитие населения связано, прежде всего, с уровнем и качеством его жизни, которые, в свою очередь, находятся в прямой зависимости от уровня развития социальной инфраструктуры. К объектам социальной инфраструктуры относится сфера услуг населения: жилищного и коммунального хозяйства, культурно-бытового обслуживания, транспорта и связи, торговли и общественного питания и др.
Социальную ситуацию, сложившуюся в малых городах Казахстана, характеризуют результаты выборочного социологического исследования, проведенного специалистами Института экономики АН Казахстана в период 1988-1990 гг. в городах: Капчагай, Иссык Алма-Атинской области, Кентау, Туркестан Чимкентской области, а также в отдельных городах Джамбулской и Кызылординской областей - соответственно, Каратау и Казалинск. /9, С.5/. Респондентами были в основном рабочие и служащие градообразующих предприятий и частью непроизводственной сферы, учащаяся молодежь. Результаты исследования свидетельствуют о низком уровне удовлетворенности горожан уровнем социально-бытовой инфраструктуры.
Показатели материальной обеспеченности и социальной инфраструктуры в совокупности составляют основу благосостояния населения. И одной из причин нежелательного миграционного оттока экономически активной части населения, особенно молодежи, из малых городов является неудовлетворенность социально инфраструктурными условиями жизни.
Таким образом, определенный уровень социально-культурного обслуживания населения, сформированный в советский период, в настоящее время упал почти до нулевой отметки. При этом в государственной политике распространено представление, что развивать учреждения социально-культурной инфраструктуры необходимо на частнопредпринимательской основе. Однако, следует отметить, что возможности населения малых городов в развитии этой сферы чрезвычайно низки и без государственной поддержки ситуацию нельзя будет кардинально улучшить.
На основании приведенных данных можно сделать вывод, что за годы рыночных преобразований социальная инфраструктура малых городов претерпела кардинальные изменения и теперь не выполняет своих функций по созданию нормальных условий жизни и деятельности населения. В связи с этим Правительству республики необходимо, прежде всего, разработать государственную стратегию восстановления и развития жизненно важных отраслей с признанием их высокой общественной значимости и приоритетности. Стратегия должна разрабатываться с учетом выполнения тех задач, которые стоят перед каждой отраслью социальной инфраструктуры.
Преодоление обострившихся проблем малых городов может быть достигнуто в основном за счет усиления роли государства в их решении. В этих целях целесообразно, по опыту России, разработать и реализовать целевые программы, такие, как «Свой дом», «Дороги Казахстана», «Газификация Казахстана», «Народный телефон» и др., а также комплексную программу «Увеличение занятости и повышение доходов населения малых городов». Необходимо также принять закон «О социальном развитии села», в котором определить правовые, организационно-экономические и финансовые основы развития и содержания объектов социальной и инженерной инфраструктуры в сельской местности в рыночных условиях.
ЛИТЕРАТУРА
1.Статистический ежегодник Казахстана. Алма-Ата: Казинформ, 1990, С. 68, 174.
2.ЦГА, Ф. 1473, Оп. 2, Д. 679, Л.23.
3.Сост. по ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6321, Л.87.
4.ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6357, Л.48.
5.ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6359, Л.27.
6. Сост. по Народное хозяйство Казахстана за 70 лет, С.74.
7.ЦГА РК, Ф.1890, Оп. 1, Д.1257, Л.29.
8.ЦГА РК, Ф.1479, Оп.8, Д. 6415, Л.89.
9.Кошанов А.К, Айдарханов М.Х. Малые города при переходе к рынку (проблемы и приоритеты). Алматы, 1992, 115 с.
10. Казахская ССР. Краткая энциклопедия в 4-х т., Т.2. Алма-Ата: Гл. ред. Казах, сов. энциклопедии, 1988, 608 с.
Достарыңызбен бөлісу: |