Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІНДЕГІ ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ



бет5/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#125162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІНДЕГІ ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ
М.Б.Келдібеков – аспирант (Павлодар қ., С.Торайғыров атындағы ПМУ)
Жәңгір хан патшалық еткен уақытта қазақ және қырғыз халықтарының қарым-қатынасы сипаты Жоңғар хандығымен батыл қарсыласумен белгілі болды.

Қазақ-жоңғар қарсыласуы, жоңғарлар батысқа қарай қозғалған уақытта, сонау XVI ғасырдың аяғында басталды, XVII ғасырда бұл қатынастар қазақ басшыларының сыртқы саясатында, сондай-ақ барлық Орталық Азияның саяси жағдайында маңызды орын ала бастады.

Қырғыздар тіпті сыртта қала алмады, өйткені жоңғарлар қозғалысының бір бағыты оңтүстікке – тяньшань қырғыздарының қоныстарына қарады, сондықтан олардың саяси тәуелсіздігінің кепілі болатын қазақ халқына сүйенуден басқа амалдары қалмады.

XVII ғасырдың басы Орталық Азиядағы жоңғарлардың саяси күшеюімен сипатталды. Олардың арасында жігерлі және қайсар көсемдер пайда болды. Осындай көсемнің бірі Хара-Хула тайшы, ол қазақтарға қарсы ойрат кампаниясын басқарды, дәл осы батыл әрекеттер ақыр соңында ғылыми әдебиеттерде Жоңғар хандығы деп аталатын мемлекеттің құрылуына әкелді. Хара-Хула 1634 жылы қайтыс болды, сол кезде ойраттарды басқару билігі оның баласы Батыр-қонтайшыға ауысты, ал 1635 жыл ғылымда Жоңғар хандығының құрылуы деп танылды /4, 306 б./.

Қалмақ, ойрат, элют сөздері, сондай-ақ, жоңғар термині (яғни: «сол бөлік», «сол жақ қанат» адамдары) – бұл чорос, хоршоут, торгоут, дэрбэт батыс монғол тайпаларының әртүрлі атаулары – олар XIV ғасырдың екінші жартысында «ойрат одағы» тайпасын құрады, барлық монғол ханының билігінен қол астынан шықты және өзінің жетекшілерімен (тайшы) басқарыла бастады.

Қалмақ (қалмық) – батыс қанаттағы монғолдардың түрік атауы, өзіндік аталуы – ойраттар, қытай қайнарларында оларды элюттар деп атайды.

Жоңғарлардың кеңеюі ақырын әрі біртіндеп өтті. Әскери қақтығыстар және қысқа уақыттық татуласулар алдыңғы қатардағы қалмақтардың қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына келуі кезеңдерімен ауысып отырды. Осылайша, орыс патшасы Таваккульдің грамотасында қазақ ханы өзін «қазақ және қалмақ патшасымын» деп атайды /4, 306 б./.

XVII ғасырдың басында Есім және Тұрсын екі қазақ хандарының ішінен – тек Есім хан ғана қалмақтармен үнемі соғыс жүргізді. Бұл жағдай біріншіден, бұрыннан моғолдармен байланысты және Түркістан мен Жетісудағы иелік еткен Есім хан қалмақ аудандарын жақын тұрақты әрекет етуімен, ал екіншіден, Тұрсын-мұхаммад ханның (Ташкент қаласы) орналасқан жері негізгі қалмақ қоныстарынан едәуір алыс болуымен түсіндіріледі.

1627 жылы Махмуд ибн Уәлидің хабарлауынша Есім хан қазақтардың қалмақ қоныстарына жорығын ұйымдастырған. Ойрат тайшысы кейінгі 1628 жылы да жеңіліске ұшырады және қалмақтардың жартысы қазақ иеліктерінен алыс көшіп кетуге мәжбүр болды.

Қазақ пен қалмақтардың қоныс үшін күресі, кейде қысқа уақыттық достастықпен ұласып үзілетін, жоғарыда айтылған Батыр қонтайшы кезеңінде ол үздіксіз және қалжыратқан соғысқа айналды, бұл кезде күш Есім ханның баласы Жәңгірдің басқару уақытындағы қазақтардың пайдасында болмады.

Жәңгір ханның (Салқам Жәңгір, Жәңгір, Янгир, Янгир-заң) билік еткен жылдары 1643-1665 жж.

XVII ғасырдың ортасында қазақтардың тарихында Тауекел ханның баласы Есім хан, оның балаларының бірі Жәңгір хан болғандығы Шәкәрім шежіресіндегі айтылған: қазақтар Жәңгір ханды Салқам Жәңгір деп атаған /13, 96 б./.

Жаңгір хан билік еткен жылдарын талдай отырып, осы сұрақтың кейбір келіспеушіліктерін атауға болады. Есім ханның қайтыс болу мерзімінің өзі мәселелі болып табылады. Хандар әулетінің хронологиялық кестелелерінің көбінде 1628 жыл белгіленеді, ал жақшада 1645 жыл. Соңғысы жақында табылған материалдардан алынды. Есім ханның баласы Жәңгірдің де қайтыс болу мерзімі де ңақтылауды қажет етеді. Барлық қайнарларда 1652 жыл көрсетілген. Егер осылай болса, онда Жәңгір ханның қайтыс болған және оның баласы Тәукенің таққа отырған мерзімі (1680) арасында 28 жыл бос қалады. Сонда осы кезеңде, яғни 1652 жылдан бастап 1680 жылға дейін қазақ хандығы хансыз қалған деген сезім пайда болады. Дегенмен ол бұрын белгіленген дерекке қайшы келеді: Барлық ғылыми еңбектерде Жәңгір ханның өлімінен кейін таққа Тауке ханның отырғандығы көрсетіледі. В.А.Моисеев өзінің «Джунгарское ханство и казахи» ғылыми зерттеуінде былай жазады: «В начале 80-х годов армия ойратов вошла в Семиречье и Южный Казахстан. В одном из сражений погиб казахский хан Жангир», - деп,оның ұрыста қаза болғаны жайлы мәлімет келтірген /10, 45-46 бб./.

Жәңгір хан туралы неғұрлым толық мәліметті Ресей құжаттары береді,1632 жылға тиіс: «…черные калмаки тайши: Талай-тайша, да Контайша (Батур – М.К.), да Кужитайша, да Тоургоча-тайша со всеми черными калмаками сее зимы (т.е. 1634-1635 гг.) ходил на Казачью орду, а казачьей орды люди пошли было на черных калмаков. И как-де черные калмаки сошлись Казачьи орды с людьми, и был де у них бой великой. И черные-де калмаки Казачьи орды людей побили и взяли у них царевича Янгыра Ишимова сына…»-делінген /7, 120 б./.

Осы жағдайға орай зерттеуші А.Левшин былай жазады: «Богатырь (Батур – М.К.) вступил в войну с Ишимом в 1635 году, и что Джангир, начальствовавший тогда войском киргиз-казацким, взят был в плен. Возвратив себе каким-то случаем свободу, он решился мстить зюнгарам и беспрерывно тревожил их набегами. Желая надолго усмирить, а если можно и совсем истребить столь вредных соседей» /5, 57-58 бб./.

Қазақ жасақшылары кейбір кездері жеңіліске ұшыраса, кейде жеңіске жетті. Осындай жеңістің бірі Жәңгір бір жылдық тұтқыннан босатылуы.

Жәңгірдің тұтқыннан қайтып келуі оны қиын жағдайға түсіреді. Тұтқында болғандағы масқаралық, қорлықпен босатылуы, қазақ феодалдарының өзара кикілжіңдері, қазақ қоғамындағы ішкі байсалдықтың болмауы, жоңғар қысымының күшеюі – барлығы Жәңгірге үйіп төгілді. Бірақ әкесінің беделі және өзінің жеке тұлғалық қасиеттері Жәңгірді құтқарып қалды. Ол батырлармен және билермен жақсы қарым-қатынас жасайды, Бұхар мен Хиуа хандарының өзара қатынасына ерекше назар аударды. Жәңгір Бухар хандығының белгілі қайраткері Жанталоспен жақсы қарым-қатынас орнатады. Кейбір деректер бойынша 1640 ж. Жанталос Батыр хан басқарған жоңғар шапқыншылығына қарсы қақтығысқа қатысты. Осындай белгілі замандастармен қарым-қатынас жасауы Жәңгірдің жағдайына ықпал етті. Жәңгірдің беделі тез өсті. Көп уақытын ол Түркістан қаласында өткізеді – оның қоғамдық өмірдің ортасында болып, қарсыластарының жағдайы туралы жағдаятты және жоңғар қозғалысын бақылауы керек болды.

Жәңгір хан Шығыс Түркістан билеушілермен қатынас жасайды. Шах Махмуд бен мирзы Фазил Чорастың «Тарих» шығармасында Жәңгір ханның Шығыс Түркістанға елшілігінің келуі айтылады: «В то время от Джахангир-хана пришел посол по имени Инус ходжа, из потомков Шайххаванд Тахура. С этой стороны послали Суфи ходжу, сына Ходжа Сейид Мухаммад-халифы, - да пребудет над ним милость (Аллаха). Джахангир-хан вместе с Суфи ходжой послал своего сына Тауке-султана. Хан (Абдаллах-хан - правитель Могулистана и Восточного Туркестана) обласкал его царскими милостями и монаршей благосклонностью и отправил вместе с ним Кочкар-бека. Джахангир-хан в то время убил Ахунд Молла Иакуба и Вафа ходжу, сына Ходжа Джан ходжи, - да пребудут над ними обоими милость и прощение Аллаха. Джахангир-хан послал к хану с Кошкар беком своего старшего сына Абак-султана. Иолбарыс-хану (сын Абдаллаха) послал свою дочь. Абдаллах-хан отличил Абак-султана дарами, милостями и отпустил» /6, 385 б./.

Айтылған Шығыс Түркістанның билеушісі Абдаллах елшісімен айырбас дегенмен жасалды, XVII ғ. 40 жылдарда қалмақтарға қарсы бағытталды, олардың шабуылы Шығыс Түркістан, сол сияқты қазақ даласы жағына қарай көбее берді.

Бұл уақытта жаңа әскери қақтығыс келе жатты. Жаңа қазақ-жоңғар қақтығыстарының себебі Кундулен Убишиге арналған қалмақ жазуының ескерткішінде айтылған: «Темеде-Уйзан-Кундулен-дюргечи-убуши, второй сын Ахай-Хатун, известный Ойратский силач, прожил (как говорил старец Бебе) более 120 лет и видел своих правнуков; он умер после 1671 года.

Неприязненные отношения между Кундулен-убуши и Батур Хон-Тайчжием обнаружились в 1643 году за Туркестанского Янгир-Хана, известного богатыря того времени. Янгир-Хан, повелевавший Киргиз-кайсацким (Бурутами или Дико-каменными Киргизами?) войском, попался Ойратам в плен; освободясь, он беспокоил их частыми набегами. Батур Хон-Тайчжи, желая освободиться от тягостного неприятеля, в 1643 году при помощи своих союзников Хошоутовскнх владельцев Очирту-Тайчжия (Цецен-Хана) и Абалай-Тайчжия собрал 50.000 войска и повоевал Алат-киргизов и Токмаков, которых было до 10.000 человек. Янгир-Хан с 600 человек окопался в узком проходе в горах; Батур Хон-Тайчжи наступал на шанцы, из которых храбро защищались, — в это время Янгир с тылу с винтовками произвел нападение и положил на месте до 10.000 ойратов, между тем пришел к нему на помощь Ялантуш с 20.000 войском. Батур Хон-Тайчжи отступил, однако увел с собою пленных. Батур Хон-Тайчжи, желавший привлечь в свою сторону Кундулен-Убуши, просил его участвовать в этом походе против Киргиз-каисаков, но тот отказался, говоря, что он в дружбе с Янгир-Ханом, который назвался его сыном. Батур Хон-Тайчжи озлобился на Кундулен-убуши и решился отомстить ему. Желая весною 1644 года, снова предпринять поход против Янгир-Хана, Батур Хон-Тайчжи, по возвращении из первого похода, отправил гонца к своему тестю, Торгрутовскому Хо-Орлеку (кочевавшему при р. Урале), с письмом, в котором просил, чтоб Хо-Орлек напал па Кундулен-убуши, когда он сам нападет на Янгир-Хана. Гонец должен был проезжать мимо жилищ Кундулен-убуши (в 1643 году); письмо было перехвачено, намерение открыто и отвращено» /3, 109-110 бб./.

Жәңгір хан қазақ және қырғыз ханы саналғаны кездейсоқ емес, өйткені Есім хан билігі кезінде ол екі халықтың ханы болып саналды. Жәнгір хан бұл этносаяси одақты бекітті, ол үшін өзінің жанын берді, сол кезеңде қазақ халқы үшін ол өте қажет еді.

Алай – қырғыздарының және тоқмақтардың шабуылы және қоршауы көптеген еңбектерде көрсетіледі. Бұл аумақтар бір қазақ және бір қырғыз тектері деген болжам бар /12, 154-155 бб./.

Түркістандағы қазақ хандығының ордасында бұл жағдайға тез әрекет жасады. Негізі бастамашы Жәңгір болды. Ол Бұхар хандығының белгілі беделді төре Әмір Жанталостың көмегін сұрады. Тянь-Шань қырғыздарының билеушілерімен шарт жасалды. Олар көмек беруге сөз берді.

Жоңғар әскерінің келуі Түркістан қаласындағы қазақ хандығында белгілі болды. Қалыптпсқпн мұндай жағдайлар Жәңгірден жедел шешімдерді және шұғыл шараларды қабылдауды талап етті. Бір сәтте кешікпей аздаған қазақ отряды Жетісуға бет алды. Жолшыбай отрядқа екі бөлімше қосылды. Қаратау жотасы, Ақсу, Талас, Шу алқаптары артта қалды. Ілені өткеннен кейін Жәңгірге жаңа жасақ қосылды. Жәңгірде 600 адам отряд жиналды. Жоңғарлардың тау өтпелеріне шығу жайттары анық болды. Отряд басындағы Жәңгір Жоңғар Алатауы сілемдеріне шықты.

Жоңғар батыл әрекетке дайын болды және жоңғарлардың өтуінің алдын алуын ғана емес, сонымен қатар дұшпандарына тау аймағында мүмкіндігінше соққы беруді ойлады.

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ақылды және дұрыс әрекеттер жасады. Оны А.И.Левшин былай сипаттайды: «Не смея вступить с сею горстью людей в открытый бой, он поместил одну половину оной между двух гор в ущелье, которое окопал глубоким рвом и обнес высоким валом, а с другою половиною скрылся, сам за горою. Зюнгары, подойдя к укреплению, напали на оное, и в то время, когда они теряли множество людей в сражении невыгодном для осады, по причине узкого пространства, Джангир устремился на них с тыла. Неожиданность сего удара, отважность воинов, избранных для оного, и отличные ружья, которыми все они были снабжены, нанесли Багатыру (Батуру М. К.) сильный yдap» /5, 59 б./.

Жәңгір әскеріндегі адамдардың аз болуын, Жәңгір билігі әлі беки қоймағандығымен түсіндіруге болады Дегенмен Жәңгір әскерінің аз болуын қарапайым түрде түсіндіруге де болады. Таудағы әрекеттер үшін, торуылға қатысу үшін сарбаздардың көп болу қажеттілігі жоқ. Артық адамдар ойды жүзеге асыруда кедергі келтіруге мүмкін еді.

Осы тау шатқалдарында шайқас туралы зерттеуші М.Тынышпаев толық жазады: «освободившись каким-то образом из плена, Джангир стал беспокоить калмыков частыми набегами. Хонтайши, решив жестоко отомстить казакам, вторгся в 1643 году с 50.000 войска в пределы казакской территории и успел покорить часть их владений. Джангыр сумел собрать только 600 человек. Вступить в открытый бой с такою горстью храбрецов он конечно не мог; он устроил засаду в ущелье, окопал глубокий ров и обнес высоким валом. Здесь он оставил половину войска, а с другой половиной скрылся за горой. Когда джунгары напали на укрепление, Джангыр ударил на них с другой половиной с тылу и открыл огонь из винтовок. Калмыки потеряли до 10.000 человек и отступили в беспорядке» /11, 160 б./.

Жоңғарлар кейін шегінеді. Таудағы қақтығыс Жәңгірді қанаттандырады.

Жағдай күтпеген айналым алды. Енді жоңғарлар жазық далада соққы беруді іздейтін болады.

Сондай орын Орбұлақ маңында табылды. Жаркент уездінің картасында Крункей-Тау тауынан тікелей Іле өзені бойынша бағдарлардың жалпы қатары белгіленген. Кату-тау тауы, Бостан, Тюгурюк сай-саласы. Қашықтығы бойынша одан да жақын Айна-Бұлақ өзенінде «Қалмақ күрес сай-саласы» жазуы бар. Жәңгір үшін басқа да маңызды мәселесі шешілді. Көмек келіп жетті. Алшын Жалаңтөс Самарқанттан Жетісуға дейін жасақ жинап, Қоянды-тау жотасының түбіне өзімен бірге 20 мың әскер әкелді /2, 48-49 бб./.

А.И.Левшин былай жазады: А. И.Левшин пишет: „в то самое время пришел на помощь к киргиз-кайсакам какой-то татарский князь Алантушь, с 20.000 свежего войска. Зюнгары вынуждены были отступить и ограничить свое мщение увлечением в неволю взятых при сем сражении пленных» /5, 60 б/.

Осылайша екі үлкен шайқас болды. Біреуі тау ішінде, онда жоңғарлар торуылға түсті, екіншісі үлкен әскердің қатысуымен өтті.

Екінші қақтығыста Батыр қонтайшының жағдайдан шығуы жеңіл болды, ол тіпті мың тұтқындарды алып кетті. Құжаттарда оның Іле алқабын қоныстанғандардың қатарынан немесе соғыс үстінен тұтқындарды әкеткені көрсетілмеген. Бірақ өте маңызды ескерту бар. Жоңғар Абылай-тайшының елшісі Бахтый тобыл жаулаушысы Куракинмен 1644 жылғы ақпандағы әңгімесінде Батыр қонтайшының қазақтарға және қырғыздарға қарсы жорықтан Жетісуға мол табыспен келгенін дәлелдейді. Ол қайтып келген кезіндегі алып кеткен тұтқындары сарбаздар емес, ауыл тұрғындары /2, 50 б./..

Қазақ шежіресі және халық аңыздары бойынша қақтығыс жоңғар Ала-Тауында, Орбұлақ жерінде болды. Бұл қақтығыс басқа ірі оқиғалармен бірге қазақ халқының тарихына кірді. Жәңгір «Салқам» деген атау болды.

Шоқан Уалиханов былай жазды: „Во второй четверти XVII века, при том же хане Ишиме, загорелась борьба киргиз-казахов с усилившимися калмыцкими (джунгарскими) властителями, война сына Ишимова Джангира с Батор-хун-тайцзием в 1643 году /1, 200б./.

Зерттеуші-этнограф И.Молдобаев қырғыз халқының «Манас» эпосына сүйеніп, қалмақ кезеңі барлық болған оқиғалардан асып түскенін айтады /8, 56б./.

Осы немесе басқа да тарихи деректерді ескеріп, қырғыз халқының Жоңғар хандығымен толық жаулану шегінде тұрғандығын айтуға болады. Қазақтармен бірігіп соғысуы, қазақ хандығының қырғыз халқы үшін сөз айтуы ғана қырғыздардың саяси тәуелсіздігіне кепілдік бере алды. Сондықтан, қазақ әскеріндегі белгілі әскери рөлді қырғыз атқамінелері атқарғандығы таңқаларлық емес /9, 72б./.

Жәңгір хан билік еткен уақытта қазақ иелігіне калмақтардың үшінші рет келуі 1652 жылы болды. Бұл соғыста жоңғарлар қырғыздарды басып алып, өздерінің алым-салық төлеушілері етті. Осы жорықта 17 жастағы Галдама Жәңгір ханды шаншып өлтірді /9, 72б./.

Қазақ халқы үшін қасіретті оқиға туралы хоршоут нойоны Галдамаға арналған қалмақ әдеби ескерткішінде егжей-тегжейлі жазылған.

Галдама әскер қатарына 17 жастан бастап келді. Усун-лу (1652 ж) жылының қысында Цецен-хан бурут жорығынан өз қонысына қайтып келді; осы жорықта буруттарға және киргиз-қайсақтарға билік еткен және зюнгарлық Ердени Батур-қонтайшыға және оның күйеу баласы әрі одақтасы хошоуттық Цецен-ханға ымырыспайтын жау болған 17 жастағы Галдама Жәңгір ханды шаншып өзі өлтіреді.

Осы жағдайды ойраттардың және қалмақтардың аузында қалған ойрат әні де растайды. Галдама әкесі Цецен-ханнан күрес ортасына шығып Жәңгір ханмен соқтығысуына сұранды; әкесі тәжриебесі жоқ, әскер ішінде әлі жас балаға рұқсат бермейді, бірақ Галдама өзінің өтінімін қайта айтады, ол ән айтады:

Хара морин ецед угейде,

Харга чжида мухад угейде,

Абга! тальби, шургуна би..

Боро морин ецед угейде,

Буугийин сумун хачжигат угейде,

Абга! тальби, шургуна би...

Перевод:


Пока мой вороной конь не утомился еще от езды.

Пока мое копье с сосновым древком не притупилось еще,

Отец! Пусти меня, я нападу...

Пока мой серый конь не утомился еще от езды,

Пока ружейные пули не летят еще криво (ружье но испорчено).

Отец! пусти меня, я нападу.

Галдама жеңісі әскери майданда қол алынды: алдағы батырлардың бірі, түрік тайпаларының өз әндерінде айтатын Жәңгір ханды жеңді. Қазіргі заман ойрат тарихшылары және шежірешілер ұрпақ үшін естелікке Галдама ерлігін жазып алды, ал әкесі Цецен-хан оның әскери дарындылығына өзінің сенімі мен сыйлауының ерекшелігі ретінде ойраттарды буруттардан, хасактардан және бухарлықтардан қорғауды тапсырды.

Сол уақыттан бастап, яғни 1652 жылдан бастап,оның өліміне дейін (1667 ж) Галдама Талас, Шу және Іле өзендерінің арасында көшіп-қонып ойрат нутуктерінің қорғауында сергек тұрды /3, 81-82бб./.

Көп әндерде Жәңгір хан қырғыз халқын қорғай отырып, олар үшін кек алып, ертеңгі күнді ойламай жоңғар нойоны Галдама қолынан өлгені айтылады.

Осылайша жоңғарлардың XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ, қырғыз қоныстарының аумағына кіруі қазақтарда, сол сияқты жалпы Орталық Азия халықтарында қалыптасқан шаруашылық тұрмысын бұзды.

Осы қақтығыста Жәңгір хан әртүрлі қазақ руларын ортақжауға қарсы күреске біріктіре алды. Ханның дипломатиялық іс-әрекеті Шығыс Түркістан, Бұхар, Тянь-Шань қырғыздарының билеушілерімен жасалған одаққа бағытталды.. 1643-1644 жылдардағы әскери әрекеттер Жәңгір ханның өз әскери өнерімен, қалыптасқан жағдайда дұрыс бағдарлайтындығын; қажет уақытта сарбаздардың рухын көтере алатындығын, жеке тұлғалық қатысуымен әскери әрекеттерге ықпал ете алатындығын көрсетті.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.4. – Алматы, 1985.

  2. ГаллиевВ.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. – Алматы, 1998. – 128 с.

  3. Калмыцкие историко-литературные памятники в русском переводе. – Элиста, 1969.

  4. КляшторныйС.Г., СултановГ.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. –

Алматы, 1992.

  1. Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз-кайсачьих орд и степей.

– СПб., 1932.

  1. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. (Извлечения из персо-

и тюркоязычных сочинений). – Алматы, 1969.

  1. Международные отношения в Центральной Азии XVII – XVIIII вв.:

Документы и материалы. Кн. 1-2. – М., 1989.

  1. Молдобаев И. Б. Этнокультурные связи кыргызов в средневековье (по данным

этнографии, эпоса «Манас» и др. Фольк. Произ.). – Бишкек, 2003. – 154 с.

  1. Норбо Ш. Зая-Пандита (Материалы к биографии). – Элиста, 1999.

  2. Салгарин К. Династий ханов: Хронологические таблицы. –Алматы, 1992.–48с.

  3. ТынышпаевМ. История казахского народа. – Алматы1993. – 224 с.

  4. Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с

общими историческими судьбами других тюркских племен. – Оренбург, 1924.

  1. Шакарим Кудайберды-улы. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династии

ханов. – Алматы, 1990. - 120 с.

  1. Шахимарден. Биографии исторических личностей Казахстана XIV-XIX веков.

Хроника, факты, легенды. – Алматы: 2001. – 116 с.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазақ және қырғыз халқтарының жоңғарларға қарсы күресіндегі Жәңгір ханның рөлі көрсетілген.

РЕЗЮМЕ
В статье рассказывается о борьбе казахского народа против джунгар в ХVІІ в.и роль Жангир хана в этой борьбе.


МҰҚАЛИ – ЖАЛАЙЫРДЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Тортаев С.Ә. – п.ғ.к., доцент м.а. Бижанова К.Қ. – аға оқытушы

(Алматы қ., Казмемқызпи)


Жалайыр тайпасынан талай белгілі тарихи тұлғалар, әйгілі батырлар, мемлекет қайраткерлері шыққан. Олардың ішіндегі әлемге әйгілісі – Шыңғыс ханның ең сенімді, ең адал, жанына жақын екі досының бірі, Жалайырдың Жат руынан шыққан Мұқали/1/ болды.

Мұқали 1170 ақ барыс жылы Жалайыр тайпасының Телегет деген байының Күмүн қоға/2/ (Хумун Гуа, Гүң сері) деген баласының отбасында дүниеге келген. «Ол қараша қоңыр жүзді, бойы жеті шынтақ, қаптағай қара сақалды, сұсты, батыр тұлғалы, ер жүрек, ойы жүйрік, сөзге шешен, қарсыласын күрессе білекпен, сөйлессе сөзбен жығатын»/3/ сабырлы, салмақты, өте адал адам болған. Ол жастайынан ақылдылығымен, әділеттілігімен, тапқырлығымен, зеректігімен, жомарттығымен, аттың құлағында ойнап, атысуда ептілік-мергендігімен ерекше көзге түсіпті/4/Оны, Шыңғыс ханға кейбір авторлар жазғандай, шешесі/5/ емес, әкесі әкеліп тапсырғанда 28 жаста екен. Бұл Шыңғыс ханның құрамында Жалайыр тайпасының Жат руы да бар жүркіндерді талқандаған жылы, яғни 1197 жылдың қысы еді.Сол жылы Жат руы жүркіндердің құрамынан шығып, Шыңғыс ханның қол астына өз еркімен кірген екен.

С.Ақатай/6/жазғандай Төлегетай байдың өзі емес, жалайырдың сол байының Күмүн қоға (Гүң сері) деген баласы Мұқали мен Бұқа деген балаларын Шыңғыс ханға тапсырып тұрып, былай депті:

«Болсын құл,

Босағаңа ес

Безсе бұл

Борбайын кес.

Еткей құл –

Есігіңе ес.

Екі етсе бұл

Езуін тіл»/7/

Шыңғыс ханның тобына келіп қосылғаннан кейін Мұқали оның ру-тайпалық бытыраңқылықты жойып, Моңғолияны бір орталыққа бағындырылған күшті державаға айналдыру жолындағы шайқастарының бәріне құлшына қатысты. Кейін Шыңғыс ханның ең көрнекті төрт батырының бірі, хандық Моңғолияның ұлы қолбасшысы болды. Оның осындай дәрежеге көтерілгеніне деректерден біраз мысалдар келтірейік.

1198 ж. керейттің Уаң (шын аты – Тоғырыл) ханы наймандармен соғысып, жеңілді. Өзі тұтқынға түсіп, Шыңғыс ханнан көмек сұрады. Шыңғыс хан оны босатуға ішінде жүзбасы Мұқали да бар төрт батырын (басқа деректерде Мұқали мен Боршыны) жіберді/8/. Бұл төртеуі Шыңғыс ханның тапсырмасын табысты орындап шықты. Бұл оқиға «Моңғолдың құпия шежіресінде» былай баяндалған:

«Уаң хан найманның Көксеу Сабырық батырынан жеңілген соң, Шыңғыс қағанға елші жіберіп: «Менің дүние-мүлкім мен қыз-ұлдарымды наймандар тартып әкетті. Ұлым, сенен төрт батыр жіберуіңді өтінемін. Менің ел-жұртым мен дүние-мүлкімді құтқарып бере гөр», - дейді. Шыңғыс хаған жасағын жөндеп, Борши, Мұқали, Бороқұл, Шұлуын деген төрт батырын әскерімен қоса жібереді. Бұл төрт батыр барудан бұрын Сангүм Ұланқұс деген жерде соғысып жүріп, атының санына оқ тиіп, қолға түсуге таяған кезде, Шыңғыс хағанның төрт батыры оны құтқарады және дүние-мүлкі мен қыз-ұлдарын тартып алып береді»/9/.

Сөйтіп Мұқалиды Шыңғыс хан танысқан кезінен бастап ең жауапты, ең қиын да маңызды істерге жұмсап отырған.

Мұқали Шыңғыс ханның ақылшы-кеңесшісі, сүйеніші-тіреніші ретінде де таныла білді. Оған дәлел ретінде «Моңғолдың құпия шежіресінен» бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Шыңғыс хан тайшуыттарды жеңіп, Құбақай деген жерге келіп қыстайды. Ішінде Мұқали да бар, ең жақын тоғыз досының алтауын ертіп алып, серуендеп жүргенде ат үстінде көз шырымын алады. Сонда түс көреді. Оны алты досына айтып беріп, «егер осы түсім шын болса, алты сайытым, қайтер едіңдер?» - деп сұрайды. Сонда Мұқали былай деп жауап беріпті:

«Келген жауды жеңіп мен,

Керемет олжа табайын.

Келер жауды желіккен,

Қызыл қанға бояйын.

Қашқан жауды қаймыққан,

Қапысын тауып жояйын.
Шапқан аттың құйрығын

Шаңқан шаңға көмілтіп,

Мінген аттың жалынан

Керейлі сәуле төгілтіп.


Барлық соғыс жеңісін

Батыл шайқас жемісін.

Батыр, сізге әрдайым

Баяндайын, айтайын»/10/

«Алтын шежіреде» Мұқалидың Шыңғыс ханға деген адалдығы, шын берілгендігі, оның құдыреттілігін қастерлейтіндігі оның өз сөзімен былай келтірілген:

«Аса дәмді жемісі жаудыраған ағашым,

Аса бір күшті жаралған мұз таулық ақ барысым!

Амал мен күшті игерген ғажайып көлікті асылым,

Ардақты туған дана Боғда әулием!»/11/.

Мұқалидың Шыңғыс ханның ақылшы-кеңесшісі болғандығына төмендегі мысалдардан да көз жеткізуге болады.

Шыңғыс хан өзінің туған бауырындай болып кеткен асыранды інісі, ұлы істеріндегі үзеңгілес серігі Бороқұл ноянды қор түміт халқының көтерілісін басып, иемденуге жібереді.

«Бороқұл ноян онда барған соң әскер басшы үш кісіні ертіп, кешке жақын ну орманның ішімен (жам жолмен) жүріп келе жатқанда, қор түміттің қарауылшылары артын орап шығып, жолын бөгеп, Бороқұл ноянды ұстап алып өлтіреді. Бороқұлды қор түміттер өлтіргенін естіп, қатты ыза боп, Шыңғыс хан өзі аттанбақ болады»/12/.

Бірақ Боршы мен Мұқали екеуі тоқтау айтып, дөрбөт Дүрбе Догшінді жөнелтуді мақұл көреді/13/.

Сөйтіп Шыңғыс ханды көндіріп, тоқтатады.

Шыңғыс хан шешесі мен бауырларына, балаларына енші-үлес бөліп беріп жатқанда әкесінің інісі Дәрітайға керейлермен сыбайлас болғандығы үшін енші бермей қояйын депті. Сонда «Боршы, Мұқали, Шекіқұтық үшеуі бүй деп ескерту айтты: «Отыңды сөндіргендей, өз үйіңді бүлдіргендей осындай іс бола ма? Әкеңнің аманатынан ағайының қалыс қала ма? Оны бұзуға бола ма? Бұлай ете берсең, жақсы әкеңнің жаңа елін бытыратып аларсың!» Сонда қаған әкесінің аруағын сыйлап, Боршы, Мұқали, Шекіқұтық үшеуінің айтқан сөзін қабыл алды»/14/.

Мұқалидың Шыңғыс ханға ақылшы-кеңесші болғаны Шыңғыс ханның өзінің мына сөзінен көрінеді: «Борши мен Мұқали екеуің оң ісімді ұнатып, теріс ісімді доғартып, осы үлкен мәртебеге жеткіздіңдер»/15/.

Шыңғыс ханның Мұқалиды ең маңызды, ең жауапты тапсырмаларды орындауға жіберіп отырғанын, Мұқалидың беделінің тек әскердің, халықтың алдында ғана емес, ханның отбасының алдында да зор болғандығын төмендегі мысалдардан анық көруге болады.

1204 тышқан жылығы күзде меркіттің Тоқта бегімен Шыңғыс хаған соғысып, оны жеңеді. Убас/16/меркіттің зәңгісі Дайыр Ұсын соғысудан бас тартып, сұлу қызы Құланды Шыңғыс ханға береді. Бір жылдан астам уақыт ордасына орала алмай соғыста жүргенде сол Құланды қасынан тастамай алып жүреді. Ақыры Ордасына қайтып келе жатқанда Бөрте бәйбішесіне Құлан сұлумен қалай көрінерін білмей, қипақтап, алдын-ала рұқсатын алуды ойлайды. Бұл тапсырманы орындауды Шыңғыс хан шешендігімен көзге түсіп жүрген, Бөртенің алдында беделі өте жоғары Мұқалиға жүктейді. Бұл оқиға «Алтын шежіреде»/17/ былай баяндалған: «Боғда иеміз: «Бөрте ханым жас кезімде жолыққан жарым еді. Енді бетін көруім қиын болды. Үйіне тура кірсем, жөні қалай болады? Алдымен жөнін білмей, барған кезде, оның ашуланып бұлқан-талқан болғанын көру ұят іс секілді. Тоғыз кеңесшімнің бірі барып, сөз сап келгені оңды болар деп ойлап отырмын», - деді. Осы тапсырманы орындаған Жалайыр Мұқали, қағанның әмірі бойынша, Бөрте ханымның алдына барып, бас иді. Ол: «Ием есен бе, сен мұнда не үшін келдің?» - деп сұрады. Мұқали бүй деді: «Хан ием сізге әмірімді жеткіз деп мені жіберді. Айтқан әмірі мынау:

«Өзім құрған өкіметке көнбедім,

Өктем тұрған өкіметке берілмедім.

Ақыл қосқан билеріме сенбедім,

Ақ орданың сәндігіне кенелдім.

Ару Құлан ханыммен

Тағдыр қосып келемін!»

Бұл сөзді естігенде, Бөрте ханым:

«Хан иемнің құдіреті бұл –

Қалың Моңғолдың еркіндігі.

Боғда иемнің кереметі бұл –

Бар дүниенің есендігі.

Көлде жүзген аққу-қаз бар,

Көңілінің қалағанын

Хан ием өзі таңдап аулар.

Байтақ елде

Қыз-келіншек көп дейді,

Қалағанын

Хан ием өзі таңдап алар.

Қамыс көлдің

Қаз бен құсы көп дейді,

Қаншасын ауласа да,

Хан ием өзі білер!

Жайсаң елде

Қыз-келіншек көп дейді,

Қасиетті ием

Қайсысын таңдарын өзі білер.

Хас мергендер,

Қабат атар үйрек пенен жағаны.

Ер жігіт сүйе білсе,

Әпеке мен сіңлісін

Қабат алар демей ме!

Ерен асаудың арқасына

Ер салады демей ме!

Әйел алсаң үстіне,

Әйел қоса ал, демей ме?

Артық болса, несі жаман?

Кемдік етсе, несі жақсы.

Қабат шапан тоңдырмас

Қабат арқан тоздырмас!»/18/ – деп ықылас білдіріп, рұқсатын береді. Сөйтіп, Мұқали шешен ұлы ханның отбасы мәселелерін реттеуге де араласып отырған.

Шыңғыс хан батысқа, Орта Азияға жорыққа аттанбақшы болып жатқанда Есүй ханым Шыңғыс ханға «жаман айтпай – жақсы жоқ» деген, әлде қандай заман бола қалса, орныңызды кім басатындығын айтып кетсеңіз екен деген тілек білдіріпті. Сонда Шыңғыс хан: «Қатын болса да Есүй тым орынды айтты. Бауырларым мен ұлдарым, Борши мен Мұқали, сендердің бірде-біріңнің есіңе бұл сөз түспеді.

Мен де

Өмірдің кезегін



Ұмытып кетіппін,

Өлімнің келерін

Ұрынбастай етіппін.

Ал, ұлымның үлкені Жошы еді. Кәне, не айтасың? Сен айт!» - дейді. Жошы сөйлеуден бұрын сөзге Шағадай араласады. «Жошыға сөз сөйле деп, оны неге нұсқағалы отырсың? Біз меркіттің қоқсығына бағынбақпыз ба? (Бөртені меркіттер алып кеткенде жүкті болғандықтан солай деп отыр)», - дегенде, Жошы қарғып тұрып, Шағадайдың алқымынан ала түсіп: «Мені хаған әкем бөтен көрмегенде, сен неге мені шеттетіп отырсың? Сен тек долы-шарқаялығыңмен ғана артық шығарсың?»/19/.. – деп керісіп қалғандарында Жошының қолынан Борши, Шағадайдың қолынан Мұқали ұстай алып, ажыратады.

Бұл мысалдан Шыңғыс ханның Мұқали мен Боршины өз бауырлары мен ұлдарының қатарына қойғандығы көрінеді. Екіншіден бұл екеуінің Ұлы ханның Жошы мен Шағадай сияқты айшықты ұлдарының қолынан ұстауға олардың өздерімен тең адамдар болғандықтан ғана батылдары барғаны көрінеді.

Мұқалидың Ұлы ханның отбасында зор беделге ие болуына оның мәрт жомарттығы да септігін тигізді. Оның жомарттығын Шыңғыс ханның өзі үлкен тойда ерекше атап өткен.

«Ертерек күндердің бірінде, дана боғда Шыңғыс хаған, Бөрте бегім есімді ханымы қасында, тоғыз тұғырлы уәзірлері мен бес тәйжі кеңесшілері түгел төңірегінде, бес бедерлі, төрт құбылалы елін жиып, шалқыған той жасап отырғанда» Мұқалиға арнап: «… Торқалы ұлы тойымды атқарып бәрін жеткізер, жомарт байым. Тайталасар соғыста алмас ұстап, айбар шегетін Мұқали сабазым, сен бір сөз сөйле!»/20/ депті. Шыңғыс хан сияқты ұлы адамның өзінен мұндай баға екінің біріне беріле бермейтіндігі белгілі.

Мұқалидың хан алдында, ел алдында беделінің зор болуы оның арақ-шарапқа үйір болмағанында деп ойлаймыз. Ол төңірегіндегілерді арақ-шарап ішпеуге, салауаттылыққа шақырған. Оған мысал – «қаған басты тоғыз Өрлік, бес тәйжі, бес түсті, төрт жат ұлысын жинап отырған тойда Сүлдінің Торқан Ширасының:

«Мәртебелі Қаған ием бұйыртсаңыз!

Көппен ұлы құрылтайды құрғанда,

Сусын-шарап жоқ болса

Қараптан қалың жиналмай,

Құр босқа болмай ма?!» –

деген сауалына Мұқалидың берген мына жауабы:

«Байласқан сөзіңді

Бекер етпей ме?!

Әулекі мінезді

Қоздырып кетпей ме?!

Кеңескен сөзіңді

Керексіз етпей ме?!

Кездескен көпті

Керістіріп кетпей ме?!

Әурелі жаман

Сусын-шарапты тыйсақ,

Сөзіміз берік,

Тұламыз нәзік болмай ма?!»/21/.


ӘДЕБИЕТТЕР

1.Рашид ад-дин.Сборник летописей.В.3 т.Т.І,кн.-М.-Л-,1952.-93 б.

2. «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» (Т. II. – Алматы, 2005. – 105 б.) деген еңбекті басшылыққа алдық.

3.Қинаятұлы З. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары. – Астана, 2001. – 160 б.

4.Сайшиял. Сказание о Чингисхане. – Улан-Удэ, 2006. – 95 б.

5.Тоғысбайұлы Б. Жылқының жалын, жаудың жағын айырған. – «Жұлдыз» журналы, 1996, №4. – 71 б.

6.Ақатай С. Жалайырлар. – «Жұлдыз» журналы, 1998, №9. – 174 б.

7.Моңғолдың құпия шежіресі. – Алматы, 1998. – 72 б.

8.Рашид ад-дин.Сборник летописей.Кн.2.-114 б.

9.Моңғолдың құпия шежіресі.-98 б.

10.Моңғолдың құпия шежіресі.-84 б.

11.Лувсанданзан.Алтын шежіре.-Алматы,1998.-106б.

12.Моңғолдың құпия шежіресі.-165 б.

13.Лувсанданздан.Алтын шежіре.-113 б.

14.Лувсанданзан.Алтын шежіре.-115 б.

15.Моңғолдың құпия шежіресі.-146 б.

16.Моңғолдың құпия шежіресі,Қазақстан тарихы туралы моңғол дерекремелерінде-79-80 бб.

17.Лувсанданзан.Алтын шежіре.-129-130 бб.

18.бұл да оснда,129-190 бб.

19.Моңғолдың құпия шежіресі.-177 б.

20.Лувсанданзан.алтын шежіре.-98,106 бб.

21.Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері.т.ІІ.-Алматы,2005.-174-175 бб.

ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Шығысханның атақты қолбасшысы жалайыр руынан шыққан Мұқалиге байланысты деректер келтірілген.
РЕЗЮМЕ

В статье на основе изучения и анализа как некоторых первоисточников, так и ряда исследований, в которых содержатся кое-какие сведения о выдающемся полководце Чингисхана - Мукали Го Ване из племени жалайыр, автором сделана попытка выявить факторы, сопутствовавшие достижению им такого высокого поста в империи – властелина Китая, осмыслить его роль и вклад в создание централизованного государства кочевников Евразии во главе с монголами.


ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет