Қазақ тілі әдістемелік талдау



жүктеу 1.35 Mb.
бет4/9
Дата11.07.2016
өлшемі1.35 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9. Құрмалас сөйлем
Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасынан (кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Қоңырау соғылды. Шу лезде сиреп, залда тыныштық орнады. Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.(М.И.)

Бірінші сөйлемде қоңыраудың соғылуы туралы бір ғана ой айтылған (қоңырау – бастауыш, соғылды - баяндауыш); үшінші сөйлемде де мұғалім мен директордың сыныпқа кіргендігі жайында бір ғана ой айтылып тұр (мұғалім мен директор – біріңғай бастауыштар да, кірді-баяндауыш); демек, бұл екі сөйлем – құрылысына қарай жай сөйлемдер. Екінші сөйлемде шудың сиреуі және залда тыныштықтың орнағандығы жөнінде екі ой айтылған (бірінші сөйлемнің бастауышы – шу, баяндауышы сиреп, екінші жай сөйлемнің бастауышы – тыныштық, баяндауышы- орнады.) Олай болса, бұл сөйлем – құрылысына қарай құрмалас сөйлем, оның құрамында екі жай сөйлем бар.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің құрылысы жағынан айырмашылығын сызбамен былай көрсетуге болады.

Сөйлем түрлері

Құрылысына қарай

Тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай

Мағынасына қарай

Жай

Бастауыш-баяндауыш

Бір ғана ой беріледі

Құрмалас

Бастауыш-баяндауыш, бастауыш-баяндауыш

Күрделі ой беріледі

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады:

1. Ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады.

Мысалы: Машина жүргізуші жігіт ұйым басшысының тапсыруымен бес бума кітап алып шыққан екен, қойшылар оларды қуана-қуана алып алды. (Б. Тоғыс-баев). Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы бәсеңдемей, көтеріңкі айтылады да, соңынан басқа бір сөйлемнің келуін тілейді. Дауыс ырғағының бәсеңдемей, көтеріңкі айтылуы интонацияның тиянақсызды-ғын көрсетсе, бірінші жай сөйлемнің соңынан кідіріс (пауза) уақытының онша ұзаққа созылмауы интонацияның ұласпалылығын, екі жай сөйлемнің арасын байланыстырушы, біріктіруші қызмет атқарып тұрғандығын көрсетеді.

2. Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.



Мысалы:Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немересі Құтжан болуға тиісті. (С. М.) Бұл құрмаласта екі жай сөйлемнің арасын интонациямен қатар өйткені деген жалғаулық шылау байланыстырып тұр.

З. Құрмаластың құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлеммен құрмаласа байланысады.



Мысалы: Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. (С. Бакб.) Мұнда бірінші жай сөйлемнің баяндауышы болса деген шартты рай формасында келіп, екінші жай сөйлеммен байланыстырып тұр.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдері мен құрамына қарай салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас кұрмалас болып үш түрге бөлінеді.

Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде (бір-біріне бағынбай) байланысады, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты болады. Мысалы: Шешесі қызын күні-түні күзетумен болды. Дина қатты ауырды. (С. Бакб.) Кештете барып едік, сонда да үй іші жатпаған екен. (Ғ. С.) Бұл мысалдарға қарағанда, салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің құрылымы дербес айтылатын жай сөйлемдермен өте ұқсас келеді.

Сабақтас құрмаластағы бірінші жай сөйлем екіншісіне бағына байла-нысады, яғни алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.



Мысалы: Шәрбала далаға шықса, аула толы балалар оқуға жиналып қалыпты. (Ш. Өтепов.) Фермада ертеңгі сауым аяқталып, бақташылар сиырларды өргізіп жатыр екен. (С. Сарғасқаев.) Сырбай қанша бастырма-латқанмен, Дәулет өз сөзінен танбайды. (С.М.) Бұл сабақтас құрмалас-тардың бірін-ші жай сөйлемдерін екіншілерінен бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені шықса (шартты рай), ақталып (көсемше), бастыр-малатқанмен (көмектес септік тұлғасындағы есімше) деген баяндауыш-тары тиянақсыз.

Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем бола-ды, олар бір-бірімен сабақтасып та, салаласып та байланысады.



Мысалы: Біз оларға таяна бергенде, әскери әдетпен Миша орнынан тұрып еді, басқалары да көтерілді. (А. Лек.) Мұнда бірінші жай сөйлем екіншімен сабақтаса байланысып, екіншісі соңғы жай сөйлеммен салаласа байланысқан. Сондықтан бұл аралас қүрмалас сөйлем. Сағит базарды ара-лап жүр еді, алдынан Қашқырбай кездескен соң, екеуі дереу пәтер үйіне қайтты. (С. М.) Мұндағы бірінші жай сөйлем соңында тұрған сөйлемдерге бағынбай,салаластағы сияқты, тиянақты айтылған; ал екінші сөйлем өзінен кейінгі сөйлемге бағына байланысып тұр. Демек, бұл мысал да аралас құрмаласқа жатады.

Жаттығулар жинағы.



1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар. Әр сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын тиісті шартты белгілермен сызып отырыңдар.

Үлгі: Абай ұзақ тыңдады. Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады. (М. Ә.)

Жай сөйлем: Абай ұзақ тыңдады.

Құрмалас сөйлем: Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады.

1. Жакыпбек бастықтың кабинетінен көңілді шықты. 2. Қарт мұғали-маны ол клубта бір топ еңбеккерлердің ортасында кездестірді. 3. Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарасты. 4. Қарт сөзіне біраз күлісіп алғаннан кейін, Керей жұмыс жайлы әңгімеге көшті. 5. Әңгіме өткізуді, ал-дымен, әдейі сізден бастағымыз келіп отыр. Ұжым шаруашылығын оқушы-ларға кең көлемде таныстыруға ауылдың барлық зиялылары қатыстырыла-ды. 6. Таңертеңнен бері қабағын түйіп тұрған аспан әлемі бұрынғысынан да тұнжырап, шығыстан соққан жел күшейіп алыпты. (М. И.).

Құрмалас сөйлем



Түрлері

Құрамына карай

Белгісі

Мысалы

I. Салалас құрмалас

кемінде екі жай сөйлем-нен болады

өзара тең дәрежеде байла нысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Өз жігіттеріме көзім түсіп еді, барлығының жүзінен де әзірлік-терін сездім (А. Лек.)

П. Сабақтас құрмалас

кемінде екі жай сөйлем-нен болады

бірі екіншісіне бағына ды; бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады

Олар үйге жеткен соң әңгіме де үзілді. (М.Ә.)

III. Аралас құрмалас

кемінде үш жай

сөйлемнен болады



өзара салаласып та,

сабақтасып та байланысады



Биік жонның жотасы көте- рілгенде, төмен отырған қалың елге қайырыла бір қарап орданың сыртында қарап тұр екен(Ғ.М.)

2-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді түр-түріне ажыратып, топтап жазыңдар да бөліну себептерін түсіндіріңдер.

Үлгі:


І. Салалас құрмалас сөйлемдер

1. Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тьқыры сезілмейді. (Ә. Көшімов.)

II. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

1. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ, жер бетін жасырып жатыр. (А. Лек.)

III. Аралас құрмалас сөйлемдер

1. Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды. (Ы. А.)

1. Ал енді қонақ та тынықсың, біз де тынығайық. 2. Алуаны жайлаған елдің жігіттеріне еліктеп көкпаршы болғым келгенмен, ебім жетпейді, сон-дықтан ойын-тойда менің араласатыным – жігіттердің күресуі, үйде болатын сауықта өлең айту. (С. М.) 3. Оңтүстіктен акырын ғана майда жел білініп, еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиеді. (С. С.) 4. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді. (X. Доспанова.) 5. Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. (Ғ. Мұст.) 6. Ереннен іле жауап бола қоймаған соң, ол тоқталған жоқ. (С. Шайм.) 7. Бұл кезде Базаралының үйіне жаңағы орыстар ғана емес, ауылдың еркектері де жиналған: Дәркембай, Абылғазы, Каңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында. (М. Ә.) 8. Кешке таман аудиториялар босасымен, түрліше үйірмелер іске кіріседі; бір жерде хор, енді бір жерде би, домбыра үйірмелерінің жұмыстары жүргізіледі. (3. Қабд.) 9. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады. (М. Ә.)

3-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының жақындығына қарай өзара байланыстырып, құрмалас сөйлемге айналдырыңдар, тұрлаулы мүшелердің астын сызып отырыңдар.

1. Пойыз ырғалып келіп вокзалға тоқтады. 2. Тыстан Лида кіріп, Дәмештің құлағына бірдеме деп сыбырлап еді. 3. Вагон ішіндегі жұрт бірін-бірі итермелеп, жөңкіле сыртқа ұмтылды. 4. Ол қуана секіріп, тысқа атылды. 5. Қайыр үйде болмады. 6. Өткінші жауын шелектеп құя сапты. 7. Ол Қарағандыға кеткен-ді. 8. Музыканы мен жасымнан жақсы көрдім. 9. Көше сел. 10. Майданның шекарасына жақындап келеміз. 11. Жақсы күй, ән әрдайым көз алдыма жастығымды елестетеді. 12. Жазық далада орнап жаткан жас қаланың о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді. 13. Сөз жалғанбай үзіліп қалды. 14. Жер де, аспан да көкпеңбек түтін, қардай жауған оқ. 15. Машина кеңсенің алдына кеп тұра қалды. 16. Терезелерінен от жылтыраған төрт-бес қабат үйлер ұшы-қиыры жоқ, қаз-қатар тізіліп кете береді. (3. Шашкиннен.)



4-жаттығу. Тексті оқып шығып, олардың жай я құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңыздар: жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы негізгі ерекшелікке көңіл аударыңыздар

1. Совхоздың асханасын аяқтау керек болды да, күні-түні құрылыс ба-сынан аттап шықпадық. Әр жұмыстың өзіндік қызығы болатынын білесіз. Үй салудың да сондай қызықтары болады, әсіресе іргесі көтеріліп, бөлме-бөлмеге бөлініп, күннен-күнге биіктеп келе жатқанын көргенде, кұрылыс-шы қуан-бай тұра алмайды. Оның жауапкершілігі де, өз жұмысына деген ықыласы да арта түседі, өз өнеріне деген сыны да, тағылар міні де күшейе бастайды. Кей-де мен өз өнерімді суретшілікке ұқсатамын. Суретші бір нәрсені көркемдеп шығару үшін суреттің барлық көрінісімен қатар көлемін де, бояуын да – бәрін де ойлап есепке алады. Бұл үшін бойда бар барлық өнерін жұмсайды. Үй іші де сол сияқты. Егер бір кірпіш орнын таппаса, яки сәл қисықтау қойылып кетсе, бүкіл үйдің сәнін бұзады. Ең аяғы дұрыстап сырланбаса да, сыланбаса да әдемілік қашады. Сондықтан да құрылысшы келешек үйдің көрінісін бірінші кірпішті қолына алмай тұрып ойлайды. (М. И.).



5-жаттығу. Қүрмалас сөйлемдерді түр-түріне царай (салалас, сабацтас я аралас) ажыратыңыздар

Аты шулы Жоңғар кақпасының ең тар, қысылшаң жері де – осы Жала-қашкөлдің тұсы. Көлдің ені төрт километр болса, тауға дейін төрт километр-дей ашық жер. Осы арамен жол өтеді. Қақпаның ең қысылшаң жері осы болғандықтан да, Ебінұр мен Сайқын желдерінің ең күшті ойнағы осы арадан өтеді (С. Бақб.). 2. Таудағы шөп шабыс науқанының аяғы қусырылды, шөп машинадан түгелдей жығылды. Осынау асқар таудың бір қойнауы бұрын шалғы тиіп көрмеген түкпір-түкпірі түгел шабылып, ұшан-теңіз мал азығы дайындалды. (Б. Соқп.). 3. Шаршаған Инеш өзі қазған жердің аласа жарына отырып Мәулен жүрген жаққа қарап еді, екі арада үйілген үлкен кесек бал-шық оларды асырып тасалай берді (С. Шайм.). 4. Манадан бері тыныш тұр-ған мектеп дуылдап ала жөнелді де, әрқашан да жалықтырмайтын ерекше үні, өзіндік тәтті қасиеті бар бала шуы, әңгімені ұмыттырып жіберді. (М. И.).


10. Ыңғайлас салалас
Салаластың құрамындағы бөліктер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Құрамындағы сыңарларының бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді:

1. Ыңғайлас салалас.

2. Түсіндірмелі (іліктес) салалас.

3. Қарсылықты салалас.

4. Себеп-салдар салалас.

5. Талғаулы салалас.

6. Кезектес салалас.

Ыңғайлас салалас

Құрамындағы бөліктерінің баяндауыштары тұлғалас келіп, мағыналық жағынан бір сарындас (мезгілдес, бағыттас) болатын салаластардың, түрін ыңғайлас салалас деп атайды.

Мысалы: Қайсыбірі бұралаңдап жүріп атқы-лайды, екіншісі танктің артын тасаланады (Т. Ахт.). Оның ұсынған қолын Тайман қысты да, Саша-ның сәлемін алмастан теріс айналып кетті (3. Қабд.). Бірінші мысалдың көрсетіп тұрғанындай, салалас көбінесе жалғаулықсыз колданыла береді. Енді бір реттерде ыңғайлас салаластың құрамындағы бөліктер жалғаулық-тар арқылы байланысады. Ол жалғаулықтар: -да, -де, -та, -те, және, әрі. Мұны екінші мысалдан байқауға болады.

Ыңғайлас салалас іргелес тұрып та, және, да, де, әрі деген жалғаулық шылаулары арқылы да байланысады. Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. Денесі тіп-тік, өңі сұп-сұр (Ғ. Мұст.). Менің әкем де агроном еді, мен де агрономмын (С. М.). Ыңғайлас салаластың ара жігіне көбінесе үтір қойылып, тек және шылауымен байланысқанының арасына ешбір тыныс белгісі қойыл-майды. Мысалы: Кузнецовтың бригадасы тек кірпіш құйып қана қоймай, ол үй де салады (С. М.). Сыздық – етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол (С. М.). Ыңғайлас салаластың ішінде оқиғаның тездігі-нен, жедел қабыл болғандығын көрсететін түрінің ара жігіне сызықша қойылады: Шытырлап тұрған қурай лап етті – тез ара түтін бұрқ етті (F. Мұст.).

Жаттығулар жинағы

1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерге қандай жалғаулықтардың керек екенін ойластырыңыздар.

1 .Түлей боран бұрқырады, аппақ қар екпіндеп, ұйтқи соқты (С. С-). 2. Көйлегі көлеңдеп, аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу келді... Асылбекке төне түсті (Б. М-). 3. Осыны сіздер ойлар деп сенемін... өзіме де соны арқау етемін (М. Ә.). 4. Осы соңғың көп емес... хабары да анық, толық дәлелді емес. (М. Ә.). 5. Төлеутай әскерге кетті... содан қайтып оралмады (Қ. Ж.). 6. Отырықшы елдердің көбінде революциядан бұрын жұмысшы табы болды... олардың алдыңғы қатардағы отряды сол тапты және еңбекші шаруаларды революциялық істерге көтерді (С. М.).



2-жаттығу. Текстен жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіздер.

I. Тың көтеруде де, егін жннауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М. И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.). 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеннің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек. (А.Маш.).



3-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

І. Жұқа ерінді ақшыл жүзіне қызыл шабдар шырай лып ете қалды да қыз өңі бейне бір үлбіреген қырдың қызғалдағына ұқсап кетті. Шайы көйлек оны одан да сүйріктендіргендей белін қынай түскен. 2. Байқағаның жақсы және өзің әр нәрсені байқауға шамаң келіп қалғаны жақсы көрініп тұр. З. Гүлжиһанның бұл ішінен өзіне ғана айтқан сөзі еріксіз қатты шығып кетті қатарында отырған ағасының құлағына шалынып қалды. 4. Меңдіқыз Хакімге қарады да Әлібек Мендіқыздың бетіне қарады. Екеуінің жүзінде де таңырқау белгісі әліптей тартылды. (Х.Ес) 5. Аулымыз қашық емес қазір-ақ барып жетеміз (X. Рахимов.), б. Айсұлудың бұған күші де жетеді ептілігі де бар (А. Байт.}. 7. Жаңа табысқан достардың көзі іліккені де сол еді әлдекімдер есікті тарсылдата бастады. (М. Қар.). 8. Есенқұл айтқанша болған жоқ жаңағы жүк машинаға да келді. 9. Олардың түйеші қарт Әкімжаннан басқасының бәрі қойшы бәрі де жастар. 10 Мынаның егіні әрі жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп — жоқ .(Ә.Ә)



4-жаттығу. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысып тұрғандығын (іргелес я жалғаулық шылаулар арқылы) анықтаңыздар.

1. Манағы бір кезде алыстан шумағы қалың бір шаң көрініп еді, сол шаң жақындап келеді. 2. Сегіз жасынан бергі өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықты әңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. 3. Колхозда он үш мың қой бар, оның тең жартысы – арқар-меринос. 4. Үй ішіне қаз-қатар қалайы бидондар қойылған екен, әрқайсысына бес-бес шелектен сүт кетеді (С. М.). 5. Қабырғада ілулі тұрған репродуктор тысырылады да, отырған үшеуі де тына қалды (М. И.). 6. Жұрт босағадан аттап та үлгермеді – жас нәрестенің шыр ете қалған даусы казарманы басына көтерді (Ә. С). 7. Қорғасын балқытудың қарт шебері Мелдекең оған көп үйретті, өзінің барлық тэжірибесін Оспан мен оның қасындағы жастарға берді (С. Бакб.). 8. Жер де мәңгі, ел де мәңгі 9. Тосырқаған тарыға бір кезең бір күндік жолдай, жалыққан Жамалға бір күн жылдай (Г. Мұст.).



5-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының ыңғайына қарай жалғаулық шылаулармен өзара байланыстырып, ыңғайлас салаласқа айналдырыңыздар.

1. От басында үш кісі отыр. Жантайып және біреу жатыр. 2. Еңбек адамды көрікті етпек. Ол тынысты тазартады. 3. Үйіндегі сегіз жанның үшеуі қызметте. Басқасы - әжетке жарамаған жас балалар. 4. Артынша-ақ терістік желі түстікке шығып алды. Ол кідірмей кәдімгі қызыл желге айналды.



6-жаттығу. Мына төмендегі жай сөйлемдердің әрқайсысына ойларың-нан сөйлем қосып, ыңғайлас салалас сөйлем жасаңыздар.

1. Балалар тағы да ойланып қалып еді,... 2. Жұмыс та басталып кетті,... 3. Әрі әсем сыбызғы үнді нәзік ән қүлақка келеді, әрі... 4. Қайырбек те лып етіп шыға жөнелді, Мұқит та ... 5. ... және кітабы қолынан түспейді. 6. Алыстағы тау жақта ұлардың шулаған үні құлаққа келеді, кекіліктер де ... (Ғ. Сланов.)



7-жаттығу. Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар қатысқан сөйлем-дер-дің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратып, жай сөйлемді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек топтап жазыңыз-дар.

1. Сәндену де, бой түзеу де әлі алда. (Б. Соқп.) 2. Әйел киімін киіп шыкқан аю да биледі, кыз баланың киімін киіп шықкан ірілі-ұсақты иттер де биледі. (С. Ш.) 3. Көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу. 4. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және оны өзі жақсы орындайды. (М. Қар.) 5. Гүлнарды Самарқан атына мінгізді де, өзі жанапайлап жаяу жүріп отырды. Аттың аса жайлы және ұтымды аяң жорғасы бар екен. 6. Осындай қатты қимылдың үстінде бір адамның жүріс-тұрысы да, даусы да менің көңілімді бөле кетті. 7. Айбаршаның құлаш қимылы Сырбайдан әлдеқайда шапшаң және әлдеқайда нығырақ. Сырбай жас күштің алдында кәрі күштің тізе бүккенін мойындайды, әрі өз келінінің каруы өзінен басым шығуына аса сүйсінеді. 8. Меніңше, таза жүректі болу еркі адамның өзінде ғой деймін және сенің де сондай адам екеніңе өзім сенем. (С. М.)


11. Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. (Ғ, С.) Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, – жұмыстан қолы тимеді. (Н. Ғабд.)

Алғашқы салаластың бірінші жай сөйлемінде әннің басылып қалғаны туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемінде гитара сазының тоқталмағандығы жайында ой айтылып, бір-біріне қарама-қарсы қатынаста тұр; бұл жай сөйлемдердегі ойдың қарама-қарсы мәнде айтылып тұрғандығын, бірақ деген жалғаулық шылаудың қатысуынан да аңғаруға болады. Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қарама-қарсы мәнде айтылған: бірінші жай сөйлемде істің жүзеге асуы туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемде оның орындалмай қалғандығы баяндалады.

Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді. Соған қарай қарсылықты салаласты жалғаулықсыз қарсылықты салалас және жалғау-лықты қарсылықты салалас деп екіге бөлеміз.

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас екендігін, біріншіден, құрамын-дағы жай сөйлемдерінің бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылуынан біле-тін бол-сақ, екіншіден, баяндауыштарының қарсы мәндес сөздерден болып келетіні-нен немесе болымды, болымсыз тұлғалы болып келетінінен айырамыз.

Мысалы:

1. Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын. (Мақал.) 2. Күн жауып кетті, – оны елеген ешкім болған жоқ. (Ә. Ә.)

Жалғаулықты қарсылықты салалас бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қаты-суы арқылы жасалады. Бұл жалғаулықтар әрқашан да салалас сөйлемнің қарсылық мәнде айтылғанын көрсетеді және құрмаласқан жай сөйлем-дердің арасында қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрады.

Мысалы:

1. Каюткиннің жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. (А. Ф.) 2. Майдан жайындағы материал салынған сумкамнан басқа жүгім жоқ, дегенмен батпақта жаяу жүрген адамның денесі өзіне ауыр жүк екені белгілі. (Ә. Ә.). 3. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. (М. Г.)

Жаттығулар жинағы.

1-жатгығу. Қарсылықты салалас сөйлемдерді оқып шығып, іргелес байланысқандарын бір бөлек, жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан-дарын бір бөлек топтап жазыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызып, қарсылық мағынаны білдірудегі баяндауыштарының қатысын түсіндіріңіз-дер.

1. Мұзданып жатқан қыртыстың тереңдігі метрге жақын екен. Қол сүйменмен ондай тоңды ою оңай да болған жоқ, дегенмен ойдық. 2. Жел саябырлаған сияқты, – екпіні әлі де қатты. 3. Жау қолында бар құралдың бәрін де жұмсайды, сонда да қорғанған батыр ғана беріспейді. 4. Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек, табу керек. 5. Жау Лиманның жағасын бұзып өтуге тырысады, – оңай болып па ол? (С. М.) 6. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді. (Ғ. М.)



2-жаттығу. Берілген сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас қайсысы ыңғайлас салалас екенін ажыратып, мағынасына қарай жеке-жеке топтап жазыңыздар, әрбір салаластың жасалу жолын түсіндіріңіздер.

1. Бұл ел Мүқитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті, (Р. С.) 2. Кабинетінің кілті Естайдың қалтасында екен, сонымен ол есігін ашты. 3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, – машина бара алмайды екен. 4. Айбарша ол жолы да Мәскеуге түнде жеткен еді, бірақ ол жолы Мәскеудің маңы да, өзі де мұндай емес-ті. 5. Оған қалай жетуді мен әлі ойланған да жоқпын және оған менің ақылым да жете қоймас. (С. М.) 6. Үстін шаң басқан үлкен трактордың қызуы әлі басылған жоқ, ыстық леп бетке соғады. 7. Тракторың аман, бірақ жанар майың бітуге жақын екен.



3-жатгығу. Берілген сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас қайсысы ыңғайлас салалас екенін ажыратып, мағынасына қарай жеке-жеке топтап жазыңыздар, әрбір салаластың жасалу жолын түсіндіріңіздер. 1. Итбайға мен айтып едім, енді сіз айтыңыз. (Ғ.Мұст.)2. Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін (А. Лек.). 3. Мінген атының мінезі шәлкестеу еді]және түйеден үркетін еді (С. М.) 4. Үзеңгіге аяғы да тиді, жас жігіттей қарғып та кетті (f. М,). 8 Жауынгерлік сапарға біз бірнеше күннен бері әзірленгенбіз, алайда ұшар алдындағы соңғы сағат соншалық қиын екен(Х. Досп). 9. Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім,- үйқым келмеді (А. Лек) 10. Жүзінде қайғы да жоқ, касірет те жоқ, – қорқыныш қана бар (F. М.). 11. Председательдің айтуынша, жүз-он үйлі колхоздың қарамағында 70-80 мың гектардай жер бар, бірақ соның көпшілігі мал оты ғана; егіндік жер өте аз және ара-тұра таулардың бұлақты бауларында ғана бес-он гектардан ойдым-ойдым боп қана кездеседі (С. М.)

4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

1 Әлібек тамағын кенеп қойды әйел онда да мойны бұрмады (X. Ес.)., 2. Ол ауыр еңбек еді бірақ біз әрбір тапсырманы жан аямай орындап жүрдік. (Т.Досп.). З.Сейіт пен Жамал елес берген белгісіз бейне жаққа үңіле-үңіле қарасып еді еш нәрсе көре қойған жоқ.(Райым). 4.Деев пен Жұмабай Қарсыбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душар бола қойған жоқ әйткенмен өлердей шаршап келіп жетті. 5. Көктем алыс еді бірақ Деевтің көңілінде ол жақындап қалған сияқты. 6. Тың тыңдап едім жаңбырдың тысырынан басқа ешқандай дыбыс білінбеді. 7. Кеше кешке жақын баласы мен келініне бір үлкен ұсыныс айтып еді оған Күнтуар да көнген жоқ (Ә. Ә).


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет