4. Етіс категориясы. Өздік жэне өзгелік етіс
Етістер - етістіктің бір түрі. Етіс іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын анықтайды. Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз.
Өздік етіс іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайды, қимыл, іс-әрекет іс иесінің өзіне бағытталады. Өздік етіс -н, -ын, -ін жұрнақтары арқылы жасалады. Ол жұрнақ сөз соңындағы дауысты дыбыстан соң -н (таран, сұран), дауыссыз дыбыстан соң -ын,-ін (көрін, жасырын) түрінде жалғанады.
Таң атқанша тарандық, Түніменен түйіндік. Таң ағарып атқан соң, Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет)
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің иесі, яғни субъект емес, екінші бір басқа субъект қимылдың иесі арқылы істелетінін білдіреді. Жұрнақтары:
1. -дыр, -дір, -тыр,-тір, -ыр, -ір: алдыр, тіктір;
2. -ғыз, -гіз, -қыз,-кіз: жүргіз, соққыз; жазғыз, өткіз;
3. -т: жасат, оқыт.
Мысалы: Ол баласына хат жаздырды. Мұғалім оқушыға айтқызды деген сөйлемдерде жазу, айту қимылы ойдың субъектісі ол , мүғалім дегендердің тікелей іс-әрекеттері емес, екінші бір субъект баласы, оқушы арқылы іске асып отыр. Кейде бір етістік түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы жалғана береді: оқы-т-қыз, қаздыр-т-қыз.
Жаттығулар жинағы:
№1. Мына сөйлемдерді оқыңдар. Орыс тіліне аударыңдар. Айырма-шылығын айтыңдар.
Серік диванға жатты. - Баланы төсекке жатқызды.
Әкем кітап жазды. - Мұғалім бізге жаттығуды жазғызды.
Қалаға әрең жеттім. - Хатты тез арада жеткіздім.
Мына орындыққа отыр. - Әжені төрге отырғыз.
Сіз сабағыма қатысыңыз. - Балаларды ойынға қатыстырыңыз.
Жерді қаз. - Жерді ініңе қаздыр.
Тез киін. - Қызыңды тез киіндір.
Біз сені екі сағат күттік. - Сен мені күттіріп қойдың ғой!
Мен ұйықтадым. - Баланы ұйықтаттым.
Біз далада ойнадық. - Кішкентай баланы ойнаттық.
Тісіңді тазала. - Бөлмесін өзіне тазалат.
Балалар қарға қуанды. - Әсем әке-шешесін қатты қуантты.
№2. Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтары дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Кеше бізде қазақ тілі сабағы болды. Мұғаліміміз өте білімді адам.Ол бізді қазақша сөйлетеді. Кеше бізді жаңа тақырыппен таныстырды, тақы-рып бойынша жаңа сөздерді үйретті, сөздердің мағынасын түсіндірді. Са-бақта бізге көп жұмыс істетті, мәтінді оқытты, мәтінге сұрақтар қойғызды, сұрақ-тарға жауап бергізді, жаттығуларды орындатты. Сергейге мәтінді қазақша оқытып, орыс тіліне аудартты.Машаға тақтаға сөйлемдерді жазғы-зып, синтаксистік талдау жасатты.Сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөй-лесуге арнады. Магнитафоннан бізге өте қызықты әңгіме тыңдатты.Сол әңгімені бізге баяндап айтқызды, содан кейін қысқаша мазмұндама жазғызды.
Мұғаліміміз дыбыстарды,сөздерді,сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді өзімізге тапқызтып, түзетті, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызды.Сабақтың аяғында үй тапсырмасын берді.Сабағымызды әдеттегідей өте қызықты өткіздік.
№3. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сізге мына жаттығуды кім орындатты? 2. Мұғаліміңіз жаңа тақырыпты түсіндірді ме? 3. Студенттерге не істетті? 4. Кітапханадан жаңа оқулық алғызды ма? 5. Сабақтан кейін жолдасыңыз кіммен таныстырды? 6. Сіздер не ұйымдастырып жүрсіздер? 7. Жолдасыңыз туған күніне кімді шақыртты? 8.Бөлмені кімге жинатты? 9.Тамақты кімге пісіртті? 10. Кірді кімге үтіктетті?11. Шаңды кімге сүрткізді? 12. Еденді кімге сыпырттыңыз? 13. Сіз кеше қонақта кімді кездестірдіңіз. 14. Үйге кімді кіргізді? 15.Бәріңізді кім күлдірді? 16. Ата-анасы баласын үйлендірді ме? 17. Үй иесі қонақтарына не жегізді? 18.Енесі шайды кімге құйғызды? 19. Талғат тісін жұлдырды ма? 20.Шешесі баласын қашан ұйықтатты? 21. Баланы кім жылатты?
№4. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Карим позволил ее купить шубу. 3. Гости попросили меня сыграть на домбре. 4. Мы заставили ребенка спеть. 5. Он попросил меня нарисовать портрет. 6. Ученики попросили рассказать учителя о поездке зарубеж. 7. Меруерт заставила меня съесть плов. 8. Мы заставили выпить Санию лекарство. 9. Мы доставили письмо в деревню. 10. Родители поженили сына. 11. Отец попросил сына прочесть сына статью. 12. Мы встретили Жомарта на выставке. 13. Познакомь меня со своей соседкой. 14. Одень ребенка и выведи его на улицу. 15. Кого ты впустил в дом? 16. Бабушка попросила внучку налить чай. 17. Учитель дал студентам написать сочинение. 18. Ты заставил мен ждать тебя 2 часа. 19. Усыпи ребенка. 20. Я заказала сшить себе красивое вечернее платье.
№5. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар. Орыс тіліне аударыңдар.
Ора, көр, сез, жасыр, қара, сыла, тазала, сүрт, ки, сал, гүлде, бу, біл, байла, арқала, күй, түй.
№6. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Ай, қарт Қожақ! Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың. Омырауы жұпарлы, он саусағы қыналы анаң сүйінді! Қабағы тастай түйілген, жеңсіз берен киінген, елінің тыныштығы үшін егемен күн кешкен әкең сүйінді! Қызыл-жасыл киініп, беліңді қынап-буынып, қызыл балықтай асыр салдың жиын-тойда ақ балтырың түрініп, өзіңнен жарты мүшел үлкен жігітпен балуанға түстің. Ағайын-туғаның сүйінді!
№7. Өлеңді оқып, өздік етістерінің қалай жасалғанын түсіндіріңдер. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Жау қарасы көрінді, Кезенген
|
Таң ағарып атқан соң,
|
жауға кез келдік ...
|
Тебінгі теріс тағынбай,
|
Ер төсектен безінбей,
Жиылған әскер бүлінді...
|
Төңірек жаққа қарандық.
Темір қазық жастанбай,
|
Түніменен түйіндік
|
Қанды көбе киініп,
|
Ұлы төске ұрынбай,
|
Қу толағай бастанбай,
|
Таң атқанша тарандық,
|
Бір Аллаға сыйынып,
|
Түн қатып жүріп түс кашпай,
|
Ерлердің ісі бітір ме?!
|
(Махамбет.)
№8. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап, орыс тіліне аударыңдар.
Көбей, ойлан, оқы, өсір, жуын, айқайла, ал, өшір, құтқар, жина, жап, түсір, сын, күй, от, ақта, апар, әкел, жет, күл, бас, ойна, жаз, айт.
№9. Сөйлемдердің құрамынан өзгелік етісті теріп алып, олардың түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
1. Ызғарлы аяз жан иесінің бәрін жауратып, жүдей тарттырып, жылы жайды іздеттіргендей. Қалың қар жүрісіне бөгет болып, қозғалысын өндір-мейді. өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы қатып, қажыған жолы осы еді. Ұлжан Абай мен Ерболға бір-бір кесе қымыз ішкізді де, өзі ертіп барып қонақ үйге жатқызып, үстерін жауып қойды. (М.Әуезов.) 2. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық. Домбыра алды-рып, Әбдірахман ән салды. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Мынау – Медеу деген батырағың. Әркімге бір оқыттырып, орысша-қазақша хат танытып келем. (Б.Майлин.) №10. Берілген өзгелік етістерді пайдаланып, сөз тіркес-терін құраңдар.
Айтқыз. Түсірт. Көрсеткіз. Оқыттыр. Алдырт. Өсірт. Асырт. Жинаттыр. Тазалатқыз. Өндірткіз.
5. Ырықсыз, ортақ етістер
Іс-әрекеттің қимыл иесі арнайы айтылмай, кімнің істелгендігі көрсе-тілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: шөп тасылды, шөп жиылды, хат жазылды дегендерде істі істеуші де, істетуші де жоқ, қимылға түсетін зат қана аталаған.
Ырықсыз етіс -л, -ыл, -іл жұрнақтары (киім ілінді), кейде -н, -ын, -ін (бөлме тазаланды) жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен ғана жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй тазала-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т.б.
Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы, төгісті, алысты, санасты, күресті; Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.
Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты - әңгіме айтылды, сөзді сөйледі - сөз сөйленді, қолын жуды - қол жуылды т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді - шамды сөндірді, оқушы орындыққа отырды - оқушыны орындыққа отыр-ғызды, хат жеткізілді - хатты жеткізді т. б. Ал ортақ етіс жұрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты - сабақты етістік, сөйлесті - салт етістік.
Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т.б.
Ортақ етістің мағынасы өзінің субъектісімен бірге келгенде айқындалады.
Мысалы: айтыс, айтыс басталды. Сондықтан ортақ етістің жұрнағы зат есім тудыратын (-с, -ыс, -іс) жұрнақтарымен омонимдес келетіндігін ескеру керек. Етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: ки-ін-дір, сөйле-с-тір, жаз-дыр-т-қыз, азай-т-тыр-ғыз.
Жаттығулар жинағы.
1-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: айт-ыс-ты, ...
Ал. Бөге. Тасы. Тік. Бақ. Тазала. Жу. Айт. Қой, Жөнде. Апар. Тоқы. Тер. Жаз. Жина. Тара. Сал. Бітір. Тұрғыз. Сөйле. Іл. Ақта. Көтер. Жек. Шегеле.
2-жаттығу. Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрға-нын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.
Үлгі: Ортақ етіс - дуылдасып. Түбірі – дуыл, -да -бұйрық рай тудыратын жұрнақ, -с - ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып - көсемшенің жұрнағы.
1. Ел ішін Еламанның дақпырты алып барады. Оның келе жатқан хабарына уанып, дуылдасып жатыр. Тәңірберген ағасымен оңаша сөйлескісі кеп тырған-ды.(Ә. Нурпейісов.)
2. Мектепте бірге оқыған, студент тұрмысының ащы-тұщысын бірге татысқан жолдастар шетінен ыстық көрінеді. Соларды бір көрсем, сырласып, шер тарқатсам деп аңсайсың... Аспанда мың сан жұлдыздар жымыңдасып, гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Мадияр мен Бұғыбай шықты. Балзия кақпаның алдында бір қызбен сықылықтасып күлісіп, мәз болып тұр екен. Екеуі шүңкілдесіп, ретін тауып тілдесіп қалайық деген оймен қыздардың қасына барды. (С. Омаров. )
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Құрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасаңдар.
1. Жолаушыларды Ахмет басқарды. Адам тізбегі он километр бойына созылған. Он адамнан бір звено. Әр звеноға жер өлшеп берілген. Жолшылар электршілермен ғана емес, өзара да жарысуда. Әзіл, күлкі, кейде анадайдан дауыстап сөйлескен үндері тұтасып, тынымсыз күшті гуіл естіліп тұр. Әр қилы адамдар көрінді. (F. Мұстафин.)
2. Жаз бойы күнде қанат серпісіп, күнде қамшы сілтесіп, қақтығысып келген екі байдың аядай жерге арқа тіресіп қонып жатқандары жай емес сияқты. (F. Мүсірепов. )
4-жаттығу. Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: жина-л -ма -ды,...
Жиналмады. Ашылды. Аттандырылды. Ілінбеді. Көшірілді. Өткізілді. Төселді. Шегеленбеді. Сөндірілді. Терілмеді. Орылды. Көрсетілмеді. Салынды. Алмастырылды. Бергізілді. Жинақталды. Тазартылды. Қаланды.
5-жаттығу. Мына ырықсыз етістерді қолданып сөйлем құраңдар.
Үлгі: Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.
Төленді, салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді, шақырылды,өсірілді.
6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ырықсыз етістерді тауып, қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар.
Бұның бәрі "Құнанбай ауылы" деп аталады. Жер ошақтан шыққан түтіндері де біріне-бірі қосылып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды. Үлкен үй мен күншығыс жаққа тігілген қонақ үйдің екі арасында бір топ жан тұр екен. Бұл топқа қарай ауылдың үлкендері жан-жақтан ағылып келіп жатыр. Қысылып қалған бала шешесінің салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай бұрылды.
Әкесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды. (М. Әуезов.)
6. Жай сөйлемнің түрлері
Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем деп атайды.
Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Жай сөйлем
2. Құрмалас сөйлем .
Жай сөйлемнің түрлері:
Хабарлы сөйлем. Бір құбылыстың не бір оқиғаның жай-жапсарын баяндау, хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Бұйрықты сөйлем деп біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді атайды.Бұйрықты сөйлем үндеу, шақыру, іске қосу, өтіну, жалыну, кеңес беру, тілек ету магыналарында да айтылады. Мұндайда сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ал сөйлем шын мәніндегі бұйыру, қатал талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! (Не показывай слезы!). Қарындасым, ондай өтірікті ағаңа айтушы болма! "Сестренка, брату такую неправду не говори!"(Ә.Ә.).
Бұйрықты сөйлем бұйрық райлы етістік арқылы жасалады. Бұйрық райдың 2-жақтың жекеше, көпше түрімен бірге, 3-жагында да айтылады. Етістіктің екінші жағына -шы/-ші жұрнақтары қосылып айтылады. Мысалы: - Жігіттер, қимылдасаңыздар-шы!
(Ребята, пошевеливайтесь-ка!) Тыңда, дала, Жамбылды! "Слушай, степь, Жамбула", Жұмаш, бері кел! "Жүмаш, иди сюда!"
Лепті сөйлем адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты айтылған сөйлемдер. Мысалы: Қандай керемет! Бүгін тамаша күн! Қап, әттеген-ай, қылды ғой қылықты! Не деген тамаша!
Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Мысалы: Кімдер таратып,насихаттайды?
Толымды және толымсыз сөйлемдер.
Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс- оқиға жайында толық хабар бе-ріледі. Мысалы: Мен сол күні кеште Сейдәзімов Мейірқұлмен ұзақ отырдым. Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады (С.Сарғ.)
Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейміз.
Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:
1) айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысады
2) басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтыла береді, тиісті бір мүше, не бірнеше мүше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп қалады.
Жай сөйлемдердің кейбіруінде айтылуға тиісті бір мүше не бірнеше мү-ше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп қалады.
Мысалы: Уақыт деген жүйрік қой. Былай қарасаң, қас қаққанша өте шығатын сияқты. ("Армысың, ардақты адам."). Екінші сөйлемде айтылуға тиісті мүше (уақыт) қатыспаған. Сондықтан бұл толымсыз сөйлем болып тұр. - Командириріңіз қайда? - Алда кетіп барады.(М. Ғабд.). Соңғы сөйлемде "командиріңіз" деген бастауыш айтылмай қалып тұр.
Айтылуға тиісті тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.
Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы екі түрлі:
1) дара желілес сөйлем тобынан.
Агроном қаулай шыққан жас егінмен тынысып, таңданғандай сүйсіне сөйледі.
(не?) Біркелкі жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры да (неменеге?) болысып жіберді.(кім? неге?). Кеш ексек те, (не?) кенжемейтін емес. ("Тербеледі тың дала.").
Базар апайды бұл маңайда білмейтін адам жоқ . Сол себепті де мына салтанатқа шақырылып отыр.(3. Иманб.). Соңғы сөйлемде бастауышы (Базар апай) түсіп қалған -толымсыз сөйлем.
2) Диалог (екі және бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында.
Ал, ұлым, сен қайдансың?
[кім?] Қазақстаннан, Алматыдан.
Иә, [кім? нені?] білем, [қайда?] барғанмын.
Қазақстанның болашағы зор [не?]. Еліміздегі шексіз қазыналы өлке. (Қ. Тол.)
Сіз Құлажан ағайды білесіз бе?
Білемін. (С. Сарғ.) Мұнда да соңғы сөйлем (білемін) толымсыз сөйлем болып тұр: айтылуға тиісті бастауышы (мен) және толықтауышы (Қүлжан ағайды) түсіп қалған.
Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды.
Мысалы: Рақмет кулді (С. Е.). Түн қараңгы (Б. М.).
Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұурлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемніңқ түрін жайылма сөйлем деп атайды.
Тұрлаулы мүшелерден (бастауыш пен баяндауыштан) басқа бір ғана тұрлаусыз мүшенің болуы сол сөйлемнің жайылма аталуы үшін жеткілікті болып табылады.
Мысалы: Бұлар клубтың алдына келген (С. М.). Шоқан Гутковскийдің үйінде атақты галым Семеновпен кездесіп, танысқаннан кейін, гылым жолына бұрынгыдан да құштарлана түсті (С. Б.).
Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем
Тұрлаулы мүшелері, әсіресе, баяндауышы бар және олардың белгілі заңдылықпен қиысып келген жай сөйлем түрін жақты сөйлем деп атайды.
Мысалы: Мен елдің жіберген елшісімін (М. Ә.).
Кей жағдайларда баяндауышы белгілі болып тұрғанымен, бастауышы сөйлем ішінде болмауы да мүмкін. Мұндайда баяндауыштың тұлгасына қарай бастауыш ретінде жіктеу есімдігін қойса, солай етуге мүмкіндік болса, мұндай сөйлемді де жақты сөйлем деп есептеу керек: Желбегей, жел гуілдеп қолтыеымнан, жылыстап кете бердім туган үйден (Ғ. О.).
Тұрлаулы мүшелерден құрамында тек баяндауыш қана бар және баяндауыштық тұлғасына қарап бастауышты табуға болмайтын жай сөйлемді жақсыз сөйлем деп атайды.
Мысалы: Бөгет жасайтындардың бәрін тәртіпсіздіктің, бюрокра-тизм мен былықтырушылықтың немқұрайлылық пен қырсыздықтың қандай да болса көрінісін – принциптілікпен сынау керек
("Егемен Қазақстан" газетінен).
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары күрделі болып келеді және олардың грамматикалық тұлғалары мынадай болады:
-
-қы/ -кі, -ғы/ -гі жұрнақтары қалау райлы етістік пен көмекші етістіктің тіркесінен жасалады: Менің көрсеткім келмейді (С. М.)
-
Барыс жалғаулы жай немесе тәуелді етістік пен бол, жара, тура, кел сөздерінің тіркесінен жасалады: Қашқын болуымның басы: бір жерде тұрақтамауыма тура келді (Ғ. Мұст.).
-
Жай не тәуелденген тұйық етістік пен керек, қажет, мүмкін, тиіс сөздерінің тіркесінен жасалады: Дәл осы арада он минут іиіінде он жылга қартайган болуым керек (Б. Мом.).
-
-ып, -in, -п жұрнақты етістіктің көсемше түрі мен бол көмекші етістігінің тіркесінен жасалады: Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанын тіпті біліп болмайды.
-
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар тұрақты тіркестер (төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, көзі жетті, екі езуі екі құлағында т. б.): мысықтың мына кейінгі үй-жайын айтқандағы түріпе Шоқанның көзі түсті (С. Б.)
Атаулы сөйлем
Кейбір жай сөйлемдерде іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат-құбылыстың, мезгілдің, мекеннің, атауын ғана білдіреді.
Мысалы: Түн. Қыс. Боран. Ыш-қынған долы дауыл. Қопарып үшырғандай Кавказ тауын.(С.М:) Егер атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлеммен білдіргіңіз келсе, былайша болар еді:
Қыстыгүні түнде боран болды.Долы дауыл ышқына соқты. - Бүл сөйлемдер атауды емес, оқиға жайында баяндауды білдіреді.
Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды. (мезгіл, мекен т. б) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады.Мысалы: Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр. (Н.Ғабд.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар(Н. Ғабд.). Түн орталаған шақ.. Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр (Т.Н)
Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр-түрлі заттың атын білдіреді. Маусым. Құлпыраған дала гүлдерінің жұпар иісі мұрын жарып, кеудені ашады.(З.Ш.). Құба жо.Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан бұрғылау ісі қызып жатыр.(3. Қабд.)
Жаттығулар жинағы.
1-жаттығу. Жақты сөйлемдерді табыңдар.
Леня, мені танимысың?
Өзіне әкелік мейірмен қарап тұрған бейтаныс кісіге ол да бар назарын аударып еді. Жүзін шырамытатын сияқты. Бірақ кім болғаны, қай жерде кездестіргені есіне түспей тұр.
Леня сонау ¥лы Отан соғысы кезіндегі жайларды, Эстония жерінде, Каунас бағытында болған оқиғаны есіңе түсіріп көрші.
Картаузов бейтаныс адамның қалынан үстай алды. Сіз сондағы Миша ағай емессіз бе?
Иә, Леня, таныдың. Сондағы Миша ағайың менмін.
Михаил Сергеевич, мен сізді қалай ұмытамын? Мені тура келген ажал аузынан жұлып алған сіз емессіз бе? Ол қатты толқып Михаил Сергеевичті қүшақтай алды.("Армысың, ардақты адам")
2-жаттығу. Берілген сөздерді бастауыш етіп төмендегі сызба бойынша жақты сөйлем құрастырыңдар.
Сіздер, әркім, бұл, өзім, екеуіміз, аспан, Нұрәлі, келгендер.
Бастауыш - Баяндауыш
- етістік
- сын есім
- зат есім
- сан есім
3-жаттығу. Оқып шығып, жақсыз сөйлемдердің қандай жолмен жасалып тұрғанына талдау жасаңдар.
1. Досанның тауға қайтадан барғысы келді. (Б.Соқп.) 2. Бізге уақытты ұту керек. (Х.Ес.) 3. Жәрдемшіге хабар айтуға болады. 4. Терең судан үзеңгімізді қайырып өтуге тура келді. 5. Туыстарына жетудің сәті түсе қалды. 6. Командирге тіл қайыруға болмайды. 7. Бұл сөзді Сырбайдың әрі қарай созғысы келмеді.(С.М.) 8. Меніңше, Молдабаев жолдастың осы тілегін қуаттау керек (Т.А.) 9. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. (М.И.) 10. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды. 11. Абайдың да ішек - сілесі қатып еді.(М.Ә.)
4-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемнің жақты және жақсыз екендігін ажыратыңдар.
- Уа, бауырым, амансың ба? Бірден тани кеттім. Рамазан Елебаев екен. Құшақтаса көрісіп жатырмыз. Сол жереде мен оны Балтабек пен Данилов-қа таныстырдым. Бұл жігіт - белгілі композитор. Сіз әскер қызметіне ша-қыры лудан босатылғандардың қатарындасыз. Маған ондай жеңілдіктің қажеті жоқ. Денім сау. Жап-жас жігітпін. Өз қатарымнан қалғым келмейді. Мені панфиловшылар дивизиясына жіберуіңізді өтінемін.Одан басқа дивизияға барғыңыз келмей ме? Маған кеңес әкерінің бәрі бірдей. Фашис-терді қырғым келеді? -Жақсы. Өтінішіңізді военкомға айтайын. Ертең келіңіз. (М.Ғабд.)
5-жаттығу. Оқып шығып, жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер де, себебін түсіндіріңдер.
Әнсары тысқа шықты. Аспан ашық. Күн жадырай жайнап тұр. Ауа жел-сіз. Тек қана шымыр салқын бар. Әнсары кешікпей колхоз басқармасының үйіне келіп кірді. Ұзын бойлы, ат жақты сары жігіт бір қағазға бірдемені жа-зып жатыр.
- Баяндама дайын ба?
- Осы бітірген бойым. Көруіңізге болады. Әнсары оқи бастады. Кей жеріне қызыл қарындашпен белгі соға отырды. Қай жерін толықтыру керек екені туралы пікір айта бастады.
- Сөйлемді сауатты құрастыруға көңіл бөлген жон. Әр сөйлемде пікір, ой жатсын. Ал мынада шұбалаңқы бос сөздер көп. Жөндеңіз. Содан кейін тағы көремін. (С.Алд.)
Достарыңызбен бөлісу: |