6-жаттығу. Мәтінмен танысып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жазыңдар.
Олар орманға қарай жөнелді. Біз бақылау пунктіне бара жатырмыз. Зор денелі біреу окоптың ішінде дүрбімен алдыңғы жақты шолды. Оның қасында қысық көзді біреу телефонмен бірдеңені былдырлап айтып жатыр. (Б. М.)
7-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңдар.
Сынып іші тына қалған еді. Біз барамыз. Дауыстар шығып кетті. Мен қолдаймын. Біз құрамыз. Оқушылар қарай қалып еді. Ол бұғып қалды. Мен қорықпаймын. Кімдер барады? («Дала дауылпаздарынан»)
8-жаттығу. Оқып шығып толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңдар. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңдар.
Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады. Аудан орта-лығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Қандай алаңсыз еді, шіркін! Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз. Әжем бие саууға шығады. Небәрі екі биеміз бар.
Жайлауды қақ тіліп, кішкене өзен ағады. Содан балық аулаймыз. Суына шомыламыз(Ө.К.)
Жақсы білетін бір шопаның бар ма? Бар ғой.
Кім еді ол?
Балғабай.
- Қай Балғабай?
- Оспанов.
- Кәдімгі Социалистік Еңбек Ері Балғабай Оспановты айтып тұрмысың? Оны жақсы білемісің?
Иә, білем. Жаз жайлауын, күз күзеуін, қыс қыстауын көргем. Ойбай-ay, очерк жазып берсеңші сол кісі туралы!
Ендеше Балғанбайдың өз аузынан айтылған сырды тыңда. («Дала дауылпаздарынан»)
9-жаттығу. Көшіріп жазып, толымсыз сөйлемді (ішіне тиісті мүшені көрсете отырып) толымды сөйлемге айналдырыңдар.
Жөндеу шеберханасының сырт көрінісі жақсы. [ ] жаңа үлгі жобасымен салынған. [ ] цехтары да дұрыс жабдықталыпты. Бірақ шеберхананың ішінен аяқ алып жүру қиын. [ ] Жайрап жатқан сайман. [ ] Жұмыс орнының эстетикасын сақтамайды екенсіздер.
Жақияның директор болғанына бір жылдан асып барады. [ ] Бұрын совхоздың бас инженері болатын. Жас жігітке бұл ескерту оңай соққан жоқ. [ ] Құлағына дейін қызарып кетті. [ ] Комбайн жөнделіп жатқан алаңға келді.
- Сіздерде егін орағы басталған ба?
- [ ] Басталды.[ ] Екінші бөлімшенің арпасын орып жатырмыз.
- Онда қанша комбайн жүр?
- [ ] Он бір [ ] .("Армысың, ардақты адам")
10-жаттығу. Берілген сөйлемдерді жақты жэне жақсыз, жалаң және жайылма, толымды және толымсыз түрлеріне талдаңдар.
Үлгі: Біз көпір жанында аттан түстік. (Б.М.)
Таңдау: Бұл-жақты сөйлем, біз-бастауыш; жайылма сөйлем, мекен пысықтауыш (көпір жанында) пен жанама толықтауыш (аттан) қатысып тұр; толымды сөйлемде, айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан, әрі дербес айтуға болады, сонда бұл сөйлем-жақты, жайылма, толымды.
Ол төсегінен аунап кете жаздады. Бұны байқаған дәрігер ақырын ғана тыныштандырда сөйледі.
Сізге қатты қозғалуға болмайды. Әлі біраз күн емделесіз. Поезд зулап келеді. Есейдің көңілі одан да жүрдек. Биыл шабындықтың қалың боларын ағасы хатында жазып еді. Мынау дала келбеті де соны танытады қырдың таза ауасында денсаулығын әлі де бекіндіріп алғысы келді (Т.Т.)
7. Тұрлаулы сөйлем мүшелері
Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің екі түрі бар.
1. Бастауыш
2. Баяндауыш
Мысалы: Айша енді күншығыстың қай жақ, күнбатыстың қай жақ екенін көрді.Шабдар ат та енді денесін бекітіп алды.Қара түн жұқа, ақшыл мұнарға айналды. (С.С)
- Бұл сөйлемдердің тұрлаулы мүшелері: Айша көрді. Ат бекітіп алды.Түн айналды.Бастауыштары - Айша, ат, түн. Бұлар сөйлемде айтылған іс - оқиғаның иесін білдіреді. Бастауыштың грамматикалық - мағыналық белгілері:
1. атау септік тұлғасында тұрады;
2. іс - оқиғаның иесін білдіреді;
З. кім? не? деген сұраққа жауап береді;
4. баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс - оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Оқыған білер әр сөзді.(Абай) Әңгіменің басталуы қиын, - өрбуі оңай. (С. Сарғ)
Баяндауыш.
Ержан оқушыларына сенеді. (Ғ.Сапаев) Мен туған ауылымды қастер-леймін. (С.Сарғ.) Күн бұлыңғыр. Ауада дымқыл иіс бар. Тау бөктерінде шөп қылтиып өсіп келеді.
(Б. Тоғысбаев)
Сөз табы
|
Шарты
|
Мысалдар
|
Зат есім
|
Кез келген зат есім.
|
Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр. (М.Ә) Машина жаңа Қарағанды-ның бір биік үйінің алдына тоқтады. (Ғ.М)
|
Есімдік:
Жіктеу, сілтеу, өздік, жалпы-лау, т.б.
|
Зат есім ор-нына қолда-ныла-тыны
|
Сіздер бізге көп нәрсе үйрет- тіңіздер. (М.И) Бұл көктем желі. (С.Бақб.) Өзіңіз ақын екенсіз ғой?! (С.О) Бәрі де осы келі-сімге ден қойды. (Х.Рахимов) Әркімдер тілек – үсыны-старын айтты. (С.Сарғ)
|
Сын есім
|
Заттану
|
Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. (М.Ә) Ақылды - ісіне сенеді (Мақал)
|
Сан есім
|
Заттану
|
Үшеуі суыт жүріп кетті(С.О) Сегіз екіге бөлінеді.
|
Етістіктің есім-ше, тұйық түрі
|
Заттану
|
Оқыған білер әр сөзді. (Абай) Әңгіменің басталуы қиын, - өрбуі оңай. (С. Сарғ)
| Бұл сөйлемдердің тұрлаулы мүшелері. Ержан сенеді. Мен қастерлеймін. Күн бұлыңғыр. Иіс бар. Шөп өсіп келеді. Баяндауыштары - сенеді, қастерлеймін, бұлыңғыр, бар, өсіп келеді.
Баяндауыш бастауыштың ісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, онымен (бастауышпен) жақ жағынан үйлесе байланысады. Баяндауыш сөйлемді тиянақтап тұрады.
Бастауыштың жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз. Баяндауыштың негізгі белгілері:
1. бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;
2. іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;
3. жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады;
4. сөйлемді тиянақтап тұрады;
5. кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;
6. өзіне тән арнаулы сұрауы жоқ.. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрауына жауап береді.
Мысалы: Далаға шықтым. - Қайттім? Тау биігінен тік асып ай қалықтап барады.
- Қайтеді? Сансыз жұлдыздар жымыңдайды. - Қайтеді? Төңірегім – шы-рылдаған шегіртке үні. - Не? Түн жұмбақ сырға толы. - Қандай? (С.Шайн.)
Баяндауыштың жасалуы:
1. Баяндауыш көбінесе етістіктен болады. Шолпандар қалашығында электр шамы жарқырайды. (Б. Дәул.) Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойған-быз. (Қ.Тол.) Жәке, тоқтай тұрыңыз. (Ғ.М.) Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Пионерлердің ең басты міндеті - жақсы оқу.(Қ.Тол.)
2. Баяндауыш есім сөздерден де болады:
Зат есім. Дәрігер - ардақты мамандық. (Е.Иманб.) Сананы тұрмыс билейді. (К.Маркс)
Сын есім. Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. Тау жақтан ескен самалдың лебі салқын (Қ.Тол.)
Сан есім. Біздің үй екінші. Бұлар он бес (С.Сарғ.)
Есімдік Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? ("Тербеледі тың дала")
Әр тарап сөздер. Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С.Сарғ.) Қазір ол үйде кітапхана бар. (С.Шаим.)
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш екі түрлі жолмен байланысады.
І. Жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Мен балалық, жастық шағымды осы далада өткізгенмін. (С.О) 1- жақ , жекеше түрде қиыса байланысып түр.
Біз Есілдің құмайт жиегінде отырмыз. (З. Иманб.) - 1- жақ, көпше түрде қиыса байланысып түр.
Сендер Мекеттің үйіне барып түсе беріңдер. (С. Шайм.) - 2- жақ, көпше (анайы) түрде қиыса байланысып тұр.
Ол ашық сөйлеседі. (Ғ.Мұст.) - 3- жақ, жекеше түрде қиыса байланысып тұр.
2. Интонация арқылы байланысады. Бастауыштан кейін сәл кідіріс болады. Күй иесі -Құрманғазы.(Ғ.Муст) - Күй иесі деген бастауыштан кейін кідіріс жасалады. Бұлтты күні ұшу - қиын.(Х.Досп) Бұл - аса жауапты жұмыс.("Теңіз тарландары") Айтуда "бұл" деген бастауыштан кейін кідіріс жасалады.
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болатынына қарай жақ жағынан қиысу әр түрлі болады.
Жіктеу есімдіктерінен, тәуелдік жалғаулы өздік есімдігінен болған бастауыштар өз баяндауыштарымен үш жақта жекеше, көпше түрде жіктік жалғаулары арқылы немесежіктелу ретімен қиыса байланысады.
Жақ
|
Жекеше
Бастауыш- баяндауыш
|
Көпше
Бастауыш- баяндауыш
|
I
|
Мен -келемін.
Өзім - оқушымын
|
Біз(біздер) – келеміз.
Өзіміз - оқушы\лар\мыз
|
II
|
Сен - келесің.
Өзің - оқушысың
Сіз - келесіз.
Өзің - оқушысың
|
Сендер – келесіңдер.
Өздерің - оқушы\ лар\ сыңдар
Сіздер – келесіздер.
Өздеріңіз - оқушы\лар\сыздар
|
III
|
Ол – келеді.
Өзі - оқушы
|
Олар – келеді.
Өздері – оқушылар
|
Кейде жіктеу және өздік есімдіктерінен болған бастауыштар қосақтала айтылып, баяндауыштарымен бір жақта жекеше, көпше түрде қиыса береді. Мысалы:
Мен өзім келемін. Біз өзіміз келеміз.
Мен өзім Абай сөзінен оқудың жақсы екеніне ден қойған кісімін. (М.Ә) Сен қайтер едің? (М.И)
Тәуелдік жалғаулы жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері, тәуелдік жалғауы сан есімнен болған бастауыштар өз баяндауыштарымен үш жақта тек көпше түрде қиыса байланысады.
1 жақ.. Бәріміз үйренеміз Екеуіміз жастымыз
2 жақ . Бәрің Екеуің
} үйренесіңдер } жастысыңдар
Бәрілерің Екеулерің
Бәріңіз үйренесіздер Екеуіңіз жастысыздар
3 жақ . Бәрі үйренеді Екеуі жасты
Бұлар да жіктеу есімдіктерімен қосақталып айтыла береді. Біз бәріміз үйренеміз. Біз екеуміз жастымыз.Біз екеуміз бір ауылда тұрамыз.(М.И.) Әрқайсымыз өз ісімізден тиісті сабақ алғандай болдық.(М.И.)
3. Баяндауыш етістіктің бұйрық райынан өз бастауышымен II жэне III жақта жекеше, көпше түрде, қалау райынан болғанда, үш жақта жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Бұйрық рай
Жекеше
|
Көпше
|
II Сен кел.
Сіз келіңіз.
III Ол келсін.
|
Сендер келіңдер.
Сіздер келіңіздер.
Олар келсін.
|
Жаттығу жұмысы:
№1. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы бастауыш, қасысы басқа мүше екенін ажыратыңдар.
1. Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме айтты.(М.Ә.) 2. Ол машинаның тетігін кез келген жан біле бермейді. 3. Бұл расын айтты.4. Бұл дауыс та маған көптен таныс.(С.Бақт.) 5. Қара сақал - белгілі Уэли деген шопан.6. Ертең машина жіберіледі. 7. Машина ызғыта жөнелді.(Ғ.С)
№2. Төмендегі сөздерді бастауыш етіп , сөйлем құраңдар.
Абай, "Ботагөз" романы, оқиға, ақыл, біз, жиырма, үйрену, үлкен, меруерт, Алматы, "Сарымбет", Құрманғазы, уһ, спорт.
№3. Көшіріп жазып тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да, баяндауыштың қай сөз табынан екендігін тиісті сұрау қоя отырып айтыңдар.
Ауыл жым-жырт ұйқыда. Бір- екі әйел сиыр, уақ малдарын өріске ұзатып барады. Тау өзенінің сарқырама шуылы құлаққа анық жетіп тұр. Таудан ескен жаңғы жел ызғарлы- ақ . Алыстан мотор үні талып естіледі. Дала тіршілігі енді- енді басталғалы тұр. (Ө.Күмісбаев.)
№4. Берілген мақал- мәтелдердің баяндауыштарын өздерің ойлап табыңдар да, қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңдер.
1. Ердің сыншысы- ... .2. Ерді намыс ... . 3. Палуанға оң-терісі ... 4. Көп ... , терең ... . 5. Өнерлі өрге ... . 6. Өнерлінің өрісі ... . 7. Көп сөз - ... . 8. Жердің сәні - ... Ердің сәні- ... .
№5. Тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың қай жақта, қай түрде (жекеше және көпше түрде) байланысқанын анықтаңдар.
1. Мен сіздің ән жайлы пікіріңізді білу үшін әлгі сөзді әдейі айтқан едім. Ән мен жырды қадірлеушілердің бірі өзіңнің балдыңыз.Сол айтқан Бұғылы мен Тағылыңыз- сонау көрінген таулар. 2: Даусыңыз тамаша, жақсы екен! Нақышына келтіріп айтады екенсіз. Сіз мұны қалжың деп ұқпаңыз. Шын өнерпаздың да өз өнеріне өзі төрешілік ете алмай жүретіні болады. Мен сіздің тап басқаныңызға риза болып тұрмын. Әнші болғаным да рас. Бірақ әнді кәсіп ету - біз сияқтыларға екіталай жұмыс. З. Сіздер оқуды жаңа ғана бітіріп келген жас мамансыздар. 4. Біз өзіңіздің қарама-ғыңыздамыз. 5 Бұл жігіттерді сізге өзім таыстырайын.6. Ол көшеде Құсбе-ковпен кездесті. Құсбеков өзі де сонда бара жатыр екен. Енді екеуі бірге жүрді (А.Ханг.)
8. Тұрлаусыз мүшелер
Cөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің үш түрі бар. Олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Толықтауыш - тұрлаусыз мүшелердің бір түрі. Ол сөйлемде іс - оқиғаны заттық мағынада сипаттайды.
Мысалы: Мен бұл баланы білемін. Мұнымен сәске кезінде танысқан-мын. (Ә.Көшім.) Алғашқы сөйлемде баланы деген табыс септік жалғаулы сөз білемін деген баяндауышты заттың мағына жағынан сипаттаса, екінші сөйлемде мұнымен деген көмектес септік жалғаулы сөз танысқанмын деген баяндауышты заттық мағына жағынан сипаттап тұрғанын кімді білесің? кіммен танысқансың? деген сұраулары арқылы білуге болады. Толықтауыштық негізгі (түрлері) белгілері:
1. Тұлға жағынан: а) барыс, табыс, жатыс шығыс және көмектес септіктердің жалғаулары жалғанған сөздер болады; ә) толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
Толықтауыштың жасалуы
Сөз табы
|
Шарты
|
Мысалдар
|
Зат есім
|
Кез келген з.е.
|
Әлияның балалық шағы жақсылыққа толы. (Х.Досп) Қолында өнері бардың ауызында өлеңі бар. (Мақал)
|
Есімдік
|
Зат есім орны-на қолданыла-тыны
|
Оған аздап көмектесуге болады.Сен мұны аналарға сендірген жоқсың ба? (С.Сарғ)
|
Сын есім
|
Заттану
|
Білімдіге дүние жарық. (Мақал)
|
Сан есім
|
Заттану
|
Он - екіге бөлінеді.
|
Етістіктің есімше,
тұйық түрі
|
Заттану
|
Білгенге жол бос. (Абай)
|
Толық мағыналы сөз. Туралы, жө-нінде шылаулары
|
Заттану
|
Сөз арасында КС-3 комбайны жай-ында сұрап қалдым. (С. Сарғ.) Бақыт туралы әркім әр түрлі түсінеді. (С. Бақб.)
|
2. Мағынасы жағынан, жоғарыда айтқанымыздай, заттық мағынаға ие болады.
3. Негізгі сұраулары аталған септіктердің кім? не? түбірлес сұраулары болады.
4. Байланысу түрі - меңгеру және жанасу.
Сөйлемде іс - оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз .
Пысықтауыш - тұрлаусыз мүшелердің бір түрі .Ол сөйлемде іс - оқиғаның жүзеге асуындағы алуан түрлі жағдайын білдіреді. Мысалы: Абай Қарашоқыға түс ауа жетті. (М.Ә.) Бір топ киік безіп келеді. Алдындағы ортеке орғи - орғи секіреді (К.Жүнісова). Бұл сөйлемдердегі Қарашоқыға деген сөз қайда? деген сұрауға жауап беріп, іс - оқиғаның мекенін білдірсе, түс ауа деген сөздер қашан? деген сұрауға жауап беріп, оның мезгілін, ал орғи - орғи деген қос сөз қалай? деген сұрауға жауап беріп, қимылдың сынын білдіріп тұр.
Сөйлемде іс - оқиғаны мекен мезгіл, сын- қимыл, себеп мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пасықтауыш дейміз.
Пысықтауыштың негізгі белгілері:
-
Іс - оқиғаның жүзеге асуындағы алуан түрлі жағдайын білдіреді.
-
Соған сәйкес қашан? қалай? неге? не үшін? т.б. сұрауларға жауап береді.
-
Байланысу түрлері- меңгеру, жанасу және қабысу ,
-
Соған сәйкес жасалу жолдары да алуан түрлі болады.
Пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Біз ілгері (мекен үс.) жүріп кеттік. ("Тербеледі тың дала"). Ертеңіне (мезгіл үс.) екі өзен аралығына екі бірдей вертолет келіп қона қалды. .("Өрлеу"). Елена біраз (мөлшер үс.) үнсіз отырды. ("Дала дауылпаздары")
2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс бағыт, мезгіл сын- қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады. Мен, міне, ауылға (мекен- бағыт) беттеп келемін. Қырман басынан (мекен) электр жарығы жымыңдайды (С. Шайм.) Алтай мен Сайлау іске(сын - қимыл) кірісті. ("Тербеледі тың дала"). Біз Ақбаев-тарды жақында (мезгіл) озат малшылардың аудандық слетінде(мекен) көргенбіз (З. Иманб.)
3. Мезгіл мәнді зат есімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Сол күні Тілеуқабыл түні бойы дөңбекшіп, әлденеден ұйықтай алмады. ("Дала дауылпаздары").
4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Күні бүгінге шейін бұл елдің жаз жайлауы - Қарақұм да, қыс қыстауы - Сыр бойы. (С. Шайм.).Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады. (М.Ә.)
5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады.Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады. .("Өрлеу").
6. Еліктеуіш сөзден болады. Бұл сөзіме Шаймерден кеңк- кеңк күлді.(С.Сарғ)
7. Сын есімнен болады. Айнала жұрт сөзге қатты (қалай?) сүйсінді. (М.Ә) Біз сізді жақсы (қалай?) таныймыз .("Уақыттан озғандар").
8. Кейде сан есімнен болады. Жанбота туды екі (қанша?) алды. (Ғ. Мұст.).
9. Есімдіктен болады. Шай әлдеқашан (қашан?) жиналған (С.Сарғ.)
Тұрлаусыз мүшелердің екінші бір түрі - анықтауыш. Ол көбінесе зат есімнен болған мүшелерді сын, сапа, сан - мөлшер, иелік жағынан сипат-тайды.
Мысалы: Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді.(М.Ә.) Бұл сөйлемде мінезіне деген толықтауышты Абайдың, бұл деген екі анықтауыш сипаттап тұр; кімнің мінезіне? - Абайдың мінезіне. Затқа иелік жағынан сипаттаған: қай мінезіне? - бұл мінезіне; затты нақтылау жағынан сипаттаған: қай мінезіне? - бұл мінезіне; затты нақтылау жағынан сипаттаған.
Анықтауыш сөйлеген сөзімізге көрік өң береді. Көркем шығармадағы табиғат көрінісін, адам келбетін, мінез-құлқын суреттеуде анықтауыш ерекше орын алады. Мысалы: Қыс бойы сұрапылдың ойнағы болған, белес-белес елсіз Итжон ақ көрпесін серпіп тастап, көк торғынға оранып жатыр. Арқаның көктемгі шуағы жанды жадыратқан. Диқаншы жұрт сонау алыстағы көк белдерді кестелеп жүр. Әр тұста әдемі сағым ойнайды. Анда - санда майда жел желпиді (Ғ.Мұст.)
Анықтауыштың негізгі белгілері:
1 .Зат есімнен болған мүшені сындық, сандық, иелік жағынан сипаттайды. Соған сәйкес негізгі сұраулары: қандай? кай? қанша ? неше? қімнің? ненің?
2. Өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысады.
Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз Анықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сын есім. Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір шықты байқады. Былтырғы жарыста Қайролла басым түсті. ("Тербеледі тың дала"). Сурет аудандық газетте де жарияланды.("Өрлеу").
2. Зат есім. Құрылысшы қыз көміршілер қаласына абыроймен оралды.("Өрлеу").
3. Сан есім . Қазір зәулім мектепте алты жүз бала оқиды. Бұл жолғы бірінші кезек біздікі болды .("Өрлеу").
4. Есімдік. Сіздің бар шығармаңыз осы үйден табылды.("Уақыттан озғандар") Қай сала, қай қырқаға келсең де, бір жаңа кітап ашқандай боласың ("Тербеледі тың дала").
5. Етістіктің есімше түрі. Екі ұшқыш келген шаруаларын баяндай жөнелді. Тоштай ұшқыштар жаққа бір қарап алды да, үзілген әңгімесін қайтадан жалғады.
б. Ілік септік жалғаулы сөздер. Баймақан Жомарттың кабинетіне кірді. Оның сөзіне ешкім жауап қатпады. Екеуінің әңгімесі Жамалға сабақ болды (Ғ.Муст)
Жаттығу жұмысы:
№1. Тиісті сұрау қою арқылы анықтауышты тауып, астын сазыңдар, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңдар .
1. Мектептің алдында құжынап көрінген балалардан көз тұнғандай. 2.Асқақтата шырқалған ән қүлаққа саңқылдап анық естіледі. 3. Сәлкен де қартпен қатты қол қысысып амандасты. 4. Сөзіңіздің адал ниетпен айтылып тұрғанын ұғамын.5. Сәлкен, мен саған бір шаруамен келіп тұрмын. 6. Шаруаңызды айтыңыз.7. Мені сиыр фермасына жіберші. Сиыр бағуға қиналмаймын.8. Тілегіңізді қабыл алдым. 9. Жылқы күзетіне басқа біреуді қоямыз. 10. Мен енді көшудің қамына кірісейін(А.Байт.)
№2. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар да, олардың мазмұнына көңіл аударыңдар, содан кейін септік жалғаулы сөздерге сұрақ қойып, толықтауыштың астын сызыңдар.
1. Тілің... жүгірме, білім... жүгір. 2. Аузы... әзілі жоқтың, қолы... қол шоқпары бар. З. Ақымақ....айтқан сөз ағып жатқан су... тең; ақылды... айтқан сөз қол... ұстаған ту....тең. 4. Татулық.... табыс мол. 5. Қорқақ көлеңкесі... де қорқады. 6. Су... шым тоқтатар; сөз... шын тоқтатар.
№3. Мына сұрауларға жауап беріңдер де, толықтауыштың қай септікте тұрғанын айтыңдар.
1. Нені арман етесің? 2. Кімді құрмет тұтасың? 3. Немен шұғылдана-сың? 4. Кімге ұқсағың келеді? 5. Неге (неменеге) әуессің? 6. Неден жери аласың? 7. Кімнен үлгі аласың? 8. Жиналыста не туралы әңгімелестіңдер? 9. Кіммен жолдассың?
№4. Көп нүктенің орнына толықтауышты қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар. Ол үшін толықтауышты қажет етіп тұрған мүшеден сұрақ қойыңдар.
Үлгі: Ол жалтақтап қарай берді. - Кімге?(неге?) қарай берді? - Алтайға қарай берді.
Әсет ... армандайды . Біз ... риза болдық. Ол ... сыйлы. Төлеген ... қуанар. Мен ... оқып шықтым. Олар ... әңгімелесті. Жақсы іс ... ортақ. Сендер ... танымай қалдыңдар. Барлық үйлердің төбесі ... жабылған. Оқушылар көмектесті. Еңбек ардагерінің сөзі ... қатты жер етті.
№5. Оқып шығып анықтауыштарды табыңдар да, қай сөз табынан болғанын айтыңдар. Анықтауышты өзі анықтап тұрған мүшесімен қоса теріп жазыңдар.
Үлгі: Тау жақтан баяу жел еседі.- ... баяу жел.
Әлдеқайдан бір үйір кезбе бұлт көшіп келеді. Мен жағадағы тастақ төбеге шықтым. Кәрі Талас буырқанып жатыр. Су бетінде майда толқындар ойнайды. Кей жерде толқындар үлкен-үлкен қой тастарға шапши соғады. Майда тамшылар аспанға атылып жатады. Жас кезімізде дөңкиіп жатқан тастардың үстіне отыра-отыра қалатынбыз. Сол кезде әлгі тамшылар қойны - қонышымызды қытықтай беруші еді. Сонда біз, батыс аспанын қызыл күрең бояу баскқанша, отыратынбыз(Д.Ә.)
№6. Көп нүктенің орнына тиісті анықтауыш қойып, көшіріп жазыңдар. Анықтауыштың астын сызыңдар.
... жерге қақ тұрар, ... ерге бақ тұрар. Жігіттің ... күшін сұрама, ... ісін сұра. ... сөз жан азығы, еңбек -ырыс қазығы. ... наны тәтті, ... жаны тәтті. ... көркі- құрақ, ...көркі- бұлақ. (мақ.)
Керекті сөздер: көлдің, таудың, еңбектің, жалқаудың, жақсы, қатты, қайратты, жұмсаған, бітірген.
№7. Төменде берілген сөздерді анықтауыш етіп, сөйлем кұраңдар.
Сары ала, ақ сары, байсалды, шағын, желбіреген, сегіз, бесінші, оның, ұжымның, барудың, ормандағы.
№8. Көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар. Пысықтауышқа сұрау қойып , тиісті белгімен астын сызыңдар.
Біз өзен жағалай жүрдік. Жолдың екі жағы- биік ағаш. Торғайлар теректен-терекке ұшып- қонып жүр. Мен қарттың жүзіне бағдарлай қарадым. Анау кең маңдайынан тартылған терең әжімдер сай-сай болып қатарласа жарысып жатыр. Өзен жақтан самал еседі. Ауылға кештетіп жеттік. Үлкен дарбазалы үйдің алдында қарт атын доғарды. ("Дала дауылпаздары")
№9. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш екенін анықтаңдар.
Тамаша табыс өздігінен келмейді. Бисеп Әбішев оны жылы жүзбен қарсы алды. Өмірге өкпем жоқ. Еңбектен бақытымды таптым .("Уақыттан озғандар"). Бақтыбай мен Зейнел бастығымен жарыса амандасты. Бәрі де Барлыбайдың жүзіне барлай қарады. Жас жігіттер алыс жолға дайындал-ды. Актив жиналысы ертеңіне дәл уақытында басталды. Ойдан- қырдан адам көп жиналыпты. Барлаушы - бұрғышылар екен, сырт кейіптерінен - ақ айқын анғарылады. Зейнел былайғы жұрттан бұрынырақ келді. ("Өрлеу").
№10. Жазып, пысықтауышты табыңдар да, жасалу жолдарына қарай талдаңдар.
Бұл түні хатшы жөнді үйықтаған жоқ. Ол барлық ауылға телефон соғып сөйлесіп шықты.Шалғайдағы фермалардың кейбірімен рация арқы-лы хабарласты. Енді бір сәтте шопандар туралы ойлады. Олардың көбінің дидарын көз алдына елестетті. Ауданда бес жүзден астам қой отары бар. Қазір олардың қай жерде отырғаны да Ысматулланың көңілінде сайрап түр. ("Дала дауылпаздары")
№11. Берілген сөздерді пысықтауыш етіп, сөйлем құрастырыңдар.
Үйден, кабинетінде, үндеместен, ілгері, қалыңдап, өткен түнді, сеніммен, асыға, телефон арқылы, жақсы, жалт, кенет.
Достарыңызбен бөлісу: |