Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


көлігінен, жалғыз-жарым талшығынан



Pdf көрінісі
бет122/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

көлігінен, жалғыз-жарым талшығынан айрылу Жігітектің көп кедейіне 
оңай, осал пәле болған жоқ. (М. Ә.) 3) Қолыңнан келгенше ажарлағың келеді. 
(Ғ. Мүсір.) Бұл сөйлемдердегі Шығанақтан, сауынынан, көлігінен, 
талшығынан, қолынан деген сөздер к і м н е н ? н е с і н е н ? н е д е н ?
деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болып тұр. 
Мекендік, көлемдік мағынасы бар зат есім сөздеріне шығыс септік
қосымшасы жалғанып, қ а й д а н ? деген сұраққа жауап беріп тұрса, сөй-лемде 
мекен пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: 1) Жымпитыдан келген 
доктор Ехлас Шуғылов тілмаш Минхайдар Кұрбановтың үйіне түскен еді. (X. 
Е.) 2. Бұл сапарға біз Москвадан келе жатырмыз. (С. М.) деген сөйлемдердегі 
Жымпитыдан, Москвадан деген шығыс жалғаулы сөздер қ а й д а н? деген 
сұраққа жауап беріп, мекен пысықтауыш болып тұр. 
Шығыс септік жалғаулы зат есім сөзі кейін, соң шылауларымен тіркесе 
айтылып, қ а ш а н ? деген сұраққа жауап беріп, мезгіл пысықтауыш та 
болады. Мысалы: 1) Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақтым 
да, сырттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім. (Б. С.) 
76-жаттығу.  Шығыс жалғаулы сөздерді тауып, соңынан жақша ішіне сұрауын қойып, 
көшіріп жазыңдар. 
1. Қазаннан келген артистердің ойынын айтты. (X. Е). 2. Екі қалтаның 
біріне жаңа үйреніп жүрген жастардың еңбекақыларынан да қосылып кететін 


күндер болады. (Ғ. Мүсір.) 3. Мен Россия тарихынан мысал айтайын. (М. Ә.) 4. 
Құлқыннан өтетіл қолда бардың бәрін өзімізге азыққа тығу керек. (Ғ. М.)
5. Мен жаңа ғана генералдан келдім. (Б. М-ұ.) 6. Мектептен бері шыкқан соң 
Батыкең: «Әне, директордың өзі не деп отырғанын естідің ғой — деп, зілдене 
сөйледі. (Б. С.) 7. Жаманшұбардан біздің ауыл неге және қашан көшкенін, 
қайда барып орнағанын менен естігенде, бұл жаңалықты тыңдаған 
Иванченконың көзі қуанғаннан шарасынан шығып кетті. (С. М.)
7. Көмектес септік. Бұл септік жалғау зат есім сөздеріне жалғанып, сөздің 
лексикалық мағынасына қосымша мына сияқты грамматикалық мағына 
туғызады: 
1. Істі, қимылды істеуге бір заттың құрал екендігін білдіреді, яғни көмектес 
септік жалғау қосымшасы жалғанған сөз қимылды орындауға кұрал болған 
нәрсені көрсетіп тұрады. Мысалы: Біз шөпті машинамен тасыдық. Ол 
хатты қарындашпен жазды. Сен поезбен келдің бе? 
2. Істің, қимылдың тәсілін білдіреді. Мысалы: Біз оны айламен ұстадық. 
Ол сабақты ынтпамен оқиды. Кездескен қиыншылықты табандылықпен 
жеңе білу керек. 
3. Істі, қимылды істеудегі, орындаудағы бірлестікті білдіредІ. Мысалы: 
Мен жазғы демалысты қалай өткізу туралы оқытушыммен ақылдастым. 
Ол экскурсияға жолдастарымен бірге кетті. 
4. Қимылдың мекенін білдіреді: Мысалы: Барлаушылар батпақты тоғай 
ішімен таң атқанша тыным таппай жүріп отырды (Қ. Қайсенов)
Көмектес септік жалғаулы сөз к і м м е н ? н е м е н ? қ а л а й ? деген 
сұрақтардың біріне жауап береді. 
Көмектес септік жалғау қосымшалары -мен, -бен, -пенКейде, өте сирек 
болса да, -менен, -бенен, -пенен түрінде де қолданылады. Соңғы түрі ауыз 
әдебиетінде (фольклорда) және халықтың ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. 
Жазба көркем әдеби шығармаларда өте сирек қолданылады. 
Көмектес септік жалғау қосымшалары буын үндестігі заңына бағынбай 
жуан буыннан кейін де, жіңішке буыннан кейін де -мен, -бен, -пен (бала-мен,
ине-мен, қағаз-бен, біз-бен, ат-пен, кілт-пен) түрінде жалғанады. 
Көмектес септік қосымшалары дыбыс үндестігі бойынша сөздің соңғы 
дыбысының әуеніне қарай төмендегі түрде құбылып жалғанады: 
а) Сөздің соңы дауысты және үнді дыбыстардың бірі болса, қосымша-мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет