Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет124/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

- Мүмкіндіктің бәрі бірдей бола бермейді. Күшті, уақытты есептеу керек. 
Колхоз алдымен тамақ, шикізат байлығын жасасын. Бес жыл бойы соғыстан 
бүлінген дүние осыны тілейді. Содан кейін сіз айтқан жаңа сатыға аяқ 
басамыз. 
- Менің жоспарымда осы максат артығымен орындалады. Сонымен қабат 
колхозды жаңа сатыға көтереді. Көріңіз,— деп, Жомарт та өз жоспарын 
столдың үстіне жайды. Жоспардың дұрыстығын дәлелдейтін қиын-қиын есеп, 
диаграммаларды қоса жайды. Есжан үңіліп отыр. Өңінде титтей де толғану 
нышаны байқалмайды. Бұдан бірнеше күн бүрын Сатан екеуі Жақыптың 
жоспарын қарап, қатты ұнатқан. Тосыннан кездескен жаңалықты лаулаған ой 
қапелімде кабылдай қоя ма? Оған секретарьдың пікірін, жоғарыдан келген 
нұсқауды мықты ұстайтын әдеті қосылып кетті де: 
Мазмұнын қысқаша айтыңызшы,— деді келтесінен. —
Цифрдан қысқа сөз бола ма?—деп, күмілжіді Жомарт.— Бұның өзі қысқа, 
шағын бір жылдық қана жоспар. Сауын сиырының жүзден жиырма бесі асыл 
тұқымды болса, жүздің бергенін береді. Сонда 75 сиырдың беретіні 
қалпымен пайдаға қалады. Егістің жүзден елу гектарына агрономияны 
толық пайдалансақ, бұ да жүздің бергенін береді. Елу гектардың өнімі пайдаға 
қалады. Толық есептерін бірінші, екінші кестеден қараңыз. Осы екеуінің өзі-ақ 
миллиондаған сом кірістер енгізіп тұр. Тиірменді, ұста дүкенін, фермаларды, 
колхозшылардың үйін электрлендіру арқылы жылына ең кемі екі мың сағат 
жұмыс уақытын үнемдеуге болады. Бұл — неше жұмысшының неше жұмыс 
күніне тұратынын есептей беріңіз. Осынша ен байлықты көре-тұра айтпауға 
бола ма, ол үшін айтыспауға бола ма? (Ғ. М.) 
 § 57. Аналитикалық септік 
Септік категориясы мағынасының көмекші сөздердің қатысуы арқылы 
күрделіленген түрі аналитикалық септік деп аталады. Мысалы: үйдің іші, 
үйдің ішіне, жұмыстан кейін, үйге қарай, үй ішін, үйден гөрі, мерзімінен 
бұрын, жолдасымен бірге сияқты көмекші сөздер арқылы септелген зат 
есімдер немесе септелген зат есім мен септеулік шылау тіркескен сөздер 
аналитикалық септікке жатады да, ол сөздер септіктің аналитикалық 
тұлғасындағы сөздер деп аталады.
Аналитикалық септікте әр септіктің негізгі мағынасы сақталады, ол 
мағынаның үстіне қосымша мағына үстеледі. Көмекші есім мен септеулік 
шылау көрсеткіштері септік категориясының мағынасын кеңейтіп, нақтылай 
түседі. Аналитикалық септік көмекші есімдер мен септеулік шылаулардың 
қатысуы арқылы жасалады да, көмекші есімді аналитикалық септік және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет