Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


 Ауыспалы өткен шақ.Сөйлемдегі өзге сөзге байланысты бірде өткен



Pdf көрінісі
бет189/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

4. Ауыспалы өткен шақ.Сөйлемдегі өзге сөзге байланысты бірде өткен 
шақтық, бірде келер шақтық ұғым беретін етістіктің шағы
а у ы с п а л ы ө т к е н ш а қ деп аталады. 
Ауыспалы өткен шақ есімшенің ауыспалы осы шағынан соң жіктік 
жалғау қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар+а+мын, 
кел+е+тін+сің, ойла+й+тын+сыз. 
Мен бұрын киноға жиі баратынмын. Олар ертең келетін. Бірінші 
сөйлемдегі баратынмын деген етістік өткен шақтық ұғым беріп тұр, өйт-кені 
ол сөйлемдегі бұрын деген сөз бару қимылының өткен уақытта болға-нын 
білдіреді.Ал екінші сөйлемдегі келетін деген етістік келер шақтық ұғым 
береді, өйткені ол сөйлемдегі ертең деген сөз келу қимылының болашақта 
істелетіндігін білдіріп тұр. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Етістіктер грамматикалық категорияларына қарай қалай бөлінеді ? 
2) Етістіктің шақ категориясы неге байланысты ? 
3) Етістіктің неше шағы бар ? 
4) Етістіктің қай уақыттағы іс-әрекетті білдіретін шағы өткен шақ 
деп аталдады ? 
5) Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай неше түрлі 
болады ? 
6) Жедел өткен шақ қай мезгілдегі іс, қимыл, әрекетті білдіреді ?
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
7) Ежелгі өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ?
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
8) Бұрынғы өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ? 
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
9) Ауыспалы өткен шақ қай уақыттағы іс, қимыл, әрекетті білдіреді ? 
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады ? 
122-жаттығу. Мәтінді көшіріп, өткен шақтық етістіктің астын сызыңдар. Олардың өткен 
шақтың қай түрі екендігін, жасалу жолын айтыңдар. 
Мен өмірге келген күні айырылып, кеш танысқан анамның суретіне 
қарап отырып, өз пішінімді еске түсірдім. Өткен қыс өмірімде бірінші рет 


213 
мен өзімді үлкен айна алдында көрген едім. Бұл Надежда Петровнаның үйіне 
ең алғаш барған күніміз болатын. Біз рұқсат сұрап, есіктен кіріп бар-
ғанымызда, үлкен бөлменің қарсыдағы қабырғасынан бірі бұйра шашты ақ 
сары, екіншісі майлап қойғандай жылтыр қара бала көрінді. 
-Дауыл, бөркіңді іл, -деп, Надежда Петровна маған қарап еді, Сережа 
жабыса түсті. Сережадан аумаған бұйра шаш та жанындағы қара баланың 
бас киіміне оң қолын апара берді. Оның бөркінің де оң құлағы жұлынғалы 
тұр екен, көзінің алды көгеріп кетіпті. «Тегі бір сойқанда болып шыққан 
шығарсың» деп, күліп жіберіп едім, мені мазақтағандай қарсымдағы қара да 
жымиды.(Ә.С.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет