126-жаттығу
.
Мына сөйлемдерді көшіріп, бұйрық райлы етістіктің астын сызыңда. Олар
қай жақта екенін және қалай жасалғанын айтыңдар.
1. - Қозғалмай жат! Қозғалсаң, екеуміз де жарыламыз, - дейді. ( Қ. Е.)
2. –Ол кім? Егер де жақсы болса, айтқаныңды істейін, -дейді. 3. –Адам баласы
ғой , шақырыңдар, -деді хан. 4. –Егер де кімде-кім әкеліп берсе, соған не
тілесе, сонысын берейін! –деп, хан жұртқа жар салды.
5. Енді тоқта қызықты бір көрелік.
Ұмытпасақ, айналып бір келелік.
Қодар, Тоқсан, Қарабай жата тұрсын,
Балталыдан бір жігіт ап келелік.
6. Сәлем айт ініңізге іздеп келсін,
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін.
Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда,
Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін. (Қ. Е)
§ 89. Шартты рай
Сөйлемдегі өзге етістікте айналған іс, қимыл, амалдың
орындалуының я орындалмауының шартын көрсетіп тұратын етістіктің
түрі ш а р т т ы р а й деп аталады.
Мысалы: Жаңбыр жауса, жер көгереді. Билет болса, біз бүгін киноға барамыз
деген сөйлемдердегі жауса, болса деген шартты райлы етістіктер өздерінен
кейін айтылған көгереді, барамыз деген ашық райлы етістіктегі қимыл,
амалдың шартын білдіріп тұр. Жердің көгеруі үшін, жаңбырдың жаууы шарт:
киноға бару үшін, билеттің боолуы шарт болып көрсетіліп тұр.
221
Шартты рай етістіктің түбіріне –са, -се жұрнағы жалғану арқылы
жасалады. Шартты райлы етістікке жіктік жалғау қосымшалары І және ІІ
жақта ғана жалғанады.
І жақта жіктік жалғау қосымшасы жекеше түрде -м болып жалғанады
-қ, -к (бар+са+м, кел+се+м, бар+са+қ, кел+се+к)
ІІ жақта жекеше анайы түрде -ң, сыпайы түрде -ңыз, -ңіз болып
жалғанады ( бар+са+ң, кел+се+ң, бар+са+ңыз, кел+сеңіз) ІІ жақтықь жіктік
жалғаудан соң - дар, -дер көптік жалғау қосымшасы жалғанып, шартты
райдың екінші жағының көпше түрі жасалады ( бар+са+ңдар, бар+са+
ңыздар, кел+се ңіздер).
Шартты райдың үшінші жағының жекешесінің де, көпшесінің де арнайы
жіктік жалғау қосымшасы болмайды. (ол келсе, барса; олар келсе, барса ).
Достарыңызбен бөлісу: |