Қазақ тілінде кездесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы араб текті сөздер. Соның бір саласы кісі есімдері


Әбдіхалық. Кезінде мен де трактор руліне жүрексіне отырғанмын, — дейді Әбдіхалық



бет11/21
Дата24.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
#78152
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Әбдіхалық. Кезінде мен де трактор руліне жүрексіне отырғанмын, — дейді Әбдіхалық («С. Қ.»).
عبد الخير (‘абд-ул-хайр; ‘абд — қар. عبد ; хаир — қар. خير ) — б. т. е. ‘абд + аль-хайр: Әбдулхайыр. «Көктемнің әр күні жылға азық» деген емес пе,— деді Әбдулхайыр, өзіне-өзі күбірлеп

(«Л. Ж».).

Әбдіқайыр. Әбдіхайыр. Кейінірек Әбдіқайырмен сөйлестік (С. Асанов). Бригадир Әбдіхайыр көктем шыға үйде отырмайтын болды («Жұлдыз»).

عبد الرحمان(‘абд-ур-рахман; ‘абд — қар. عبد ; рахман — қар. رحمان ) — б. т. е. ‘абд + ар-рахман: Абдырахман, Абдрахман. Абдырахман (1868-1895) жиырма жетінші жасында көз жұмды (Абай). Абдрахман сияқты атақты шопандар төл алу жөніндегі жеке бесжылдығын асыра орындап... еселі еңбек етуде (О. Дүтбаев).



Абдраман. Абдраман көзін ашып алса, үй іші әлі алакөлеңке екен («Л. Ж».).

Әбдірақман. Әбдірақман Жандаркүл есімін ауызға алғанымызда-ақ мақтай жөнелді (Ж. Сәтібаев). Әбдірахманова Тұрсынхан - қазақ ақыны («Қ. С. Э».).

ӘбішАбдірахман есімінің еркелете айтылу түрі. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек-ті. Жүрегі — жылы, бойы құрыш, Туысы жаннан бөлекті (Абай). Әбіштің сапарға аттану кезі жақын қалды

(М. Әуезов).

Қабдырахман. Бүгінгі таңда малдың жайын Қабдырахманнан жетік білетін жан жоқ десе де болғандай («С. Қ.»).
عبد الرحيم (‘абд-ур-рахимқайырымдылық құлы) – б. т. е. абд + ар-рахим: Әбдірайым, Әбдірәйім. Әбдірайым сырмалы күрткесін желең жамылып, далаға шықты («Л. Ж».). Әбдірәйімнің денесі таңғы салқын ауада жылдам сергіді («Жалын»).

Әбдірақым, Әбдірахым, Әбдірахим. Әбдірақым дала қосына апақ-сапақта келіп жетті («Л. Ж».). Қасымызда шаруашылықтың бас инженері Әбдірахым жолдас бар («Л. Ж».). Нұралының ағасы Әбдірахим колхозда шопан болып істейді («Жалын»).

عبد رزاق(‘абд-ур-раззақ; ‘абд — қар. ; عبد раззақ — қар. رزاق ) — б. т. е. абд + ар-раззақ: Әбдіразақ. Аға шопан Әбдіразақ үйге ренжи кірді («Жалын»).



Ғабдыразақ. Ғабдыкәрім мырзадан басқа да ашық пікірлі Ғабдыразақ хажы, Мұса, Құсайын, Қамбар секілді жаңа заманға назары түзу адамдар бар (С. Торайғыров).
عبد الرسول(‘абд-ур-расул; ‘абд — қар. عبد; расул — қар. رسول ) б. т. е. ‘абд + ар-расул: Әбдірасул. Әбдірасул Ерқанды ертіп, үйіне беттеді («Л. Ж».).

Әбдірасыл. Әбдірасыл ашу үстінде қолын бір-ақ сілтеді ( «Жалын»).
عبد الرشيد (‘абд-ур-рашид; ‘абд — қар. ; عبد рашид — қар. رشيد ) б. т. е. абд + ар-рашид: Әбдірашит, Әбдірәшит. «Құрметті Әбдірашит Қайырбекұлы Бектемісов жол­дас! Сізді Ұлы Отан соғысының ардагері есебінде өзіңіз азат етуге қатысқан қала тұрғындарымен кездесуге шақырамыз» деген хаттар, телеграммалар келеді («Л. Ж».). Әбдірәшит жасыл желек көмкерген көше бойымен жоғары өрлеп келеді («Л. Ж».).

Әбдірәшіт. Металл табаққа ерлікпен қаза тапқан бұрынғы жұмысшылар М.Әбдірәшітовтің,

И.М.Михайловтың есімдері жазылған («Л. Ж. »).



Қабдырашид, Қабдырашит. Хабиба мен Қабдырашид те бірдеңе айтуға оқталып еді, Әдекең сөздерін бөліп жіберді (О. Қалиев). Мал төлдей бастағалы Қабдырашит осында жүр («Жалын»).

Қабділрашид. Қабділрашид жақындап келіп аттан түсті («Л. Ж».).
عبد الرئيس(абду-р-раиис; ‘абд — қар. عبد; раиис - қар. رئيس ) б. т. е. абд + ар-раиис: Әбдірейіс. Әбдірейіс табан астында жолға шықты Жұлдыз»).
عبد الستار (‘абд-ус-саттар; ‘абд — қар, عبد; саттар — қар. ستار) — б. т. е. абд + ас-саттар: Әбсаттар. Достық қоғамының Иракқа барған делегациясы ішінде араб тілінің маманы Әбсаттар Дербісәлиев болды (М. Қаратаев).

Ғабсаттар... Аманкелді Ғабсаттаровтың кілем үстіндегі естен кетпес әйгілі айқастары кішкентай Жақсылыққа жырдан қызық («Қ. Ә».).
عبد السلام (‘абд салам; ‘абд. — қар. عبد ; салам سلام ) б. т. е. ‘абд + салам: Әбсәлем. Файзолла Абсәлемов — өнер қайраткері («Қ. С. Э».).

Әпсалам, Әпсәлам. Әпсалам бүгінгі атқарылған істердің мәліметтерін дайындады («С. Қ»). Әпсәлам дала қосына келгенде, күн де ұясынан көтерілді («Л. Ж».).

Ғабдісәлам. Ақын туралы жаңа деректердің бірі — Сұлтанмахмұттың анасы Зүпнүннің немере інісі, ақыннан алты жас кіші Ғабдісәлам Мәжитұлы Шабаровтың естелік хаттары («Қ. Ә».).

Қапсалам. Не боп қалды, жайшылық па?— деді Қапсалам (Ш. Күмісбаев).
عبد سيد (‘абд сайид; ‘абд — қар. ; عبد сайид — қар. سيد) — б. т. е. абд + сайид: Әпсейіт. Әпсейіт бөлмеге ентіге кірді (X. Рахматуллин).
عبد صديق (‘абд садиқ; ‘абд — қар. ; عبد садиқ — қар. صديق ) — б. т. е. абд + садиқ: Әбдісадық. Әбдісадық екеуміз сендер келгенше қарай тұрамыз («Л. Ж».). Әпсадық. «Талап тас жарады»,— дейді Әпсадық («Л. Ж».).
عبد الصفاء(‘абд-сафа; ‘абд — қар. عبد ; сафа — қар. صفاء ) б. т. е. ‘абд+сафа: Әбдісапа. Әбдісапа осы өндірісте жұмыс істейді (Ж. Тілеков).
عبد الصمد (‘абд самад; ‘абд — қар. عبد ; самад — қар. صمد ) — б.т.е. абд + самад: Әбдісәмет.— Мен де барып қалармын арттарыңнан,— деді Әбдісәмет («Жалын»).

Әбсемет. Әбсемет сиыр фермасынан көңілсіз оралды («С. Қ».).

Қапсамет. Қапсамет жиналыста бригадир болып сайланды («Л. Ж».).
عبد العبيد (абд-ул- абид; ‘абд — қар. عبد ; ‘абид — құлдар عبيد ) — б. т. е. ‘абд + ал-‘абид: Ғабдулғабид. Ғабиттің алғашқы қойылған аты — Ғабдулғабид. Ол арабша «құлдардың құлы» деген сөз

(С. Мұқанов).
عبد العزيز (‘абд-ул-азиз; ‘абд — қар. عبد ; азиз عزيز ) — б. т. е. абд + ал-азиз: Абдулғазиз. Абдулғазиздің кішкене балалары оларға қызыға қарайды («Л. Ж».).

Әбдіғазиз. Ақылшы ағаң — осы кісі,— деді Александр Николае­вич есіктен кірген Әбдіғазизды көрсетіп (К. Асанов).

Ғабдул-Ғазиз. Ғабдул-Ғазиз: Сұқсұр үйрек, суың қайда, Суға баурың жылынбай ма? Қанат емес, қараңғы ойдан, Құс жүрегің суылдай ма? (“Л. Ж.”)

Ғабдіғазиз. Үш қыз қырат басына көтерілген Ғабдіғазизды жазбай таныды («Жалын»).
عبد العظيم (абд азим; ‘абд-қар азим - қар. عظيم) б. т. е. абд + азим: Әбдәзім. Әбдәзім үндемей құтылды («Жалын»).
عبد على (‘абд али; ‘абд — қар. عبد ; али - қар. على ) — б. т. е. ‘абд + ‘али: Әбдәли. Қарақозы Әбдәлиев батыр атанды (Жалын»)

Әбдуалы. Шопан Әбдуалы өз мамандығын жетілдіру үстінде («Л. Ж».).

Әбдуәли. Қайдаров Әбдуәли Туғанбайұлы — қазақ тіл білімінің маманы, түрколог («Қ. С. Э».).

Әбдіғали. Қырымға шыңнан өрлеп арындамай, Неліктен Әбдіғали қорғанады (К. Әзірбаев).

Ғабдуали. Ғабдуали басқа амалдың жоқтығына көзі жетіп салы суға кетіп, үнсіз отырып қалды («Жалын»).

Қабдығали. Қабдығали — Орал облысы, Фурманов ауданының бұрынғы оқытушысы, Ұлы Отан соғысының құрбаны (С. Харбиев).
عبدعليم(‘абд ‘алим; ‘абд— қар. ; عبد ‘алим — 1) білген, хабардар; 2) данышпан, бәрін білетін) б. т. е. абд + ‘алим: Әбдіғалым. Әбдіғалым қария — еңбек және соғыс ардагері («Қ. Ә».).
عبد الغفار(‘абд-ул-ғаффар; ‘абд — қар.; عبد ғаффар — қар. غفار ) — б. т. е. ‘абд + аль-ғаффар: Әбдіғапар. Әбдіғапар кісіге көзін қысып сөйлейтін, әлжуаз адам екен (С. Хай­даров).

Әбдіғаппар. Ақтадың Әбдіғаппар молданы аяп, Сол үшін артық деме жесең таяқ (Сейтқасым).

Әбділғаппар. Әбділғаппар қызынған жігіттерге басу айтты («Л. Ж».).
عبد غنى(‘абд ғани; ‘абд — қар. عبد ; ғани — қар. غنى ) — б. т. е. абд + ғани: Әбдіғани. Әбдіғани кабинетінде отыр екен (Ж. Тілеков).
عبد القادر (‘абд-ул-қадир; ‘абд — қар. عبد ; қадир - қар. قادر) — б. т. е. ‘абд-аль-қадир: Абдулқадыр. Жиналыста айтылғандарды Әбдулқадыр ой елегінен өткізіп келеді («Л. Ж»).

Әбдікәдір. Жарыс жалауын көтеру құрметі дүбірлі жарыс жүлдегері Әбдікәдірдің еншісіне тиді

. Жиенбаев).

Әбдіқадыр. Әбдіқадыров Қалмақан (1903-64) — қазақ жазу­шысы («Қ. С. Э.»).
عبد القاسم (‘абд қасим; ‘абд— қар. عبد; қасим - қар. قاسم ) — б. т. е. ‘абд + қасим: Әбдіқасым. Сөз соғып Әбдіқасым арамызға, Бүлдірер ынтымақты апыр-шапыр... Ұлбай қыз»).
عبد القيوم (абд қаййум; ‘абд — қар. عبد; қаййум — қар. قيوم) б. т. е. абд + қаййум: Әбдіқайым. Әбдіқайым партком секретарының кабинетіне кіріп кетті (У. Қалижанов).
عبد الكريم(абд-ул-карим; ‘абд - қар. عبد ; карим-қар. كريم ) — б. т. е. абд + аль-карим: Абдулкәрім. Дүйсебаев Абдулкәрім 1909 жылы Семейдегі семинарияға түсті (Қ. Мұхаметханов).

Әбдікәрім. Айтпақшы, ақын қайда Әбдікәрім, Көп таттық өлеңінің тәтті нәрін (Файзолла).

Әбдікерім. Әбдікерім қияқ мұрт, жіптіктей ұзын бойлы, сымбатты келген мейірбан жүзді жігіт екен («Л. Ж».).

ӘбдікешӘбдікерім есімінің еркелете айтылу түрі. Бірде Әбдікеш ағай өтініп қоймаған соң атымды бердім («Жалын»).

Ғабдікәрім. Ғабдікәрім мырзадан басқа да ашық пікірлі... жаңа заманға назары түзу адамдар бар

(С. Торайғыров).

Қабдыкәрім. Ыдырысов Қабдыкәрім — қазақ ақыны («Қ. С. Э»).

Қабдыкерім. Ауылдағы қыз біткеннің әншісі, Нәзіктіктің мөлдіреген тамшысы, Ерке қызы Қабдыкерім шопанның (Е. Ибраһим).
عبد اللطيف (‘абд-ул-латиф; ‘абд — қар. عبد; латиф — қар. لطيف) б. т. е. ‘абд + аль-латиф: Әбдулләтіп. Ұлықбекті өз баласы Әбдулләтіп өлтіреді («Қ. Ә.»).
عبد اللـه (‘абд-улаһ; ‘абд — қар. عبد ; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. абд + аллаһ: Абдулла. Алыста жүрген үлкен ұлы Абдулласын ойлап қамыққан ана көз жасын бір сығып алды («Жалын»).

Абдол. Төрде Абдол ақсақал отырған-ды (Р. Иманғалиев).

Абдолла. Абдолла — Москвада, Кремльдің үлкен сарайында күй шерткен жігіт (М. Сатыбалдиев).

Абдуллахан. Самалсыз сахараның ыстық лебінен Абдуллахан маужырап келеді («Жалын»).

Әбділда. Тәжібаев Әбділда Қазақстанның ғана ірі көркем сөз шебері емес, маңдай алды ақындардың қатарына қосылады (И. Сельвинский).

Әбілда.Әбілда пішендіктен келе жатыр екен («Л. Ж».).

Ғабдол. Хакім уездік партия комитетінің хатшысы Ғабдол Дәулетовті білімділік жағынан да, іс тәжірибесі жөнінен де қатарынан озып шыққан адам деп бағалайтын (X. Есенжанов).

Ғабдолла. Бұзырбаев Ғабдолла (1908—1941) — Қазақстан партия қайраткері («Қ. С. Э».).

Ғабдулла. Мәлік Ғабдуллин (15. 11. 1915-2. 1. 73) — қазақ совет жазушысы... («Қ. С. Э».).

Қабдол. Жастық шағын еске алған Қабдол қарияның қазіргі түрі ат үстінде ұйықтап кеткен сияқты көрінеді («Жалын»).

Қабдолла. Біраз демалған соң Қабдолла, Қыдырбек, үшеуміз тауға шығып серуендедік

(Н. Мырзақанов).
عبد المجيد(‘абд-ул-мажид; ‘абд — қар. عبد ; мажид مجيد ) б. т. е. ‘абд + аль-мажид: Әбдімәжит. Жатақханааралық жарыста Әбдімәжит шахматтан чемпион болды (Ж. Нұрғожаев).

Ғабділмәжит. Дәулетбаев Ғабділмәжит (Мәжит) (1900-38) - қазақ жазушысы, ақын, драматург, сыншы, публицист, аудармашы («Қ. С. Э».).
عبد المراد(абд-ул-мурад; ‘абд — қар. عبد ; мурад - қар. مراد ) — б. т. е. ‘абд + аль-мурад: Әбдімұрат. ...Басшысы құрылысының Әбдімұрат, Ұялмай жаздай ұйықтап жатыр дейді (Айтпай).

Ғабдолмұрат... Туғанына алты-жеті ай болып қалған Ғабдолмұратты шөпілдетіп сүйіп жатыр екен (С. Бақбергенов).
عبد المطالب(абд муталиб; ‘абд — қар. عبد; муталиб — қар. مطالب )— б. т. е. ‘абд + муталиб: Әбдімүтәліп. Әбдімүтәліптің мінезі мүлде басқаша болып шықты (Ж. Тілеков).

عبد ملا (абд мулла; ‘абд — қар. عبد ; мулла — қар. ملا) - б. т. е. ‘абд + мулла: Әбдімолда. Әбдімолда, Сәрсен мен Арынтайлар, Шапқан жері шатқал мен жыра-сайлар (К. Әзірбаев).


عبد الملك (абд малик; ‘абд — қар. عبد ; малик — қар. ملك ) — б. т. е. ‘абд + малик: Әбдімәлік. Әбдімәліктің мұғалім болуға бел байлауының сыры, бәлкім, оның осынау мамандықты жанындай жақсы көретінінен болар («Л. Ж».).

Қабдімәлік. Әсемқожаның меңзеп тұрған адамы Қабдімәлік осы ауылға өткен жылы көшіп келген (Қ. Сәттібаев).
عبد مومن (абд мумин; ‘абд — қар. عبد ; мумин — қар. مومن) б. т. е. ‘абд + мумин: Әбдімомын. Әбдімомынның жайын да түсінуге болады («Л. Ж».).
عبد الناصر (абд-ун-насир; ‘абд — қар. عبد ; насир — қар. ناصر) б. т. е. ‘абд + ан-насир: Қабдылнасыр. Совхоздың озат шопаны Қабдылнасыр әр жүз саулықтан 141 қозы алып, облыс бойынша рекорд жасады («С. Қ».).
عبد الوهاب (абд уаһһаб, ‘абд — қар. عبد ; уаһһаб — қар. وهاب ) — б. т. е. ‘абд + уаһһаб: Әбдуоқап. Қасымда отырған Әбдуоқап ақсақал:— Міне, Шардара дегеніңіз осы,— деді (О. Өмірбеков).
عبيد اللـه (убайд-ул-лаһ; ‘убайд — кішкене құл; عبيد ; аллаһ — қар. اللـه ) б. т. е. убайд + аллаһ: Ғұбайдолла. Жәңгіров Ғұбайдолла (1840-1909) — патшалық Россияда Қазақстаннан шыққан әскери қайраткерлердің бірі, атты әскер генерал-лейтенанты («Қ. С. Э».).
عبيدة(убайдажас күң). Үбайда. Үбайда алғашқы кезде жүрексініп жүрді («Л. Ж».).
عثمان (усманжалқы есім). Осман. Алаңдаған көнілі Осман келгеннен кейін аздап басылды

(«Л. Ж».).

Ғұсман. Әзірбаев Ғұсман Нығметұлы (1904-44) — азамат соғысының батыры («Қ. С. Э».).

Қосман. Қосман мал фермасына ат басын тіреді («Жалын»).

Қоспан. Шығарманың бас кейіпкері Қоспан — мейлінше адал адам («Қ. Ә. Т».).

Құспан, Құсман. Әлгі Балғын айтқан Құспан сияқты... (С. Бақбергенов).

Оспан. Бұл келген Оспан ғой, Құдай бұрын қосқан ғой. Ақаным нашар жатыр деп, Бері қарай жосқан ғой (Ақан сері).

Оспанбек (а-қ). Оспанбек жігіттің женілтек мінезін ұнатпай қалды («Жалын»).

Оспанқұл (а-қ). Жырыңды оқып, жиенім, шаттанғанмын. Айтып беріп, халқыма мақтанғанмын, Оспанқұлың келді деп осы жырды Жас балалар әуес қып жаттап алдың (К. Әзірбаев).

Оспантай (а-қ). Оспантай мен Қамза аңырап, бет-ауыздары жыбырлап, еріксіз күлкіге бейімдеп барады (Б. Майлин).

Оспанхан (а-қ). Оспанхан ертеңіне тағы келді... («Л. Ж».).
عثمان على (усман али Оспан мен Әли) б. т. е. Усман + ‘али: Құсманғали. Құсманғалиев Жаныбек — үшінші рангілі милиция комиссары («Қ. С. Э».).

Оспанәлі. Оспанәлі отырғандарды көзінің қиығымен бір шолып өтті («Жұлдыз»).
عجيب (ажибтаңқаларлық, керемет, ғажап, тамаша). Ажып. Ажыптың титтей бөбегі, Беске де жасы толмаған, Ойымды неге бөледі, Неліктен құштар ол маған? (X. Ерғалиев).
عد الة(адала әділдік, туралық). Адалат. Адалаттың жасы биыл он тоғызға шығыпты

(Ж. Тілеков).
عد لة (адлаәділдік, туралық, шыншылдық). Әділет. Не дерін енді қазір білмей тұрды, Ерлікке жер көрмеген бұл сықылды, Мәз болып ұрпағының айбатына Әділет қошаметпен қолын ұрды

(Қ. Сатыбалдин).
عدن (йадан1) рақат; 2) жаннәт, ұжмақ). Әден. Әден қонақ үйге ертелетіп келіпті («Л. Ж».).

Әденбек. Бұл кірген Әденбек етін («Жалын»).
عرب(арабарабтар, бәдәуилер). Араб. Ғаббасов Араб Мақаұлы — ғылым қайраткері

(«Қ. С. Э.»).

Арап. Торасанның момын саналатын үшінші баласы — Арап (С. Мұқанов).

Арапбай (а-қ). Байырғы шопан Арапбай бесжылдықтың анықтаушы жылының биік белестерінен көрінді («Л. Ж»).

Арапбек (а-қ). Арапбек күрішші күріштігіне насаттана көз тастайды («С. Қ».).

Ғарабша (а-қ). Ғаббасов Сабыржан Ғарабшаұлы (1889-1918) — Жетісу мен Семейде Қеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы... («Қ. С. Э».).
عرفة (‘арафаМеккенің жанындағы таудың аты). Арапа. Өнерпаздар коллективі селоларда, өнеркәсіп орындарында болып, концерт беріп тұрады,—дейді Арапа («Л. Ж».).

عزة(‘изза 1) даңқ, абырой, адамгершілік; 2) ауыс. қадір, сый, құрмет). Иззат. Иззат қабылдаған міндеттемесін мерзімінен бұрын орындады («С. Қ».).



Ғизат, Қизат. Ғизат сыртқа шығуға кешелі-бүгін жарады («Жалын»). Қизат орнынан сүйретіле тұрып, есікке карай жылжыды («Жалын»).

Ізет. Ізет — XX ғасырдың Шығайбайы, қашан көрсең, өзі есекті, есегі арбаны мықшыңдай тартып, мал жинаған шал (Д. Досжанов). Кім қандай қызмет істейтінін Ізет айырып жатыр ма... (К. Ахметбеков).
عزة اللـه (‘иззат-ул-лаһ; ‘иззат — қар. عزة; аллаһ — қар. اللـه ) — б. т. е. иззат + аллаһ: Ғизатулла. Мәдениет саласында үзбей істеп келе жатқан Ғизатулла... халық өнерін талмай насихаттап келеді («Л. Ж».).
عزيز (‘азиз 1) күшті, қуатты, құрметті; 2) сирек, бағалы, құнды; 3) ауыс. қасиетті). Әзиз. ...Әзиз сияқты талай-талай талапты әдебиетші жастар болды (Қ. Бекхожин).

Әзберген (а-қ). ...Әзберген сияқты тәжірибелі күрішшілер әр гектардан 65-85 центнерден өнім алды (А. Тоқмағамбетов).

Әзтай (а-қ). Бүгіндері қаладан баласы келіп, Әзтайдың қолы ұзарған кез («Жалын»).

Ғазиз, Қазиз. Бұрын алыс жолға шығып көрмеген Ғазиздің бала-шағасын ойлап мазасы кетті («Жалын»).

Ғазизбай (а-қ). Дыбырлап асығыс сөйлейтін Ғазизбай шаруа жайын тез айтып болды (С. Мұқанов).

Ғазизбек (а-қ). Ғазизбек екі ойлы болып қалды («Жұлдыз»).

Ғазіз. Әнуарбек бір күні көшеде Ғазізбен ұшыраса кетті (Ө. Жолымбетов).
عزيز محمد(‘азиз-мухаммад; ‘азиз — қар. عزيز ; мухаммад-қар. محمد ) — б. т. е. ‘азиз + мухаммад: Әзмұхамбет. Әзмұхамбет - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған ақын («Айтыс»).
عزيزة (‘азиза1) күшті, қуатты, құрметті; 2) сирек, бағалы, құнды; 3) сүйкімді, жарқын). Әзиза. Биік белге көтерілген Әзиза қайрылып артына қарады («Л. Ж».).

Ғазиза, Қазиза. Исаның шешесі Ғазиза — әншіл, сауықшыл, ашық көңілді, жарқын мінезді ана болған («Қ. Ә. Т».). Хамза деген әкем, Қазиза деген шешем бар,—деді Алексей (М. Сатыбалдиев). Күлшебай сосын жайбарақаттылықпен Қазизаға қарады (С. Сарғасқаев). Қазизаның іші алауласа да, көп жылаған жоқ (3. Иманбаев).
عسكر(аскарәскер, қол, армия). Әскер. Баланы Әскердің алдына тастайды да, жөнеп береді («Жұлдыз»).

Әскербек (а-қ). Әскербек бірнеше күн дәмдес болған жолдастарына қимай қарады («Жалын»).

عسلасал1) бал; 2) ауыс. тәтті, шырын). Әсел. Қасқарауға біткен келіндердің ішінде Ноғайбайдың бәйбішесі Әселден тәуірі болған жоқ (М. Жолдасбеков)


عشر (ушр1) оннан бір; 2) салық (астық түсімінің оннан бірі). Ұшыр. Ай астында ағараңдап жүрген Ұшыр екен Жалын»).

Үшірбек (а-қ). Бұл — еңбекпен келген қуаныш ізі,—деді Үшірбек Л. Ж».).
عصمة (исмат1) қателеспейтін; бұзылмаған, адалдық, тазалық, қайырымшылдық, адамгершілік; 2) қорғаушылық, қамқоршылық, сүйеушілік; 3) алқа). Исмет, Есмет. Исмет қазір Шымкентте тұрады («Л. Ж».). Есмет өзім білермендікке салынып, ешкімді тыңдағысы келмейтін сыңай танытты

(«Л. Ж».).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет