Қисмет, Хисмет. Комсомолец деген ардақты атты кім қалай түсінеді, соны білгім келеді,—дейді Қисмет («Л. Ж».). Динаның өзінен күй үйреніп, домбыраны құс тілімен талмай сайратып келе жатқандардың ішінде Хисмет Меңдіғалиев бар (М. Сатыбалдиев).
Ісмет. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев — қазақ тіл маманы, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері («Қ. С. Э».).
عطر(‘итр — әтір; иіс май). Әтір мен Бағиралар күніне 2-2,5 гектар жер суарады («С. Қ.»).
Әтірбай (а-қ). Қайбірін тізіп айтайын, Серік пен Сәти, Әтірбай — Жігіттер еді-ау, қайтейін, Найзағайдың отындай (Ш. Смаханұлы).
عظمة(‘азама — 1) ұлылық; 2) мақтаныш; 3) асқан әдемілік). Азамат. «Көп түкірсе — көл», жұмысшылар көмектеспекші,— деп Азамат өзін мазалаған ойын ортаға салды (Т. Қойшыманов).
عظيم(‘азим — 1) ұлы; 2) алып; 3) атақты; 4) маңызды; 5) салмақты). Әзім. Бір жасап, екі жасап, Әзім өсті, Онан соң медресеге барып түсті (Абай).
Әзімбай (а-қ). Жайқалып өсіп жасынан, Әзімбайдың бір қызы Назым сұлу атанды («Қам. б».). Тәкежан баласы Әзімбайдың жеті ауылы Жігітек жерінің шөбін рұқсатсыз шауып алуы тағы да ағайын арасына жік салады (М. Атымов).
Әзімбек (а-қ). Әзімбек беліне арқан байлап, құдыққа түсуге икемделді («Л. Ж».).
Әзімқұл (а-қ). Әзімқұл мен Әмірзақ өздерінің сүйіспеншілік сезімдерін білдіріп жатты («Қ. Ә».).
Әзімхан (а-к,). Ауылда ат, құс қадірін Әзімханнан асып ешкім білген емес (Б. Момышұлы).
Ғазым — Алғашқы ұстазым — Диханбай, сосын — Ғазым («Л. Ж».).
Ғазымбек (а-қ). Ғазымбек басын ақ орамалмен шарт байлап алыпты («Жалын»).
Қазым. Егінбай Қазымов бізді екі жүз елу орындықты жаңа мәдениет үйіне бастап жүрді
(Ө. Кәріпов).
Қазымбай (а-қ). Айтбай... Қазымбайлардың әрқайсысы 190-200 гектар жердің астығын бастырып үлгерді («Л. Ж».).
Қазымбек (а-қ). Жарыс қорытындысында Қазымбек пен Гүлбану жеңімпаз атанды
(С. Кенжеахметов).
Қазымхан (а-қ). Қазымханға ойда жоқта көшеде жолықтым («Жалын»).
عظيمة (‘азима — ұлы; зор, үлкен). Әзима. Сұлтанмахмұт... Әзиманың өз халқы арасынан таңғы жұлдыздай жарқырап шыққан тамаша адам екендігін таниды (Р. Бердібаев).
Қазима. Гүлжан, Жоламан, Қазималар кеп, Ақтаңдар қатарынан орын алды (Е. Домбаев).
عفو(‘афу — 1) кешіру; 2) кеңшілік, кешірім жасау). Ғафу, Ғапу. Дастан жазса, көсіле жазатын Жұбан мен Ғафу секілді ақындарымыздың, алдағы ағаларымыздың барлығына біз шүкірлік етеміз
(Т. Молдағалиев). Ғапу мен Нағима зембілге балшық салып жатқан (Т. Ахтанов).
عقاب (‘уқаб — бүркіт.) Оқап, Оғап. Қабиғожин Оқап (1904-42)— Қазақстанның еңбек сіңірген артисі («Қ. С. Э».). Оғап молда өлгелі иесіз далада жын-шайтан өріп жүретін болыпты ғой... (Ғ. Мүсірепов).
عقرب (‘ақраб — 1) шаян; 2) астр. Шаян шоқ жұлдызы). Ақырап. Ақырап рацияның трубкасын машинаның қақпағына құлаштап тұрып, беріп кеп қалды (Ш. Мұртазаев).
عقلية(ақлииа — 1) ақыл, сана; өсу; 2) ақыл дәрежесі, ақыл парасаттылығы). Ақылия. Ол кісінің атын әкесі Тұрағұл ақылды болсын деп Ақылия қойыпты (Т. Жұртбаев).
Ақлима. Мүсіреповтің қаламынан туған Қапия, Ақлима сықылды ана образдары қазақ шындығының шынайы көріністерін елестетеді («Қ. С. Э».).
عقيد(‘ақид — жетекші, қолбасшы). Ақыт. Өз заманында ғұлама ақын әрі қазы атанған Ақыт (1868 жылы дүниеге келеді) өз халқының ақындық асыл қасиеттерін бойына сіңіре отырып, артында мол мұра қалдырған (Қ. Мұхаметханов).
عقيق(‘ақиқ — қызыл түсті асыл тас, ақық). Ақық. Ақық әжей адамға қысас жасағанды жақтырмайды (Н. Ғабдуллин).
علاج(‘илаж — 1) ем, емдеу; амал; 2) дәрі). Ғилаж. Ғилаждың еңбегі жоғары бағаланды («С. Қ.»).
علم(‘илм — 1) білім, ғылым; 2) теория). Ғылым. Ғылым - тәжірибесі толысқан, диқаншылықтың шын шебері (Т. Бекниязов).
Ілімбай. Төрде қаққан қазықтай болып Ілімбай отыр («Жалын»).
علن(‘алан — 1) анықтық; 2) жариялылық, жарияланған). Алан. Әлен. Алдымда отырған адам Қамбар Алановтың туған немересі болып шықты (Ж. Бейсенбаев). Қалай дейсіз, Әлен аға?—деп сұрады Әуелов (X. Есенжанов).
على(‘али — 1) биік, жоғары, зор; 2) көрнекті, атақты; 3) жалқы есім). Айдынғали (қ-а). Біздің ауылда не көп, Бөленғали, Түгенғали көп. Менің атым Қайырғали болса, ағамның аты Айдынғали болады
(Ғ. Мүсірепов).
Арыстанғали (қ-а). Арыстанғали сынды байлар өмір бойы қара табандарды қан қақсатып келіп, ақырында тақыршаққа отырып қалды (М. Сатыбалдиев).
Әли. Ақын «Әли батыр» дастанын шығарды (М. Жолдасбеков).
Әлиасқар (а-қ). Жамбыл мен Әлиасқар тік қияға өрлеп кетті (М. Етекбаев). Арттарына өшпес ерлік қалдырған панфиловшы 28 батырдың ішінде Әлиасқар Қожабергенов бар еді (Ә. Алыбаев).
Әлихан (а-қ). Жігіттер Әлиханды ортаға алып алқа-қотан отырысты («Л. Ж».).
Әлі. Әріптің әкесі Тәңірберген Әліұлы кедей, момын кісі болған (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров).
Әлібай (а-қ). Әли Шамшадин, Мырзакең мен ақын Садық, Қалжекең, Дәулетназар һәм Әлібай Ақылдың даналары, міне, осылар (Ы. Ержанұлы).
Әлібек (а-қ). Бірімін мен де Сырдың саңлағының, Бәйгесін алған талай игіліктің. Ал енді сұрағыңа жауап берген, Сүбелі сөзін тыңда Әлібектің (Әлібек).
Әліби (а-қ). Жанкелдин Әліби Тоқжанұлы (1884-14.8.1953) — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, Қазақстанның мемлекет қайраткері.
Әліқұл (а-қ). Республикалық ақындар айтысында шымкенттік Қалдыбек Әліқұлов II дәрежелі дипломмен наградталды («Л. Ж».).
Байғали (қ-а). Байғали Жексембаев малын баққан, Сайқанның саясына күлім қаққан (Ержан).
Бегәлі (қ-а). Бегәлі қуанышын кіммен бөлісудің ретін таппады («С. Қ.»).
Бекалы (қ-а). Сапарғали Бегалин — қазақ жазушысы («Қ. С. Э».).
Бекқали (қ-а). Бекқали атын тайпалтып, қырға шыға келді ( «Жалын»).
Бердәлі. Бердәлілер алыс жайылымдағы қораларды жөндеумен жүр («Л. Ж».).
Бердіғали. Игіліков Бердіғали — әскери маман, инженерлік-техникалық қызметтің генерал-майоры («Қ. С. Э».).
Ғали. Орманов Ғали — қазақ ақыны («Қ. С. Э».).
Ғалиасқар. Әдебиетте ең алғаш Қ. Жұмағалиев 1928 жылы «Ғалиасқар батырақ» деген өлеңімен көрінді («Қ. Ә. Т».).
Ералы (қ-а). Ералы мен Нұралы — екі бірдей сұлтанның анасы сенсің ақылгөй,— деді Бәтима ханымға Әбілхайыр хан (Т. Ахтанов).
Ерәлі (қ-а). Ерәлі батырды депутаттыққа ұсынып жатыр (Д. Досжанов).
Ерғали (қ-а). Ерғалиев Хамит — қазақ ақыны («Қ. С. Э».).
Еркеғали (қ-а). Рахмадиев Еркеғали — қазақ композиторы, халық артисі («Қ. С. Э».).
Ермекәлі (қ-а). Етжеңді Ермекәлі порша-поршасы шығып, әрең ілесіп келеді («Жалын»).
Ермекқали (қ-а). Ермекқали өткел іздеп, өзен жағалап көп жүрді («Л. Ж».).
Есенәлі (қ-а). Есенәлі қойдың арық-семізін байқап, қойшылармен әңгімелесті (Ж. Тілеков).
Есенғали (қ-а). Есенғалидан өзгенің бәрі келді («Жұлдыз»).
Есқали (қ-а). Есқалидың түрі әлемтапырық болып, жаман бұзылды («Л. Ж».).
Жақсығали (қ-а). Жақсығали әскерден оралыпты деген хабар алақандай ауылға тез тарады
(«Л. Ж».).
Жанғали. Әжесінің айтқан ертегілерін Жанғали күні бүгінге дейін ұмытқан жоқ («Жалын»).
Жиенғали (қ-а). Тілепбергенов Жиенғали (1895-1933) — қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуірінде өндіре еңбек еткен жазушының бірі («Қ. Ә. Т».).
Кенжеәлі (қ-а). Кенжеәлінің үйіне өзінің бес-алты туысқаны жиналыпты (С. Мыңжасарова).
Кенжеғали (қ-а). Кенжеғали хатшы болып жеті жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді («Л. Ж»).
Күмісқали (қ-а). Күмісқалидың соңынан ерген Сағынайдың телегей жүзіп, сең кешкеніне де он бес жыл болып қалды (М. Сатыбалдиев).
Қали. Сол мезет құстай ұшып Қали да жетті («Л. Ж».).
Қалиасқар. Үңгірді жаңғыртамын күңіреніп, Жаралы арыстандай өңіреніп. Ноғайбай, Қалиасқар бауырларым, Қолынан жауыздардың кетті-ау өліп (К. Әзірбаев).
Қалибай (а-қ). Қалибай — Әлекеңнің көмекшісі (С. Буратаев).
Қалибек (а-қ). Жарыс қорытындысында Қалибек, Қуаныш, Гүлбану жеңіс тұғырына көтерілді
(«Л. Ж».).
Қалихан (а-қ). Оларды егінде көргенмін, Ал қазір айта алмай әуремін... Ерлігін Қалихан әкенің
(Е. Ибраһим).
Қалыбай (а-қ). Қалыбай — коллектив құрметіне бөленген жан (Д. Исабеков).
Қалыбек (а-қ). Қалыбек жұмыс аяғына таман тексеріп шығу үшін скважиналарды аралауға кетеді (Ф. Оңғарсынова).
Қуанғали (қ-а). Қуанғали телефон соғып, аздап кешігетінін айтып, кешірім өтінді («Л. Ж».).
Меңдіәлі (қ-а). ...Меңдіәліге ескерту берілген екен (Ш. Айдаров).
Меңдіғали (қ-а). Жұмыс аяқталғаннан кейін Меңдіғали құрал-саймандарын жиыстыра бастады
(«Л. Ж».).
Оразалы (қ-а). Молда маған орын көрсетіп нұсқаған соң, Оразалы мен оның қасындағы бала араларын аша берді (С. Мұқанов).
Оразғали (қ-а). Б. Сүйінбеков Оразғали (1889-1964) — қазақтың, күйші-композиторы («Қ. С. Э».).
Ордағали (қ-а). Күншуақта маужырап отырған Ордағалиды көзі шалды («Л. Ж».).
Орынғали (қ-а). Әр жыл сайын қадам басқан ілгері, Үлгі болған мал бағуға еңбегі... Орынғали, Сұлтан — Еңбек ерлері (Рамазан).
Өтеғали (қ-а). Өтеғалидың үйіне құдалары келіп, көрші-қолаң сонда отыр («Жалын»).
Өтепқали (қ-а). Сәске түсте Өтепқалилар кішкене бір өзеннің жағасына тоқтады («Жалын»).
Сағынғали (қ-а). Сағынғали Сейітов — қазақ ақыны («Қ. С. Э».).
Сүйінішәлі (қ-а). Жұрт тегіс жайғасқан соң Сүйінішәлі тамағын кенеп, сөз бастады («Жұлдыз»).
Сүйінішқали (қ-а). Сүйінішқали мұнай-газ өндіру басқармасының өлшеушісіне жолықты («С. Қ».).
Тасқали (қ-а). Тасқали татыр-татырмен cap желіп келеді («Жұлдыз»).
Тәттіғали (қ-а). Қожанов Тәттіғали (1898-1941) — Қазақстандағы социалистік құрылысқа белсене қатынасушы («Қ. С. Э».).
Темірғали (қ-а). Қазақ геологы Темірғали мен бәдәуилық Фатима атты мұғалиманың арасындағы нанымды диалогтар тартымды берілген (Т. Елеусізұлы).
Тоқтағали (қ-а). Жанкелдин Тоқтағали (1916-73) — Қазақстанның партия, комсомол қызметкері, Ұлы Отан соғысының партизаны, философия ғылымдарының кандидаты («Қ. С. Э».).
Төлепқали (қ-а). Төлепқали — трестің құрылыс басқармасының шебері («С. Қ».).
Төлеуәлі (қ-а). Соңғы кезде Төлеуәлінің түсіне туған ауылы кіріп жүр («Жалын»).
Төлеуғали (қ-а). Төлеуғали қыр басында қалқиып ұзақ тұратынды шығарды («Л. Ж».).
Төреғали (қ-а). Үйге бір кіріп, бір шығып, жолаушылар кешіккен сайын Төреғалидан маза кетті («Жұлдыз»).
Тұрсынғали (қ-а). Тұрсынғали қайтсе де сол қара тер боп жүрген бұрғышылар маңында болғысы келеді (С. Хайдаров).
Тілеуғали (қ-а). Өзен ортасына келгенде Тілеуғалидың машинасы сөніп қалды («Жалын»).
Ханғали (қ-а). Арыстанов Ханғали — 1869 жылы Орал, Торғай облыстарында болған көтеріліс басшыларының бірі («Қ. С. Э».).
Шынәлі (қ-а). Өзі Шынәлі қарттан екі жас кіші (Ж. Тілеков).
Шынғали (қ-а). Пысық Таңқыбайды алдымен Қосшы ұйымына бейімдеген сол Шынғалиев еді
(X. Есенжанов).
على احمد (‘али ахмад; ‘али — қар. على ; ахмад — қар. احمد) — б. т. е. ‘али + ахмад: Қалиахмет. Кенет... Қалиахмет тоқтай қалды (Б. Мекеев).
على اكبر (‘али акбар: ‘али-қар. على; акбар — қар. اكبر) — б. т. е. ‘али + акбар: Алиакпар, Әлиәкбар, Әлиакпар. Мағзұм - Алиакпардың баласы (С. Мұқанов). Мұқай байып, үлкен жігіт болған кезде Тілеужанның Әлиәкбарын ұрыпты (Ғ. Мұстафин). Кейде аяқ астынан душар болған кездейсоқ жайттар бүкіл өміріңді, ойыңды өзгертіп жіберетіні бар,— дейді Күлдариға Әлиакпарға («Л. Ж».).
Ғалиақбар. Ғалиақбар — мешіт азаншысы (С. Мұқанов).
Ғалиакбер. Ғалиакбер мал тұқымын асылдандырумен айналысып жүр («Л. Ж».).
Ғалиакпар. Ғалиакпар сияқты асыл азаматтардың есімдеріне бас иіп, зор ыстық ықыласпен еске алады (Ә. Бектасов).
Қалиакбар. Қалиакбар жастар клубында кешке кино көрсетуге шебер (Ж. Қасенбаев).
على حيدر (‘али хайдар; ‘али — қар. على ; хайдар — қар. حيدر ) — б. т. е. ‘али + хайдар: Әлиайдар. Оқушылар Әлиайдар мұғалімді орталарына алды... («Л. Ж».).
Әлайдар. Әлайдар бәйгеге қосылатын аттарды көп қарады («Жалын»).
Ғалихайдар. Ғалихайдар үлкен сұр биялай киген қолдарын біріне-бірін соғып, тар ғана жерде тебініп, тыпыршып тұр еді (Ғ. Мүсірепов).
على سلطان(‘али султан; ‘али — қар. على ; султан — қар. سلطان ) - б. т. е. ‘али + султан: Әлисұлтан. Көк шалғын аттан түскен Әлисұлтанның кеудесінен келді («Жалын»).
على سيد(‘али саиид; али — қар على ; саиид — қар سيد ) — б. т. е. ‘али + саиид: Әлсейіт — Әлисейіт есімінің қысқарған түрі. Бұл «желдірменің» негізі ақын-әнші Құдайберген Әлсейітовтікі болатын («Қ. Ә. Т».).
على مراد (‘али мурад; али— қар. على ; мурад — қар. مراد ) — б. т. е. али + мурад: Әлимұрат. Алты айлығынан алақанына салып, арқасына көтерген Әлимұратты көзің көрді (Қ. Бекетаев).
على موسى (‘али муса; ‘али — қар. على; муса — қар. موسى ) — б. т. е. ‘али + муса: Әлимұса. Әлимұса ақсақалдың үйіне Нұржамалдың атына хат емес, құттықтау телеграммалар бұршақша борап кеткен-ді (М. Қуанышбаев).
على نور(‘али нур; ‘али — қар. على ; нур — қар. نور )— б. т. е. али + нур; Ғалинұр. Ғалинұр - біраздан бері металлургия комбинатының ұстасы («Л. Ж».).
عماد (‘имад — 1) бағана, діңгек; 2) тірек, тіреу). Имад. Бір күні Қожа мен шәкірті Имад екеуі қасқыр аулауға шығады («Қож. ә».).
عماد الدين (‘имад-уд-дин; ‘имад — қар. عماد ; дин — қар. دين ) — б. т. е. ‘имад-ад-дин: Ғиметден. Ғиметден басқаратын бригада совхоз бөлімшесінен үш-төрт километр жерге қоныстанған
(М. Ықсанов).
عمر (‘умар — жалқы есім.) Ғұмар. Қарашев Ғұмар — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі. («Қ. Ә. Т».).
Құмар. Әмір-Темір нәсілінен Құмар Шайх баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесіменен бір туысқан екі бауыры болған (Абай).
Құмарбек (а-қ). Композитор девизі - үнемі халықтың қайнаған ортасынан табылу, әрдайым халқы туралы жырлау,— дейді Құмарбек («Л. Ж.»).
Омар. Омар Шипин (1879-1963) — қазақтың халық ақыны («Қ. К».). Омар Шораяқов (1878-1924) — Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған, шығыс әдебиетімен жақсы таныс, талантты ақын («Ү. Ғ. Ж».).
Омарбай (а-қ). Қаратау қойнауындағы Мыңжылқы сайларын бас шопан Омарбайдың алты отары жайлайды (Ж. Жұмақанов).
Омарқұл (а-қ). Екі кештің арасында Омарқұлдың үйі абыр-сабыр болды да қалды («Л. Ж».).
Омархан, Омарқан (а-қ). Комитет бастығы Омархан деген азамат сіз боласыз ба, шырағым?— деді Аяпберген (І. Жансүгіров).
عمر (‘умр - өмір, тұрмыс, өмір сүру). Өмір. Өмір – Ленин орденінің кавалері, еңбек десе жанып тұрған жан (Ж. Досымов).
Өмірбай (а-қ). Өмірбайдың сөзі де отырғандар арасында көп қоштау тапты (С. Асанов).
Өмірбек (а-қ). Өмірбек: - Мынау сізге деген сыйлығым, - деп, біраз шай-пұл әкеп берді
(Б. Соқпақбаев).
Өмірзақ (а-қ). Елубай Өмірзақов (1899-1974) — қазақ халық артисі («Қ. С. Э».).
Өмірхан, Өмірқан (а-к,). Совхоз еңбекшілеріне Өмірхан есімі жақсы таныс («Л. Ж».). Өмірқан әр гектарынан 35-40 центнерден өнім алуға міндеттеме алды («Л. Ж».).
Өміртай (а-қ). Біз келген шаруамызды айта бастағаннан Өміртай жымиып, бас шұлғи берді
(«Л. Ж».).
عمران (‘умран — 1) мәдениет; 2) өңдеу). Ғимран. Төлді мол алуға Ғимранның мүмкіндігі бар
(С. Есімов).
عمر شريك (‘умр шарик; ‘умр — қар. عمر ; шарик — қар. شريك) — б. т. е. ‘умр-шарик: Өмірсерік. Өмірсерік тағы бір жауапты істі тындырды («Л. Ж».).
عمر على (‘умар ‘али; ‘умар-қар. عمر; али – қар. على) – б. т. е. ‘умар + ‘али: Құмарғали. Бізді қарсы алған Құмарғали өнерпаз жігіт екен («Л. Ж».).
Омарғали. Жанындағы кісінің аты Омарғали екен («Л. Ж»).
Өмірәлі. Өмірәлі ақсақал өзінің көзі тірісінде күмбезден мазар салдырды (О. Сәрсенбаев).
Өмірғали. Қазір Өмірғалиды іздеген жан қырман басынан ғана табады («С. Қ».).
عمرغازى (‘умар ғази; ‘умар — қар. عمر; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. умар + ғази: Омарғазы. Қыс тұрғай, жазда малды шығын еткен, Сіздегі Омарғазин қайда бұқты? (Ержан).
عمل (амал — 1) жұмыс, еңбек, қызмет, кәсіп, шен; 2) ауыс. шара, лаж). Амал. Амал кеш те болса әлі кеңсесінде екен (Ж. Ералиев).
Амалбек (а-қ). Амалбекті құю цехында жолықтырдық («С. Қ».)
عميد (‘амид — басшы, бастық). Әмит. Әмиттің есіне өткен жолы коллектив мүшелерімен болған әңгіме түсті (Б. Оңғарбаев)
عناية (‘инайа — ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, мырзалық, жәрдем). Ғинаят. Ғинаят сайқымазақ қылжаққа шыдамсыз (С. Бегалиев).
عياش(‘айиаш — 1) нан сатушы; 2) сауықшыл). Аяш. Қой, жалқауланба, Аяш!— деді
(Ш. Құмарова). Аяштың отырыс-тұрысы, қимыл-әрекеті Кербикеге әбден ұнап болды (А. Хангельдин).
Әйеш. Иманбаев Әйеш (1897) — Орталық Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске қатынасушы, кәсіподақ қызметкері («Қ. С. Э».).
عيان(‘ийан — өз көзімен көру; анық, шын, ақиқат). Аян. Бүгінгі қазақ совет әдебиетінің және оның сын жанрының әр алуан проблемалары Аян Нысанәлиннің де мақаласында бар («Қ. Ә».).
عيد (‘иид — мейрам, мереке). Айт. Шығанақ Жақып, Айт, Жүсіп, Шайқы дейтін ұлдарымен таныстырды (Ғ. Мұстафин).
Айтбай, Айтпай (а-қ). Айтбай інім, кіші санап жасыңды, Саған менің кең құшағым ашылды (Қуаныш).
Айтбала (а-щ). Айтбала — Қадештің апайы (О. Бөкеев).
Айтбек (а-қ). Айтбек пен Өмірзақ өздерінің ризашылық сезімдерін білдіріп жатты («Жалын»).
Айтқұл (а-қ). Аталас Мергенбай мен Айтқұл сары, Қуанып қарсы алысты соның бәрі (И. Байзақов).
عيد جمال (‘иид жамал; ‘иид — қар.; عيد жамал — қар. جمال ) — б. т. е. ‘иид + жамал: Айтжамал. Айтжамалдың күні-түні көз шырымын алмайтын тынымсыз істеріне әркім-ақ риза (Ә. Бариев).
عيد على (‘иид ‘али; ‘иид — қар. ; عيد али — қар. على ). — б. т. е. ‘иид + ‘али: Айталы. Айталиев Жарқын (1903-70) — көрнекті қазақ геологы («Қ. С. Э».).
Айтқали. Айтқали дейтін ағаң, — деді ол (X. Есенжанов). Айтқали орта білімі бар, ақылды ұстамды жігіт еді (С. Омаров).
عيد غازى(‘иид ғази; ‘иид — қар. عيد ; ғази — қар. غازى ) — б. т. е. ‘иид + ғази: Айтғазы. Айтғазы - осы ауылдың тумасы, қыста — малшы, жазда — механизатор («С. Қ.»).
عيد قابل(‘иид қабил; ‘иид — қар. عيد; қабил — қар. قابل ) — б. т. е. ‘иид + қабил: Айтқабыл. Тәжірибелі малшылар арасында Айтқабыл да бар («Л. Ж».).
عيد محمد(‘иид мухаммад; ‘иид — қар. عيد ; мухаммад — қар. محمد ) — б. т. е. ‘иид + мухаммад: Айтмұхаммед Абуллин Айтмұхаммед Абдоллаұлы — қазақ совет геологы... («Қ. С. Э».).
Достарыңызбен бөлісу: |