33
Олардың
қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр
табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен
көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер т.б.
жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары
қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі
тасымалдау,
ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш,
өңдеуіш, жол құрылыс машиналары т.б. механикаландырылған
құралдарға топталады. Жер
қазғыш машиналар топырақ қазу,
карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арнал-
ған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех.
машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер
қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады.
Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалың-
дығы 40-50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі
таптауыш машина
қалыңдығы 80-120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ
қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс
жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары
пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында
арнайы жабдықтар
қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау,
тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б.
қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді
жолдар салу үшін асфальт не бетон
төсегіш шынжыр табанды
машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыс-
тарында балластер, жол төсегіш, т.б.
машиналар пайдаланы-
лады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыста-
рына арналған машиналарға ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: