Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
 
 


28 
Энергия туралы қызықты фактілер 
 
Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шы-
ғаруға жұмсалады. Қалған 90 пайызы энергия жылу шығаруға 
кетеді. 
АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энер-
гиясы елдегі 25 ірі электр стансының шығаратын энергиясына 
тең. 
Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажет-
тіліктерін қамтамасыз етуге жетеді. 
Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қаз-
баларды жағудан пайда болады. 
2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның 
мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжа-
нып отыр. 
Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру 
үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалып-
ты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энер-
гия қажет. 
Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0,013%-ы Google 
компаниясына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз 
қамтамасыз етіп отыруға жетеді. 
АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. 
Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-сі кө-
мірден алынады. 
Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бө-
гет болып табылады. Бұл алып стансы миллиондаған қытайлық 
тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді. 
Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құ-
райды. Жер бетіндегі ең алып жел стансысы АҚШ-тағы Техас 
штатында орналасқан. 
Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та 
деп есептеледі. 
Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі.
Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO
2
газы, жер 
бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда
көп. 


29 
Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ 
тұтынады. 
Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін 
таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді. 
(Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан, massaget.kz) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет