Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
Инженер-құрылысшы 
 
Инженер-құрылысшы – жобалауды талқылау барысында не-
месе тікелей автожолдардың құрылысына, сондай-ақ ғимараттар 
мен үймереттердің құрылысына қатыса алатын кең бейінді ар-
найы маман. 
Кәсіптің ерекшеліктері: жұмыс барысы ғимарат қабырғасын-
да (жобалау кезінде), сондай-ақ ашық кеңістікте жүргізіле бе-
реді. Жұмыс қарқыны қауырт. Соңғы кезде бұл қызметке сұра-
ныс артқаны байқалады. 
Инженер-құрылысшыға төмендегідей талаптар қойылады: 
а) кәсіби: кәсіби білімі, басшылық ете білу қабілеті, кескін-
деме мен сызбаны оқи және құрастыра білуі шарт, жұмысты 
ұйымдастыра білуі керек;


31 
ә) жеке тұлғалық: ұқыптылық, зеректік, жақсы дамыған көру 
қабілеті, көзбен дәл шамалай білу, байсалдылық, ұйымдастыра 
білу қабілеті, күйзеліске төзімді болу керек. 
Міндеттері: инженер-құрылысшы геодезиялық құралдармен 
жұмыс жасайды. Жұмыс сызбаларын әзірлеу мен геодезиялық 
суреттер құжаттамаларын әзірлеуге қатысады. Жұмыс барысын 
басқарады не болмаса жұмыстың орындалуының жүзеге асыры-
луын қадағалайды. Жұмысқа жарамды жағдайдағы ғимараттар 
мен үймереттердің, жол жөндеу жұмыстары төңірегіндегі пайда-
лануға беру қызметінде жұмыс жасай алады. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ
Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен 
жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар 
мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: 
– табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материал-
дары (дара тастар, қиыршық тастар т.б.); 
– органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр т.б.) 
және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстыр-
ғыш материалдар; 
– жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құ-
ралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-
бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған 
бұйымдар); 
– ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік 
және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен 
жасалған тақталар т.б.); 
– металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау 
құралымдары, құбырлар, рельстер т.б.); 
– синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пе-
нопласт, т.б.). 
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық 
әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органика- 


32 
лық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жа-
бын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан 
жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар 
ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганика-
лық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-
бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс 
материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын 
силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайында-
лады. 
Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қа-
рай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-
бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен 
кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күй-
діру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; 
құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек 
материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. 
Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. 
Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құ-
рылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және 
темір-бетон арматуралар т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш ма-
териалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты меха-
никалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, 
кесілмелі материалдар, паркет, фанера т.б.) кіреді. Металдардан, 
негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олар-
дан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркас-
тары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын 
материалдары т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қа-
зақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жа-
салып, өндіріске енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет