34
ҚОСЫМША ОҚУҒА БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕР
ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Менің аты-жөнім – Вазири Жабархан. Менің жасым жиырма
бірде. Біз Ауғанстаннан 2016 жылы 28 қыркүйек күні келдік.
Біздің жатақханамыз оқу ғимаратына жақын орналасқан. Жатақ-
ханада басқа факультеттің студенттері де тұрады. Біз ауғанстан-
дық студенттер 2-қабатта тұрамыз. Тамақты өзіміз пісіреміз.
Бөлмені, дәлізді, асхананы кезекпен тазалаймыз.
Жатақхананың жанында азық-түлік дүкені,
Никольский ба-
зары және оқу орындары бар. Қазір біз Алматы қаласында Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінде оқимыз. Қазақ тілін үйреніп жүрміз.
Біздің
факультетте Түркия, Иран, Үндістан, Америка, Қытай, Фран-
циядан және т.б. мемлекеттерден келген тыңдаушылар оқиды.
Мен Үндістаннан келген тыңдаушылармен танысып, достастым.
Сабақтан бос уақытта кино көреміз,
ән тыңдаймыз, теннис ой-
наймыз.
1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті тура-
лы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты фильмді тама-
шаладық. Сонымен қатар Студенттер сарайында өтетін концерт-
терге де барып тұрамыз. Мереке күндері жатақханада мәдени іс-
шаралар өтеді. Қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен
таныс-
тық. Демалыс күндері Алматы қаласындағы көрікті жерлерге
саяхатқа шығамыз.
Маған Медеу, Көктөбе, Президент саябағы
ұнады. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін
үйрендік. Қазақтың тарихы жайлы «Көшпенділер», «Алмас
қылыш» фильмдерін көрдік. Қысқы
демалыста университеттің
мұражайларына бардық. Маған Әл-Фараби кітапханасындағы
Президент бөлмесі мен «Ауғанстан бұрышы» өте ұнады.
Достарыңызбен бөлісу: