Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)



Pdf көрінісі
бет23/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР 
 
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіре- 
тін белгі. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде 
ерекше қадірлі. Олар елдің өткенін, бүгінін және болашағын 
көрсетеді. 
Рәміздердің түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Консти-
туцияда белгіленеді және заңмен қорғалады. Ата Заңда: «ҚР 
Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматы-
ның міндеті», – деп жазылған.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміз-
дері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілді. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: 
Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік Елтаңба авторлары: Жандарбек 
Мәлібек, Шот-Аман Уәлихан. 
Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыка-
лық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің
музыкалық рәмізі болып табылады. Әнұран – бірлік белгісі ре-
тінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға 
үндейді, бірлескен іс-қимылға шақырады, жігерлендіруге, рух-
тандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлік-
ке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақы-
ратын дабыл.
Қазақ халқының тарихында ол әртүрлі болған, соғыс кезінде, 
жауға қарсы күресте батырлар атын да ұран ретінде қолданған, ел 
басқарған аталар мен аналардың атына құрылған ұрандар да 


37 
болған. Өте көп тараған, барлық қазаққа ортақ ұран «Алаш» сөзі 
болған.
Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жаз-
ғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұранның музыкасын жазған – Шәмші Қалдаяқов. 
 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 
 
 
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ
 
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы 
қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтар-
дың ұлттық тілі. 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР «Тілдер туралы» 
Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа 
Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. 1995 жылы 30 та-
мызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан 
Республикасының жаңа Конституцияның 7-бабында былай делі-
неді: 
«1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ 
тілі. 
2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органда-
рында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен да-
мыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды».
1997 жылы 11 шілдеде ҚР «Тілдер туралы» жаңа Заң Парла-
ментте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығы-
мен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі – Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып 
есептеледі. 
ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан Рес-
публикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – 
мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық 
саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот 
ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.


38 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы 
болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Рес-
публикасының әрбір азаматының парызы. 
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқару-
шы органдар:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша 
дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; 
– Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мем-
лекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйым-
дастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау-
ға; 
– Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін 
көмек көрсетуге міндетті» екендігі жазылған. 
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет