Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет18/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
ҚҰРЫЛЫС 
Құрылыс
– материалдық өндіріс саласы; негізінен, әр түрлі 
үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды 
іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылда-
нады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланыс-
ты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс 
істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және 
құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құры-
лыстың бір ерекшелігі сол: мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары 
өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап 
шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтын-
дай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жаб-
дықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (мате-
риалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып 
отырады. Құрылыс ашық жерде және әртүрлі табиғи ортада 
жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстар-
дың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созы-
лады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық 
саласын дамытуға мүмкіндік береді. 
Құрылыс индустриясы
– құрылыс нысандарын жаңадан 
салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-жаб-
дықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық әдіспен 
жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының жиын- 
тығы. Құрылыс индустриясының үздіксіз дамуы шаруашылық-
тың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының ұдайы 
өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының өніміне 
құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел орнатылып, құ-
растырылған, іске қосылуға даяр өндірістік орындар мен тұрғын 


30 
үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық т.б. ғимараттар жа-
тады. 
Құрылыс индустриясының пайда болуы қоғамдық еңбек бө-
лінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың, қатынас жолдары-
ның, сауданың дамуына байланысты болды. Неғұрлым күрделі 
жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың қажеттілігі құрылысты 
мамандандыруды, оны дербес шаруашылық саласына айналды-
руды қажет етті. Қазақстанда Құрылыс индустриясы құрылыс-
тың жедел қарқынмен дамуы және үнемі жетілдірілуі нәтиже-
сінде қамтамасыз етілді. Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізу-
дің басты түріне айналып, құрылыс индустриясын дамытуды 
едәуір жеделдетті. Кеңестік дәуірде сонымен бірге ұжымшар 
аралық құрылыс ұйымдары да құрылыс-құрастыру жұмыстары-
ның көлемін ұлғайтуға едәуір септігін тигізді. Қазіргі нарықтық 
экономика кезеңінде құрылыс-құрастыру ұйымдары түгелдей 
дерлік жекешелендіріліп, бірқатары ірі холдинг-компанияларға 
айналдырылды. Олар, негізінен, құрылысты мердігерлік тәсіл-
мен жүргізеді. 
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Б.Аяған. – Алматы: "Қазақ 
энциклопедиясы" Бас редакциясы, 2004. –6-т. – 140-141 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет