Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ 
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде 
Алматы облысы Үшқоңыр аулында дүниеге келген. Әкесі Әбіш 
пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі кісілер болған. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастық шағын Теміртау мен 
Қарағандыдағы темір өндіру зауытында өткізген. Нұрсұлтан 
Әбішұлының мамандығы – металлург. Басшылық қызметтерге 
де ерте араласты. 44 жасында Үкімет төрағасы болды. 1991 жылы 
1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып 
сайланды.
Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәй-
кес 1 Желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні – Мемлекеттік 
мереке ретінде белгіленді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Консти-
туциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандық-
тарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің 
негізін қалаушы болып табылады.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және 
бейбіт өмірі – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 


39 
қолында. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – қазақ халқы өз 
таңдауымен ел Президентін сайлады. Сөйтіп, оған үлкен сенім 
артты, міндет жүктеді. Халық үшін қызмет етуді бақыт санай-
тын Елбасы Н.Назарбаев тұрғанда Қазақстан келешекте дамы-
ған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
Елбасы – үлкен саясаткер болумен қатар, жан-жақты дамы-
ған тұлға. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған 
дәлел – «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері. Бұл әндердің 
сөзі – Нұрсұлтан Әбішұлынікі.
Қазақстан Президентінің аты қазір әлемге әйгілі. Елбасы ту-
ралы «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильм түсі-
рілді. 
Қазақстан – бақытты ел. Біз Президенті танымды, халқы қа-
рымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет