Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
БАЙЛАНЫС 
Байланыс 
– 1) әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпа-
рат беру және қабылдау; 2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. 
хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының 
бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салт атты 
кісі арқылы ауызша, сондай-ақ от, дабыл, қада, белгі арқылы 
жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық же-
тістіктерге орай байланыс құралдары жетіле түсті. ХVІІІ ға-
сырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. ХІХ ғасырда 
сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шық-
ты. 1837 жылы – сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді 
бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы – телефон, 1895 
жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. 
Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс 
почта және электрлік байланыс болып бөлінеді. Почта байла-
нысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль т.б. жеткізіп беру 
және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта кор-
респонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері 
қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым ар-


21 
қылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал 
ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телеви-
зия т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары 
бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы 
жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі – факси-
мильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің кө-
шірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ байла-
ныстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Теле-
фон байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті бо-
лып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф байланысы, көбіне-
се, симметриялық және коаксиальдық кабельдерден тұратын ма-
гистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қа-
ладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансылары 
(АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші або-
нентке стансыдағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық 
байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік 
желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте 
кең тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет