Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
Автоматтандыру 
 
Автоматтандыру
техникалық құрал-жабдықтарды, сон-
дай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, 
жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей 
не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық 
тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда: 
– технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер; 
– күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстар 
мен кешендерді жобалау; 
– цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлім-
шелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 
– ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диаг-
ностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағ-
дарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады. 
Автоматтандырудың мақсаты – еңбек өнімділігі мен өнім 
сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділен-
діру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автомат-
тандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты сана-
лады.
(
"Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: 
"Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. – 1-т. – 71 б.) 


19 
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ
Телекоммуникациятелеқатысым (латынша тele – қатынасу, 
байланысу, грекше – қашық және ауылшаруашылығы communі-
catіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпарат-
тық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қа-
шықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар 
жиынтығы.
Телекоммуникация саласы Қазақстанға ХХ ғасырдың 90-жыл-
дарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және 
компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, 
дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) 
талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды 
серігі т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналда-
рын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. 
Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-
көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Те-
лекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу 
принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай бі-
ріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мем-
лекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын 
телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру 
және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мә-
селесімен Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) айналы-
сады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жа-
сау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартарап-
тандыру, дербестендіруді шартараптандыру – әлемдік (шарта-
раптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың 
аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – 
UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы 
бойынша дүниежүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келі-
сімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал 
жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделі-
лігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуни-
кация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және ком-
пьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтыну-
шыларға ақпаратты біржақты, кеңінен (желіден абоненттерге) 


20 
тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құ-
рылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация са-
ласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигнал-
дарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды 
дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды. 
Телекоммуникация (Telecommunications) – компьютерлік жүйе-
лер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құ-
ралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және 
т.б. арқылы мәліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы 
ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, те-
лефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қаты-
нас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; арақашықтықтық 
байланыс; мәліметтерді арақашықтыққа жіберу.
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Б.Аяған. – Алматы: "Қазақ 
энциклопедиясы" Бас редакциясы, 2007. –8-т. – 333-334 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет