Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Коммуникативтік қабілеттер



бет34/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы. Өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті. Сонымен коммуникативтік қабілеттер вербалды және вербалды емес іскерліктері арқылы жүзеге асады. Вербалды емес қабілеттерге байқағыштығы, назары, елестету қабілеттерін жатқызуға болады.
Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара алады.
Елестету – психикалық процесс. Өмірде кездескен жағдайларды, бейнелерді жаңаша өзгерген түрде еске түсіру. Елестету қабілеті дамыған мұғалімнің шығармашылық қабілеті басым болып келеді.
Сөз арқылы іске асатын қабілеттерге сендіру, иландыруды жатқызуға болады. Иландыру, ұйыту - иландыру, ұйыту үшін мұғалім сендіре білуі қажет. Иландыру сендірудің жоғары сатысы, баланың психикасына үлкен әсер жасайды. Иландыру сендірумен тығыз байланысты. Оларды дұрыс пайдалана білу мұғалімге қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сөздік қарым-қатынас жасаудың ұйыту түрі мұғалімдер тәжірибесінде сирек қолданылады. Өйткені, оның тиімді жақтары тәжірибеде әлі дәлелденбеген. Дегенмен, кейбір мұғалімдер аз да болса, оның кейбір элементтерін оқу-тәрбие ісінде қолданып жүр. Мысалы, оқушыны таңдандыру, шаттандыру болмаса үрейлендіру, т.б. жағдай-ларда. Ұйыту мазмұнына қарай тура және жанама болып келеді. Тура ұйыту, өсиет айту, әмір ету (бұйрық беру), ал жанама ұйыту оқушыларға хабарлама жасау, әңгіме айту және ишарат білдіру арқылы іске асады. Ұйытудың аталған түрлерінің нәтижелі болуы, мұғалімнің ұйыту физиоло­гиясын және ұйытуға тән ептілік пен дағдының меңгеруне байланысты болып келеді. Зерттеулерге қарағанда, ұйыту физиологиясы түрлі тітіркендіргіштер арқылы зейінді бір объектіге шоғырландырып, бас миының қалған аймақтарын уақытша тежеуі. Бұл тұста тітіркендіргіш қызметін мұғалімнің әсерлі сөзі, қимыл-қозғалысы, келбеті, үйлесімді әрекеті атқарады. Олардың доминанттық (басымдылық) ықпалы болып, бас миындағы өзге қозуларды тежеп, ырықсыз зейін тудырады. Нәтижесінде оқушы мұғалімнің «арбауында» қалып ұйиды. Егер ұйыту терең болса, онда оқушының алаңдаушылығы төмендеп, оқу материалын қабылдау көлемі жоғарылайды, тіпті оның ұсақ-түйегіне дейін мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет