14-ші дәріс Педагогикалық этика мен әдептілік.
1.Педагогикалық этика - педагогикалық қарым–қатынастың адамгершілік негізі.
2. Этика мен этикеттің мұғалімдік қызметтегі рөлі.
3. Әдеп - педагогикалық карым-қатынас кілті.
4. Педагогтың әдептілігін қалыптастыру жолдары.
Әдебиеттер:
1. Синица И.В.Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік, Алматы, 1987, 230б .
2. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. – Алматы: Мектеп, 1987. – 224 б. Аударғандар: Уайдин Ү., Оралбеков Ө., Құрмашева А.
3. Урынбасарова Е.И Этика преподавателя – Алматы, 2003, 105с.
4.Зязюн И.А.Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М.: Просвещение,1989.
5.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу. Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.
6. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства:учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.
7. Писаренко В.И., Писаренко И.Я Педагогическая этика, Минск, 1996.
8. Шыныбекова Е.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика,- Алматы, 1987.
Жас жеткіншектерге тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын
міндеті зор. Бұл мәселе әрқашанда педагогика ғылымының өзекті
мәселелері болып табылады. Адамгершілік, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу iciнің жеке өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылыктары бар.
Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының этикалық мәдениетінің сапалық жақтары К.Д.Ушинскидің, И.Е.Синицаның, Э.Шыныбекованың, А.Жакыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л. И. Рувинскийдің, А. С. Макаренконың, Н.И.Болдыревтың, т.б. жаңашыл педагогтардың еңбектерінде этикалык тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Ұстаздық шеберлікке жетуде педагогикалық әдептің, этиканың рөлі зор.
Әдеп, этика педагогикалық қарым – қатынастың адамгершілік негізін құрайды. Қарым – қатынастағы моральдық принциптер мен нормалар арқылы іске асады. Қарым – қатынастағы гуманизм мен беделдік, альтруизм және өзімшілдік / эгоизм/ сияқты қасиеттері арқылы көрінеді.
Сондай-ақ, мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жанарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауымыз керек. Мұның өзi коғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыратын нәрсе.
Этика орыс тілінде «адамгершілік» деген мағынада қолданылады. Адамгершілік талаптарға сай болуды білдіреді. Этика - мораль деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық этика, этика ғылымының бір саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |