Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет35/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Сендіру - адам түрлі ортамен, адамдармен қатынаста болып, білім, тәжірибе жинақтайды, соның негізінде адамда сенім пайда болады. Сенім ақиқат не жалған болуы мүмкін. Ақиқат сенім болған кезде істің шындығы, дұрыстығы айқындалады. Ақиқат сенім адамды алға қарай ұмтылдырады, жалған сенім, керісінше, сенбеушілік тудырады. Бір оқушыларда жалған сенімдер де болады. Мысалы, тәртіп бұзу, ол оның мықтылығын көрсетеді деген. Сенім компоненттеріне: білім, сезім, мінез–құлық, көзқарастар жатады.
Сенім арқылы оқушының көзқарасы қалыптасады. Оқушыны сендіру үшін төмендегідей талаптар сақталуы тиіс:
- жас ерекшелігін есепке алу;
- дара ерекшелігін,қызығушылығын, көзқарасын;
- фактілерді, мысалдарды қолдану;
- саралау, талдау;
- мұғалім айтып тұрған сөзіне өзі сену,сөзінің эмоциялық әсері;
- мұғалімнің беделі.
Мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлелдігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететіндігімен жұртқа үлгі болуы тиіс. Сөз оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сарынының мәні зор. А.С.Макаренко «Оқушылар – сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жас ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,- деп жазды. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтығы да аңғарылып қалады. С.М. Торайғыров өз кезінде, «шүлдірлеп, жолжаңдап, жығылып-сүрініп жүруге болмайды, ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сағынышы, онда дәм де, мән де болу керек», - деген.
Тілдік қабілеттер - өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті.
Ауызша сөйлеу ерекшеліктері. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымына: мақсаты, мазмұны, формасы, әдістерін жатқызуға болады.
Сөз - мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. Сөйлеу мәдениеті - оның элементтері. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Ол үшін мұғалім сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін, сөйлеу техникасын меңгеруге күш жұмсауы керек.
Мұғалім сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлелдігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететідігімен жұртқа үлгі болуы тиіс. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Сөйлеу кезінде мұғалімнің адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері, қажыр-қайраты, жалтақтық мінезі аңғарылып тұрады.
Сондықтан мұғалім таза сөйлеуге, сөз тіркестерін орынды қолдануға, өзін-өзі күтуге, өзгені құрметтеуге айрықша мән береді. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті оқушыны өз міндетін үгіттемей-ақ түсінуге, мектепте тәртіпті сақтау үшін арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді және мұғалімнің бұйрық беріп, балаға өктемдік жасауын болдырмайды.
Сөйлеу мәдениеті тілдің тазалығын сақтаумен тікелей байланысты. Мұғалімнің сөз қорында жаргондар, диалекті, ескірген, басқа тілдің сөздері орын алмауға тиіс. Мұғалімнің тілі әдеби тілдің нормасына сәйкес болуы керек. Жиі-жиі кейбір сөздер қайталанбауға тиіс.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тіл мәдениеті деген не ?
2. Сендіру, иландыру, ұйыту деген не?
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
4. Тілдік қабілеттер деген не ? Сөйлеудің қандай түрлері бар?
5. Мұғалімнің тіліне қандай талаптар қойылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет