13-ші дәріс Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі - педагогикалық карым- қатынас. 1.Педагогикалық карым-қатынас туралы түсінік.
2. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары.
3. Қарым-қатынас құралдары.
4. Қарым-қатынас стилдері.
Әдебиеттер:
1.Зимняя И.А.Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М. Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 бет.
2.И.Е.Синица. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы, 1987.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/, Алматы, 2004.
4.Д.Карнеги. Как вырабатывать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично. Минск, 1990.
5.Зязюн И.А.Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для специальных высших учебных заведений. М.,Просвещение,1989.-205с.
6.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу. Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.
7.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.
Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі - педагогикалық қарым-қатынас.
Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.
«Бірден-бір нағыз сәндік - ол адамның қарым-қатынасының сәндігі»,- деп Сент-Экзюпери қарым-қатынастың адам өміріндегі мәнін түсіндіріп берген.
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым–қатынастың ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді белгілейтін объективті факторларға: педагогикалық еңбекпен оның нәтижесін бағалау қиындығы; педагогикалық ұжымдағы «теңсіздік» мәселелері; педагогикалық беделдік және шеберлік мәселелері; педагогикалық ұжымдағы сыни мәселелер; жас мамандармен қарым–қатынас проблемаларын жатқызуға болады. Педагогикалық ұжымның микроклиматына әсер ететін субъективті факторлар: көзқарас пен пікір алмасудағы жалпы және кәсіби мәдениет деңгейінің айырмашылығы; педагогикалық әрекеттегі «даралық»; беделдікке деген педагогтың құштарлы мүддесі және «кәсіби дертке шалынуын» (амбициозды, күдікшілдік, өкпешіл және т.б) жатқызамыз.
Педагогикалық ұжымда кәсіби–іскерлік «көлбеу» - әріптестерімен және «тік» - әкімшілікпен қарым–қатынас түрлері бар.
«Педагог - оқушы» жүйесіндегі қатынас: «тік» қарым–қатынас орын алады. Білім беруді ізгілендіру негізінде педагог пен оқушы қарым–қатынасын субъект – объектіден, субъект–субъект қатынасына көшуден тұрады. «Тік» қарым –қатынасының «баръерлері» мен ерекшеліктері бар. Өзара әрекеттесуде әрқайсыларының психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттілігін, мәдени деңгейлерін есепке алу қажет.
Шәкірттермен, студенттермен педагогикалық қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын есепке ала отырып, зерттеушілер педагогтың коммуникативтік қабілеттерін арнайы қалыптастыруға ерекше назар аударуда.
Педагогикалық қарым-қатынас жайында еңбек жазғандар: Б.Н.Мясищев, А.А.Леоньтев, Н.В. Кузьмина, В.Н. Панферов, В.А. Кан – Калик, А.Н. Мудрик, А.Н. Лутошкина, А.А.Бодалев, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Ә.Алдамұратов т.б.
В.Н.Панферов педагогикалық қарым-қатынасқа төмендегідей анықтама берген: «Қарым- қатынас адамдар арасында туып, оның мазмұнына информация беру,алмасу, бірін- бірі түсіну, бірлескен іске жағымды жағдай тудыру жатады», - деген.
«Қатынас – қоғам мүшелері арасында туатын әрекеттердің әлеуметтік қатынастары арқылы іске асады». (Л.Д.Столяренко).
Л.Д.Столяренко үш жағын белгілеген:
- коммуникативтік (информация алмасу) ;
- адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру. Мысалы, іс -әрекетті келісіп ұйымдастыру, бөліп беру, т.б.;
-перцептивтік ( басқа біреуді түсіну, бірін-бірі түсініп қатынасу).
А.А.Леонтьевтің тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне көз жүгіртсек, онда қарым-қатынас пен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланыста болатынын байқай -мыз. Мысалы, А.А.Леонтьев былай көрсеткен:
Түйісу қарым-қатынас әрекеттестік әрекет
Сонда әрекет - қарым-қатынас нәтижесі болады.
Осыған байланысты әрекет түрлері де анықталған. Олар: оқу – тәрбие процесі, бос уақыт ұйымдастыру, сырластық, творчестволық ізденіс, табиғатпен әрекет.
Қарым-қатынас түрлерін Б. Лихачев үш түрге бөлген: сыртқы, ішкі және табиғатпен қатынас. Сыртқы қарым-қатынас түрлері: жеке тұлға арасындағы, топ арасындағы, ұжым арасындағы және әлеуметтік орта арасындағылар.
Педагогикалық қарым- қатынас белгілі функцияларды атқарады. Көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, педагогикалық қарым-қатынас функцияларына мыналар жатады: оқушыны танып білу, информация алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, біреуді түсіну, өзін оның орнына қоя білу, өзін таныту (көрсету).
Кәсіби – іскерлік қарым–қатынастың жалпы моральдық–психологиялық негіздері арқылы ұжымда моральдық–психологиялық ахуал, жағымды және жағымсыз микроклимат, ұжымдағы формальді және формальді емес қарым – қатынас қалыптасады.
Педагогикалық қарым-қатынас жасауға үйрену үшін оның құрылымында білу қажет.
В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынастың мынадай құрылымын белгіледі:
- моделін құрау (болашақ қарым- қатынасқа болжау жасау);
- қарым-қатынастың бастауын ұйымдастыру (қалай? Неден? Неге? Деген сұрақтарға жауап беру);
- қарым-қатынасты басқару, жалғастыру (осалдатып алмай жалғастыруды көздейді);
- қарым- қатынасты саралау, болашақ қарым- қатынасты модельдеу (қандай кемшіліктер болды, не себептен деп ойлану).
Қарым – қатынастың психо – эмоцианалдық негіздері :
-тұлғаның жас, жыныстық, психологиялық мінездемелері;
-өзіңді және басқаны біле білу қарым–қатынастың психологиялық негізі;
-қарым – қатынастағы үйлесімділік және үйлесімсізділік, сабырлылық және сабырсыздық;
-қарым – қатынастағы түсінушілік пен өзара түсіністік;
-диалогты жүргізе және тыңдай білу - педагогтың кәсіби белгісі ретінде;
-қарым – қатынастағы шыдамдылық пен шыдамсыздық;
-қарым – қатынастағы мәдениеттілік және мәдениетсіздік;
-қарым – қатынастағы «барьерлер» мен «дефектілі деңгейлерді» диагностикалау және оларды шешу жолдары;
-қарым – қатынастағы «құпиялар».
Қарым-қатынас — мұғалім мен оқушының мақсаты бар педагогикалық мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл-қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен байланыс жасау арқылы өтеді. Сөз - қарым-қатынастың көрінетін және дыбыстық (үндік) жағы, ал қимыл-қозғалыс, ым - қарым-қатынастың тік көрінетін жағы.
Қарым-қатынастың іштей сөйлеуге байланысты көрінбейтін жағы да болады. Ол сезімге, көңіл-күйге байланысты болатын қарым-қатынас түрі.
Оқушының жетілуіне, дамуына ішкі қарым- қатынас әсерінің ықпалы зор болады деген, себебі, ішкі қарым-қатынастың өзін-өзі тәрбиелеуде, сана-сезімнің қалыптасуына ықпалы күшті.
Қарым- қатынас құралдары екі топқа бөлінеді: вербалды сөз арқылы және вербалсыз - сөзсіз. Қарым- қатынас құралдарына тіл, сөз, ым, пантомимика, мимика т.б. жатқызамыз. Қарым-қатынастың үнсіз, дыбыссыз жағы - ым, қимылы, мұғаліммен сезімдік жағынан үйлеспесе, ол бетіне қарсы қарап отырып-ақ ойы басқа жақта болады. Осы жағдайды ескеріп, мұғалім оқушының сезімдік үйлесімділігін оларға білдіртпей байқайды. Мысалы, оқушының бет әлпеті, қимыл-қозғалысы, төтенше берілген сұраққа іле жауап беруі арқылы сабақтың барлық кезеңдерінде оның көңіл-күйіндегі үйлесімділікті анықтайды. Егер бұл жағдайды мұғалім ескермесе, оқушы біртіндеп өзін «далада отырғандай» сезінеді. Соңында оқушы мұғалімді тыңдамайтын, сыйламайтын болып шығады. Мұны болдырмас үшін мұғалім өз ісінің мазмұнына мән береді жөне оған оқушыны үнемі қызықтырып отырады.
Мұғалім оқушымен сөздік, қарым-қатынас жасау кезінде әсер етудің сендіру және ұйыту, болмаса дегеніне көндіру тәсілдерін қолданады. Сендірудің сөздік түрі: әңгімелесу, үйрету, тапсырма беру, жаттықтыру, дәріс беру, қозғалыс және сезім.
Мұғалім ым, қимыл қозғалысты өз сөзін дәлелдеу, болмаса оқушылардың іс-әрекетін басқару кезінде жиі қолданады. Мысалы, сабақтың жаңа оқуматериалын түсіндіру кезінде денесін, қолын, бет әлпетін қимылдатуы, оқушыға ескертпе жасау мақсатында көз тігуі, оқушы жауабына дұрысдегендей бас изеп мақұлдауы, жауабына көңілі толмағанда екі иығын көтеруі, т.б. Мұның бәрі мұғалімнің уақытты үнемдеуіне және оқушыларды іштей сөйлеуге, ұғынуға бейімдейді. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді», - деп бекер айтпаған. Демек, оқушының әрбір қимыл-қозғалысыныңмәнін түсіну - мұғалімнің дамығандығының белгісі.
Мұғалім мен оқушының сезімдік қарым-қатынасының да ерекше мәні бар. Өйткені, көңіл-күйдің үйлесімділігі - іс-әрекеттің нәтижелі болуының себепшісі. Көп жағдайда мұғалім оқушының көңіл-күйін ескермей, өз көңіл-күйінің жетегінде кетіп, оқыту жұмысының мақсатына жеткендей дүниесіндегі мәдениетін, білімділігін көрсетеді.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушыллармен қарым-қатынасында жетекші орын алады.Әдептілік мұғалімнің жоғары шындық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Тіпті әдепті мұғалім оқушының мұраты да болуы мүмкін.
Ш. А. Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің басты шарттарына оқушыны ынтымақтасуға бейімдеу, мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының, олардың ар-намысын құрметтеп отыруды ескерткен.
Оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасы мұғалімнің келбетіне, сөйлеу мәдениетіне, әдептілігіне байланысты. Бұл тұста келбет деп отырғанымыз мұғалімнің түр әлпеті, киім - киісі, жүріс-тұрысы.
Оқушылардың қарым – қатынасын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі өте зор. «Педагог - оқушы» жүйесіндегі қарым–қатынасқа қойылатын талаптар мен нормаларды мұғалім біліп, орындап отыруы шеберлікке жетелейтін жол.
«Педагог - оқушы» жүйесіндегі қарым – қатынас негізіне демократиялық және ізгілендіру принципі алынады. Оқушы тұлғасына және оның көзқарасына мейірмандық, сенімдік және шыдамдылық таныту іске асады. Мұғалім өзіңде жағымды құлықтарды тәрбиелеу, өз сезімің басқару, оқушыға деген сүйіспеншілік сезім көрсету арқылы іске асады.
Педагогтың өз кәсібіне сәйкестілігінің бірі - қарым-қатынас жасай білуі – оның педагогикалық іс-әрекетке тұлғалық дайындығын көрсетеді.
Басқару стилі: демократиялық, авторитарлық, либералді. Беделдік және лидерлік проблемалар. Әлеуметтік әділеттілік пен демократиялық принциптері және олардың педагогикалық ұжымда басшылардың мұғалімдермен қарым - қатынасында көрініс алады.
Педагогикалық стиль – оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы бірлескен жұмыс түрі. Стильдерді топтастыру бойынша ғалымдардың пікірлері әр түрлі. Мысалы, А.С.Лутошкин өз еңбегінде төмендегідей үш түрін белгіленген.
1.Авторитарлық стиль.
Бұл стильде өз қызметін ұйымдастырған мұғалімнің қарым- қатынасы тұрақты емес. Оның көңіл-күйіне байланысты болып отырады. Авторитарлық стильде істейтін мұғалімнің жиі қолданатын әдістері: бұйрық, талап қою, ескерту жасау, ұрысу, кінәлау т.б. Бұл мұғалімдер оқушылардың белсенділігін төмендетіп, оқуға деген ынтасын түсіріп, қорқыныш, үрей тудырып, оқушылардың пікірімен санаспай жүреді. Авторитарлық стиль қарым- қатынаста өте зиянды стиль болып есептеледі. Өкінішке орай, ұлттық мектептерде де, басқа оқу орындарында да қолдануын жиі байқауға болады. (Оқушыларға анкета толтыртқанда, әңгімелескенде анықталады). Мұндай стилде істеген мұғалімнің беделі, әрине, болмайды. Бұл стилге психологтар «атқан оқ» (разящие стрелы) деген сипаттама береді.
2. Либералдік стиль:
Бұл стилде істейтін мұғалімдер де беделге ие болмайды. Себебі, олар өз пікірлерінен бұрын басқалардың пікіріне көбірек сүйенеді. Біреудің айтқан сөзіне көне салады. Сабақта тәртіп болмайды, оқушылардың да мұғалімнің де белсенділігі төмен, мұғалім балалар ұжымының өміріне араласпайды. Психологиялық ахуал бұнда да нашар. Бұны психологтар «байланысып суға ағызатын ағаштармен» (плывущий плот) теңейді. Бұл да зиянды стиль болып саналады.
3.Демократиялық стиль: бұл стиль мұғалім мен оқушының арасында қарым-қатынасты ынтымақтастық негізде құруға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушымен қарым-қатынасты сыйластық негізде құрады, оқушыны түсіне, тыңдай біледі, оқушының пікірімен санасады, оқушы қателерін кешіре біледі, жетіліп дамуына қолайлы жағдай жасай алады.
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімдер типологиясының екі түрлі классификациясы бар. Оның бірі белгілі педагог В. Н.Сороко-Россинскийдікі. Ол мұғалімдерді қатынас стилдеріне қарай бірнеше түрге бөледі. Олар:
1. Педагог - теорик. Оларда нақты өмірден теория және жаңа ойлар басым тұрады. Ондай мұғалімдер пәнді және оның әдістемесін жақсы біледі, бірақ тәжірибеде осалдық көрсетеді, оқушылармен қарым-қатынастары нашар.
2. Педагог - реалист. Ол теоретик мұғалімге қарама - қайшы тұлға. Адамды, оның көңіл - күйін жақсы сезеді. Олардың осал жерлері - өздерінің тәжірибесін теориялық негізде жеткізе алмайды.
3. Педагог - утилитарист. Ол реалистпен ұқсас, адам жанын жақсы түсінеді. Бірақ оқушыны ықпал ету объектісі ретінде ғана көреді. Оның мықты жері - өткен материалды сұрау немесе түсіндіру емес, керісінше бекіту және қайталау.
4. Педагог - әртіс. Олардың ерекшелігі - шабыт және интуиция әрекет етуі. Бұл олардың мықты және сол кезде осал жағы. Ол сабақты эмоционалды, тартымды түрде өткізеді, бірақ, ол оның көңіл - күйіне байланысты болады. Бұл аталған топтар таза күйінде кездеспейді. В.Н.Сороко-Росинскийдің айтуы бойынша ешбір топқа да жатпайтын мұғалімдер кездеседі.
Екінші классификацияны педагогика ғылымдарының докторы Э.Г.Костяш-кин берді. Ол жасаған типологияның негізіне сабақтан тыс жұмысты алады. Ол төрт типті белгіледі: интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік және ұйымдастырушылық. Әрбір мұғалімнің өз типологиясын білуі - өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің басты компоненті.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Педагогикалық карым- қатынас деген не?
2. Қарым- қатынас функцияларының қандай түрлері бар?
3. Қарым- қатынас құралдарына нелерді жатқызуға болады?
4. Қарым-қатынас стилдердің қандай түрлері бар?
5.Қарым-қатынасты ұйымдастыруда мұғалімге қандай талаптар қойылады?