«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет2/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Тауар жеткізілімі шарты. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткі-зілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандырудың күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылыктарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады. Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі оның өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушіліктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды. Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркідігі кағидасының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айтуға болады.Тауар жеткізілімі шартының нысаны-жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде). Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады. Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлғамен құрылмаған жеке және ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметін коммерциялық емес заңды тұлғаның бір немесе өзге түрі үшін рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шегінде жүргізеді. Сатып алушы болып тауарды өзіне (күнделікті) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез-келген субъектілер табылады. Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатьш алушы ретінде ғана қатыса алады.Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Азаматтық қүқықтық нормалары тауар жеткізілімін қаты-настардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипат-тауына жатады, тауар жеткізілімін мәніне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқыктың объектілері бола алмайды. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі және жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бекітілген сапасына, үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.Сатушы шартта бекітілген өнімнің (тауардың) санын беруге
міндетті, яғни тауар жеткізілімі шартында тауардың санының
жалпы ережелері толық қолданылады. Жеткізілетін өнімнің саны
жүк тиеу вагондарының, контейнерлердің орнының санына бай-
ланысты шартты есептелуі мүмкін. Жеткізілетін өнімнің (тауар-
дың) саны белгіленгенде таразылаудың, өлшеудің туралығымен
байланысты тәжірибелік қиындықтар бар болып келеді. Үлкен
санында аз емес килограмдар ал кейбір кезде өнімнің тонналары
жеткізілмейді немесе тауарлар санына сәйкес қабылдаған
жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгіленген тауардың
саны және сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылықорын алады. Тауар жеткізілімінің жекелеген кезеңінде тауардың жетіс-пеуіне жол берген тауар беруші жетіспейтін тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзімі ше-гіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға міндетті.Ұзақ мерзімді шарт бойынша жекелеген тауар жеткізілімі кезеңінде кем берілген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көз-делмесе, тауарлардың жетіспеуіне жол берілген жыл ішіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) сатушымен (тауар берушімен) орны толтырылуға тиіс.Тауар беруші шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бірнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының біреуіне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетіспеушіліктерді өтеуге есептелмейді және тауар беруші онын орнын толтыруға тиіс.Тауар беруші сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемістіктерді жиырма күн ішінде жою немесе осы мерзім ішінде сапасы бар өнімге ауыстыруға міндетті. Егер кемістіктер тауар берушінің кінәсі бойынша пайда болса, сатып алушы өнімнің жойылым кемістіктерінен бас тартуға құқылы. Егер сатып алушы кемістіктерді өзі жойса, тауар беруші жойылған кемістіктерге кеткен шығындарды өтейді. Сатып алушымен немесе тауар берушімен кемістіктер жойылған кезінен бастап, өнім жеткізілген болып есептеледі. Жарамсыз өнім төленбейді, тауар жеткізілімі міндеттерін орындау есебіне жатқызылмайды. Шартқа, стандарттарының талабына немесе техникалық жағдайларына сәйксс жеткізілетін өнімнің таңбалануы қажет. Өнімде немесе тауардың буып-түюінде тауарлык белгісі болуы керек. Егер стандарттарда көзделсе, өнім тауарлық белгісіз де жеткізіледі. Тауарларға тауарлық белгілер жазылуы тиіс.Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек. Тауар жеткізілімінің он күндік, тәуліктік, сағаттық және басқа да кестелері бекітілуі мүмкін. Шарттың міндеттемелердің орындау күні болып өнімді тауар беруші көлік органына берген, немесе тауар берушінің қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгіленген күні есептеледі. Тауар жеткізілімі мерзімінен бұрын жасауға сатып алушының келісімі болғанда жол беріледі. Мерзімінен бұрын жеткізілген жәнс оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезеңде жеткізілетін тауарлардың санына есептеледі. Тауар жеткізілімі шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тәртібі өзгешелік болып табылады. Егер тауар жеткізілімі шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнімді) сатып алу-шыға, немесе шартта алушы ретінде белгіленген өзге тұлғаға те-міржол арқылы немесе өнімді автомобиль көлігімен тиеп жіберуге міндетті. Яғни, жалпы тәртіп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткізуге міндетті. Егер шартта жеткізіп беру көліктің қандай түрімен және қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгіленбесе, онда заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, көліктің тандау құқығы немесе тауарларды жеткізу жағдайын белгілеуі тауар берушіге жатады.Үшінші тұлғаларға тауарларды тиеп-жөнелтуге шартта тауар тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуі туралы сатып нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделгенде мүмкін болады. Немесе шартта тікелей (алдын ала) тауар үшінші тұлғаға тиеліп жіберілетіні көрсетілуі мүмкін.Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберудің мерзімі шартта белгіленеді. Тауар жеткізілімі шартында үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру міндеті сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің шарты ыдыс және буып-түюге қойылатын талаптарымен ерекшеленеді. Өнімнің ыдысы буып-түю стандарттар және техникалық жағдайларының талаптарына сәйкес болуы тиіс, тасымалдау кезінде тауарларды сақтауға мүмкіндік туғызу керек.Тауарды қабылдау жүзеге асырылады:

а) алушының қоймасында - тауарды сатушы әкелгенде;

б) сатушының (тауар жеткізушінің) қоймасында - тауарды

алушымен өзі алып кететін болса;



в) полмбаланған көлік құралдарынан және контейнерлерінен жүк түсіру орындарында немесе пломбалағандарды ашу жерлерінде немесе көлік органдарының қоймасында тауарды тсміржол, әуе жолы, су және автокөлік органдарымен жеткізіп
бергенде іске асырылады. Брутто салмағымен және орын көлеміндс бұзылмаған ыдыста келіп түскен тауарлар осы мерзімде дс қабылданады. Нетто салмағымен және әр орындағы ыдыс санын көлемімен бұзылмаған ыдыспен келіп түскен тауарлар (олар сатушымсн жеткізілсе немесе оның қоймасынан алынып кетілсе), ыдысты ашқан уақытпен бірдей қабылданады, бірақ 5 күннен кешікпей, ал тез бұзылатын тауарлар тауарды алған уақыттан 24 сағаттан кешікпей. Егер тауарды сатушы тиеп жіберетін болса, онда бұл мерзім жүк көлік органымен берілген уақыттан басталып есептследі. Сапасы және жиынтықтылығы жөнінде қабылдау бұл та-уардың жасырын және ашық кемшіліктерін айқындау мақсатында жүргізілетінін тексеру. Тез бұзылатын өнім әр жағдайда алыну жерінде дереу өткізілуге жатады. Қабылдаушы мұндай өнімнің бұзылуын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті. Ақы төлеу қолма-кол ақшасыз есеппен жүргізіледі. Сатып алушы заңда немесе шартта қарастырылған әдістің біреуімен ақы төлеуді жасау керек, есептің мерзімдерін, тәртібін сақтайды.

Келісімшарт жасасу шарты (Контрактация).Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылык өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылык өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісім-шарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген. Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісімшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымсн тауар жеткізілім шартына жақын. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері оны бөлшектеп сату жүйесі арқылы сирек өткізеді және өнімді өз бетімен қайта өңдеумен көбінесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектілерінің мамандандыруының деңгейі жоғарыланып кетті. Ауыл шаруашылық өнімінің өндірушісі ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасының жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осыған байланысты келісім шарт жасасу шарты икемді құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттен ақша берілмеген жағдайларда фермерге күнін көру үшін осы келісім шарт жасалады. Мысалы, келісімшарт жасасу шарты контракттың алдын-ала тауардың бөлігіне төлеу міндетін қарастыруы мүмкін. Өз кезегінде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндірушіге өзінің өзекті мәселелерін шешуге мүмкіншілік береді-Негізінен келісімшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылык өнімін өндірушінің) құқықтық корғауының күшейтуіне мақсатталған. Құқықтық даму кезінде ақыры осы саладағы шарттық тәжірибенің біркелкі өлшемдері (көрсеткіштері) анықталуы қажет. Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-481-бабының тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізілімінін қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісім-шарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуге арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқыктық реттеудің нәтижелілігін (тиымдылығын) арттыру қажеттіліктер басшылыққа алып сілтемелі норманы енгізді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-б, 2-тармақ). Егер келісімшарт жа-сасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері колданылады. Егер ауыл шаруашылық өнім мемлекеттік қажеттілікке сатып алынса, жоғарыда айтылып кеткен нормалардан басқа арнайы мемлекеттік сатып алуға арналған заңнама қолданылады. Сатып алу-сату шарты сияқты, келісім-шарт жасасу шарты ақылы (өтемді) консенсуалды, өзара (екі тарапты құқыктармен міндеттер бар) шарт болып келеді. Ол сатып алу-сату шартының өзге түрлерінен субъектілік қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбір бөлігінен (құқықтар мен міндеттермен) ерекшеленеді.Келісім-шарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы (өнім ендіруші) және өнім дайындаушы (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те қатыса адады.Келісімшарт жасасу шартының пәні (нысанасы) болып ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі өнімі табылады. Оның ішіне өсімдіктерді баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсірудің, саңырауқұлақ өсірудің, балық шаруашылығының өсірілген, өндірілген ауылшаруашылықтың өнімдері кіреді. Біздің ойымызша олар тек шартпен қарастырылған алғашқы өндеуден (дайындықтан) өтуі керек. Яғни, олардың құрамына сапасын және тағайындауын өзгертетін неше түрлі қоспалар кіргізілмеуі керек. Егер әңгіме ауыл шаруашылық өнімінің маңызды қайта өңдеуі туралы болса, онда шарттың пәні (нысанасы) өзгереді, өзіндік айналым қабілеттілігін алатын оңашаланған мүліктік игілік ретінде оны есепке алуды талап ететін жаңа құн пайда болады.Келісімшарт жасасу көп жағдайда болашақтағы енді өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері жөнінде жасалады. Осымен қатар, келісімшарт жасасу шартының нысанына өсірілген өнім жөнінде жасалатын мәмілелер де бөлінеді. Егер тараптар оған өнім тапсыру туралы ереженің колданылуын қарастырса, онда бағасы келісімшарт жасасу шартының елеулі жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келісімшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткізілімі шартының да болсын елеулі жағдайларына жатпайды.Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шартпен келісілген өнімді беруіне міндетті. Оның сапасы тікелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнінде жағдай карастырылмаса, ол мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек, яғни өндірілген өнімдер соңында тұтынушыға жетеді және де осыған байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Өнім шарттар көзделген түр-түрімен беріледі. Сапасы, түр-түрімен бірге елеулі жағдай болып, өнімнің көлеміне байланысты жағдайда есептеледі. Контрактант өнімге ақы төлеуге міндетті, оның осы міндетінің орындалу тәртібі тауар жеткізілім шартының ұқсас міндетінің орындалу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Содан баска оған алынатын өнімді ұқыпты тексеру міндеті жүктеледі, ол стандарттарға сай өнімнің сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Энергиямен жабдықтау шарты.Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жаб-дықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің карауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуте міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттық құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мер-зім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (камтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін.Қазақстан Республикасында Біртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретіндегі электр энергиясын пайдалану ерекшелігі шарт міндеттерін орындау жүрісін бақылайтын құрылымды құруды, оның айналымының айрықша ережесін қалыптастыруды талап етеді.Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде гана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. Шарт тарптар арасында кез келген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жаса-лады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардьщ біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелігі электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады. Сатып алушы (абонент) —бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен катар заңды тұлғалар табылады. Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты табылады. Жалғанған желі арқылы тұтынушыларға берілетін кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкін деп есептейтін кейбір авторлар мен келісуге болмайды. Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнімдері, су және басқа өнімдері болады.Баға. Қазақстан Республикасында баға белгілеу бостандығы электр және жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының Табиғи монополия туралы Заңы қолданылуы мүмкін. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екі ставкалық немесе бір ставкалық тариф бойынша анықталады. Екі ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінің ең жоғары жүктемесіне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1кВт үшін төлемінен - негізгі ставкадан, тұтынушыға босатылған белсенді электр энсргиясын 1кВТ сағаты үшін төлем, яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңілдіктер (үстеме) белгіленуі мүмкін. Көтерме тұтынушылар-қайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және энергия көздерімен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшін шартқа сәйкес қайта сатушылар үшін белгіленген ортақ бір ставкалык тариф бойынша есептеседі.Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға құқылы. Тауар өндірумен айналыспайтын электр энергиясын өндірістік тұтынуды талап ететін құрал-жабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек әртүрлі ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшін пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестірілуі қажет.Энергиямен жабдықтау бойынша міндеттеме мәні энергияның абонентке үздіксіз берілу қажеттілігіне негізделеді. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесімді болып табылады. Тұтынушының өзіне қажетті көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкіндігі болатын болса, онда ол уақыт кезеңіне тәуелсіз тәулік бойы берілуі қажет. Энергия жабдықтаушы ұйымға кәсіпкерлік шарттың құқықтық тәртібінен бірқатар ерекше болып табылатын құқық беріледі. Егер сатушыда электр энергиясының қажетті саны болмаса, онда ол оны тарату тәртібін ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етілетін қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сәйкес келмейтін энергияны таратуға мәжбүр болуына әкеледі. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік нормасының болуы оны таратудың тәртібіне әсер етеді ж.б. Энергияны беру төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін:

а) шартпен бекітілген мерзімге электр энергиясы үшін тө-


лемнің болмауынан;

б) электрді тұтынудың шарттық мөлшерінде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекітілген электр тұтыну тәртібін бұзу;

в) электрмен жабдықтаушы ұйым желісіне тоқ қабылдағышты өз бетімен жалғау немесе қуатты бекітілген шарттан жоғары арттыру;

г) тоқ қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебінің схемасын бұзу;

д) электрмен жабдықтаушы ұйымдар және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзушы мәнге дейін тұтынушы кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің төмендеуі;

е) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерін электр


энергия есебі аспаптарына жібермеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет