«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет9/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

2. Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен алады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге де шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге вокзалдардың, әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың, тетатрлардың, мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т.б. сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді, жетондарды және басқа да заңды деп танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенше жағдайлар кезінде (өрт, су тасқыны және т.б.) сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы шарттың жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жагдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі. Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін. Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндігімен). Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.АК 773-бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атап өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да мүмкін.Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішінде шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкіндіктерін) қамтамасыз етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.Талап етілмелі шарттың мәнісі - жүк берушіге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де мерзімсіз де сақтау шартының элементтерін қамтуы мүмкін.Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болса (шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т.с.с. Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шексіз сақтау кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе өзге жағдайларда әдеттегі мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады. Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда, жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сактаушыға мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге болады.Сақтау шартының субъектілері (тараптары). Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді не т.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір заматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді.Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъектілік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр. Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азамат-тармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастыру-шылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.Коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті. Сақтау шартының пәні. Бұрын әрекет еткен заңнамада сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін "мүлік" терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше "консервативті" түрде болады. Егер сатып алу-сату, жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы қалпын сақтап қалды.Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады. Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою (тыйым салу) конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терроризмді (ланкестікті) насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерін қам-тамасыз ету, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес, "Есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қызмет түріне (мамандандырылған мекемелерге) берілген лицензия негізінде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады". Сақтау шарты бойынша арнайы талаптар Қазақстан Республикасының 23 қараша 1995 жылғы "Дәрілік заттар туралы" Заңымен белгіленеді. Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол "қалыпсыз" сақталу деп аталады. Қозғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай көзқарас азаматтық құқық теориясында даусыз болып табылады. Азаматтық құқықтың басқа институттарын қолдану мүмкін болады, оларға мыналар жатады: 1) мүлікті мамандандырылған ұйыммен күзету бойынша өтелмелі қызмет көрсету шартын бекіту; 2) еңбек шарты немесе өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша күзетшіні жалдау. Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-жайдағы ылғалдылық сияқты факторлардың әсерінен сақтап қалуға тиіс. Мұндай факторларға сондай-ақ мүлікті бүлдіруі (жоюы), оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқыққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы болуы тиіс. Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немесе өзге жағдайлары және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда сот шарттың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескертілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті (ҚР АК 775-б,1-т.). Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.Егер шартпен сақтаушының оларды жүргізу жөніндегі сол бір немесе өзге шаралары (міндеттері) ескертілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолдануға тиіс.Сақтаушы затты ақысыз сактауға қабылдаған кезде және затты күту бойынша белгілі бір әрекеттерді жасау тараптармен ескертілмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиіс.Кәсіби сақтау кезінде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиісті іскерлік айналым дағдыларын (егер олар болса) басшылықка алуға тиіс. Кәсіби сақтаушыға сол бір немесе өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзі дербес олардың қасиеттерін ескеріп, тиісті шаралар қолдану жөніндегі талаптар қойылуы мүмкін. Бұған кәсіби сақтаушының өзі біле алмайтын заттардың ерекше (тән емес) қасиеттері кірмейді.Барлық сақтаушылар, оларлың тұрмыстық не кәсіби сақтаушылар екеніне қарамастан, жария тәртіп ұстанымдарын сақтауға тиіс. Өйткені оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына әсер етуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидемқадағалау органдары тиісті санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды белгілейді. Осындай талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеген субъектілер егер соның салдарынан заттардың бүлінуі немесе жойылуы орын алса, бұл үшін жүк беруші алдында жауапты болады.Сақтаушыда сол бір немесе өзге жағдайлар орын алғанда ол бұрын өзі болған үй-жайды жөндеуден өткізеді, оны ауыстырады немесе қандай да бір табиғи, техногендік құбылыстардың және т.б. салдарынан затты сақтау жағдайлары өзгеретін болады, онда сақтаушы заттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы шараларды колдануға тиіс. Сақтаушы, сондай-ақ жүк берушіге сақтау жағдайларының өзгеретіндігі туралы дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге міндетті, заттың жоғалу немесе бүліну қаупі туған жағдайда сақтаушы жүк берушінің жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдісі мен орнын өзгертуге міндетті.Егер де қолданылған шараларға қарамастан, зат сақталу кезінде бүлінуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін (мысалы желдеткіш жүйелер істен шықса, ал зат сақтау кезінде тұрақты түрде желдетуді талап етсе, бірақ сақтаушы аталған жүйелерді калпына келтіре алмаса) және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бір бөлігін сатуға құқылы.Затты сақтаушы ретінде ұстау кезеңінде, ол затты пайдаланудан тартынуға міндетті. Сақтаушының затты пайдалану мүмкіндігі сақтау шартымен көзделуі мүмкін. Сақтаушыға затты пайдалану құқығын беру кейбір жағдайларда сақтау үшін төленетін ақшалай төлемнің орнын алмастыратын болады. Егер бұл оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет болса, сактаушы затты пайдалануға құқылы болады.Сақтаушы өзіне сақтау үшін берілген мүліккке (затқа) заттық құқықтарды иеленбейтін болғандықтан, сақталған заттарданалынған (өсімдер) мен кірістерді меншік иесі мен өзінің арасында туралы да мәселе туындамайды. Сақтаушы затты қайтарумен бірге сақтау уақытысында алынған нәтижелер мен кірістерді де беруге міндетті. Шартпен басқаша көзделуі де мүмкін, жемістермен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнінде тараптардың келісімі болса сақтау үшін берілетін әдеттегі сыйақыны толықтай алмастырады және сақтаушының шығындарын өтей алады. Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз міндеттерін жеке өзі атқаруға міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін белгілі бір мәселелер аясында жоғарыда қарастырып өткенбіз. Даулы жағдайларды шешу және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелерді кеңінен қолданған жөн екенін атап өткен дұрыс. Сақтау стандартты шарттың институт, ал жауапкершілік бойынша талап етілмелі ерекшелік оны реттейтін нормаларда ескерілген.Сақтау шартында кәсіпкерлермен катар кәсіпкер еместер де жиі көрінеді. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкершілігі, борышқордың жауапкершілігі сияқты. Оның кінәлі іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделеді. Сақтаушы сақтауға алынған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлінуін өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жауап береді. Сақтаушы шарт бойынша басқа міндеттемелерді орындамағаны, тиісті түрде орындалмағаны үшін де, егер соның салдарынан жүк берушіге зиян (залалдар) келтірілсе немесе айып төлеу түріндегі жауапкершілік санкциялары көзделсе, кінәлі жауапкершілікке тартылады. Егер мерзімді сақтау шартында көзделген сақтау мерзімі немесе мерзімсіз сақтау шарты бойынша затты қайтып алу үшін сақтаушымен көзделген қисынды мезгіл өткен соң жүк беруші затты қайтарып алмаған болса, сақтаушы өз тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді.Жалпы ереже бойынша жүк берушіге заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуінен келтірілген залалдар сақтаушымен ҚР АК 350-бабына сәйкес өтеледі. Яғни, ҚР АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес анықталатын зиянды толық көлемде өтеу туралы сөз болып отыр. Табыс алу үшін жүк берушімен қолданылған шаралар және осы үшін онымен жасалған дайындықтар ескерілетін болады.Кез келген жағдайда жоғалған, кем шыққан, бүлінген мүліктің іс жүзіндегі шығынының құны өтелетін болады. Егер сақтауға өткізу кезінде шартта немесе өзге жазбаша құжатта көрсетілгендей заттың бағалануы жүзеге асырылған болса, сақтаушының жауапкершілігі бағалау сомасына сүйене отырып анықталатын болады. Ол барлық жағдайларда даулана алады.

4. Ломбардта сақтау.Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие берумен қатар, ломбардта оларға сақтау бойынша қызметтер де көрсетеді. Ломбардтың осы қызмет түрлеріндегі көрінген айырмашылықтарға қарамастан оларды біріктіретін белгілер де бар. Ломбардтар басым жағдайларда табиғаты жағынан банктік болып табылатын қызметті жүзеге асырады.Сол себептен ломбардтар барлық жағдайларда қаржылық банктік емес ұйымдар ретіндегі олардың арнайы құқық қабілеттілігімен қамтылатын құқықтық қатынастарға қатысады. Олардың қызметі ломбардтар туралы қызметтен басқа Ұлттық Банк басқармасымен 23 тамыз 1997 жылы бекітілген банктік емес қаржылық мекемелер туралы Ережемен реттеледі. Ломбард кепілге несие беру үшін де, азаматтардың құныдылықтарын сақтау үшін де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуға міндетті. Заттарды салу кезінде де ломбард олардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін алады, яғни бұл жағдайда да сақтау қатынастары пайда болады.Ломбард заттарды сақтаудың жария шартын жасасады және осыған орай ол өзіне жүгінген тұлғалармен шарт бекітуден бас тартуға құқылы емес. Егер клиент жүгінген сәтте ломбардта сақтау үшін қажет алаңдар (сейфтер, шкафтар немесе үй-жайлар) болмаса ғана бас тартуға жол беріледі. Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген қосылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, косылу шартының негізгі белгілерінің бірі - бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны. Заңнама нормаларының мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан - атаулы сақтау түбіртегі көзделген. Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен аныкталуға тиіс. Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қаупін). Сақтандыру кезіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру шартын бекіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленетін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.Әдеттегі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.Бұрын ломбард салынған және сақталып жатқан заттардың (уақытында қайтып алынбаған) сатуды өз бетінше ұйымдастыруға құқылы болған. Меншік иелері құқықтарын кепілдендіру мәселесіне қатысты заң шығарушылардың ерекше көңіл аударуына орай, енді ломбардтта сақталып жатқан затты алып қоюға деген өздерінің сөзсіз құқығын растайтын сот бұйрығын шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. Сақтау мерзімі өткеннен кейін үш ай сақтау ломбард үшін міндетті болып табылады. Өз білгенінше (клиент мүддесі үшін) ломбард затты аталған мерзімнен асатын уақыт ішінде де сақтай алады.

Құндылықтарды банкте сақтау. Жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚР АК 786-бабының 1-тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат металлдар, тастар және өзге де құндылықтар, сондай-ақ құжаттар жатады. Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса, бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтьш құжаттар да сақтауға жатады. Құндылықтарды сақтау туралы нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалык мақсаттылыққа ие емес және ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатын болады. Азаматтар өз ақшаларын еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен сақтау сірә, қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария құқық нормаларымен қайшылыққа түседі.Құндылықтардың (бағалы қағаздарды қоспағанда) толығырақ түсінігін арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы жоғарыда бірнеше рет аталып өткен нұсқаудан таба аламыз. Оларға жататындар: "Өндірістік немесе зертханалық мақсаты бар қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар, ювелирлік бұйымдар, қымбат металдардан жасалған тиындар, кесектелген, шлих, самородка, жартылай фабрикат түріндегі қымбат тастар немесе металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ аталған бұйымдардың сынықтары, қымбат, коллекциялық ақша белгілері, тарихи немесе көркемдік құндылығы бар мүлік".Құндылықтарды банкте сақтау шарты реалды шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жаткан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беруші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф ұяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады.

Қонақ үйде сақтау. Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруына арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі - сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылған күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сақтау туралы жалпы нормаларға сәйкес анықталатын болады. Мұнда қонақ үйдің бөлмелерінде орналасқан уақытша тұрушылар-дың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін шырақтық таныту қажет. Ол бүл туралы дереу қонақ үй акімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

Даулы заттарды сақтау секвестр. Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының қалыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін камтамасыз етуге мүмкіндік береді.Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құкық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған қайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауға ие, өйткені ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген.Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құқықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы аДамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі болып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға карағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалды болмауымен. Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет