«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет5/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

4. Көлік құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша кызмет көрсетуімен жалдау шарты (көлік құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға беруші жалға алушыға ақы төлетіп, көлік құралын уақытша иеленумен пайдалануға беруге және өз күшімен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге міндетті. Мүлік жалдау шартының бұл түрі белгілі мерзімге жасалуға мүмкін. Аренданың ақырғы (ең ұзақ) мерзімі шектелмеген. Осы-ған байланысты, бұдан бұрын аренда мерзімі туралы айтылған пікірлерімізге назар аудару қажет. Көлік құралын экипажымен жалдау шарттары мерзімі көрсетілмей (белгісіз, анықталмаған мерзімдерге) жасалуы мүмкін.Шарттың нысанасы көліктік заңнама негізінде көлік түрлеріне жатқызылған көліктің данасы әуе, автокөлік, теміржол, ішікі су көлік құралы ( Казақстан Республикасында көлік туралы "Заңның 1-бабына сәйкес, көлік оның аумағында тіркелуге тиіс).Шарттың тараптары азаматтық-құқықтық қатынастары-ның кезкелген субъектілері. Бірақ, жалға беруші тарап көлік құ-ралын жалға беру үшін, оны меншік құқығымен немесе езге де заттық құқығымен иелену керек. Көлік құралын экипажымен жалдау шартыньщ мазмунын осы мүлік жалдау шартының түрінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жалға берушінің және жалға алушының) жалпы және ерекше сипаттағы нормалардың әсерін ескерген кезде нақ-ты болады. Көлік құралы экипажының құрамы және оның биіктілігі тараптар үшін міндетті ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшін міндетті ережелермен мұндай талаптар белгіленбесе - көлік құралының осы түрін пайдаланудың әдеттеп практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиіс. Қазақетан Республикасының Азаматтық кодексінің 588-6. 3-тармағымен экипаж мүшелері жалға берушімен еңбек қатынас-тарын сақтап қалатыны көзделеді. Бұл негізінен өте маңызды заңды ескерту, ол көлік жалдау шартының бүкіл заңды тегіне жүзеге асуына мүмкіншілік береді. Оның болғанының нәтижесінде жалға беруші көлік құралының жағдайына да басқару және пай-далану бойынша қызмет көрсетуіне де толық жауапты болады. Осы айтылған нормаға сәйкес, экипаж мүшелері жалға берушінің басқару мсн техникалық пайдалануға қатысты өкімдеріне бағынады. Егер өкімдер көлік құралын коммерциялық пайдалануға қатысты болса, онда экипаж жалға алушының өкімдеріне бағынуға тиіс. Азаматтық кодекс экипаж мүшелерінің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды және оларды ұстау жөніндегі шығындарды көтеруге қатысты диспозитивтік нормасын қарастырады. Жалпы ереже бойынша осы міндет жалға берушінікі болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша ол жалға алушыға жүктелуі мүмкін. Жалға берушінің келесі міндеті пайдаланылатын көлік құралының бұзылу немесе жойылу қаупінің дәрежесі жоғары болатынына байланысты орнатылады. Жалға беруші көлік құралын немесе оны пайдалануға байланысты орын алуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті сақтандыруға міндетті болады. Осы міндетті орындамауы жалға берушіні көлік құралы іске жарамсыз болып қалуына байланысты қолайсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Жалға алушы (немесе басқа тарап) көлік құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтеруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған көлік құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыруда жалға берушінің келісімінсіз өз атынан үшінші, тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетілген көлік құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгіленбесе көлік құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасауға құқылы. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 591-б).

5. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Прокат шарттарын үйлер мен ғимараттарды жалдау, кәсі-порынды, жер учаскелерін, тұрғын жайларды жалдау шарттарының орындарында қолдануға болмайды, себебі олардың объектілерінде елеулі ерекшелігі бар, олар қозғалатын мүлік болып табылады. Бірақ, көп жағдайларда, мүлік жалдау қатынастарының реттейтін нормалар өзара қатысып тұрады, сондықтан тұрмыстық прокат қатынасына мүлік жалдаудың (аренданың) жалпы ережелері қолданылуы мүмкін. Прокат шартының нысаны жазбаша болады. Ол басқа тұтыну шарттары сияқты түбіртек, жетон және с.с. берілу арқылы жасалады. Прокат шарты жазбаша нысанда жасалмаған реттер үшін заңнама оның жарамсыздығы туралы ережелерді қарастырмайды. Прокат шарты бір жылға дейін шектелген мерзімге жасалады. Жалға алушының мүлікті жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлікті жалға алу шартын белгісіз мерзімге жаңарту туралы ережелер прокат, көлік құралын экипа-жымен жалдау шартына қатысты қолданылмайды. (ҚР АК 596 бабы 2-тармағы). Жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. (ҚР АК 596-6. 3-тармағы). Прокат шартының нысанасы азаматтық айналымнан алынбаған кез келген қозғалатын мүлік болуы мүмкін. Прокатқа азаматтық айналымнан шектелген заттар берілуі күмәнды, бірақ ол да мүмкін. Сондықтан, шарттың нысанасы болып негізінен кең азаматтық айналымдағы заттар табылады. Прокат шарты бойынша берілетін мүлік негізінен тұтынушылық мақсаттарына пайдаланылады.Прокат шартының тараптары - жалға беруші және жалға алушы. Жалға беруші әрқашан кәсіпкерлік қызмет субъектісі және ол заңды тұлға болуы мүмкін немесе заңды тұлға құрусыз жеке кәсіпкер ретінде әрекет ете алады.Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі жалға оларға берушілер ретінде прокат шартын жасасуға негізінен мүмкіншілік бермейді. Бірақ олар оны жарғыларымен немесе құрылтайшымен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шеңберінде жасай алады. Жалға берушінің құқықтары мен міндеттерін қарастырайық. Шартта көзделген немесе пайдалануына сәйкес анықталатын мүлікті тиісті күйінде беруге жалпы міндетінен басқа жалға берушінің арнайы міндеттері де болады. Прокат шартын жасасқан жалға беруші жалға алушының қатысуымен жалға берілетін мүліктің тиісті күйінде болатындығын тексеруге міндетті. Сондай-ақ жалға беруші жалға алушыны мүлікті пайдалану ережелерімсн таныстыруга міндетті, бұның орнына жалға беруші жалға алушыға мүлікті пайдалану тәртібі туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге құқылы. Жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін ақысыз жою бойынша немесе оның тиісті күйіндегі өзге сондай мүлікке ауыстыру бойынша баламалы міндетін көтереді. Бұл міндет жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін тапқан жағдайда пайда болады. Кемшіліктердің сипаттамасы осындай болу керек, олар толық немесе ішінара мүлікті пайдалануға кедергі келтіру керек. Жалға берушінің жүктелген, белгіленген міндеттің өзгешелігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 598-б нормалары қатаң нысандағы бұйыру жасайды, сондықтан жалға берушінің міндеттері сөзсіз болып келеді. Одан басқа ол (міндет), егер шартта қысқалау мерзім белгіленбесе, он күндік мерзімде орындалуы керек. Прокат шарты бойынша жалға берілетін мүлікті күрделі және ағымдағы жөндеу жалға берушінің міндеті болып табылады. Жалға алушы мүлікті мерзімінен бұрын қайтарған жағдайда жалға беруші мүлікті пайдаланғаны үшін алған ақының тиісті бөлігін оған мүлікті нақты қайтарған күннен кейінгі күннен бастап есептеп қайтарады.. Прокат шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері өзара, яғни бір тараптың құқығына екінші тараптың міндеті сәйкес болады. Сондықтан жалға алушы жалға берушіден бізбен аталған оның барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.Осыған қатысты тікелей нормалар болмаса да, прокат шар-ты мүлікті пайдаланудың мақсатына жоғары талап кояды. Егер прокат нысанасы жалға тұтынушылық мақсатта алынса, оның кәсіпкерлік пайдалануы жалға алушы өзінің жағынан мүлікті пайдалану мінезіне қатысты міндеттерін бұзғаны болып табылады. Тағыда бір ерекшелік бар, прокат шарты бойынша жалга алушы мүлікті жақсарту мүмкіншілігінен де айырылады. Жалға берілген мүлікті тиісті пайдаланудан басқа жалға алушы өз уақытында мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақыны төлеп тұруы тиіс. Прокат шарты бойынша төленетін ақының ерекшелігі бар, ол ақшалай түрде ғана төленуі мүмкін.Жалға алушы мүлікті пайдаланған кезде жалдау ақысын жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған табысқа сәй-кестеп есептеуге тиым салынады. Прокат шарты бойынша төле-нетін ақы тұрақты сомада белгіленеді. Ол мерзімімен немесе бір жола енгізіледі. Мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мерзімділігі шартпен белгіленеді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Мүлік жалдау шартының түсінігі

  2. Мүлік жалдау шартының мазмұны

  3. Мүлік жалдау шартының түрлері

Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001



Тақырып 6 . Мүлікті тегін пайдалану.

1.Мүлікті тегін пайдалану



2.Өтемелі қызмет көрсету

1. Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады. Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.Несие беруші - азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы). Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.ҚР Азаматтық кодексінің 610-бабы "Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі" деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтіндігін атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін өз мойнына алады, егер ол тегін пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушінің келісімінің оны үшінші тұлғаға берудің нәтижесінде мүлік жойылса немесе бүлінсе. Несие алушының жауапкершілігі туралы айтқанда оны міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының міндеттерін жалға алушының жауапкершілігін көздейтін нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тікелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершілігін анықтауда соттың қарап шешуі көзделетін кезде оның жауапкершілігінің мөлшері, егер жауапкершілік туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершілігінің мөлшеріне карағанда біршама артық болуға тиіс. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүліктің кемшіліктері үшін, егер ол несие алушыға нақты шығын келтірсе, жауап береді.Несие беруші мүліктің шартын бекіту барысында ескертілмеген немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған, не мүлікті қарау барысында немесе шартты бекіту кезінде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезінде несие салушы анықтауға тиіс болған кемшіліктері үшін жауап бермейді. Әрине, несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беруде көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Оған шартты тоқтатудың азаматтық заңнамамен көзделген жалпы негіздері таралады. Олар: шартты тараптардың келісімімен және оны бұзу салдарынан бір жақты тәртіпте тоқтату. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы, егер несие алушы: а) мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; б) мүлікті сол күйінде ұстап тұру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; в) мүліктің күйін елеулі түрде нашарлатса; г) несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тулғаға берсе.Несие алшы мүлікті тегңн пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге құқылы: а) мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса; б) егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе; в) егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; г) несие беруші мулікті немесе оның керек-жарақтары мен қатысты кұжаттарды беру міндетін орындамаса.Әрбір тарап мерзімі көрсетілмей бекітілген несие шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Тек бұл туралы екінші тарапты егер шартпен баска мерзім көзделмесе, бір ай бұрын хабарландыруғ тиіс. Мерзімі көрсетіле отырып бекітілген шартпен бір жақты түрд еркін бас тарту құқығы тек несие алушыға берілген. Ол да бұл туралы несие берушіні бір ай бұрын хабарландыруға тиіс.

2. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді. Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.. Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижееі ие болады, ол салынған ғимараттан. Жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студентті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін, бірақ студенттің өзі тиісті деңгейде білімді менгере алмауы да мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсетті деп танылады. Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарга сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) кол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге кол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс. Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы. Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атқарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және аткарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс. Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бірізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей, атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді. Тапсырысшы аткарушының қызметіне, өтелмелі кызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды. Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет керсету шарттары тұтынушы шарттар қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкала-рына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольді органмен келісіл-ген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке акы толық көлемінде төленуге жатады. Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Өтелмелі қызмет көрсетудің түсінігі

  2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының мазмұны

  3. Мүлікті тегін пайдалану

Ұсынылатын әдебиет

1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.

2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003

3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004


Тақырып 7. Жұмысты орындау бойынша міндеттемелер. Мердігерлік шарт туралы жалпы ережелер

1.Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер



2.Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

1.Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және онын орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздсстіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы табылады. Тапсырысшы екінші тарапқа -мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауды тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігер -шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға мін-деттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, же-ке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келі-сімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйтке-ні оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлык (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мердігерлік шартыньщ нысанасы - бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ тө-леудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі.Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бір жақ-ты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұ-мыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындар-ды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдық-тардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер-дің құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсы-рысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады. Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жа-ғына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажеттілігі туындаса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің) уакыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі бұл да шарттың нысанасы болып тек жұмыстың нәтижесі келмейтінін, нысана құрамына ол жұмыстың (кызметтің) өзі де кіретінін көрсетеді. Мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында жұмыс толығымен жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628-бабы 1-тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері - аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қыз-метінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын, бақылауын қамтама-сыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез-құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді. Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруа-шылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпа-лығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.

Мердігер:



  • тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, тех-
    никалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

  • оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;

  • орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына не беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата туруға міндетті.

Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемшіліктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемшіліктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады. Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгі-ленген өзге соманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материал-дар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсы-рысшы керекті ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы.

Тапсырысшы өз тандауы бойынша мердігерден:

- қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды;

-жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды


талап етуге құқылы.Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктерді өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс-әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек.Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген зиянды өтей отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті. Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесс жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет