2.Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тап-сырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты - екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшін айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлік түріне және жолаушылар тасымалы үшін ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы беріледі. Бекітілген шарт бойынша жолаушы көлік құралында билікке сәйкес орынды иеленуге құқылы. Тасымалдаудың мөлшеріне карай вокзалдарда теңдеме жүкті қабылдау мен беру бөлмелері, қол жүгін сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттік жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелері; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететін үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелілер, шаштараздар, дәрігерлік көмек пунктері және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және олардың жол жүру, түсу және өту қауіпсіздігін арттыру үшін станцияларда төбесі жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдері немесе көпірлер салынады.Жолаушыға ішкі тасымалдар кезінде 7-ден 15 жаска дейінгі және халықаралық тасымалдар кезінде 5-тен 12 жаска дейінгі балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерінде төлеумен жеңілдік жағдайларында бекітуге құқық беріледі. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бірге немесе бөлек жол жүретіндігі маңызды болып табылмайды.Жолаушы көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде жүріс арасындағы аялдамада билет күшін 10 тәуліктен аспайтын мерзімге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көліктің барлық түрлерінде ұзартуға құқылы. Жүріс барысындағы аялдама кезінде билеттің әрекет ету күші тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкін. Егер пайдаланылмаған темір жол билеттері темір жол станциясының кассасына поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкін, ал поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан кем, бірақ 6 сағатқа дейінгі уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуіне 6 сағаттан кем уақыт ішінде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт кұны қайтарылуға жатпайды.Егер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтілгенге дейінгі 7 тәуліктен кем, бірақ 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтілгенге дейінгі үш тәуліктен кешіктіріліп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады. Жолаушы өзімен бірге қол жүгін (теңдеме жүкті) алып жүруге құқылы. Әуе көлігінде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын кол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Темір жол, теңіз, ішкі су көлігінде, сондай-ақ халықаралык автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Тасы-малдаушылар өз шешімі бойынша көліктің барлық түрлерінде тегін тасымалданатын теңдеме жүктін салмағын ұлғайтуға құқылы. Темір жол тасымалы кезінде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүкті тегін алып жүру үшін тапсыруға құқылы, белгіленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүкті алып жүре алады.Теңдеме жүкті тасымалдау жөніндегі міндеттеме - тасымалдаушының жолаушы көрсеткен багытта теңдеме жүкті алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге оның сақталуын қамтамасыз ету міндеттемесі болып табылады. Теңдеме жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлімшесінде орналастыру үшін қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлігімен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүкті әртүрлі көлікпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темір жол тасымалдауы кезінде теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиісті бағыттағы келесі поезбен жіберуге міндетті. Егер жолаушының мәлімдеуі болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Көліктің барлық түрлерінде теңдеме жүкті тасымалдауға алуға болады.Жолаушы теңдеме жүкті тапсыру кезінде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады. Жолаушыдан теңдеме жүк ретінде тасымалдауға өзінің көлемі, буып түйілуі мен қасиеттері бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиеліп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктеріне зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады. Теңдеме жүкті жеткізу мерзімі баратын жеріне дейін теңдеме жүк бірге жөнелтілген көлік құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтілсе, онда оны жеткізу мерзімі қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темір жол тасымалы бойынша әрбір қайта тиеуге бір тәуліктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік ішінде баратын жеріне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүкті жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы.Темір жол тасымалдауы кезінде 60 күн ішінде талап етілмеген теңдеме жүк іске асырылу ушін жергілікті сауда ұйымдарына берілуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да іске асырылуға жатады.Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бір тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлеттіріп беруге міндеттенеді.Чартер шартының жүктерді жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шартынан жалпы ерекшелігі оның сөзсіз консенсуалды екендігінде. Чартерлік тасымалдаулардың тағы бір ерекшелік белгісі – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлік тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшін арналған көлік құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұракты тасымалдар үшін арналған жолдарды, әуетрассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиіс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгілі болып табылады.Чартерлік тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетілген жеке мазмұнымен ерекшеленетін болады. Дегенмен де оларды бекіту кезінде көлік аясындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың міндетті талаптарын сақтау да қажетті болып табылады.Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүкті, теңдеме жүкті жоғалтқаны, олардың жеткіліксіздігі бүлінуі (зақымдануы), сондай-ақ жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершілікте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің, экспедитордың кінәсі бойынша туындаған жауапкершілікке тартылса, онда ол кінәлілерге регресстік (кері) талап қоюға құқылы.Темір жол көлігімен тасымалдау шартымен айып төлеу жиі-жиі айыппұл сипатына ие екенін атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшері Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тікелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін, Қазақстан Республи-касының Азаматтық кодексімен белгіленгендей, бөтеннің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде айып төлейді. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келісім болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленеді, ал қалған бөлігімен қарыздың негізгі сомасы өтеледі. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қозғалмалы құрамды берудің орнын толтыру мерзімі тиісінше жарты айды құрайды (жүк жөнелтушінің жауапкершілігін болдырмайтын дәл сол жағдайларда).Тасымалдаушының жауапкершілігі туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалтылуы, бүлінуі, жетіспеушілігі немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:
а) жүк жөнелтуші немесе жүк алушының кінәсінен;
ә) жүктің ерекше табиғи қасиеттерінің салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезінде жүктің сақталуы үшін ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететін оның ерекше қасиеттерін накладнойда көрсетпей жүкті тасымалдауға беру салдарынан;
б) егер тиеу немесе түсіру жөнелтушінің немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктерді төбесі жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсірумен байланысты себептер бойынша;
в) жүктерді ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдімгі себептер салдарынан;
г) жүкті жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жол серігімен бірге тасымалдау кезінде;
ғ) жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкін болмаған ыдысы немесе буып-түйілуінің кемшіліктері салдарынан немесе ыдыста зақымдау іздерінің жол бойында байқалмаған кезінде жүктің қасиеттеріне немесе белгіленген стандарттарға сай келмейтін ыдысты қолданудан;
д) жүк жөнелтуші накладнойда көрсеткен мәліметтердің кателігі нақты болмауы немесе толык болмауы салдарынан;
е) белгіленген норма шектерінде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан;
ж) тасымалдау кезінде тасымалдану мерзімдері мен температуралық режим сақталғанда тез бүлінетін жүктердің бүлінуі салдарынан.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Заңнамамен белгіленген жауапкершіліктің ерекшелігі болып көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершілік туралы нормалардың унификациялануы табылады.Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қаламаңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кірс ақысын толық көлемінде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кінәсі бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерін пайдаланған жағдайда) жолаушыны тасымалдау кідіртілген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жолаушыға кідіртілген әрбір сағат үшін билет құнынан 3% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Жолаушыға төлеуге тиіс айыппұлдың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кідірту себебі туралы ресми құжат берілетін болады немесе оның билетінде белгі койылуы тиіс. Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктің жоғалғаны кем шыққаны және зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауапкершіліктің мөлшері тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыкқаны, зақымданғаны үшін сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүкті жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін теңдеме жүкті алушыға өткізіп алынған әрбір тәулік үшін тасымалдау ақысының 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бұл жағдайда да жауапкершіліктің шекті мөлшері тасымалдау акысының 50%-нан аспауға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша, егер тасымалдаушы жауапкершіліктің жоғарырақ мөлшеріне келіссе, жолаушының не теңдеме жүкті алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершілік мөлшері ұлғайтылу жағына карай өзгертілуі мүмкін. Бірақ жауапкершіліктің келтірілген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшін жауапкершіліктің төменгі мөлшері ретінде карастырған жөн.
3. Көлік экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көліктік көмекші шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзінен туындайтын - ехреdіtіо - жөнелту деген атауы шығадыЭкспедитор тасымалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің келісімімен экспедитор жөнелтуші-нің мүддесін, тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасымалдауды өзі белгілей алады. Экспедитор тасымалдау шартын тиісті түрде бекіте алу үшін жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға тиіс. Егер жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды. Көлік экспедициясы шартының әрбір тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан бас тартуға құқылы. Экспедитор кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылғандықтан тиісінше ол клиент алдында бой алдырмайтын күш немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Экспедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара бійланыстылығын жауапкершілікке қатысты ескерудің көрінісі, кейбір жағдайларды экспедиция міндеттемелерін бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы әрекеттерінің салдарынан болу мүмкін екендігі де есепке алынатынымен сипатталады. Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершілігінің мөлшері ондай жағдайларда клиентке келтірілген шынайы залал мөлшерінен, яғни тасымалдаушы жауапкершілігінің мөлшерінен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиіс, бірақ клиент алдында тікелей жауапты болып бәрібір экспедитор қалады. Тасымалдаушының кінәлі әрекеттерінің салдарынан жауапқа тартылған экспедитор оған кері талап қою құқығын иеленетін болады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Тасымалдау шартының түсінігі
-
Тасымалдау шартының мазмұны
-
Тасымалдау шартының түрлері
-
Көлік экспедициясы шартының түсінігі
-
Көлік экспедициясы шартының мазмұны
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 9. Банкілік қызмет көрсету шарты
1. Банктік қызмет көрсету шарты.
2.Ақша аудару туралы шарт
3. Банк салымы шарты.
1.КР Азаматтық кодексі банктік кызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді: 1) Банктік шот шарты; 2) ақша аудару шарты; 3) банк салымы шарты, ол негізінен несиелік катынастарды қамтамасыз ететін болғандыктан жоғарыда қарастырылып өткен; 4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері. Ал енді әрқайсысын жеке ашып қарайық. Банктік шот шарты - кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің құрамына кіретін құқықтық катынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.Қазақстан Республикасының "Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңында банктік шот банк пен клиент арасында салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін тәсіл ретінде және банктің төменде көрсетілген операцияларды жүзеге асыруымен байланысты анықталады:
-
Клиентке тиесілі акшалардың болуы мен пайдалануын банктің қамтамасыз етуімен байланысты;
-
Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты;
-
Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің өкімін орындаумен байланысты;
-
Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе, клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен байланысты;
-
Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте
қолма-қол ақшаны клиенттен кабылдауды және оған беруді жүзеге асырумен байланысты;
-
Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте,
банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен байланысты;
-
Банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты;
-
Клиентке шартта, заңнамада немесе банктік тәжірибеде қолданатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен кезде ашылады
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Шарт тараптары: банк және клиент - бұл кез келген заңды немесе жеке тұлға. Банк салымдарын енгізу кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан, банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды жүргізу клиенттің құқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Шарт пәнін (ақша қаражаттарын) ақша (теңге немесе шетел валютасы) құрайды. Бантік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоттар, сондай-ақ банктерде бухгалтерлік есептің бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға жүгінгенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шотта-рынан ғана жүргізіледі (29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңының 6-бабы).Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің шоттарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша есебін жүргізудің тәртібі банк заңнамасымен аныкталады. Банк шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды аткаруға міндетті.Банк клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттің ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер көзделмесе, оның бірізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргізуге міндетті.Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені электрондык тәсілмен де, егер ол шартта көзделсе, қолма-кол беру (жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның өз калауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары үшін, резидент емес заңды және жеке тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде, мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер құқықтық дербес субъектілері болып табылмайды және соған байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету ушін арналады.Клиент, егер заңнаманы немесе шартпен өзгеше көзделмесе, кез келегн уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған талаптар болған кезде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында 1 жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді. Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ізге түсірілген дербес кодын жою үшін негіз болып табылады. Егер банкте акша қалып қойса онда банк ол ақшаны клиентке беруге немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударуға тиіс.
2.Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді. Бұл шарттың субъектіде банктік шот болмаған кезде бекітілетіндігі туралы атап өткенімізбен, ол, сондай-ақ, не төлеуші не алушы банкпен банктік шоттың шарттық қатынастарында тұрған жағдайларда да бекітілуі мүмкін екенін ескерткен жөн.Ақша аудару шарты консенсуалды шарт ретінде тұжырымдалады. Ақша аудару туралы шарт ақылы шарт болып табылады. Ақша аудару туралы шарт ауызша нысанда бекітіледі. Аударулар ұлттық та, шетелдік валютада да жүзеге асырылуы мүм-кін. Клиент төлем қағаздарын беруге міндетті. Оларға түбіртектер-қолма-қол ақшаны енгізу туралы хабарландырулар, хабарландырушы - шоттар және колма-қол акшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жатады. Коммуналдык кызметке ақы төлеу жөніндегі хабарландырушы - шоттардан басқа барлық төлем қағаздары заңнамамен көзделген міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс.Жеке тұлғалардың төлем қағаздары мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс:
-
Төлем қағазының атауы;
-
Төлем қағазының нөмірі, оны толтырудың күні, айы, жылы;
3)акша жөнелтуші - жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні;
4)акша жөнелтушінің немесе бенефициардың бірыңғайландырыл-ған жеке коды. Егер жеке тұлғада бірыңғайландырылған жеке код
болмаса, онда оның жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, сондай-ақ почталық мекен-жайы (мемлекет, қала, индекс, көше, үй мен пәтер нөмірі) көрсетіледі;
5)банк жөнелтуші мен банк бенефициардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен қоса толық атауы, олардың банктік бірыңғайландырылған кодтары;
6)ақша жөнелтушінің коды "КОД", бенефициардың коды "КБЕ"', Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілермен белгіленетін төлем мақсаты мен оның кодтық белгісі;
7)егер аудару олардың жеке бірыңғайландырылған кодын көрсетумен жүзеге асырылса, акша жөнелтуші немесе бенефициар салық төлеушінін нөмірі (РНН).
Алушы - банк ақша жөнелтушіден төлем қағазын алған кезде оған қол қояды және оны қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлеу тәртібін анықтайтын заңды актілерде белгіленген мерзімде орындайды. Төлем кағазына қол қоя отырып, алушы-банк бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Ақша жөнелтілім қағазын қабылдай отырып алушы-банк ақша жөнелту - қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті растау кағазын береді.Ақша жөнелтушінің төлем қағаздарына сәйкес ақша аудару мына сәттердің бірінде аяқталды деп есептеледі:
а) бенефициардың банктің шоты бойынша оның пайдасына ақша түскен кезде бухгалтерлік жазуды жүзеге асыру;
б) егер бенефициарда банктік шот болмаса - оған оның банкі іс жүзінде ақша беруі кезінде.Шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі жалпы ережелер бойынша анықталады. Алушы банкке ақша жөнелтушінің төлем қағазын қате орындағаны үшін, егер бұл қателік оның кінәсінен болса, заңнамамен және ақша аудару туралы шартпен көзделген жауапкершілік жүктеледі. Төлем қағазындағы қателік ақша жөнелтушімен жасалған болса, онда банк қате орындалған төлем қағазы бойынша жауапты болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |