Бетпақдала немесе Андасай қорығы – Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жерінде 2000 жылдары ұйымдастырылады. Бұл қорықтың «Көк-ашық» (Орталық Бетпақдала) «Шу-Іле» (Шу-Іле тауларының Хантау бөлігі деген епкі филиалымен бірге қамтитын 230 гектар. Осы аймақта шөлді-шөлейтті аймақтың шренк тобылғысы, регель қызғалдағы және дуадақ, бүркіт, қарақұйрық сияқты өте сирек кездесетін фауна мен флора өкілдері қорғалады.
Торғай қорығы – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мен Торғай облысы Жанкелді ауданының аумағындағы Торғай өзенінің төменгі ағысы, Қара мен Тәуіп сайларын, Жаманкөл, Аққөл, Қарасу атты тұзды көлдерді қамтитын болады. Халықаралық маңызы бар батпақты-сулы Торғай өңірінің бұл қорығы 2005 жылы ұйымдастырылатын болады. Оның аумағы көп жерлерді қамтитын болады. 2000 жылдары ұйымдастырылатын бұл қорыққа қара торғай, бозторғай, байбақ суыры сияқты хайуанаттар мен сортаңды жазық далада өсетін өсімдіктер дүниесі қамқорлыққа алынады, Қорық территориясы шамамен 40 мың гектардай болмақ.
Жоңғар қорығы – Алматы облысының Андреев және Сарқанд аудандарының аумағындағы Теректі мен Жаманты өзендерінің бассейндерін қамтитын болады. Барлығы 250 мың гектар аймақты қамтитын бұл өлкенің табиғи кешенді, «Қызыл кітапқа» тіркелген қызыл қасқыр, ұлар, қара ләйлек, сақалта сияқты хайуанаттар қорғалады. Бұл қорық 2000 жылдары ұйымдастырылатын болатын.
Алакөл қорығы – Алматы облысының Алакөл ауданында орналасады. 120 мың км гектардай қорық аумағына Тентек өзенінің сағасы, Сасықкөлдің шығыс жағалауы, Ұялы көлінің солтүстік батысы және көлдер аралығындағы мойнақ кіреді. Алакөл аралығында қорық филиалы жұмыс істейтін болады. Өзен жағасындағы су өсімдіктерін, бұйра және қызғылт бірқазан, жалбағай, аққұтан, су құзғыны мен реликті шағала ұяларын қорғау мақсатында 1998 жылы ұйымдастырылған Алакөл қорығының негізгі міндеті – су құстары, соның ішінде реликті шағаланы қорғау.
Кент қорығы – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының жерінде, 50 мың гекатардай аймақта осы ХХІ ғасыр басында отау тігетін болады. Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағындағы реликті қарағай ормандарын елік, сілеусін, қара ләйлек сияқты хайуанаттар өкілдерін қамқорлыққа алатын болады. Қазір жобасы дайындалып жатқан Қарқаралы табиғи ұлттық парктің құрамына осы Кент қорығы да кірмекші.
Достарыңызбен бөлісу: |