Ќазаќстан экологиоясы



бет18/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Үстірт қорығы – Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының жерінде орналасатын болады. Бұл Республикалық қорықтың шекарасы Түркменстан мен Өзбекстан аймақтарына жалғасады. Оның көлемі 3000 гектар шамасында болады.
Қапыланқыр қорығында КСРО «Қызыл кітабына» енген: бүркіт, жыртқыш, қабылан, қарақал, қарақұйрық сияқты хайуанаттар өздерін еркін сезінетін болады. Шамамен 2000 жылдары ұйымдастырылатын бұл қорықтардың маңызы зор болмақ.
Зайсан шөлді қорығы – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында орналасқан. «Бөкен құмдары» филиалы болады. 120 мың гектар аймақты қамтитын бұл қорықта Зайсан қазаншұңқырының шөлді аймағының өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі қорғауға алынады.
Бұл қорықты ұйымдастыру 2000-2030 жылдарға жоспарланып отыр. Ал, Алакөл мен Үстірт мемлекеттік қорық статусын алды.


Атмосфераның химиялық ластануы
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі. Табиғи ортаны күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптік газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.
Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалдықтардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
өнеркәсібі дамыған елдеррде ауаны ластаушы улы заттардың бірі күкірттің қос тотығы (SO2) коксохимия зауыттарымен, тау кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері жұмысының нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамның жүйке ауыруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануады құстырып, өте жаман ауыру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауыруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал, фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары – канцерогендік заттар болып табылады.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

  1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электромагнитті толқындар,жылу, шулар және тербелістер.

  2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

  3. Биологиялық ластану – ауыру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

  4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сулы ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойлуы, т.б.

Биосферадағы ластану процесін үш кезеңге бөлеміз:

  • ластаушы заттардың таралуы;

  • ластағыштардың биомассаға енуі;

  • ластағыш заттардың биологиялық топталуы немесе қорлануы.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «жылу эффектісі», «азонның жұқаруы», «қышқыл жауындар», «фотохимиялық тұмшалар» және осылардың әсерінен туындайтын ауырулар. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организміне түседі.
Атмосферада тіршілікке қажетті барлық процесстер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетін қалыңдығы 10-18 км. қашықтықты қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет