Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет101/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
145
түркімен Айтақов, Атабаев, өзбек Ходжаев тағы басқалармен бірге Түркістан республикасының 
партия, кеңес және ағарту жұмыстарында қызмет жасайды. Ташкент уездік жұмысшы, солдат 
және мұсылман депутаттары Кеңесінің хатшылығына сайланды. Сол кездегі Түркістан 
республикасына кірген осы күнгі Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарында 
көптеген қазақ мектеп-интернаттарын ашуға белсене қатысты. Ол Қазалы станциясындағы бір 
топ жетім-жесір балаларды алып келіп, Перовскідегі орыс, қазақ мектептеріне орналастырды 
[2]. 1918 жылы ол Түркістан кеңестік республикасы орталық комитетінің мүшесі және кейінгі 
барлық шақырылымдарына сайланды. Ал 1919 жылы ақпан айында оны Ташкент қалалық 
комитеті большевиктер партиясы қатарына қабылдады.
Иса кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ мамандарын даярлауда ерекше еңбек 
сіңірді. Әсіресе, 1918 жылы мамырда Түркістан Халық Университетінің басқарма мүшелігіне 
тағайындалған ол жергілікті ұлт өкілдерін Түркістан кейін Орта Азия мемлекеттік университетіне 
(САГУ) оқуға тарту мақсатында С.Асфендияров екеуі «Мұсылмандар секциясын» құрды [6, 18 
п]. Секция басшысы белгілі жадитшіл-ағартушы Мунаввар Қары Абдурашитханов болса, оның 
орынбасарлығына қазақтың көрнекті қайраткері Иса Тоқтыбаев сайланды [7, 6 п].
Иса Тоқтыбаев 1918 жылы Перовск жұмысшы, солдат, шаруа депутаттар кеңесінің 
басшысы Иосиф Гержодтың жергілікті халыққа жасаған озбырлығына қарсы шығады. «Билік 
жергілікті жерде» деген ұранмен сол жерде өзі би, өзі қожа Иосиф Гержод пен оның серігі 
Жорабек Есенов екеуі жергілікті қазақтарды жөнге саламыз деп сотсыз, жөнсіз мыңдаған 
адамдарды қырады. Мұндай жауыздық жайлы М. Шоқай өзінің «Түркістан кеңестер билігі» 
атты кітабында да баяндаған болатын. 1918 жылы 17 шілдеде Перовск тұрғындарының 
арыздарын тексеруге ІІ КХКК атынан бұйрықпен И.Тоқтыбаев бастаған төтенше комиссия 
құрылып, тексеруге жібереді. Ал Иосиф Гержод Перовскде бұл комиссияны тұтқындап, атуға 
бұйырғанда И.Тоқтыбаев, чекист Тлеубай Жетербаев, Шиелі стансасы ауылшаруашылық 
серіктестігінің бірінші төрағасы Қалжан Қоңыратбаев және Түркістан стансасынан мұғалім
белсенді кеңес депудаты Садық Өтегеновтермен бірге, қашып шығады. Бұдан соң Түркістан 
ХКК-нің төрағасы Т.Рысқұлов Иосиф Гержодты тұтқындау үшін екінші рет 1918 жылы 15 
тамызда №112 қаулысын қабылдайды. Осы қаулы бойынша Ташкент депутаттар кеңесінен 
Тоқтыбаев, Ибрагимов және Бөлебаев бастаған тағы да төтенше комиссия құрып Перовскіге 
жібереді. Олар Перовскіде Иосиф Гержод пен оның жақтастарын ұстап, Ташкентке апарып 
соттайды. Бірақ осындағы эсерлердің ықпалымен Иосиф Гержод Иркутскіге жер аударылып, 
жеңіл жазамен құтылып кетеді [8, 47 б.].
1918 жылдың 12 қарашада өткен Түркістан Республикасы Ағарту халкомы алқасының 
мәжілісінде Ташкент қаласында Қазақ педагогикалық курстарын ашу жөнінде қаулы 
қабылданып, Иса Тоқтыбаев қазақ педагогикалық курсының меңгерушісі болып тағайындалды 
[9, 4 п]. Ол қазақ педагогикалық курсын одан әрі жетілдіріп, оның жұмысын ұйымдастыру 
мақсатында көптеген жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, курс меңгерушісі болған ол 1918 жылы 
22 қарашада Перовскіден Қоңырқожа Қожықов, Хиуадан Әбділазиз Байсейтов, Шымкенттен 
Сегізбай Айзуновтерді мұғалімдікке қабылдайды [9, 37 п]. Қысқа мерзімде оқытушылар 
құрамы мен тыңдаушылар санын жинақтай алған оқу орнында нақты оқу-тәрбие ісін жолға 
қою мақсатында 1918 жылы 2 желтоқсан күні арнайы «Педагогикалық алқа» құрылып, осы 
алқаның төрағасы және курстың уақытша мүшесі болып И.Тоқтыбаев сайланды. Қазақ 
педагогикалық курсында С.Өтегенов орыс тілінен, С.Қожанов математикадан, Е.Табынбаев 
педагогикадан Х.Болғанбаев қазақ тілінен және И.Тоқтыбаев география пәнінен сабақ берді 
[10, с.6]. 1919 жылы мамырда Өлкелік қазақ педагогикалық курстарын бітірген 145 адамға 
қазақ мектебінің мұғалім-басшысы деген біліктілік беріліп, қазақ мектептеріне мұғалім 
болып баруға міндеттеп, қолхат берді [9, 41 п]. Курс тыңдаушылардың нақты саны жөнінде 
И.Тоқтыбаевтың Денсаулық сақтау комиссариатына Ташкент уезіне ұзақ мерзімді саяхатқа 
шығатындығы туралы хат жазып, онда 150 тыңдаушысының бар екенін атап көрсетеді [11, 8 п]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет