Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет103/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
147
Диваевтың «Халық ауыз әдебиетінің Хрестоматиясы», Қожановтың «Арифметикасы» және 
мұғалімдерге арналған 1921 жылы 10000 данамен Байтұрсыновтың «Ана тілінен әдістемелік 
жазба», 1921 жылы 10000 данамен «Тұтас еңбек мектебінің бағдарламасы», Ф.Ғалымжановтың 
«Қабырға күнтізбесі» жарық көрді [16, 75-76 пп].
Қазақ ғылыми комиссиясы Қазақ ағарту институтымен бірлесе отырып, 1923 жылы шілдеде 
Қазақ ағарту институтының студенттер тобын Москва қаласында өткізілген Бүкілодақтық 
ауылшаруашылық көрмесіне қазақтардың тұрмысы мен этнографиясының жәдігерлерін 
таныстыруға жіберді. Олардың арасында әнші ретінде институт тыңдаушысы Құрманбек 
Жандарбеков пен оқытушы Мағжан Жұмабаевта болды. Көрмеге Қазақ ағарту институты мен 
Қазақ ғылыми комиссиясы әр түрлі құжаттар, кітаптар, материалдар жинағы секілді барлығы 
100-дей жәдігер апарды. Оның ішінде Әмір Темірдің Түркістан Әзірет Яссауи мешітіне 
берген грамотасы, Иса Тоқтыбаевтың «Түркістанның географиялық очеркі», Т.Рысқұловтың 
«Жетісу мәселелері» кітаптары және т.б. болды [19, 79-107 пп.]. Зерттеуші Тоқтыбаевтың бұл 
оқулықтары өз уақытында үлкен сұранысқа ие болды. Белгілі түріктанушы ғалым, филология 
ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев, Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің 
үздігі, ұстаз Меңдияр Киікбаев Тоқтыбаевтың «Жағрафия» оқулығын барлық қазақ мектептері 
Ұлы Отан Соғысына дейін пайдаланылғанын растайды. 
1922 жылы 4 желтоқсанда Ташкент қаласында Х.Досмұханбетов, И.Тоқтыбаев бастаған 
қазақ зиялылары бас қосып, Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің алдына «қырғыз-қазақ мәдениетін 
өркендетуді мақсат еткен» «Талап» қоғамын құру туралы мәселені қояды. Көп кешікпей Талап 
қоғамы құрылып, 1922 жылы 13-ші желтоқсанда оның бірінші жиналысы болып [20, 3 п], 
басқармаға төмендегі адамдар сайланды: 
Басқарманың төрағасы – Халел Досмұхамедов, басқарманың мүшелері: профессор Александр 
Шмидт, Иса Тоқтыбаев, Мырзағазы Есболұлы, Мұқамеджан Тынышбайұлы, Мұхтар Әуезұлы, 
Қасым Тыныстанұлы болды [21, 1 п]. «Талаптың» жоғарыда айтқан мүшелері көпшілік алдында 
дәріс оқып, баяндамалар жасап, түрлі көрмелер ұйымдастырды. Өнердің неше түрлі үлгілерін, 
кітаптар мен қолжазбаларды шығарып, кітапхана, оқу залын ашты. «Талап» қоғамы көздеген 
мақсатына толық жетпесе де, ұлт мәдениетін өркендетуге өзінің қомақты үлесін қосты.
1920 жылдан бастап «Ақ жол» газеті шыға бастады. Осы газеттің жұмысын 
ұйымдастырушылардың қатарында Сұлтанбек Қожановпен бірге Иса Тоқтыбаев та болды. 
Ол бұл кезде өзінің талантымен республикадағы іскер, партия, кеңес қызметкерлерінің бірі 
болатын. Оның кандидатурасын ең алдымен сол кездегі Түрккомиссиясы басшыларының 
бірі В.В.Кубышев ұсынды. Тоқтыбаев 1920 жылдың аяғында Ақжол газетінің жауапты 
редакторы болып тағайындалды [22, 50-52 пп]. Сонымен қатар бір жағынан жаңа шыға 
бастаған Шолпан», «Сәуле» (Ақжол газетіне қосымша), «Коммунист» «Шаншар», «Спутник 
коммуниста» басылымдарының сарапшысы, әрі редакторы болды [21, 64 п]. Сонымен бірге 
ол бір жағынан Орталық комитеттің баспа секторының меңгерушісі қызметін атқарды. Сөйтіп 
жүріп Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірді. Ақ жол газетінің 
айналасына ұлт қаламгерлері мен ғалымдар топтасты. Иса Тоқтыбаев баспа салысында жүріп, 
қазақ интеллигенциясы мен жазушыларының шығармашылығына ерекше көңіл бөлді. Атап 
айтқанда, жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетіндегі көрнекті ғалым-зерттеуші Әуелбек 
Қоңыратбаев Ақжол газетінде бес жыл тілші болып қызмет істейді. Онда Ботагөз», «Анама» 
және тағы да басқа айтулы өлеңдерін жариялады. Сонымен бірге, Орта Азия мемлекеттік 
университетінде оқып жатқан жас М.Әуезов И.Тоқтыбаевтың шақыруы бойынша «Сәуле» 
журналының әдеби қызметкері болды. Көрнекті жазушылар мен ақындар Сәбит Мұханов, 
Иса Байзақов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың алғашқы әңгімелері мен өлеңдерін 
газеттер мен журналдар беттерінде дәл осы И.Тоқтыбаев жариялады. Иса Тоқтыбаевтың 
өзі де халық ақын жыраулары Тұрмағанбет Ізтілеуов пен Омар Шораяқтың еңбектерін осы 
басылымға ұсынған. Асқар Тоқмағамбетов Исаның ықпалымен Ташкент басылымдарында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет