Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет135/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. – 153-б
2. Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы. 12-томдық. 1-том. – Алматы: Дайк-Пресс, 
2012.
АШАРШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАСІРЕТІ
Ж.С. Хасанова,
Атырау облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының,
Атырау инженерлік гуманитарлық институтының проректоры,
педагогика ғ.д., профессор
Атырау қ., Қазақстан
Тарих толқынында туған халқымыздың көрмеген азабы мен қасіреті кемде-кем. Солардың 
бірі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ халқының туған Отанында тұрып, жаппай 
ашаршылыққа ұшырауы еді.
А. Байтұрсыновтың мына сөзі еске келіп отыр: «Біздің заманымыз – өткен заманның 
баласы, келер заманның – атасы» деген екен, яғни өткенсіз болашақ жасалмайды. Ендеше, біз 
қазір Тәуелсіз еліміздің тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан қайтадан ой елегінен өткізіп, кешегі 
қызыл саясат кезіндегі ақтаңдақтардың бетін ашып, қазіргі жағдайда шынайы тарихты көрсету 
– басты мақсатымыз деп есептейміз. Сол арқылы халықтың санасын оятып, жастардың бойына 
патриоттық сезімді сіңіру. 
Осыған орай өзімізге артылған барлық жауапкершілікті сезіне отырып, қазақ тарихын 
зерттеп-зерделеп көрсету үшін, ең алдымен отандық тарихшылардың, жергілікті ғалымдардың 
еңбектеріне сүйене отырып, төл тарихымызды жаңаша қарастырудың маңыздылығын түсіндік.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты кеңестендіру 
жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, 
зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжымдастыру арқылы келген отызыншы 
жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды-құнды зерттеулер жасап, осы 
зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасалды. Сол зерттеулердің әсерінен 
көптеген шындықтың беті ашылды. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 
30-жылдарының басындағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру арқылы келген ашаршылық 
қазақ халқын сан апат пен қайғы-қасіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ 
халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен жазылып қалды.
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ халқы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан 
азшылыққа ұшырады. Сталиндік террор ХХ ғасырдың 20 жылдарынан басталған. Большевиктер 
билікке келген соң, 1918 жылдан бастап бірден өкімет жауларына қарсы «қызыл террор» 
ұйымдастыруды қолға алды. Тек қана 1918 жылы бір жыл ішінде ВЧК (әскери төтенше комитет) 
органдары 31489 адамды қуғынға ұшыратып, олардың 6185-і атылды, 21236-сы түрмелер мен 
лагерьлерге қамалды. 
1927-28 жылдары елде нан дайындау қоры дағдарысқа ұшырады. Сол уақытта үкімет 
ұжымдастыру науқанын бастап кетті. Ол Қазақстанда 1932 жылы аяқталуы керек болатын. 
Бірақ Голощекин бастаған жергілікті билік бұл процесті жеделдетіп жіберді. 1928 жылы 
барлық шаруашылықтың 2%-ы ұжымдастырылса, 1930 жылдың көктеміне қарай 50%-ы, 1931 
жылдың күзінде 65%-ы ұжымдастырылды. Малдың бәрін бір жерге тоғытты. Содан, жем-шөп 
жетіспеуіне байланысты мал басы шетінен қырыла бастады. Үкімет колхоздардың барлық 
астық қорын тартып алды, тіпті тұқымдық бидайды да қалдырмады. Кең көлемде ет және жүн 
жинау науқаны жүргізілді, соның кесірінен жаппай мал сою басталды.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
195
1930 жылдың қысында қосымша жүн дайындау жөнінде бұйрық түсті, соның салдарынан 
жүні қырқылған қаншама отар-отар қой аяздан қатып өлді. Тіпті ресми деректің өзінде 
республика бойынша бір жылда 20 млн. мал басының кемігені айтылады. Келесі 1931 жылы тағы 
10 млн. мал жойылған. Ұжымдастыру мен байларды тәркілеу шаралары аса қатаң әдістермен 
жүргізілді. 1922-33 жылдар аралығында үкіметке қарсы шыққан және ет пен астығын жасырған 
33 мың адам сотталып кете барды. 
1930-31 жылдары тәркілеу барысында 6800 адам республика аумағынан көшірілді. Сонымен 
қатар осы уақытта Қазақстанға КСРО-ның басқа аймақтарынан мал-мүлкі тәркіленген 180 мың 
кулак жер аударылды.
Күштеп ұжымдастыру, индустрияландыру, мал-мүлікті тәркілеу, аштықтың белең алуы 
адамдарды айтқысыз қиыншылық заманына алып келді. 
1931-33 жылғы ашаршылықтан басқа, оның алдында 1921-1922 жылдары да үлкен аштық 
нәубеті болғанын жұртшылықтың көбі біле бермейді. 1917 жылы Қазақстанда 2 910 000 қазақ 
өмір сүрген болса, 1924 жылғы жүргізген санағында қазақтардың саны 1 965 443-ке әрең жеткен. 
Табиғи өсімді есептемегеннің өзінде 1 млн. қазақ саны кеміген. Ал, 1931-33 жылдардағы 
ашаршылықтың қасіреті одан да сорақы, Қазақстан аумағындағы қазақ халқы үш миллион 
адамнан айырылған.
Аштық, әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқына өте ауыр тиді. 
Шектен тыс азық-түлік жоспарын орындау мен малды жаппай сою шараларынан кейін мал 
шаруашылығы өте ойсырап қалды. Ал «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранынан 
кейін 1931-33 жылдары 2 млн.қазақ және 200-250 мың басқа ұлттар аштан қырылды. 1 млн.-
нан астам қазақ атажұртын тастап, алыс-жақын шетелдерге үдере көшті.Түрлі дереккөздері 
бойынша бұл жылдары халықтың 50-75 пайызы құрып кеткен. 
Қазақстандағы кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығындағы Кеңес өкіметінің 
жүргізген саясатының нәтижелерінен туындаған қазақ халқының ұжымдастырудың салдары 
арқылы келген ашаршылыққа ұшырауына байланысты деректер бар. Енді соларға келсек, 
ауыл шаруашылығындағы қуғындау саясаты Қазақ АССР орталық атқару комитеті мен халық 
комиссарлары кеңесінің 1928 жылдың 27 тамызындағы «Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет