«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
196
жоқ, мыңдаған жылдар көшпенді өркениет жасаған барлық тіректер қиратылды. Егер халықты
жедел отырықшылыққа көшіріп, колхоздарға күштеп біріктіріп, қолындағы малы мен азығын
тартып алмаса, ашаршылық зардабы демографиялық апатқа ұласпас еді. Кәмпескелеу кезеңінен
кейін республикадағы мал қорының жойылып кетуі де бұған тікелей себеп болды. Бұл туралы
шетелдік ғалымдардың да айтқан пікірлері бар. Соның бірі Гувер
университетінің ғылыми
қызметкері Р.Конквест:
«Қазақтардың саны 1926 жылы 1233 мың шаруашылықтан 1936
жылы 565 мың шаруашылыққа кеміген. Қазақтардың қырылуы олардың малын тартып алуына
тікелей байланысты. 1929-1933 жылдары Қазақстанда ірі қара 7 миллионнан 600 мыңға
дейін, қой саны 21 миллионнан 1 миллионға дейін кеміді. Тамағы ет пен сүтке негізделген қазақ
ауылдарында енді талшық етер ештеңе қалмады», – деп айтып, және жазып келтіргендері
біздің аштық туралы айтқандарымызға дәлел болады.
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында өкімет халықтың күн көрісінің
жалғыз ғана көзі – қолындағы малын зорлықпен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке
айналдырды. Одан қалған бірлі-жарым малдарын ет, май, жүн, астықтарын тағы да тартып
алды. Сөйтіп, негізгі кәсібі мал шаруашылығы, әл-ауқаты да соған байланысты болған қазақ
шаруалары төрт түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан,
жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.
Бұл бір халыққа қазақтарға бағытталған геноцид ішіндегі тарихта өте сирек кездесетін
қанды қырғын еді. Өміршең халқымыз басқа жерлерге шұбырып, жартысынан астамын ажал
құшағына беріп, бұл зұлматты да соңына тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды. Ең өкініштісі
бұл зұлмат бір халықтың тең жартысын жалмап, халқымызды өз жерінде азшылыққа ұшыратты.
Қазақтың бірнеше ұрпағының есінде жазылмайтын жара болып ашаршылық туралы естеліктер
қалды.
Егер қазақтар дәл осылай қырылмаса, аурудан өлмесе, туған жерден бөтен елге көшпесе,
қазақ елінің саны қазір 20 миллионға жетіп қалуы мүмкін деп ойлаймыз. Тарихтың өткені мен
бүгіні халқымыздың жүріп
өткен жолы, басынан кешкен оқиғалары болашақ ұрпаққа үлкен
сабақ болады. Себебі, тарихты білу арқылы болашақты болжаймыз, бүгінгі мен ертеңгі күнге
баға береміз. Өз тарихынан нәр алмаған ұрпақ мәңгүрт болады. Сондықтан біз көрсеткен
цифрлық көрсеткіш тек сандық өлшем ғана емес, ол бір халықтың тағдыры.
Қазақ халқы өзінің ата
жұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, өзінің
мемлекеттігін сезінуден айырыла жаздаған осынау қауіпті қара
сызықты алғаш рет аттаған
еді. Енді, міне, халқымыздың жадынан шықпаған нәубет қасіретін тәуелсіздігімізді алғаннан
бері ата мекенінен еріксіз ауып кеткен қандастарымыздың өздері болмаса да ұрпақтары қайтып
оралуда.
Сөз соңында айтарым, болашағымыз жарқын болсын десек, өткен ғасырдың 30-шы
жылдарындағы Кеңес Үкіметінің қолдан ұйымдастырған
ашаршылық нәубетінен аштан
қырылған 3,5 миллион қандастарымыздың аруағын сыйлап, өзге рухты жұрттар секілді нәубет
құрбандарын қадірлей білетін халыққа айналар кез келді, ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: