Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза ұстаушының ұмытып тамақ жеп тұрғанын



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ораза ұстаушының ұмытып тамақ жеп тұрғанын 
көрген адам не істейді?
Жауап: 
Егер жас не бойында оразасын жалғастыра 
алатындай әл-ауқаты бар кісі болса, оған ескерту міндет. 
Ал әл-ауқаты жоқ яки үлкен жастағы қарт адам болса
үндемеген абзал. Себебі хадисте: «Өйткені, оған жегізген 
де, ішкізген де Алла», – делінген (Бұхари, Мүслим).
Сұрақ:
Көзге, құлаққа және мұрынға дәрі тамызу 
оразаны бұза ма?
Жауап: 
Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды. Ал мұрынға 
және құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады. Демікпе ауруы, 
аллергиясы бар кісілер тыныс жолдарын ашу үшін спрей 
қолданса және спрейді мұрынға шашқанда өңеш арқылы 
ішке кірмей мұрын қуысында не тыныс жолдарында қалатын 
болса, оразасы бұзылмайды. Десе де оразаның бұзылу 
қаупі жоғары болғандықтан бұл дәрілерді мүмкіндігінше 
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


23
сәресіге дейін, не ауыз ашқаннан кейін қолданған дұрыс.
Сұрақ:
Оразада тіс пастасын қолдануға бола ма?
Жауап: 
Тіс пастасын пайдалануға болады. Алайда 
мәкруһ болып есептеледі. Пастамен тіс тазалағанда дәмі 
толықтай ауыздан кетпейінше түкірігін жұтуға болмайды. 
Тіс пастасының асқазанға түсуі оразаны бұзады. Тазалап 
болған соң ауыз шайғанда су кетіп қалмауын қадағалау 
қажет. Ең дұрысы, тіс пастасын ауыз бекіткенге дейін 
пайдалану. 
Сұрақ:
Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. 
Қанаған мезетте аузыма түкірігімді жинап түкіріп 
тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай 
жағдайда ораза бұзыла ма? 
Жауап: 
Тіс қанаған жағдайда қанның көлеміне қаралады. 
Дәмі білінбейтіндей дәрежеде түкіріктен аз мөлшерде 
болса, ораза бұзылмайды. Мұндай жағдайдан сақтану қиын. 
Алайда қанның көлемі түкірікпен бірдей не одан көп болса 
және оны жұтатын болса, ораза бұзылады. Кейін қазасын 
өтеу қажет болады. Сондықтан қолдан келгенше сақтанған 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет