Қыздырғыш компресс таңғыштар — ұлпалардың жарақаттанған жеріне жоғары температура беру үшін қолданылады. Мысалы асептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3-4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т.б.) дайындалып, 40-50% жылы спиртке малынып, сорғытылды да бүлінген жерге жабылады. Оның шеттері жарақат аумарынан 2-3 см шығып тұруы керек. Оның үстінен су жібермейтін қабат (целофан) оралады. Үшінші қабат жылу өткізбейтін материалдан (мақта т.б.) жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәке, марлі т.б.)
Қызу компресс танғыштары 4-6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады.
Таңғыштардың салыну техникасына байланысты бірнеше түрлері бар. Олар: циркулярлық, спираль тәріздес, сегіздік тәрізді болады. Таңғыштарды салғанда сол жердің қан, лимфа тамырлары қатты қысылып , қан, лимфа айналысы бұзылмауын еске ұстаған жөн.
Циркулярлық таңғыш – танғыштардың ішіндегі орындалуы жөнінен ең қарапайымы. Сол қолмен дәкенің бір ұшын таңылатын денеден қиғаштап шығарып дәкенің келесі қабаттары бір-бірін жабатындай орап таңып бай-лаймыз.
Спираль тәріздес(шиыршықты) таңғыш – таңылатын дененің астынан үстіне қарай спиральді жүріспен, әр қайталанатын орам алдынғысының 1/3-1/2 бөлігін жабуы керек. Ең соңынан 2-3 циркулярлық байламмен бекітіледі.
Спираль бүгілмелі таңғыш — спиральдің байламнан айырмашылыры байлам салынатын дененің әртүрлі жуандғына байланысты, кей жерлері бүгіліп болып таңылады. Мысалы артқы аяқтың тілерсек буынына танғыш салу.
Жылжымалы таңғыш - әр орам дәкенің енімен бірдей, пішіні винт тәріздес. Танғыштың басталуы мен аяқталуы спиральды танғыштағыдай.
Сегіздік тәріздес таңғыш — оралған дәке әр орамында сегіздік сызып отырады (мысалы тұсамыс буынға салынады). Жануарларға жоғарыдағы аталған танғыштардан басқа тасбақа тәрізді, жаулықша тәріздес, төртбұрышты, суспензорлық таңғыштарда салынады. Аталған таңғыштар марліден, бөзден, дәкеден салынады. Сыртқы пішіндері өздерінің аттарына сәйкес келеді. Таңғыштардың қолданылуы жануар денесіндегі мүшелері мен олардары пайда болған патологиялық процеске байланысты болады.
Спиральді және сегіздік терізді таңғыштар
Мүйізге байлам салу - дәкенің бір ұшын сау мүйізге 2-3 рет орайды да, оны алып келіп ауырған мүйізге әкеледі, әуелі ауырған мүйіздің негізінен жоғары қарай заласызданған салфетканы қолданатын дәріге малып салған соң, сау мүйізден келген дәкемен 3-4 спираль тәріздес орам салып содан соң, мүйіздің ұшына дейін спиральді бүгілмелі орам салады. Қалған ұшын сау мүйізге әкеліп бекітеді.
Мүйізге сегіздік тәрізді және мойынға орамал тәрізді таңғыш сал.у
Тұяққа таңғыш салу
Итке орамал тәрізді таңғыш салу
Тұяққа таңғыш салу — көмекші жануардың (жылқы, қара мал т.б.) аяғын көтеріп тұсамыс буынынан вентральді жағына бүгеді. Мал дәрігері бірнеше циркулярлық байлам жасап, дәкінің бір ұшын өкше жағынан 20-25 см ұзындықта келесі қабаттарды бекемдеу үшін қалдырады. Дәкенің екінші ұшымен тұяқтың мүйіз қабырғасын (глазурьды) орап таңады. Тұяқ ұлтанының ойық жерін мақталы дәкемен керекті дәріні жағып толтырады, глазурьдан келген ұшымен, бүкіл ұлтан орамды да өкше жағына да, дәкінің қалған ұшымен бүкіл орам бекітіліп байланады.
Құйрыққа таңғыш салу - құйрықтың өзі жарақатқа ұшыраса, немесе айналасындағы ұлпаларға (бексе, тік шек, сан, пішкенде) оперативтік ем жасалғанда таңғышсалынады. Құйрықтың негізінен бастап бірнеше орам дәкелік бүгілмелі байлам салынып, төмен сырғып түспес үшін дәкені құйрықтың қылымен қоса ұшына келгенде, жылдам ілмешек жасалып, сол ілмешек арқылы жануардың мойынына байланады. Осындай жағдайда құйрық жануар денесінің басқа ұлпаларына емдік жұмыс жүргізгенде кеселін тигізбейді.
Каркасты құрсау (шиналы) таңғыш — көбінесе тілерсек буынның патологиясына қолданылады. Өйткені оған дәкелі таңғышты қанша орап, қалың салса да ол жылжып кетеді. Жылқының жоғарыдағы аталған буынына каркастық таңғышты төмендегідей тәртіппен құрастырады: диаметрі 5-6 мм жұмсақ металды сымнан тілерсек буынның үстінен және астынан екі дөңгелек сым байламы өлшеп дайынды. Олар қалындап жұмсақ матамен оралады (ұлпаларға жақсы жату және жарақаттамас үшін). Келесі кезең - екі дөнгелектенген байламды, вертикальды бағытта айналдыра осындай сымдармен тартып қысып бекіту. Бұл сымдарды да жұмсақ маталармен қапталады. Осы жасалған сым каркасты байламдардың үстінен, тілерсек буынды айналдыра қалың қатты ма-тамен үстінен бірнеше орам салып таңып бекітіледі. Аталған қаркасты таңғыш тілерсегі тайған (бәйге жарыста жараланған) жылқыға қолданылады. Каркас ретінде метал сымнан басқа материалдарды (фанерь, картон т.б.) да қолдануға болады.
Қатайтқыш (иммобилизациялық) таңғыштар - жануарлар мүшесіне тыныштық керек болғанда, ұлпаларды қозғалмайтындай етіп түпкілікті бекіту үшін салынады. Сүйек сынғанда, шытынағанда, жарылғанда, сүйекке, буындар аумағына оперативтік ем жасағаннан кейін, шыққан буынды орнына салғаннан соң қолданылады.
Иттің аярына салыеған гипсті таңгыштың көрінісі
Қатайтқыш таңғыштар ішінде гипстік танғыш өндіріс жағдайында кеңінен қолданылады. Гипс ақ түсті құрғақ ұнтақ алақанға салып басып қарағанда жұмсақтау, ішінде бөгде заттар болмайды. Гипс қолданылмастан бұрын тексеріледі, ең сапалысы 1500 С күйдірілген гипс. Ұнтақ гипс Бобров машинасы арқылы ұзындығы 2,5-3 м дәкеге сіңіріледі де баян тәрізді бүктетіледі. Соңғы жылдары фармацептік өндіріс орындарында арнайы дайындалған гипстік дәкелер шығарылып, ендірісте қолданылып жақсы нәтиже алынды. Мысалы, жіліншік сүйек сынды делік, оған гипсті салу әдісі төмендегідей. Сынған сүйектің екі басын бір-біріне жақындатқан соң (реопозициялау) көмекші қозғалтпай ұстап тұрады, мал дәрігері гипстік материалды (дәке) орайды, үстіне суланған гипс ұнтағын айналдыра (үй майлағандай) жағады, кептіреді, сосын келесі қабатты жағады, тағыда осылай керекті қалыңдығына жеткенше жаға береді, осылай жағылған гипс кепкен соң, үстіне қарындашпен сол күнгі күн және айы жазылады. Гипсты таңғыш жануардың жас ерекшілігіне байланысты 4-6 жұмадан соң, өткір пышақпен кесіліп (қиылып) алынады. Егерде гипс ұнтақ болмай престелген дәкелі гипс болса, жәй дәкені циркулярлық немесе спиральді тұрдегі сияқты орайды да, 1-2 орамынан соң кептіріліп, керекті қалындыққа жеткенше орай береді. Гипстің қалыңдығы, сол бекітетін жерді ұстауына және жануар қозғалғанда шытынап жарылып кетпеуіне байланысты анықталады. Гипс бұлшық еттері аз, сырғып кетпейтін мүшелерге салынады
Иттің аярына гипсті лангеттітанғыш салу көрінісі
Жануарлар жауырын және иық буыны, жамбас және сан аумағындағы патологияларында гипс таңғыш салған кебінесе айтарлықтай нәтиже бермейді. Ол аумақтағы сынған сұйектерді остеосинтездеу арқылы жалғап бекемдейді.
Дегенімен, ортан жілігінің проксималдық басы сынған (жабық сынған) итке гипстік таңғыш салу жақсы нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |