Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


-параграф. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру



бет14/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
заңнамалық акт

10-параграф. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру



  1. Жергілікті әскери басқару органдарында психологиялық жұмыс психодиагностикалық жұмысты жүргізу мақсатында қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтарымен ұйымдастырылады және оған мыналар жатады:

  1. келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын азаматтарды психологиялық тұрғыда таңдау;

  2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды психологиялық тұрғыда таңдау;

  3. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде азаматтарды психологиялық тұрғыда таңдау.

  1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке психологиялық тұрғыда таңдау жөніндегі іс-шаралар шақырылушының қызметті өткеруге психологиялық әзірлігін анықтау және психологиялық әзірлік пен тұрақтылық деңгейіне сәйкес оны әскери бөлімдерге (мекемелерге) бөлу мақсатында жүргізіледі.

  2. Психологиялық тұрғыда таңдау әлеуметтік-психологиялық зерделеуді және психологиялық тексерісті көздейді.

  3. Әлеуметтік-психологиялық зерделеу жеке адамды тәрбиелеу және дамыту, оның әскери-кәсіби бағыты, моральдық және ерікті қасиеттері, ұжымдағы қатынасу және жүріс-тұрысының ерекшеліктері, сондай-ақ білім беру және кәсіби дайындығы жағдайларын бағалайды көздейді.

  4. Психологиялық тексеру жеке адамның танымдық психикалық үдерістерін, психикалық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қасиеттерін, психомоторика ерекшеліктері мен жүйкелі-психикалық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

  5. Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды психологиялық тұрғыда таңдау қорытындысының кепілдемелік сипаты бар және кейінге қалдыруды беру немесе шақырудан босату үшін негіздеме болып табылады.

  6. Психологиялық тұрғыда таңдау нәтижелері осы қағидаларға
    11-қосымшаға сәйкес психологиялық тұрғыда таңдау картасында көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет