Жеке құрам жеке ерекшеліктерінің (өзіндік қасиеттерінің) диагностикасы психологиялық жұмыс мамандарымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Жеке құрамның диагностикасы топтардың (бөлімшелердің) құрамында және жеке жүргізіледі. Зерделеу кезінде мынадай тәсілдер қолданылады: құжаттар мен биографиялық деректердің талдауы, жеке әңгімелесу, сауалнама жүргізу, психологиялық тестілеу, қадағалау және сұрастыру.
Жеке құрамның диагностикасы мынадай міндеттерді шешеді:
жас буынды әлеуметтік-психологиялық зерделеу және психологиялық тұрғыдан тексеру;
әскери қызметтің белгіленген талаптарына жауап беретін кандидаттардың бос әскери лауазымдарына таңдау және сұрыптау мүдделерінде жеке құрамды зерделеу;
түрлі девианттық жүрістің формаларына бейім төмен жүйкелі-психикалық тұрақтылық белгілері бар адамдарды айқындау;
кандидаттармен әскери қызметті өткеру туралы келісімшартты жасасу жөнділігі туралы қолбасшылыққа ұсыныстарды дайындау;
жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік қызметке, қарауыл және ішкі қызметке түсетін адамдардың психологиялық әзірлігінің деңгейін айқындау;
әскери қызметшілерді жоғары сезімдік және жүйкелі-психикалық тұрақтылығын талап ететін оқу-жауынгерлік міндеттердің жекелеген түрлерін орындауға әскери қызметшілерді жіберу.
Психодиагностика іс-шаралары:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – жылына 2 рет;
2) мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен, курсанттармен, кадеттермен – әскери бөлімге (мекемеге) келісімен және оған бастапқы, тереңдетілген және кейін зерделеу жатады;
3) төтенше жағдайлар жауынгерлік іс-қимылдарының аймағынан, бітімгершілік миссияларынан, ұзақ іссапарлардан, демалыстардан, ұзақ емделуден қайтып келген, басқа әскери бөлімдерден (мекемелерден) ауысып келген әскери қызметшілермен – келгеннен кейін 10 – 15 күнтізбелік күн ішінде;
4) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметті атқаруға тартылатын әскери қызметшілермен – 6 айда кем дегенде бір рет жүргізіледі.
Бастапқы зерделеу әскери қызметшілердің әскери бөлімге (мекемеге) келегеннен кейін 3 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі және әскери қызметшілермен жалпы танысуға, психикалық жай-күйін бағалауға, әскери қызметтің (оқып үйретудің) шарттарына бейімделу үдерісін анықтайтын жеке қасиеттер мен сапаларын айқындауға, жүйкелі-психикалық тұрақтылыққа бағытталды.
Әскери қызметшілерді бастапқы зерделеу қорытындысы бойынша тереңдетілген психологиялық зерделеуге жататын, сондай-ақ медициналық мамандардың кеңесіне мұқтаж адамдар анықтайды.
Тереңдетілген зерделеу 14 – 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі және әскери қызметшінің жекелігін тұтастай зерделеуге және жеке және топтық деңгейлерде дағдарыс жағдайларының себебі болып табылатын нақты жеке психологиялық ерекшеліктерді айқындауға, сондай-ақ оларды түзету бойынша ұсыныстарды өңдеуге бағытталды.
Терең зерделеу нәтижелері бойынша әскери қызмет шарттарына бейімделуде қиындықтарды сынайтын, жүріс-тұрысында ауытқулары бар жүйкелі-психикалық тұрақсыздық белгілері бар әскери қызметшілер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша «Динамикалық қадағалау журналында» ескеріледі.
Жеке құрамды кейіннен зерделеу тоқсанына кем дегенде бір рет бөлімшелер командирллерінің, олардың орынбасалары мен психологиялық жұмыс мамандарының күнделікті тіршілік әрекеті үдерісінде жүзеге асырылады.
Психодиагностикалық тексеру нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі шығады:
1) «ұсынылады» - бірінші санат;
2) «шартты түрде ұсынылады» - екінші санат;
3) «ұсынылмайды» - үшінші санат.
Жеке құрам жеке ерекшеліктерінің (өзіндік қасиеттерінің) диагностикасының қорытындысы бойынша психологиялық жұмыс маманы алынған нәтижелерді талдайды, оны психологиялық сүйемелдеу бойынша, сондай-ақ мұқтаждарға психологиялық көмекті ұйымдастыру, ұйымдастырушылық және басқару шешімдерін қабылдау үшін лауазымды адамдарға ұсыныстарды дайындайды.
Психологиялық жұмыс мамандары жүргізген диагностикалық және алдын ала әңгімелесулері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес «Психологтің диагностикалық және алдын алу әңгімелесулері журналында» ескеріледі.