3-параграф. Әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру
Әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыруды әскери басқару органдарының басшылары және олардың тәрбие жұмыстары жөніндегі (құқықтық мәселелер жөніндегі) орынбасарлары (көмекшілері), тәрбие жұмыстары органдарының (басқармаларының, бөлімдерінің, қызметтерінің) офицерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс лауазымды адамдар қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік-құқықтық жұмыстар құралдарына әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік құралдар (брошюра, буклеттер, жадынамалар), бөлімшелерде құқықтық білімдер бұрыштамалары, әскери-әлеуметтік тақырыпқа деректі фильмдер және бұқаралық ақпарат құралдарында айдарлар, көрнекі ақпарат құралдары, техникалық тәрбие құралдары жатады.
Әлеуметтік-құқықтық жұмыстар іс-шараларын іске асыру ҚР ҚК-де әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау мүддесінде әскери қызметшілердің санасына тәрбиелік ықпал ету нысандарының, әдістері мен тәсілдерінің бірлігі мен келісушілігін көздейтін кешенді жүйелі көзқарасты ұсынады.
Әлеуметтік-құқықтық жұмыс мыналарды қамтиды:
1) әскери-әлеуметтік жұмысты;
2) әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау бойынша жұмысты;
3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты.
Әскери-әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес іске асыру;
әскери ұжымдарда және әскери басқару органдарының орналасқан аудандарында әлеуметтік үдерістерді дамуын зерделеу және болжалдау;
әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау;
әскери қызметишілердің және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру жөніндегі басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау және орындауын ұйымдастыру;
жеке құрамды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыру және өткізу, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау, әскери, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық қылмыстар саласында заңнаманы түсіндіру;
әскери қызметшілерге жеке әлеуметтік көмекті көрсету;
бағыныстыларды әлеуметік қорғауын жүзеге асыру бойынша қызметтік іс-әрекеттің құқықтық негіздеріне командирлерді оқыту;
әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәселелерін қарау;
мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын тиімді шешу мақсатында өзара іс-қимылды ұстау.
Әскери басқару органдарында әскери-әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысандарына мыналар жатады:
әскери қызметшілердің құқықтары мен жеңілдіктері саласында заңнаманы сақтауына тексерулерді жүргізу;
әскери қызметшілерге тиісті норма үлестерін толық жеткізуіне бақылауды жүргізу,
жеке құрамды әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жеке және ұжымдық консультация беру,
әскери қызметшілердің барлық санатымен әлеуметтік-құқықтық тақырып бойынша сабақтар (дәрістер, ақпараттандыру, семинарлар, әңгімелесулер),
социологиялық сұраулар (сауалнама),
әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс;
жергілікті өзін-өзі басқару оргадарының басшыларымен әскери қызметшілердің құқықтары мен жеңілдіктерін сақтау мәселелерін шешу бойынша кездесулер.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс отбасылық құндылықтарды нығайту және ҚР ҚК әскери қызметшілері отбасыларында моральдық-психологиялық ахуалды салауаттандыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау арқылы әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін, қатаң әскери тәртіпті және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.
Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі міндеттер:
1) әскери қызметшілердің отбасыларында моральдық-ізгілік ахуалды зерделеу, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне және олардың әскери қызметті өткеру сапасына теріс ықпал ететін жағдайлар мен факторларды анықтау;
2) әскери қызметшілердің отбасыларына консультативтік, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де қажетті көмекті көрсету;
3) туындаған проблемалық мәселелерді шешуде уақтылы шаралар қабылдау үшін қолбасшылыққа ұсыныстар әзірлеу.
Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыстың тиімділігіне мынадай жолдармен:
1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жүргізілетін іс-шаралардың заңдылықты, әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі қолбасшылық профилактикалық қызметінің міндеттерімен үйлесімді сабақтастырумен;
2) жергілікті атқарушы органдармен, сержанттар кеңестерімен, әйелдер кеңестерімен, бөлімше активімен өзара іс-қимылды ұйымдастырумен;
3) әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамдарын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру, ақпараттық-тәрбие, консультативтік және жаппай мәдени жұмыстарды жүргізуге тартумен;
4) отбасыларына, мектептерге, мектепке дейінгі мекемелерге барумен байланысты қоғамдық тапсырмаларды орындау үшін күн тәртібі регламентінде қажетті уақыт ұсынумен;
5) ынталандырудың және әлеуметтік қолдаудың, саналы және шығармашылық бастаманы дамытудың және көтермелеудің әртүрлі нысандарын қолданумен;
6) әскери қызметшілердің отбасыларымен жүргізілетін жұмысты өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етумен қол жеткізіледі.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдардың қызметіне басшылық жасау, үйлестіру және бақылау:
әскери бөлімдерде және мекемелерде – командирлердің (бастықтардың) тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына;
әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында – қолбасшылардың орынбасарлары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерінің бастықтарына;
ҚР ҚК бас басқармаларында – ҚР ҚК бас басқармалары тиісті бөлімдерінің (штабтарының) бастықтарына;
ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында – бас қолбасшылардың орынбасарларына (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтарына;
Қорғаныс министрлігінде – Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығына жүктеледі.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдардың қызметі әскерлердің тыныс-тіршілігі, тұрмысы мен ерекшелігін ескере отырып, әскери басқару органдарының басшылығымен, ротаға (батареяға) дейінгіні қоса алғанда әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығымен өзара іс-қимылда құрылады.
Әскери басқару органының басшысы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) белгіленген тәртіппен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету бойынша нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдар қызметінің негізгі бағыттары:
әскери қызметшілерде және олардың отбасы мүшелерінде жоғары моральдық-іскерлік және рухани-адамгершілік қасиеттерді, отбасылық мәдениетті және мінез-құлық әдебін қалыптастыру бойынша командирлерге (бастықтарға), тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарына көмек көрсету;
әскери қызметтің беделі мен имиджін арттыру, тәрбие, идеологиялық, құқықтық, психологиялық, әскери-әлеуметтік және мәдени-бос уақыт жұмыстарының әртүрлі нысандары мен әдістері арқылы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің Отан қорғаушы кәсібіне деген мақтан тұту, құрметтеу сезімдерін дарыту;
әскери ұжымдарда салауатты моральдық-адамгершілік ахуалды қалыптастыру бойынша әскери қызметшілердің отбасыларын психологиялық қолдау және оны біріктіру;
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің саясатын, ұлтаралық және конфессияаралық келісім негіздерін, құрылымды бұзатын және радикалдық идеологияның мәнін түсіндіру мақсатында әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін діни сауаттандыру;
көп балалы және жас отбасыларына, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әртүрлі әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық және өзге де проблемаларды шешу кезінде көмек көрсету;
әскери қызметшілер отбасыларының бос уақытын ұйымдастыру, оң салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен әскери жоралғыларды көпшілікке танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, оларды халық шығармашылығына, көркемөнерпаздыққа тарту;
әскери қызметшілердің балаларын патриоттық тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру демалысы және бос уақыты, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу мәселелері бойынша жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери қалашықтарды, көшелерді, тұрғын үйлерді, жатақханаларды, спорттық және балалар алаңдарын жайластыру бойынша жұмысқа тарту;
жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу мүдделерінде өзара іс-қимыл жасау.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттары:
1) жеке және сараланған тәсілдер;
2) жеке сипаттағы мәліметтердің құпиялылығын сақтау;
3) өзара сыйласу, келісім мен достық негізінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен тұрақты және сенімді қарым-қатынастарды орнату;
4) әлеуметтік серіктестік қағидаттарын, гендерлік теңдікті, құрылымдық өзара іс-қимылды және озық жұмыс тәжірибесімен алмасуды дамыту;
5) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қоғамдық жұмысқа тарту болып табылады.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың негізгі нысандары мыналар:
1) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен түсіндіру және психологиялық-әлеуметтік жұмысты жүргізу арқылы әскери қызметшілердің отбасыларында моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу (тәрбие, профилактикалық және құқықтық сипаттағы әңгімелесулер мен дәрістер, жеке әңгімелесулер, әлеуметтік сауал жүргізу, анонимдік сауалнамалар, тренингтер, консультациялар мен бейресми әңгімелесудің басқа да нысандары);
2) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды, моральдық-психологиялық ахуалды, отбасылық өзара қарым-қатынастар саласында проблемалардың бар болуын зерделеу мақсатында әскери қызметшілердің отбасыларында болу;
3) әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқаулық-әдістемелік (оқу-жаттығу) жиындары;
4) қолбасшылықтың қатысуымен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, банк секторының өкілдерін шақырумен сұрақ-жауап кештері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесулер;
5) патриоттық, рухани-ізгілік және отбасы құндылықтарын нығайту жөніндегі әртүрлі идеялық және гуманитарлық бағыттағы тақырыптық кештер;
6) рота (батарея) ауқымындағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелері үшін «Ашық есіктер күнін», «дөңгелек үстелдер», ауызша журналдар, диспуттар, кездесулер, көркемөнерпаздар байқау-конкурстарын, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін тарта отырып, портрет-кештерді және жауынгерлік жарыс озаттарын құрметтеуді, демалыс кештерін, жастар және офицерлер балдарын, экскурсияларды, қайырымдылық және еске алу акцияларын, спорттық мерекелер мен сайыстарды, театрландырылған көріністер мен концерттерді, балалар таңертеңгіліктерін, «ерлік сабақтарын» және басқа да жаппай мәдени іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдармен нұсқау беру-әдістемелік сабақтар (оқу-жаттығу жиындары) ұйымдастырылады және өткізіледі:
әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, ҚР ҚК бас басқармаларында – тоқсанына бір реттен сиретпей;
Қорғаныс министрлігінде, ҚР ҚК түрлерінде – бір жылда бір рет.
Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың, өлім мен жарақаттанудың профилактикасы, олардың заңдылықты мүлтіксіз сақтау, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ командирлермен (бастықтармен) тәртіптік практиканы дұрыс жүргізу бойынша талдау, бағалау, пәрменді шараларды әзірлеу және іске асыру;
шынайы деректер негізінде әскери қызметшілердің тәртібі деңгейін объективті анықтай, әскери қызметшілердің тәртіптілігін тәрбиелеу бойынша лауазымды адамдардың жұмысын бағалай білуі;
командирлерге (бастықтарға), сондай-ақ әскери бөлімдерде (мекемелерде) әрекеттегі жеке құраммен профилактикалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі комиссияларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
кадрларды оқыту, іріктеу және орналастыру, құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ұйымдастырушылық қызметтің алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтау және лауазымды адамдардың жұмыс тәжірибесіне енгізу.
Әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жоғары деңгейін ұстау жөніндегі жұмыс мынадай нысандарды іске асыру арқылы ұйымдастырылады және өткізіледі:
әскери басқару органдарында қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін орындау мәніне тексерулерді жүргізу;
әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының талаптарына сәйкес есепке алуды, талдауды, бағалауды және қорытынды жасауды ұйымдастыру;
бағынысты әскери бөлімдерде (мекемелерде) лауазымды адамдардың әскери тәртіп пен құқық тәртібінің (әскерлер қызметі) жай-күйі туралы баяндамалары, жеткізілімдері, жедел хабарламалары.
Достарыңызбен бөлісу: |