Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


-параграф. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен



бет7/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
заңнамалық акт

5-параграф. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен
жұмысты ұйымдастыру



  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, әскери және азаматтық борыштың жоғары сезімін арттыру, армияның беделін арттыру, атақты әскери және жауынгерлік салттарды сақтау және көбейту, әскери қызметтің беделін арттыру мәселелерінде ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

  2. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жасау міндеттері:

  1. әскери басқару ұйымдарының ардагерлер ұйымдарымен өзара
    іс-қимылын үйлестіру және одан әрі жетілдіру, оларды моральдық-психологиялық қамтамасыз ету, құрамалар мен бөлімдердің қызметтік-жауынгерлік қызметі, әскери қызметшілерді, әскери жасына дейінгі жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерін шешуге тарту;

  2. әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Отан қорғаушыларды, ҚР ҚК әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарын мәңгі есте ұстау жөніндегі іс-шараларға қатысу;

  3. ардагерлердің қылмыстық пен бұзушылықтарды ескерту, жеке құрамның арасында әскери тәртіпті нығайту жөніндегі алдын алу жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысуы үшін жағдайларды жасауға септігін тигізу мақсатында басқа мемлекеттік ұйымдармен, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлерінің және әскери құралымдарының ардагерлер қоғамдық бірлестіктерімен, Қарулы Күштердің ардагерлер бірлестіктерімен тығыз өзара іс-қимылды жасау;

  4. Қарулы Күштердің ардагелері мен олардың отбасыларын әлеуметтік және құқықтық қорғау жөнінде шараларды жүзеге асыру құқығы;

  5. заңнамалық бастама тәртібінде заңнама және атқарушы органдарға енгізу үшін ҚР ҚК ардагерлерінің мәселелері жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыс жасаудың негізгі функциялары:

  1. Қарулы Күштердің ардагерлерімен және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ардагерлер ұйымдарымен іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыру және бақылау;

  2. Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру;

  3. Қарулы Күштердің ардагерлерін, ардагерлер бірлестіктерінің мүшелерін және олардың отбасыларын қолданыстағы заңнама шеңберінде әлеуметтік және құқықтық қорғауда көмек көрсету;

  4. ҚР ҚК ардагерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу мүддесінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар мен рекомендацияларды әзірлеу;

  5. әскери қызметшілерді әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

  6. хаттарды, өтінімдерді, шағымдар мен өтініштерді қарау, Департамент құзыретінің шегінде жауаптардың жобаларын дайындау болып табылады.

  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  1. әлеуметтік әріптестікті және өзара іс-қимылды дамыту;

  2. әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу бойынша қоғамдық жұмысқа ардагерлер ұйымдарын барынша тарту болып табылады.

  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша лауазымды адамдардың қызметін басшылыққа алу, үйлестіру және бақылау мыналарға жүктеледі:

  1. әскери бөлімдер мен мекемелерде – командирлердің (бастықтардың) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасаларына;

  2. әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында – қолбасшылардың орынбасарлары (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімдерінің бастықтарына;

  3. ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында – бас қолбасшылардың орынбасарлары (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) – тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтарына;

  4. ҚР ҚК бас басқармаларында – ҚР ҚК бас басқармалары тиісті бөлімдерінің (штабтарының) бастықтарына;

  5. Қорғаныс министрлігінде – тәрбие және идеологиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін Бас штаб бастығының орынбасарына.

  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша лаузымды адамдардың қызметі әскери басқару органдарының басшылығымен, әскери бөлімдердің (әскери бөлімдердің, мекемелердің, гарнизондардың жұмыс ерекшелігін, өмір мен тұрмыс жағдайын ескерумен мекемелердің) қолбасшылығымен өзара іс-қимыл жасауда құрылады.

  2. Әскери басқару органының басшысы, әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) белгіленген тәртіппен ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмыс істеу бойынша лауазымды адамдарға жан-жақты көмек көрсету жәге қолдау бойынша нақты мақсаттар мен міндеттерді белгілейді.

  3. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша лауазымды адамдар қызметінің негізгі бағыттары:

  1. әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен тәрбие жұмысын жүргізуге ардагерлер ұйымдарының өкілдерін тарту;

  2. әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды бірлесіп жүргізу (әскери мәртебе күндерін мерекелеу, Отанды қорғау кезінде қаза тапқан әскерлердің ескерткіштеріне (құлыпталарына) веноктар мен гүлдерді қою және т.б.);

  3. жастармен әскери-патриоттық жұмысты жүргізуде, оларды армияда қызмет атқаруға дайындауда ардагерлер ұйымдарына көмек көрсету;

  4. Ұлы Отан соғысының, жауынгерлік іс-қимылдардың, әскери қызметтің ардагерлерін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының мүшелерін қолдау және оларға көмек көрсету.

  1. Ардагерлермен және ардагерлер ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша лауазымды адамдармен нұсқаулық-әдістемелік сабақтары (оқу-жаттығу жиындары):

  1. әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармаларында, ҚК түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, ҚР ҚК бас басқармаларында – жарты жылда кем дегенде бір рет;

  2. Қорғаныс министрлігінде – жылына бір рет жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет