8-параграф. Жеке құрамға психологиялық білім беру
Психологиялық білім беру жеке құрамда адам, топ, ұжым және әскери қызмет туралы жалпы ұсынымдарды қалыптастыру мақсатында психологиядық жұмыс мамандарымен ұйымдастырылады.
Психологиялық білім берудің негізгі міндеттері:
ҚР ҚК-де психологиялық жұмыстың мәні мен мазмұнын түсіндіру;
әскери қызметшілерде адамның, топтың, ұжымның психикалық дамуының заңдылығымен таныстыру;
адамның психикалық денсаулығының идеяларын, оның мүмкіндіктері мен шектеулерін дәріптеу;
жеке құрамның психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы ақпараттандыру;
психологиялық білімге қызығушылықты және оларды кәсіби қызметте және жеке өмірде сындарлы пайдалануға ұмтылуды ұластыру болып табылады.
Психологиялық білім беру тиімділігіне:
командирлік (кәсіби) даярлық жүйесінде жаттығуларды жүргізумен;
әскери қызметшілердің түрлі санаттары, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдары үшін белсенді психологиялық проблематикасы бойынша дәрістер, әңгімелесулер және тренингтер топтамаларын ұйымдастырумен;
әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және азаматтық персонал адамдарына психологиялық білім беру мәселелері жөнінде қажетті анықтама материалын әзірлеумен және уақтылы жеткізумен қол жетеді.
9-параграф. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Жоғары, орта-техникалық, кәсіби немесе ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында психологиялық жұмыс мынадай ерекшеліктерімен ұйымдастырылады және жүргізіледі:
жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауыл және ішкі қызметін атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу оқу жылында бір рет жүргізіледі;
курсанттарды, кадеттерді психологиялық зерделеу тоқсанына кем дегенде бір рет жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |