Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


-тарау. Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру



бет15/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
заңнамалық акт

3-тарау. Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру



  1. Идеологиялық жұмыс әскери қызметшілерде моральдық-психологиялық тұрақтылықты, олардың сыңаржақ идеологияға бейімсіздігін қалыптастыру, жеке құрамның Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу және әскери қызметшілерді сыңаржақ идеялардың әсерінен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

  2. Идеологиялық жұмыстың міндеттері:

  1. әскерлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын және мемлекет идеологиясын ұйымдастыру және жүргізу, әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына мемлекеттің қорғаныс қабілеттігін нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдайтын шараларды түсіндіру;

  2. әскери қызметшілерде әскерлер жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыруға тиімді әсерін тигізетін мемлекет саясатына адалдығын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу,

  3. жеке құрамда Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу;

  4. әскери қызметшілердің Отанға, өз халқына деген патриоттық санасын, сүйіспеншілігін, әскери борышы мен әскери антына адалдығын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мінсіз орындауын қалыптастыру;

  5. әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын, олардың сыңаржақ идеологияға бейімсіздігін қалыптастыру;

  6. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ҚР ҚК қызметі туралы оң қоғамдық ойын қалыптастыру, оқу-әдістемелік материалдарын ұйымдастыру және шығару (дайындау);

  7. идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

8) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін талдау, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;
9) әскери басқару органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін жалпылау және тарату.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет