Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы



бет17/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
заңнамалық акт

Әскери бөлімдерде, мекемелерде, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде, ҚК бас басқармаларында, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әскер тектері мен түрлерінде құжаттар тәрбие құрылымдарының офицерлерімен әзірленеді және жүргізіледі (егер штатпен әскери басқару органының бірінші басшысымен тағайындалған лауазымды адаммен лауазым көзделмеген жағдайда).


  • Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелері үшін жауапты
    ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшесінің бастығы тоқсанына бір рет Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы департаменттері мен басқармалары үшін дәрістерді жүргізуді ұйымдастырады.

  • Өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары жыл сайын (қазанда – қарашада) идеологиялық жұмыс үшін жауапты әскери қызметшілермен әскери бөлімдерден (мекемелерден) бір базасында 2 күндік оқу-әдістемелік жиындарды жүргізеді, олардың барысында мыналар көзделеді:

    1. оқу жылы үшін идеологиялық жұмыстың қорытындысын шығару;

    2. басшылық құрамның, идеологиялық жұмысты жақсарту мәселелері жөнінде құқық қорғау органдары өкілдерінің сөй сөйлеулері;

    3. идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибемен алмасу;

    4. тестілеуді, сауалнаманы, сұрастырудығ әңгімелесуді жүргізу бойынша тәжірибелік жаттығулар.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің


    жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру ережелеріне
    1-қосымша


    Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі есептік-жоспарлау құжаттамасының тізбесі


    ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін
    ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшесі



    1. 3 жылға арналған ҚР ҚК-де тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың кешенді жоспары.

    2. бір жылға әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірыңғай жоспары (басқа мемлекеттік органдармен бірлесе өткізілетін іс-шаралар болған кезде мемлекеттік органдардың деректерімен келісіледі).

    Жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға.

    1. Бір жылға ҚР ҚК-де әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйіне талдау.

    Есептік жылдан кейінгі айдың 15 қаңтарында.

    1. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бір жылға ҚР ҚК-де әскери тәртіп пен құқық тәртібі жай-күйінің қорытындылары бойынша бұйрығы.

    Есептік жылдан кейінгі айдың 25 қаңтарында.

    1. Оқу жылына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен мемлекеттік-құқықтық даярлығы, әскери педагогика және психология жүйесінде сабақтардың тақырыптық оқу жоспары.

    Жыл сайын 25 қарашаға дейін алдағы жылға.

    1. Бір жылға ҚР ҚК-де мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыруына және өткізуіне талдау.

    Есептік жылдың 25 қарашасында.

    1. Бір жылға ҚР ҚК-де діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында идеологиялық жұмысты ұйымдастыруына талдау.

    Есептік жылдың 25 қарашасында.

    1. ҚР ҚК үшін әскери қызметшілерге жасырын сауалнама жүргізу нәтижелеріне талдау

    Ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін.

    1. бір жылға ҚР ҚК-де психологиялық жұмыстың нәтижелерін талдау.

    Есептік жылдың 25 қарашасына.

    1. Жас буынды зерделеудің нәтижелеріне талдау.

    Жылына 2 рет көктемде және күзде, жас жауынгер курсын аяқтағаннан кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады.

    1. Психологиялық көмекті сұраған адамдарды есепке алу журналы.

    2. Психологтың диагностикалық және профилактикалық әңгімелесу журналы.

    3. Динамикалық бақылау тобына қосылған әскери қызметшілердің (азаматтық персонал адамдарының) тізімдері.

    Ай сайын есептік айдан кейінгі келетін 10 күніне дейін.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет