Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет11/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Rustemov okulik 00

Бесік жыры(колыбельные песни). Бесік жырының атқаратын қызметі - баланы ұйықтату. Бесік жырының негізгі мазмұны баланы ұйықтатуға, тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек (үміттену, сенім арту) білдіруге құрылады. Мәселен, үміт тілек:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып
Ұста болар ма екенсің?

Бата тілек (сенім арту):


Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын»
Қара биең құлындап,
Қара тауға сыймасын...
Ақылыңмен батыл бол,
Ағайынмен тату бол.
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол.
Бесік жырында ананың балаға деген махаббаты айқын көрінеді. Әскен соң ата-ана, туған-туысқа қамқоршы, жанашыр бол дегенді меңзейді. Бала болашағын еңбек айқындайтынын танытады. Бесік жыры көп вариантты. Орындаушы жан бесік жырын өз қабілет қарымына, эмоциональдық көңіл-күйіне байланысты өзгертіп, толықтырып отырады, өз жанынан жаңа шумақтар қосады. Бесік жырындағы қайталаулар «Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем», «Әлди, бөпем, әлди-ай», «Әлди, әлди, бөбегім», «Әлди, әлди, бөпешім», «Жылама, әлди, жылама», «Жылама, балам, жылама» түрінде келеді, «бөпем», «бөбегім», «бөпешім», «балам» деген қаратпа сөздер үнемі айтылады. Орыс бесік жырында аң-құстардың аттары (собачка, зайка, ласточки-касаточки, серенький волчок, котик т.д) жиі айтылады, көбінесе бала есімі қатыстырылады:
Приди, Котя, ночевать,
Мово Ванечку качать
Уж я Котику - коту
За работу заплачу.
Дам кувшин молока
Да кусок пирога
Орыс бесік жырындағы қайталаулар «Баю-бай, баю- бай, поскорей засыпай» т.б. түрінде ұшырасады.
Мәпелеу жырлары (пестушки). Мәпелеу жырлары халықтың баланы бағып-қағуға байланысты өмірлік тәжірибесінен туындаған. Сәби денесінің дұрыс жетілуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатынан баланың аяқ-қолын созып, әр түрлі жаттығулар жасату - практикалық қажеттілік. Анасы бала құлағына жағымды сөзбен жаттығу әрекеттерін сүйемелдей өлеңдетеді.
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол - балуан білекті,
Батыл бол - таймас жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.
Өс-өс!
Өлеңнің ұйқасы мен ырғағы, көркемдік құрылысы дене жаттығуларын сүйемелдеуге ыңғайланған, сол әрекеттермен үндес шығып отырады. Мәпелеу жырларын орысша пестушки немесе потягушки деп атайды.
Потягунушки, потягунушки!
Поперек толстунушки,
А в ножки ходунушки,
А в ручки хватунушки,
А в роток говорок,
А в голову разумок!
Өлең ырғағы жаттығу әрекетіне лайықталғандықтан баланы сергітіп қана қоймайды, жанын да жадыратады.
Дыбок, дыбок
Скоро Ванюшке годок! - дей отырып баланы аяққа тұрғызады. Бала өсе келе, мәпелеу жырларының мазмұны да күрделене түседі, балаға жаңа міндеттер («Ақ білек» т.б.) артады. Бала жан-жағын көз тоқтатып, айналасын тани бастаған кезеңде уату- алдарқату жырлары айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет