Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет36/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Rustemov okulik 00

«Маса» (1911) кітабы. Орынборда басылған бұл кітапта бұрынғы астарлы ойлары ашық айтылады. Басты сарыны - ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы. Бірталай өлеңге өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер арқау болған. Бірталай өлеңі бостандық жолындағы қайратты ерлер тұлғасын мүсіндейді. А.Байтұрсыновтың орысшадан аударған «Оқуға шақыру» өлеңі С.Көбеевтің «Мектепке шақыру» өлеңімен үндес.
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
(А.Байтұрсынов)
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге, мырза ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
(С.Көбеев)
Ыбырайдың «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінен үзінді келтірейік. «Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуде.
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшағын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ». «Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ» деген ойдың А.Байтұрсынов пен С.Көбеев өлеңдерінде берілуін байқайық:
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да;
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
(А.Байтұрсынов)
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың,
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып, терезеге сәуле түсті,
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе, -
(С.Көбеев)
Өлең шумактары қыбырлаған тірлік иелерінің әрекеттерін суреттеуге құрылған. Соңғы «Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! Құлдарын құдай сүймес жалқау болған» деген екі жол тағы да Ыбырай әңгімесінің «сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек» деген қорытындысымен үндес. Бұл тұста Ыбырайдың «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!» деп басталатын әйгілі өлеңін де еске түсірген жөн.
«Қырық мысал», «Маса» жинақтары қазақ балалар әдебиетін жаңа тақырыппен, идеямен байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет