Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет32/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.С.Торайғыровтың өнер-білім тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасаңыздар.
2.Ақын мысалдары ерекшеліктеріне тоқталыңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.Д.Әбілов. Сұлтанмахмұт. Роман-трилогия. - Алматы: Жазушы, 1980.
2.С.Торайғыров. Сарыарқаның жаңбыры. 1-2 кітап. - Алматы: Жазушы, 1987.
3.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.
4 ТАРАУ. СӘБИТ ДӘНЕНТАЕВ


Өлеңдері. Ақынның Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жазған өлеңдерінің көпшілігі «Уақ-түйек» жинағына (1915) енген. «Ұры мен баласы», «Қожа», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Балалықты сағыну», «Балалық» өлеңдері 1912-1918 жылдары жазылған. «Қоғамды ащы сынайтын астарға толы сатиралық және юморлық өлеңдерінің қайсысы да бала еркін қабылдайтын ойнақы өлеңдер. Бұл өлеңдерінде ақынның барынша қарапайым, жеңіл ырғақтар мен бунақтарға баратын себебі де - адам болашағы, халық келешегі - балаларға түсінікті болайын, солардың кәдесіне асайын деген ізгі ойдан туындап жатқан мақсат» (16,34).
«Ұры мен баласы» өлеңі сюжетке құрылған. Ұры алма ұрлауға баласын алып шығады. Бала ұрлық қылуға жан-тәнімен қарсы. «Не болды енді ісіміз біздің, әке? Тұр қазір мына арада біреу көріп» дейді бала әкесіне.
Қалтылдап өне бойы, дір-дір етіп,
Жалма-жан алма ағаштан түсе қалып,
Баладан сұрап жатыр келіп жетіп:
«Апырмау, о кім, балам, қашан көрді?
Қай жермен жүріп, қайда, қалай келді?»
Жас бала сол уқытта әкесіне:
«Ол бізді көріп түрған құдай» деді.
11 буынды өлең өлшем жағынан Ыбырайдың өсиет өлеңдерін қайталап қоймайды, екі ақынның алланы хақ деп таныған көңілін де аңғартады.
Жүз жерден бала түгіл үлкен айтсын,
Хақ сөзге таупық етер жан қайда бар.
С.Дөнентаев «Ауырған арыстан» мысалы арқылы «біреуге ор қазба, өзің түсерсің» дегенді аңғартқысы келген тәрізді. Дегенмен, түйін төмендегіше:
Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп.
Сөз түртіп, шағыстырған қасекеңдер,
Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп.
Өсекшілдіктің жақсылыққа апармайтынын қасқырдың басына түскен хал арқылы ақын жақсы аңғартқан. С.Дөнентаевтың бала ұғымына жеңіл ойнақы өлеңдерінің бірі - «Көзі тоймаған ит». С.Көбеевтің де сюжеті осыған ұқсас «Қомағай ит» атты мысалы бар. «Қомағай ит» атты мысалмен тақырыптас С.Дөнентаевтың «Көзі тоймаған ит» дейтін өлеңі бар. Бұл екі өлеңде де, негізінен, қанағатсыздық, дүниеқұмарлық сияқты адам бойындағы теріс мінездер сыналады. Өлеңде сүйек тістеп келе жатқан иттің көпірден өте беріп суға түскен өз суретін көргені, су ішіндегі иттің сүйекті тартып алмақ болып әуреленуі суреттеледі» (32,66).
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірменен дария кешпек,
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Бұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.
Ойнақылық өлең ұйқасында ғана («сүйек тістеп», «дария кешпек», «бұган бір ит», «бақса түстеп» т.б.) емес, сүйек тістеген иттің мінез-құлық, ой-тілек, әрекеттерін де бар.
Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесі,
Білерлік көлеңкені болмады есі,
Толымды көрінген соң анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Суға «айбаттанып», «қайраттанып» ұмтылған иттің жайы не болары белгілі. Мысал тұжырымы:
Әрқайда «ашкөздінің» олжасы осы,
Байқасаң, іс түбіне көзің салып.
«Екі теке» мысалының сюжеті балаға жақын деуге болады. Көпірдегі екі текенің бір-біріне жол бермей, сүзісуі, ақыр соңында, екеуінің суға құлауымен тынады. Талас, ерегестің балалар арасында жиі болатынннын ескерсек, оларға таныс құбылыс екендігін мойындаймыз.
Ерегістің нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?...
Мысал түйіні ерегіс нәтижесіне құрылған. «Қожа» мысалында ақын Қожанасыр туралы әңгімелердің бірінің сюжетін пайдаланған. Көмген алтынына аспандағы бұлтты белгі еткен Қожа қылығын күлкі етеді.
Алайда, біздің жұртты араласаң
Табарсың Қожа сынды талай ерді. - деген қорытынды жасайды.
Уай, заманым, балалық,
Әр ісің бір балалық,
Алды-артыма қарасам,
Кетіп қапсың тазарып- деп басталатын «Балалықты сағыну» өлеңі (1914) 7-8 буындық өлшеммен жазылғандығымен де бастапқы мысал өлеңдерден өзгеше. Ақын түсінігінде, балалық - «хан, төрені тең көрген», «асық, топай өңгерген», «анау-мынау ойда жоқ», «жан біткенді ел көрген» шақ. Ақын балалық шақтағы ойын әрекеттерін де бейнелейді. «Қарағым» деген сөзге гүл-гүл жайнап, шаттанған бала жүзі елес береді. Өлең арқылы әрбір жан өз балалық шағын еске түсірері анық және:
Ойдан қырға шапсам да,
Қанша абырой, бақ тапсам да,
Мыңнан бірін көрмедім
Мерекенің сен көрген. - деген ақын пікірімен келісері тағы шындық.
«Балалықты сағыну» - қарапайым лирикалық өлең де, «Балалық» - балалық шаққа күле қарай отырып, елдің бойындағы шалалықты сынау бағытындағы өлең. Өлең соңғы шумақта жалқылық (лирикалық кейіпкер балалығы) категориясынан жалпылық категориясына (халық балалығына) сәтті ұласады» (16,36).
Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Әзге халық өсіп жатыр ер жетіп,
Текке отырған көздің жасын көлдетіп, Қашан кетер біздің елден балалық.
Әлеуметтік ой айтуға ауысқан ақын «Балалық» өлеңінде(1915) тағы да мысал өлеңдеріндегідей 11 буынды өлшемді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет