Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет35/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.С.Көбеев өмірінің басты кезеңдерін «Орындалған арман» романы негізінде баяндаңыздар. С.Көбеев өмірі мен қызметінің Ы.Алтынсарин шығармашылық өмірбаянына ұқсастығын дәлелдеңіздер.
2.С.Көбеев мысалдарының ерекшеліктеріне тоқталыңыздар.
3.С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларындағы дара және ортақ стильдік белгілерді айқындаңыздар


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.С.Көбеев. Орындалған арман. - Алматы: Жазушы,1988.
2.С.Көбеев. Таңдамалы шығармалары. –Алматы: Қазақ универсиеті, 2006.
3.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. – Алматы:Мектеп, 1980.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. – Павлодар: Арман, 2004.

  1. ТАРАУ. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ



«Қырық мысал» кітабы (1909). Ақын халықты ояту, сана-сезіміне әсер ету жолдарын іздеді. Әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А.Крылов туындыларын аударады. «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. А.Байтұрсынов мысалдарында қазақ тұрмысына жақын суреттер бар. Патша отаршыларының зорлық-зомбылығына байланысты сарындарды жұмбақтап жеткізеді. Заман тынысын танытатын ойлар айтады. Сондықтан А.Байтұрсынов аударма мысалдарында еркіндік басым. А.Байтұрсынов мысалдарының барлығы дерлік қорытынды түйінмен аяқталады. Мақал-мәтелмен түйінделетін түрлері де («Шымшық пен көгершін», «Әгіз бен бақа», «Қасқыр мен мысық» т.б.) кездеседі. Байтұрсынов мысалдары нақты адамға («Жігіттер, сақтаныңыз надан достан», «Қазағым, сал құлағың нақылыма» т.б.) арналады. Көбінесе қаратпа сөз жасырын тұрады. Кейде бірінші жақтан қауіп айтылады.
Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада, кең сахарада көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек болар еді мазақ болып
(«Қарға мен түлкі»).
Абайдың Крыловтың «Қарға мен түлкісін» екі нүсқада аударғаны белгілі. Байтұрсынов аудармасы 12 шумақтан тұрады. Соның 6 шумағы түлкінің қарғаны мақтауына арналған. Байтұрсынов:
Қарасақ, көп адамдар түлкі боп жүр,
Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр.
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.
-деп заман шындығынан хабар беріп барып жоғарыдағы қаупін білдіреді. Көпшілік мысалдарда («Қасқыр мен қозы»,«Қартайған арыстан», «Маймыл мен көзілдірік», «Шал мен ажал» т.б.) автор өз ойын қоса қабат беріп отырады. Мысалы,
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі,
Ойлаймын: оны мақтар шықпас кісі.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөріден артық дейміз оның несі?!
(«Қасқыр мен қозы»)
Кейбір мысалдардан («Қайырымды түлкі», «Шал мен жұмыскер», «Бұлбұл мен есек» т.б.) құдайдан, алладан жәрдем тілейтін сипаттар байқалады. «Асылды жасық пенен танымайтын Сынынан сақта, алла, надандардың» («Бұлбұл мен есек»); «Пана боп, өзің сақта, құдіретім, Кімде-кім балапандай қалса жетім» («Қайырымды түлкі»); «Құдайым, жолдас қылма жамандарға, Көзі тар, көңілі соқыр надандарға» («Шал мен жұмыскер»). И.А.Крыловтың «Дуб и трость» мысалын Абай «Емен мен шілік», Ә.Бөкейханов «Ағаш пен қамыс», А.Байтұрсынов «Емен мен қамыс» атауларымен аударды. Мысалдарда желге қарсы қарысқан агаш (емен) шорт сынады да, олай-былай қисайып, майысқан шілік (қамыс) аман қалады.
Майысқаннан шіліктің несі кетті,
Батыр, мақтан көйлеме сен де о ғұрлы. - деп түйіндейді Абай мысал соңын. Ал «қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген» А.Байтұрсынов «Емен мен қамыс» мысалын:
Күштінің ыңғайымен жүргендерді
Ойлама істейді деп жамандықтан.
Болмаса қайратыңа ебің серік,
Опа жоқ құр хайласыз мықтылықтан
-деп қорытындылайды. Демек, «Ахаң аудармаларының түпкі қозғаушы тетігі де ұйқыдағы ұлтты оятатын ұран сөздің ұрымтал түрін іздеу» (9, 58).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет