Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет53/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Rustemov okulik 00

тарау. Ғ.МҮСІРЕПОВ

«Қазақ солдаты» романы. Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы - қазақ әдебиетіндегі әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. 1943-1944 жылдары Ғ.Мүсірепов Б.Бұлқышевтің соғыс тақырыбына жазылған мақала, очерктерін қазақ тіліне аударып жүрді. Демек, бұл күрделі тақырыпты жазуға жазушының өзіндік шығармашылық тәжірибесінің дайындығы(оған очерктері, мақалалары, аудармалары көзқарастарында жер мен көктей айырма табиғи даму үстінде шебер көрсетілген. 4-шіден, «Қазақ солдатының» тілі көркем, кестелі сөз өрнектеріне бай. 5-шіден, романды ажарландырьш тұрған тағы бір өрнек өрнек - жеңіл әзіл, ащы мысқыл. Юмор мен сатира жау жақтың іс-әрекеттерін бейнелегенде жиі қолданылған.
Романның басты кейіпкері салған жерден өз атынан сөйлейді. Романды оқи бастағанда бір топ баланы жинап алып, өзінің бастан кешірген ерлік істерін айтып отырған Қайырғалидың өзін көргендей боласың. Романның тілі жеңіл. Жазушы диалог сөздер арқылы да баладағы балалық мінез бен оның психологиялық өзгешеліктерін айқын таныта білген. Өмір талқысының кемесінде келе жатқан баланың алдағы мақсаты - оқу. Шеген мен Бораш та Қайырғали сияқты тұрмыс талқысының ауырлығына мойымайды. Балалардың балалар үйіне орналасуы олардың жұпыны өміріне қосылған зор бақыт және болашақ армандарының бірінші басқышы еді. Ана мен баланың сағынышқа толы кездесуін өрнектейтін суреттемеден ананың асыл қасиеттері көрінеді. Коммунада тәрбиеленіп білім алған Шеген ұшқыш болып аспанға шарықтаса, Бораш Москва консерваториясында атақты әншілердің қатарында жүреді. Олардың өмірдегі өз орнын табуы - романның алдына қойған игі мақсаты, көркемдік шешімі. Сондай-ақ, осы жылдардағы орыс әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған шығармалардың(Шолоховтың «Олар Отан үшін алысты» романы, Эренбургтің, Полевойдың, Ванда Василевскаяның соғыс кезінде жазған шығармаларының) ықпалы, әсері болды.
Шығарманың бас кейіпкері, Керчь, Қырым майданындағы көзге түскен барлаушы Қайрош Сарталиевтің прототипі - Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов. Жазушы бастапқыда Қайырғали Смағұловтың ерлігін очерк желісі етті. Кейін бұл шағын повеске, одан романға айналды. 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен «Майдан» альманағында повесть түрінде жарияланды. Жазушы «Қазақ батыры» повесін, «Қазақ солдаты» романын жазу барысында өз кейіпкерін Атырауға ізеп барып, Қайырғалимен кездесіп, кейін Алматыға шақырып алып әңгімелескен. Материалдарды терең де мұқият зерттеген ол өзінің суреткерлік шеберлігінде олардың логикалық жағынан керекті деп тапқан мәліметтерді ғана пайдаланғандығы байқалады.
Ғ.Мүсірепов повесі «Қазақ солдаты» романына дайындығы іспетті. Бірнеше жыл өткеннен кейін жазушы орыс әдебиетіндегі екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына жазылған туындылардың тәжірибесін үйреніп, кейіпкерлермен қайта кездесіп және жұртшылық сынын ескере отырып, бұл шығарманы түгелдей жазып шықты. Шығарманың толықтырылған жаңа нұсқасы 1949 жылы «Солдат из Казахстана» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Келесі жылы
«Қазақ солдаты» деген атпен қазақ тілінде роман болып басылып шықты.
Ғ.Мүсірепов өмірдегі Қайырғалиды повеске, романға сол күйінде көшіре салмаған. Көркем шығарманың негізгі объектісі - адам. Көркем образ жасалмаған жерде шығарма құрғақ фактілер тізбегіне айналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық басындағы ауыртпалықты жеке кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсету мақсатында жазушы әрбір оқиғаны жалаң баяндамай Қайроштың көкірек көзінен өткізуге, сол арқылы характерлердің арақатынасын ашуға ұмтылады. Автор романда Қайрошты типтеніріп, біртұтас тұлға жасауға көп көңіл бөлген.
Романның басты кейіпкері салған жерден өз атынан сөйлейді. Роман 10 жасар баланың бағып жүрген бір табын сиырын тастап қалаға қарай қашып келе жатуынан басталады. Балалар үйіне түсіп тәрбиеленеді. Өмір талқысының кемесінде келе жатқан баланың алдағы мақсаты - оқу. Шеген мен Бораш та Қайырғали сияқты тұрмыс талқысының ауырлығына мойымайды. Балалардың балалар үйіне орналасуы олардың жүпыны өміріне қосылған зор бақыт және болашақ армандарының бірінші басқышы еді. Ана мен баланың сағынышқа толы кездесуін өрнектейтін суреттемеден ананың асыл қасиеттері көрінеді. Романның тілі жеңіл. Жазушы диалог сөздер арқылы да баладағы балалық мінез бен оның психологиялық өзгешеліктерін айқын таныта білген.
Қайроштың өмір жолының әр тұсында түрлі адамдар кездеседі. Мүрсейіт милиционер, Марья апай, балалар үйінің бастығы шығарманың басында ғана көрініп қалып қояды. Шеген, Бораш сияқты достары жас Қайроштың адам ретінде қалыптасып жетілуіне айтарлықтай әсер етеді. Коммунада тәрбиеленіп білім алған Шеген ұшқыш болып аспанға шарықтаса, Бораш Москва консерваториясында атақты әншілердің қатарында жүреді. Олардың өмірдегі өз орнын табуы романның алдына қойған игі мақсаты, көркемдік шешімі. Соғыс басталғанда шекара күзетіп жүрген Қайрош өз еркімен сұранып майданға аттанады. Оның алдында Отан қорғау мақсаты тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет