Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет51/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ж.Жабаевтың балаларға арналған өлеңдеріне идеялық-тақырыптық және көркемдік ерекшеліктер тұрғысында талдау жасаңыздар. Таңдауларыңыз бойынша екі-үш өлеңін жаттаңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Дастан ата(Жамбыл Жабаев туралы естеліктер).

- Алматы: Жазушы, 1989.

  1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

  2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.


  1. тарау. С.МҰҚАНОВ

«Бақташының баласы» повесі. С.Мүқановтың «Бақташының баласы» повесі 1953 жылы жазылған. Повестің бас кейіпкері - он жасар Жандос. Жазушы бас кейіпкердің мінезін, батылдығы мен адамгершілігін қиын-қыстау қауіпті сәттерде сынайды. Повесть «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көкшолақ», «Аңды адам жеңеді» атты жеті тараудан тұрады. «Қазаға ұшыраған құнан» тарауы 1929 жылдың күзіндегі оқиғаны баяндаудан, яғни, мұғалімнің сырқаттанып қалып, колхоз председателі Шынболаттың мектеп оқушыларын егін жинау жұмысына шақыруынан басталады. Сол балалардың арасында Жандос та бар. Жандостың атасы Бектас қой бағады, әжесі Бүбі орталықтың сиырларын сауады, әкесі Қамбар - жайлауда жылқы бақташысы, шешесі Бәтия егін жинау жүмысында. Көршілес колхозға ұзатылған туған апасына Жандос жұмыстан соң барып қайтпақ болып, Шымболаттан колхоз құнанын сұрап мінеді. Апасының аулына барып келгеннен кейін құнанды тұсаулап қоя береді. Тұсаулы құнанды қасқыр жарып тастайды. «Егер ол құнанды Шымболаттан сұрап мінбесе, мінген құнанды түнде тұсап жібермесе, құнан мұндай қазаға ұшырамас еді[...]. Соны айтып, Жандос қайтадан өксіп жылауға айналды...».
Жандос боркемік емес, аса сезімтал бала. Кәдімгі қатардағы ауыл баласы. Оның басқа балалардан артықшылығы, ол, бәлкім, өз қателігін мойындай білуінде. Оның бойында аяушылық сезімі, үй малына деген қамқорлық басым. Қазаға ұшыраған құнан үшін де, қасқыр тартқан лақ үшін де, жараланған құлын үшін де көз жасын төгеді, бірақ боркеміктікке, сарыуайымға салынбайды. Осы оқиғалардың барлығы бала бақташыны ширықтыра түседі. Повестің кейінгі тарауларынан шыңдала түскен Жандосты көреміз.
М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі танымдық сипат бұнда да бар. Қақпан басуға қар жауудың қажеттігін, қасқырдың ең залалдысы - ұрғашысы екендігін және тағы басқа жағдайларды Жандос атасы Бектастан естіп біледі.
«Көксеректе» Құрмаш үлкендер сөзін елең қылмаған болса, Жандос болған оқиғадан сабақ алуға қауқарлы, естігенін, көргенін, білгенін айтып отырады, іс қылады. «Атам айтушы еді, - деді Жандос Қалқаманға, - «Егер бөлтіріктерінің тірсегін қиып тастап кетсең, қасқыр ол маңайдан бөлтіріктерін алысқа тасып әкетеді де елдің малына тимейді» деп...».
«Көксерекпен» жақындастыратын тағы бір тұсы - қасқыр алатын иттің болуы. «Көкшолақ» тарауында Бектас шалдың арыстандай дүрегей иті Алыпсоқ пен Жолбарыс суреттеледі. Әсіресе, Жолбарысқа қатысты автор қызықты суреттемелер жасайды: «Ал, Жолбарыстың мінезі өзгеруі ме, әлде байлауға ызалануы ма, енді кісіге үріп ұмтылатын дағды шығарды».
«Жандостың бір қайран қап тұрғаны - төңіректегілер желіккенмен, Жолбарыс желікпейді, айғай-шуға тек басын ғана көтеріп қойып, шөке түскен қалпында көзін жұмып жата береді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет